https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Балиғат жасы

14 Mar 2018 0 comment Оқылды: 2251 рет

Ұлттық санамызда, ислам шариғатында аса маңызға ие адамзат ғұмырының бір кезеңі – адам баласының балиғат жасына толған шағы. Әсіресе, бұл шақтың исламдағы орны өзгеше, себебі шариғат бойынша мұсылман адамға парыз амалдар осы кезден бастап міндеттеліп, жүктеледі.
«Балиғат» сөзі араб тілінде «толысу, жету, кемелдену, ұйғарылған іс,мекен мен уақыттың шегіне жету» қатарлы ұғымдарды қамтиды. Қысқаша айтқанда, адамның адами тұғыдан жетілуі ес кіріп, есеюі десек те болады. Шариғатымыз бойынша ұл балалар 12, қыз балалар 9 жасқа толғаннан соң, еркектік және әйелдік белгілері көрінгеннен бастап, ұлдар ержеткен, қыздар бойжеткен болып саналады. Егер аталған жастарда белгілері көрінбесе, онда еркек те, қыз да 15 жасында балиғатқа толады. Бұл жайында фиқһ кітаптарында былай баяндалады: Екі имам (Әбу Юсуф пен Мұхаммед): Егер аталған белгілері көрінбесе, екеуі де (ұл да, қыз да) 15 жасында балиғат жасына толады, деп айтты. Пәтуа осылай бекітіледі. Ал балиғат жасының ең төменгі мөлшері ұлдар үшін – 12 жас, ал қыздар үшін – 9 жас. Балиғат жасына толудың негізгі себебі денеден мәнидің шығуы. Құран Кәрімде: «Сендердің балаларың балиғатқа жеткен кезде»[2], – деп айтылады. «Балиғатқа жеткен» деген сөз аятта «хулум» деп берілген. «Хулум» сөзі ұйықтап жатқан кезде енуыздың (шәует, ұрық) шығуы деген мағынаға саяды. Ұхуд күнінде Ибн Омарды соғысқа шығуға ұсынды. Ол 14 жаста еді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рұқсат бермеді. Хандақ күнінде оған шайқасқа шығуға ұсыныс жасады. Ол 15 жасқа толған еді. Алла Елшісі рұқсат берді[3]. Сондай-ақ нақты дәлел келмеген кезде мәселенің әдеттегі (қалыпты, дағдылы) жағдайы қаралады[4]. Ұл мен қыз, екеуінің де балиғат жасы әдетте 15 жастан аспайды. Ер жетіп немесе бой жетіп, ұл мен қыз «біз балиғат жасына толдық» десе, олардың сөздері қабылданады. Оларға балиғат жасына толған адамдардың үкімі жүреді. Сондықтан да дінімізде міндет болған амалдарды балиғат жасына жетіп, ақыл есі толған əр бір адам орындауға міндетті.
Демек, даналарымыздың «Болатын бала он бесінде баспын дер, болмайтын бала отызында жаспын дер» немесе «он үште – отау иесі» сияқты толғамды ой, тұшымды сөздерінің бір шеті исламда жатса керек.

Панфилов ауданы орталық мешітінің бас имамы Серік Шәріп

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз