https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Үйдегі ұрыс-керісті 5 минутта түзеудің тәсілдері

07 Jan 2018 0 comment Оқылды: 1176 рет

Ілгергі ғалымдардың бірі өзінің кезекті кездесулерінің бірінде отбасындағы түсініспеушілікті 5 минутта түзеудің әдістерін айтқан: Егер әйеліңмен қандай да бір жанжал, ұрыс-керіс бастала қалса, оған жауап бермеуге тырыс, яғни қарсы шықпа. Оны қорқытып, үркітпе, дауыс көтеріп айқайлама. «Аузыңды жап», «сенікі дұрыс емес!» деген сөздерді сөздік қорыңнан шығарып таста. Ыдыстағы су мөлшеріне жеткен кезде тасып, төгіледі. Ішіндегісі орталап, азаймайынща, ол ыдысқа қанша жерден тырыссаң да, басқа нәрсені құя алмайсың. Ол оны қабылдамайды. Төгіле береді, төгіле береді. Ашу қысқан адам да дәл сол секілді. Ендеше, оған сөйлеуге, ішіндегісін ақтарып, шығарып тастауына мүмкіндік бер. Ол өз ішіндегісін шығарып тастаған кезде ғана сенің сөздеріңді қабылдай алады.  Оған ешқашан «менікі дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп айтпа. Бірақ бұл оған мүлде мән бермей, амалсыздықтан ұнжырғаң түсіп, теледидарға телміріп отыра бер деген сөз емес. Амал жаса. Басыңды сәл ғана төмен түсір де: -         Сенікі дұрыс. Өте дұрыс айтасың. Мен бұл үшін қатты өкініп тұрмын, Алла Тағалаға тәубе етіп, кешірім сұраймын. Алла разылығы үшін сен де кешірші. Мені шайтан адастырды, қателік жасадым. Бірақ Алла –Кешірімді. Енді мұндай қайталанбайды», - де.   Сол кезде әйеліңнің қалай өзгеріп сала бергенін, сені қалай сүйетінін, алдыңда қалай зыр жүгіріп, жанашырлық танытып жүргенін көресің. Әйел адам – эмоцияның иесі. Ол ер адамнан гөрі әлдеқайда нәзік әрі сезімтал, тез иілгіш. Ол, тіпті, өзі ауырып жатып, өзге біреудің ауырғанын көрсе, орнынан тұрып, әлгі адамға қамқорлық танытуға дайын тұрады. Себебі, Алла Тағала әйел адамға өз отбасына қатты қамқорлық танытатын жанашырлық қасиет берген. Ол үнемі айналасына жылу сыйлайды, олардың жағдайын реттейді. Сондықтан, құрметті отағасы, әйеліңнің алдында үнемі «жеңілгеніңді мойындау» арқылы оны МОЙЫНДАТ! Игер оны! Ерлі-зайыптылардың ең үлкен дұшпаны – шайтан. Ендеше, әйеліңмен сөз таластырып, шайтан салған отты одан сайын үрлеме!  

www.asylarna.kz

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз