https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАЛАЛАРҒА ПАЙДАЛЫ ТАҒАМДАР

30 Mar 2017 0 comment Оқылды: 1367 рет

Сүт

Сүт өнімдерінің құрамында тіс пен сүйектерді қатайтатын кальций және A, B2, B1, E, D, C дәрумендері бар. Сондай-ақ, АҚШ ғалымдары сүт өнімдерінің тағы бір пайдалы қасиетін анықтады. Олардың дәлелдеуінше, сүт, йогурт, ірімшік, балмұздақ сияқты тағамдарды тұрақты тұтыну мидың есте сақтау қабілетін жақсартады.+

Ет пен балық

Мамандар етті қуырып емес, асып жеуді ұсынады. Себебі асқан ет өзінің құнарлылығын, емдік қасиетін жоғалтпайды. Сондай-ақ тағамға балық өнімдерін міндетті түрде қосу керек. Мұндай тағамдар ас қорыту бездерінің жұмысын және көру қабілетін жақсартады. Олардың құрамында йод, фтор, фосфор, мыс, кобальт сияқты химиялық элементтер бар.

Сусын

Қанттың көзі - газдалған сусындар. Сондықтан балаларға сумен шөл қандыруды үйреткен жөн. Әрдайым балаңыз үшін бөтелкемен су алып жүргеніңіз абзал. Балаңызды шөлдеген кезде газдалған немесе бояғыш қосылған шырындарды емес, кәдімгі су ішуге дағдыландырыңыз.

Тәтті

Балалар тәттіге құмар. Алайда тәттілерді балаға қосымша тағам ретінде берген жөн. Сонымен қатар, мынадай ережелерді ұстанған жөн: конфеттің орнына - шоколад, кремі бар тәттінің орнына - нан немесе бисквит.

Дәрумен

Жемістер мен көкөністер құрамында дәрумендер көп. Егер адам үнемі дәрумені аз, бірыңғай консервіленген, кептірілген, рафинадталған тағамдармен тамақтанса, ағзаға көмірсулар ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз берілсе, көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса, дәрумен жетіспеушілік – авитаминоз ауруына шалдығуы мүмкін.

Есте сақтаңыз!

baq.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз