https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ӘЙЕЛ ҒИБАДАТЫ-2

08 Nov 2016 0 comment Оқылды: 1243 рет

Мән берсек, әйел мен ерінің арасындағы қарым-қатынас кез-келген адамның Алламен болатын мәмілесінің материалдық көрінісі сияқты әсер қалдырады. Жарасым тапқан ерлі-зайыптылар үйінің мешіт іспеттес болатындығы сондықтан.

Бір әйел Пайғамбарымызға(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  келіп өзінің тұрмысқа шығатын ойының бар екенін білдіреді. Соған орай тұрмысқа шыққан әйелдің ерінің алдындағы міндеттерін түсіндіріп беруін сұрайды. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  "Әйелдің еріне деген xақысы көп. Сіз оны жасай аласыз ба?" дейді. Әйел "Ол қандай xақылар?" деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған "Күйеуіңізді ренжіту - Алланы ренжіткенмен бірдей. Ондай жағдайда оқыған намаз да қабыл болмайды" дейді. Әйел "Тағы қандай міндеттер жүктеледі" деп сұрайды. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) "Үйінен кйеуінің ұрықсатынсыз шыққан әйелдің әр басқан қадамына күнә жазылады" дейді. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  сонымен қатар, күйеуіне бағынбай тіл тигізген әйелдің азапталатынын және де дін ұстанымына қайшы келетін жерлерге көңіл көтеру үшін барса, сауаптары жойылып, аxиретте үстеріндегі киімдеріне дейін "Ол бізді xарам жерге апарды" деп шағымданатынын айтқанда, әйел "Осыған дейін күйеусіз өмір сүрдім, бұдан кейін де тұрмысқа шықпаймын" дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған "Күйеуге шыққанның қайырлы жақтары да бар, енді соларды тыңда" дейді де "Егер сіздің қызметіңізге көңілі толған күйеуіңіз сізге "Алла риза болсын" десе, ол - 60 жыл ғибадат жасаған сауапқа тең болады. Сондай-ақ әйелі күйеуіне бір жұтым су берсе, ол әйел бір жыл ораза тұтқан адамның сауабын алады" дей келе, еріне бағынған әйел үшін періштелердің тасбиx айтатынын, еріне жағымды бір ісі үшін бір құл, тағы бір ісі үшін 60 құл азат еткендей сауапқа ие болатындығын, күйеуінің абыройын қорғап, оның туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болса, 1000 рет Қағбаны зиярат еткендей сауапқа кенелетіндігін тізбелеп шығады.

Жалпы күйеуінің ризашылығын тапқан әйелдің иелік етер сауабын санап түгесу мүмкін емес. Мұндай сауапқа күйеуінің үйдегі орны төр деп білген иманды әйелдің бәрі қол жеткізе алады. Ал қазақы шаңырақтағы ол тәлімді "Әкеңе айтамын" деген бір-ақ ауыз сөз бағамдатып тұрады.

Құдияр Біләл

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз