https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ӘЙЕЛ ҒИБАДАТЫ-1

05 Nov 2016 0 comment Оқылды: 1266 рет

"Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек арық". Аталарымыз осылай деген екен. Сонда бұл сөз мәнін қалай түсінуге болады? Әлгі "бақыр бас" қалайша "алтын бастың" алдына шығады? Бұл деген әйел затын қорлау емес пе? Өмірде қаншама "бақа бастың" қадірін арттырып, үйдің берекесін кіргізіп отырған әйелдер аз емес қой. Құдайшылығын айтсақ, кешегі аумалы - төкпелі заманда талай шаңырақты шайқалтпай, талай үй түтінінің түзу шығуына себепкер болған да сол әйелдер қауымы болатын.

 Солай бола тұра дініміз ер адамға берілетін артықшылықты жоққа шығармайды. "Әйелге қарағанда ердің дәрежесі жоғары" дегенге саятын аят та бар. Оның үстіне әуелгі жаратылыстың Адам екедігін, ал әйелдің оның қабырғасынан жаратылғанын барлық "бақа бас" біледі. Осы білгенінің өзі-ақ кей ер кісілердің қоқаңдауына жол ашады. Бірақ ол қоқаңдаудың әйел таxуалығын арттыра түсетіндігін көп адам біле бермейді. Себебі, әйел баласы күйеуге шыққан күннен бастап Аллаға деген ғибадатын жаңа сипатта жүзеге асыра бастайды. Сол "ғибадатын" абыроймен атқарып шыққан мұсылман әйел жәннатқа күйеуінен 500 жыл бұрын кіреді делінеді. Сонымен қатар, сегіз жәннаттың қалаған есігінен кіруге қол жеткізеді. Себебі, әйел ғибадат жасап жүргенде көп еркектің Аллаға мойын бұруына уақыты да болмайды. Солай бола тұра, 2-3 күн намаз оқыған кей ер-азаматтардың әйелін де намазға жыға салғысы келіп, еркектік мінез танытып қоятындары да бар. Мұндай жәйттар әйел ғибадаты мәнін түсінбеуден туындайды. 

Ұғынықтылық үшін айтайық. Біз намаз оқимыз. Өзге де діни ғибадаттар жасаймыз. Неге? Себебі... Дұрыс. Аллаға мойынсұнамыз. Демек ғибадат Аллаға мойынсұнғаннан кейін барып жасалады. Ең бастысы... Иә. Алланы мойындау. Ол мойындауды діни тілде "иман" дейміз. Міне осы ғибадатқа жол ашатын мойынсыну әйелдің күеуге шыққан сәтінен бастау алады. Себебі әр тұрмысқа шыққан әйел әлгі "бақыр бас" еркек құзырына өтіп, өз "менін" құрбандыққа шалады. Сондықтан оның еріне жасаған әр қызметі Аллаға жасалған ғибадат орнына жүре береді. 

Екі-үш нұсқада айтылатын мынандай бір тәмсіл бар. Бірде Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Фатима анамызға бір әйелдің үйіне барып жәй-күйін біліп қайтуға кеңес береді. Фтима анамыз әлгі айтылған үйге барып есігін қақса, бір әйел есік құлпын ашпастан кім келгенін сұрайды. Фатима анамыз әлгі әйелдің даусына қарап егде адам екенін біледі де, өзінің кім екенін таныстыра бастайды. Іштегі әйел қатты қуанып "Сіздің келгеніңіз қандай бақыт. Пайғамбарымыз қызының біздің үйге келуі деген..." деп, ағынан жарылады. Бірақ есікті ашпаған қалпы "Біз сіздің келетініңізді білмей қалдық. Күйеуім де сіздің келетініңізден бейxабар. Сондықтан күйеуімнің ұрықсатынсыз сізді қабылдай алмаймын. Ертең келіңіз. Мен оған дейін күйеуімнен ұрықсат алып қояйын" дейді. Фатима анамыз әлгі әйел әдебіне қайран қалып, үйіне қайтады. Ертесіне баласы Хасанды қасына ерте барады. Әлгі әйел "Сіздің балаңызды ертіп келетініңізді күйеуіме айтқан жоқ едім. Оның ұрықсатынсыз ешкімді қабылдай алмаймын ғой" деп, кездесуді тағы да ертеңге қалдырады. Фатима анамыздың таңданысы одан сайын арта түседі. Ертеңіне есік ашылады. Қараса, кемпір дегені жап-жас әйел екен. "Сіздің даусыңыз..." деп таңданыс білдірген Фатима анамызға әлгі әйел "Даусымды естіген адамдардың көңілі бұзылмасын деп сөйлегенде аузыма тас салып аламын" дейді. Сонда Фатима анамыз әлгі әйелдің тәлімін алсын деп Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзін әдейі жібергендігін түсінеді.

Мұндай мінез біздің апа-әжелерімізге де тән болған. Әрине, ондай әйелдерге қай жәннаттың да есігі айқара ашылатындығы күмәнсіз. Жалпы күйеуінің ризашылығын тапқан әйелдердің бәрі сол жәннаттық әйелдер санатына барып қосыла береді. Дініміздің ажырасуды құптай бермейтіндігі сондықтан. Ендеше, ғибадаттарыңыз қабыл болсын, қадірменді әйелдер қауымы!

Құдияр Біләл

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз