https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ТУЫСПЕН ТАТУ БОЛУДЫҢ ЕКІ ДҮНИЕДЕГІ ПАЙДАСЫ

25 Sep 2015 0 comment Оқылды: 1773 рет

Туысына игілік істеген адамның күнәлары кешіріледі

Ибн Омар (оған Алла разы болсын) жеткізеді: «Бір адам Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Мен үлкен күнә жасап қойдым, тәубе жасауға мүмкіндігім бар ма?» деді.  Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сенің анаң бар ма?» деп сұрады. Ол: «Жоқ» деп еді: «Анаң жақтан туыс әпкең бар ма?» деп сұрады. Әлгі кісі: «Иә» деп жауап қатты.  «Олай болса, оған игілік жаса» деген кеңес айтты (Тирмизи, Хаким).

Туыстық қатынасты ұстаған адамның өмір жолы ұзақ әрі ризығы мол болады

Әнәс ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімді ризығының кеңейтілуі немесе өмірінің ұзартылуы қуантса, ол туыстарымен қатыссын» деп айтқанын естідім» деген. (Бұхари)

Бұл хадистің мазмұны Құранда келген: «Сол мерзімі келген кезде, олар бір сәт кешікпейді де, ілгерілемейді» («Ағраф» сүресі, 44-аят) деген аят мағынасына да, адам ұрығы қалыптаса бастағаннан жүз жиырма күн өткен соң періште келіп, оған жан кіргізетіні және оның ризығы мен өмір жасын жазатыны айтылған хадиске де қайшы келмейді. Тәпсірлердің бірінде, жоғарыда келтірілген аятта Алланың білімі туралы айтылғаны көрсетілген, ал, хадисте адамның ең аз ғұмырын жазушы періштеге белгілі нәрсе туралы айтылған. Сонымен, мысалы: кісі жақындармен туыстық қатынас жасамаған жағдайда оған алпыс жыл өмір сүру жазылса, ал туыстық қатынасын үзбеген жағдайда оның өмір жасы ұзартылуы мүмкін. Бұл айтылған адамның ризығына да қатысты. Әркімнің ризығы мен өмір жасы Алла Тағалаға әу бастан-ақ белгілі. Сонымен қатар Құран: «Алла қалағанын өшіреді де, (қалағанын) бекітеді. Негізгі кітап* Оның қасында» («Рағыд» сүресі, 39-аят) дейді.

Алла үшін ең сүйікті амал

Бір сахаба өзге сахабалармен бірге отырған Алла Елшісіне келіп:

–       Сен, Алланың Елшісі екендігіңді растайсың ба?,-деді. Ол:

–       Иә,-деді.

–       Уа, Алланың Елшісі, Алла үшін ең сүйікті амал не?,-деп сұрағанда:

–       Аллаға иман келтіру, -деді.

–       – Уа, Алла Елшісі, одан кейін қандай амал?-деген сұраққа:

–       Туыстық қарым-қатынасты ұстану, -деп жауап берді.

–       Уа, Алланың Елшісі, Алла үшін ең жеккөрінішті амал қайсы?,-дегенде:

–       Алламен қатар басқаға құлшылық ету.

–       Уа, Алла Елшісі, одан кейін қандай амал? дегенде:

–       Туыстық қарым-қатынасты үзу, -деп жауап берілді. (Абу Яаля)

Туыспен қарым-қатынаста болу Тозақтан құтылып, Жәннатқа кіруге себеп

«Бiр адам: «Я, Алла Елшісі! Маған Жәннатқа кiруiме себеп болатын амалды айтыңызшы?», – деп өтiнгенде, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жалғыз Алла Тағалаға құлшылық етiп, құлшылығыңда Оған серiк қоспа. Күнiне бес рет намаз оқып, зекет бер. Туыстарыңмен қарым қатынаста бол», – деп бұйырды. (Бұхари, Муслим).

Туыстық қатынасты сақтаушыға Алла Тағала жәрдем береді

Әбу Һурайра, оған Алланың ризашылығы болсын, былай дейді:
Бірде бір адам: Я, Алла Елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туысқандық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар болса маған залымдық жасайды, мен оларды сыйлаймын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деді. Бұған ол: «Егер жағдай, шынымен-ақ сен айтқандай болса, онда сен олардың аузын ыстық күлмен толтырып жатырсың, және Алладан саған оларға қарсы көмекші болады!», – деді (Муслим)


«Олардың ауыздарын ыстық күлмен толтырасың» деуі – «сен оларды ыстық күлмен тамақтандырасың» дегені. Сонымен оларға сол істеген күнәләрі үшін жіберілетін жаза, ауызға салынған ыстық күлмен тең болғаны. Және де оларға біреу жақсылық жасағаннан жақсылық жасаушыға ештеңе болмайды, ал олар болса оны ренжіткені үшін үлкен күнәға батады, ал Алла болса бұл туралы жақсырақ біледі.

Туыстық қатынасты сақтаушыны Алла ешқашан қорлыққа ұшыратпайды

(Айша (Алла оған разы болсын) айтады): « Жәбірейілді өз бейнесінде көрген соң қорыққан Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүрегі дірілдеп Хадиша бинт Хуайлидтің алдына кіре сала: «Мені орап тастаңдар, мені орап тастаңдар!»—дейді. Олар оны қорқынышы басылғанша орап қояды. Сонан соң Хадишаға: «Мен өзіме қатысты қорқып қалдым» (яғни, маған бірер залал тимесе жарар еді деп),—деп болған уақиғадан хабардар етеді. Сонда Хадиша: «Жоқ, олай емес. Алламен ант етемін! Алла сені ешқашан қор қылмайды, өйткені сен туыстармен жақсы қатысасың, қорғансызды сүйейсің, жоқ-жітікке қарайласасың, қонақты сыйлайсың және өзгелердің құқығының сақталуына жәрдем етесің»,—деп (жауап береді).

Туыстарына садақа беруші екі сауап алады

(Сонда Пайғамбар(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)«Иә, оған екі сауап бар: туысқанға (қарайласу)сауабы мен садақаның сауабы»,—депті».  (Бұхари)

Туыстарының ішінен жетімді асыраушының дәрежесі

Әбу Хурайра (оған Алланың ризашылығы болсын), ол Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді:

«Туысқандарының ішінен не болмаса басқа адамдардан  жетімді асыраушы, Жәннәтта менімен осы екеуі секілді жақын болады».

Осыны айтып, бұл хадисті жеткізуші Мәлик бин Әнас, сұқ саусағымен одан кейінгі саусағының арасын көрсетті (Муслим).

Туыстық қатынасты сақтау шынайы иманның көрінісі

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді:

«Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда қонағын жақсы қарсы алсын. Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін. Кімде-кім Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген болса, онда жақсылықты сөйлесін не болмаса үндемесін» (Муслим, Бұхари).

Туыстар – ата-анадан кейін жақсылық жасауға ең лайық адамдар

«Менiң атам Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Алла Елшісі! Жақсылық iстегенге кiм лайығырақ?», – деп сұрағанда, ол: «Алдымен әкең мен анаң. Кейiн ағаң мен әпкең. Одан кейiн жақындық дәрежесiне қарай туыстарың. Бұл – мiндеттi нәрсе. Туыстық қатынасты үзбе», – деп жауап бердi. (Бұхари).

 

ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҰСТАНБАУДЫҢ ЕКІ ДҮНИЕДЕГІ ЗИЯНЫ

Туыстық қатынасты үзушінің дұғасы қабыл болмайды

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жер бетiнде бiрер мұсылман күнәлi iс iстегенге немесе туысқаннан безуге дұға етпесе, Алла Тағала оның кез келген дұғасын қабыл етедi немесе сол дәрежеде одан жамандықтарды қайтарады», – деп айтқанда, жамағаттан бiр адам: «Ондай болса бiз Алла Тағаладан тiлеуiмiздi көбейтейiк», – дедi. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның бұл сөзiне: «Алла Тағаланың берерi сендердiң тiлегендерiңнен көп», – деп жауап бердi (Тирмизи).

Туыстық қатынас оны сақтамаған адамның үстінен қияметте шағым айтады

Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) саусағымен нұсқап: «Туыстық - Алла Тағаланың «Рақымды» сипатының атауынан жаратылған. Туыстық қатынасты сақтағанды Алла\ Тағала рақымына бөлейдi, үзгендi рақымынан мақрұм етедi. Туыстықтың Қиямет күнi барлық жағдайды айқын баяндап беретiн тiлi бар», – дедi. (Бұхари).

«Алла Тағаланың азабынан сақтанып, туысқанымен қатынасын үзбегеннiң ғұмыры ұзақ, байлығы мол болады. Әрi ондай адам отбасының сүйiспеншiлiгiне бөленедi». (Бұхари)

Туыстық қатынасты үзген адам бұл дүниеде жазаланады

«Алла Тағаланың осы дүниеде кешiктiрмей жазалауына және Ақыретте қатты азаппен азаптауына азғындық пен туған-туысқанмен қатынасты үзуден басқа себеп болатын күнә жоқ» (Бұхари).

Туыстық қатынастар үзілген қоғамға Алланың Рахымы түспейді

«Арасында туыстық қатынасты үзген адамдары бар қауымға Алла Тағаланың рахметi түспейдi» (Бұхари).

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз