https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ұлы Жаратушыны танудағы әлсіздігің – оны шын танығаның

26 Apr 2021 0 comment Оқылды: 303 рет

Адам баласы өзінің жаратылысына, немесе жан-жағындағы жаратылысқа бір зер салып қарап көз жүгіртсе, олардың ақиқаты мен болмысын түсініуге шамасы жетпейді.

Егер адам осы жаратылыстардың ақиқатын қамтуға қауқарсыз болса, онда патшалардың Патшасы, себептердің Жаратушысы, қалағанына қалағанынша сый дарытушы – барлық әлемнің жаратушысы болған Алланың ақиқаты мен болмысын қалай қамтымақ?!.«Оған ұқсаған ешбір нәрсе жоқ, және Ол – (бәрін) Естуші, әрі (бәрін) Көруші».[1]

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Алла Тағаланың мінсіз екені жайлы өзінің өлең жолдарында былай дейді.

«Ойланшы:болған не бар – кәф пен нунсыз,

Жалғанға кім бар айтшы келген мұнсыз.

Сөзімде қате(хата) болса, сөкпе ағалар,

Ай кірсіз, – демеді ме, – Құдай мінсіз».

Ислам ғалымдарының мынандай сөзі бар: «Егерден біреу жер бетін толықтай, құрлығы мен мұхитын бірге алып елестеткісі келсе, онда оның кішкене ғана жері мен титтей мөлшерін ғана елестете алады. Егер тірілердің бірі өмірін толық көз алдынан жүгірткісі келсе, ақылында өмірін топтағысы келсе, онда оған өмірі құрақ-жамау түрінде суреттеледі. Міне, жаратылыстың өзін дағы оймен қамти алмаймыз. Ендеше, ешәрсеге ұқсамаған, әрі ешнәрсе Оған ұқсамаған Ұлы Раббымызды қалайша ойымызбен қамтымақпыз?! Құдайдың сипатынан бірі – қандайда бір суретпен суреттелуден пәк екені айтпасада түсінікті. Ендеше,суреттелмейтіннің ақиқатын суреттеу арқылы табамын деуші біреу тура жолды қалай таппақ?!», – дейді.[2]

Иамам Тахауи «Оған қиял да жете алмайды, пайымдарда ілесе алмайды» – деді. [3]Алланың хақиқатын өзінен басқа ешкім біле алмайды. Себебі Алла жаратушы, ал адам жаралған ендеше жаратқанның жаратылысына адам баласының қияалы мен болжауы немесс ақыл ойы түсінік пайымымен жобалап тұспалдауы ешқашан мүмкін емес. Олай болса Алла Тағаланы оймен бейнелеп бір пішін беру дұрыс болмайды.

Имам Фахр Рази  «Адам да сол сияқты, егер төменгі және жоғарғы денелердің жағдайын пайымдап, сипатына ой жүгіртсе, онда оның өз заңы бар екенін байқайды. Егер ол осы танымынан құдайды тануға көшсе, онда ол өз бойында жаңа табиғат пен басқа ақыл қалыптастыруы керек. Ол ақыл әлгі денелерді тануына бағытталған ақылдан өзгеше болуы тиіс», – дейді.[4]

Сол үшін де шыншылдардың ұлысы Абу Бәкір Сыддық (р.а): «Ұлы Жаратушыны танудағы әлсіздігің – оны шынайы танығаның», – деген.

Бірақынбылайдегенекен:

Алланыжақсыбілер Алла ғана,

Дін – екеу-ақ; иман мен шірікқана,

Ақылдыңбіршегі бар,

Оданарыаспайды,

Алланытолықтаниым деу –

Ешқашан өрге баспайды.

Алланыңғалым, тақуақұлдары Алла жайында: «Өзін (Алланы) танудағыәлсіздікті – танымдеп разы болған Алла кемшіліктерденнендейпәк», – дейтінболған.

Ал енді, еңбіртаңқаларлықжайт – Исламүмбетіндеәрбіркезеңде, Аллағаденеберіпбағатындардың бар болғандығы. «ОларАлланылайықтытүрдетанып, бағалайалмады».Жаратылыстыңосындайағаттығына аса біркешірім мен сабырлықтанытқан Алла кемшіліктіңқандайтүрінен де пәк, мінсіз.

Мұндай ұстанымдағы адамдар туралы Имам Жуайни «Низамия» кітабында: «Олар Раббыларын сезім мүшелері арқылы, ақылдарында қалыптасқан елестерден іздейді. Сөйтіп азғырудың өрмегі мен қатерлі ойдың жетегінде кетіп жатады. Бұл Алланың сипаттарын тануда толықтай ауытқулық. Осындай адамдар мен аспан денелеріне табынатын басқа адамдар арасында нендей айырмашылық бар? Алланың жаратқан мақұлығы – (жай ғана бір) рухтың хақиқатын білу үшін бүкіл тіршілік еткендер мен етушілерді бір жерге жинасақ та оның ақиқатына жете алмастары анық. Алла Тағала бұл жайында:«Олар сенен рух жайында сұрайды. Оларға: «Рух – Раббымның әмірі (ісі)»де. Ал ілім болса,сендерге аз-ақ мөлшерде берілді» , –деген», – дейді.

Оларды бұндай қателікке ұрынуларына себеп болған жайт яғни сезім мүшелерінен жасырын болған нәрсені сезім мүшелеріне тәуелді заттарға салыстырудан туындаған.

Ислам ғалымдарының  кітаптарында мынандай айтқан тамаша сөзідері бар. Олар былай дейді: «Мынаны біл: әуеліде барлық адам әрбір затты өзінің сезім мүшелерінің мүмкіндігінің шеңберінде ғана таниды. Бірақ әлгі заттың ақиқаты өзгешелеу болуы мүмкін. Заттың ақиқаты сіз таныған шеңбердің сыртында болуы ықтимал. Құлағы естімейтін жанға қараңыз; ол әрбір затты төрт сезім мүшесі мен ақыл арқылы бағалаумен шектеледі. Ол үшін болмысты «есту арқылы тану» деген мүмкіндік жоқ. Сол сияқты зағип жандар, олар үшін де«көрінетін» нәрселердің топтамасы ақсайды. Алайда олар бұл топтамаларды нақтылауда саф табиғаттары мен таза ақылға емес, көпшіліктің дегеніне ереді».

Егер бұл мысалды түсінген болсақ, онда осы мысалдағыдай, біздің әдеттегі дағдыланған танымымыздан өзге де танымдар болуы мүмкін екенін түсінер едік. Себебі біздің таным үшін қолданатын сезім мүшелер жаратылған (кейін пайда болған, шектеулі). Ал Алланың болмысы адамдардың болмысынан әлде қайда ұлы (шектеусіз).

Біздің сезім мүшелерімізбен қаншалықты нәрсені қамти алатынымыз белгісіз, алайда болмыстың көлемі одан да ауқымды екені сөзсіз. Ал Алла болса дәл осы болмысты толық қамтушы. Танымың мен тани алған заттарыңа толықтай назар сал. Сосын бұл орайда сенімің мен амалыңа қатысты шариғаттың сенен не талап ететініне бір қара. Сонда, Алла құлдарының бақытты болуларын қаншалықты құштар екенін, құлдарына ненің жақсы екенін де ең кәміл білетінін байқайсың. Себебі Алла сенің түсінігіңнің жететін жерінен әлде қайда жоғары әрі ақылыңның қамти алатын шектен әлде қайда кең. Бұл деген ақыл мен танымды кемсіту емес. Керісінше, ақыл – ең тура таразы. Оның шешімдері де нақ, ешқандай күмән қалдырмайды. Алайда, сен онымен таухид пен ақырет мәселелерін, пайғамбарлықтың ақиқатын, Алланың ақиқатын және де сол сияқты ақылдың шамасы жетпейтін басқа да нәрселерді өлшей алмайсың. Ал егер бұл зікір етілгендерді ақылмен табамын десең, онда орындалмайтын нәрсені талап еткен боласың.

Бұл деген, алтынды өлшейтін таразыны көрген адамның осы таразымен тауды өлшегісі келгені іспеттес. Бұл жерде әлгі таразының көрсеткіші тура емес дегенді білдірмейді. Алайда, бұл кішкене таразының шамасы алып тауларды өлшеуге келмейді.Ақыл да сол сияқты жоғарыда зікір етілген мәселелер алдында қауқарсыз қалады. Алла мен Оның сипаттарын қамти алмайды. Ол Алланың жаратқан көптеген жаратылыстарының ішіндегі бір кішкене жаратылыс қана.

Жоғарыдағы пікірлерден пайымдағанымыздай, кей нәрселер біздің болмысымыздан және түсіне алатын шеңберімізден тыс болса, онда біздің біліміміз оған жете алмайды. Бұл мәселелерді тек ақылмен ғана табамын деу – ақылдың елес пен қиялдың тұңғиығына батырып, тығырыққа тіреп, сенім тұрғысынан адасушылыққа бастайды.

Ендеше таухид деген – себептерді тану мен оның қалай әсер ететінін толық қамти алмайтыныңды түсіну. Әрі оның ар жағын жақсы білетін Жаратушысына тапсыру демек.

Серікбол ХАМАН

Л.И.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің

2-курс магистранты

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Халфа Алтай, Құран Кәрім аудармасы, Шура 11-аят 484б.

2.Абдул Фаттах бин Салих Қадиш Яфиғи, Тәжсимул Мужассима, Муассатул Рисалати Наширун,2010ж,16б

3.Ержан қажы Малғажыұлы, Таным Тұғыры, Алматы 2014ж, 15б

4.Имам Фахр Рази,Әл-Әсәс әт-Тақдис,Нәшир 2014,27б

https://sunna.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз