Күллі әлемнің Раббысы, аса Үстем, екі дүниенің Патшасы, көркем
сипаттардың иесі Алла Тағалаға мақтаулар мен мадақтар, және жәннәтпен
Сүйіншілеуші, тозақпен Ескертуші, қараңғылыққа жарқыраған шырақ,
Аллаға шақырушы, күллі әлемге мейірім болып келген Пайғамбарымыз
Мухаммад Мустафаға Алла Тағала мен періштелердің және муминдердің
салауаттары мен сәлемдері болсын.
Дінімізде негізгі нәрсе – ниет. Жақсы және дұрыс ниеттің болуы шарт. Мүминнің ниеті амалдардан бұрын келеді. Пайғамбарымыз (صلى الله عليه و سلم): «Алла Тағала сендердің түрлеріңе, көріністеріңе және мал-мүліктеріңе емес, жүректеріңе, яғни амалдарыңды қандай ниетпен жасағандарыңа қарайды» деген. Демек, Алла Тағала адамның жаңа, таза киіміне, жақсылықтары мен қайырымдылықтарына, мал-мүлкіне, мансабына қарап емес, бұларды қандай мақсатпен, қандай ниетпен жасағанына қарап, сауап немесе азап береді. Бір жақсы ниет бүкіл дүние өмірін ахиреттік сауапқа айналтырады. Сол себепті ниет үшін бір қариды оқыда көтеріл деп жәннатқа кіргізіп, ал бір қариды тозаққа ең бірінші қылып ет бетімен сүйреп лақтырып жатады. Бір жаман не дұрыс болмаған ниет бүкіл ғибадаттарды дүниелік жалғанға айналтырады. Соңында бәрі зая кетеді. Абу Хурайра (Алла одан разы болсын): «Жүрек - патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады» деп, барлық мәселенің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке байланысты екенін ескерткен. Ниет ғибадаттарда шарт пен парыз ретінде маңызды. Кейбір жерлерде сүннет ретінде жүреді. Яғни бұдан шығатын қорытынды: ниетсіз ешбір іс болмайды. Сондай ақ Пайғамбарымыз (صلى الله عليه و سلم): «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты және расында, әрбір адамға ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударатын болса, онда ол Аллаһ пен Оның елшісіне қоныс аударған болып табылады. Ал кім қол жеткізетін дүние немесе үйленетін әйел үшін қоныс аударса, онда ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)»,-деген. Ниет ғибадат пен әдеттің ортасын бөлуші. Мысалы, бір кісі салқындау үшін суға түссе, дәреті болғанымен дәретке берілетін сауапты алмайды. Сол секілді бір кісі таңнан кеш батқанға дейін жейтін нәрсесі болмағандықтан еш нәрсе жеп- ішпесе, оразаға ниет етпегендіктен ол кісі ораз ұстаған болып есептелінбейді.
Адамның құлшылыққа жақындауы да, құлшылықтан алыстауы да, оның ниетіне байланысты. Ал, ниеттің мекені – жүрек. Қашан адамның жүрегі жақсы ниеттерге толса, ол жақсы ізгі амалдарды атқарады. Сондықтан Пайғамбарымыз (صلى الله عليه و سلم): «Адамның денесінде бір кесек ет бар, егер ол дүзу болса, барлық дене дүзу болады. Егер ол бұзылса, барлық дене бұзылады. Ол бір кесек ет, адамның жүрегі» – деп айтқан. Мұсылман адам әрбір амалды Алла үшін атқаруға ниет қылуы керек. Өйткені, амалдардың барлығы ниетке байланысты.
Алла Тағала баршамызды ниеті түзу, ықыласты құлдарының қатарынан қылсын!
Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің
бас имамы Данағұлов А.