«Ақыл-ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз»
Ж. Баласағұн
Жаратушының адам баласына берген ұлы нығметтерінің бірі – тіл. Алла Тағала Құран Кәрімде:
أَلَمْ نَجْعَلْ لَهُ عَيْنَيْنِ، وَلِسَاناً وَشَفَتَيْنِ
Тіл адамды басқа жаратылыстардан ерекшелейтін негізгі белгі. Алла Тағала қасиетті Құранда:
الرَّحْمَنُ، عَلَّمَ الْقُرْآنَ، خَلَقَ الْأِنْسَانَ، عَلَّمَهُ الْبَيَانَ
Адам тіл арқылы иманға келіп, мұсылман болса, тіл арқылы діннен шығуы да оп-оңай. Тіл адамның ойын, сезімін басқаға жеткізуші құрал. Қуантатын да тіл, жылататын да тіл. Тілді еркіне жіберсе, арты орны толмас өкінішке апаратын да кездері болады.
Айтылған сөз атылған оқ демекші айтқан сөзіңізді қайтарып ала алмайсыз. Отыз тістен шыққан сөз отыз елге әп-сәтте-ақ тарап кетеді. Сол себепті тілін құрықтай білген, оған иелік еткен адам бұл өмірдің ұятынан, ақыреттің азабынан құтылары хақ.
Сөйлеу алу, ішіндегі сезімдерің мен ойынды екінші бір адамға жеткізу, Алланың адам баласына берген шексіз нығметтерің бір көрінісі. Алайда сөйлеу тілді еркіне жіберу деген сөз емес. Оның қызметін орынды қолдану білу – адамның имандылығының белгісі. Әрбір мұсылман сөйлеген кезде мән берілуі қажет негіздер;
Аллаға серік қосудан аулақ болу:
Аллаға серік қосу, Онымен қатар бір нәрсеге табыну – Алла кешірмейтін ең үлкен күнә. Жаратушы жалғыз Аллаға тән сипаттарды Одан басқа бір нәрсеге таңу да серік қосу амалына жатады. Мысалы, Алладан басқадан перзент сұрау, ауруына ем сұрау және т.б.[3] Құран Кәрімдегі Лұқманның баласына айтқан сөзі:
وَإِذْ قَالَ لُقْمَانُ لِابْنِهِ وَهُوَ يَعِظُهُ يَا بُنَيَّ لَا تُشْرِكْ بِاللَّهِ ۖ إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ
Жаратушы Алла шексіз рахым иесі болғанымен өзінен басқаға жалбарынып, одан қажетін сұрап, табынуды ешқашан да кешірмейді. Жаратушыға ортақ қосу жайында Алла Тағала Құранда:
إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاءُ وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلاَلاً بَعِيداً
Алладан басқадан жәрдем сұрау, оған мінажат қылу жайында Алла Тағала Құран Кәрімде бүкіл иман келтіргендерді былайша ескерткен:
﴿فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَهاً آخَرَ فَتَكُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِينَ﴾
Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дұға, медет тілеудің жай-жапсарын толық түсіндіріп өткен. Солардың ең бірегейі, төмендегі өсиет-хадисі.
عَنِ بْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ كُنْتُ خَلْفَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمًا، فَقَالَ: «يَا غُلَامَ، إِنِّي أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ اِحْفَظِ اللهَ يَحْفَظُكَ، اِحْفَظِ اللهَ تَجِدْهُ تِجَاهَكَ، إِذَا سَأَلْتَ فَاسْأَلِ اللهَ، وَإِذَا اسْتَعَنْتَ فَاسْتَعِنْ بِاللهِ، وَاعْلَمْ أَنَّ الْأُمَّةَ لَوِ اجْتَمَعَتْ عَلَى أَنْ يَنْفَعُوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَنْفَعُوكَ إِلَّا بِشَيْءٍ قَدْ كَتَبَهُ اللهُ لَكَ وَلَوِ اجْتَمَعُواْ عَلَى أَنْ يَضُرُّوكَ بِشَيْءٍ لَمْ يَضُرُّوكَ إِلَّا بِشَيْءٍ قَدْ كَتَبَهُ اللهُ عَلَيْكَ، رُفِعَتِ الأَقْلَامُ وَجَفَّتِ الصُّحُفُ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُ.
Дегенмен адамдар арасында тілін осы орайда дұрыс қолдана алмай, былғап алып жататын кездері болады. Ешқандай негіздерге сүйенбестен бір затқа болжам, пайым бере бастайды «қара мысық кесіп өтсе, жолың болмайды», «Бос бесікті тербетпе балалы болмайсың», «Байғыз құс шақырса, жамандық болады» мүлдем негізі жоқ ырымдарған сеніп, соны бұлжымас ережедей қабылдайтын адамдар бар. Ол әрине дұрыс емес. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы шешен болсын деп аузына түкіру,отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Бұл ырымдарды қолдануға болады. Сол секілді тойда, келін түсіруде балаларды осындай қуанышқа жетсін деп нан, бауырсақ, кәмпит алып оны апарып береді. Ырым, Ырымкүл деген ұл, қыз аттары да осы ғұрыппен қойылған. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу. Мұхаммед пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Жаман ырым исламда жоқ. Бірақ маған «әлфәл» (жақсы ырым, жақсы сөз) ұнайды» деген екен. Қазақтың «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген мәтелі де осы хадиспен ұштасады. Қазақ халқы да не нәрсені болмасын жамандыққа жорудан тартынады, сондықтан болмаған іске байланысты келеңсіз қылық көрсеткендерді «Жаман ырым бастама» деп тыйып тастап отырады.
Кәпір деп айыптау:
Қазіргі кезде шариғат шарттарын ескермей бір адамның шариғатқа қайшы әрекет жасағаны үшін кәпір деп үкім бере салудан тартынбайтын топтар пайда болуда. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мүбарак хадисінде:
وَمَنْ رَمَى مُسْلِمًا بِكُفْرٍ فَهُوَ كَقَتْلِهِ
Алла Тағала Құран аятында:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا ضَرَبْتُمْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ فَتَبَيَّنُوا وَلَا تَقُولُوا لِمَنْ أَلْقَىٰ إِلَيْكُمُ السَّلَامَ لَسْتَ مُؤْمِنًا تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَعِندَ اللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٌ ۚ كَذَٰلِكَ كُنتُم مِّن قَبْلُ فَمَنَّ اللَّهُ عَلَيْكُمْ فَتَبَيَّنُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرًا ﴿٩٤﴾
Сол себепті, біреуді күпірлікке шығарардың алдында ол адамның не үшін ол әрекетті жасағанын ойлау керек. Мысалы адам білместіктен Алланы лайықты емес заттармен сипаттауы мүмкін, ол көп жағдайда ислам негіздерін дұрыс білмегендіктен туындайтын жағдай. Сол секілді ол қателесуі немесе оны істеуге мәжбүр болуы мүмкін, және кәпір деп үкім беруші адам мұның барлығын ескере білетін шариғатты терең оқыған адам болуы ләзім.
Өзіне қатысы жоқ сөзге араласу:
Тілдің қызметін орынды қолданудың бір жолы өзіне қатысты болған істе сөз қозғау. Өйткені тілін өзіне қатысы жоқ істке араластыру күнәға батып, соған уақытын кетіргені үшін ысырапқорлардың қатарына енуі мүмкін. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде:
مِنْ حُسْنِ إِسْلَامِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ
Шығыс халқында мынандай мақал бар: «Өзіңе қатысы жоқ затқа аралассаң, өзің ұнатпаған затты естуге душар боласың,» деген.
Алайда әңгімеге араласу қажеттілік туған жағдайда рұқсат сұрап өз ойын айтуға, белгілі бір мәліметті жеткізкізуге болады. Ондайда әдепті негізге ала отырып: «Сөздеріңізге араласқаныма кешірім өтінем рұқсат етсеңіздер осы турасында менің қосар ойым бар еді» деген секілді тәсілде жүзеге асады. Ал рұқсатсыз килігіп кету мұсылманның сипатынан емес.
Сөзді көбейту:
Сөйлеу барысында сөздің қысқа әрі нұсқа болуы – сөйлеу әдебінің негіздерінен. Тамақ қандай дәмді болсын асыра жеп шамадан тыс қабылдаса, астың мәні кетеді. Сол секілді сөз інжу-маржанмен көмкерілсе де, оны шамадан тыс асыра қолданса, сөздің мәні кетіп адамды жалықтырары анық. «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.» демекші, адамның сөзінің қысқалығы мұсылманға лайықты. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде:
مَنْ كَانَ يُؤْمِنُ بِاللهِ وَالْيَوْمِ اْلآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أَوْ لِيَصْمُتْ
Сөздің қадірі жайында Асан қайғы бабамыз:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады
-деп жырға қосқаны осының дәлелі болса керек.
«Жақсы ой, жарым ырыс» деген қазақ атамыз мүлдем үндемей қалуды да құптамаған. «Бір жылы сөз бітірер, мың көңілдің жарасын», «Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді» дей келе сөйлейтін жерде орынды тоқтам айта білу керектігін меңзейді.
Азғындықты жариялауда тілге еркіндік беру:
Адамның кезінде басынан өткен мұсылманға адамға жат қылықтарын еске алып отыратын кездері болады. Бұл дұрыс емес. Осы турасында пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) :
إِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ رِضْوَانِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا يَرْفَعُهُ اللَّهُ بِهَا دَرَجَاتٍ ، وَإِنَّ الْعَبْدَ لَيَتَكَلَّمُ بِالْكَلِمَةِ مِنْ سَخَطِ اللَّهِ لَا يُلْقِي لَهَا بَالًا يَهْوِي بِهَا فِي جَهَنَّمَ
Басқа бір хадисте:
إِنَّ أَعْظَمَ النَّاسِ خَطَايَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَكْثَرَهُمْ خَوْضًا فِي الْبَاطِلِ
Әли ибн Әбу Тәліп ﴾р.а.﴿: «Өз күнәсін айтып жүрген адам мен соны естіп басқаларға жеткізген адам да бірдей күнәһар»[14], дегені бар.
Сөз таластыру:
Әр нәрсеге сөз қайтару, сөз таластыру оны әдетке айналдыру мұсылманға лайық емес сипат.
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде:
Яғни, орынсыз мән-мағына жоқ сөз таластыру дұрыс емес.
Сөзді орынсыз көркемдеу:
Сөз көркемдеу тәсілдерін орынсыз қолдану, орынсыз айтылған теңеу сөздің мәнін бұзады. Әсіресе өзін топтың алдында көрсету мақсатында айтылса. Әрбір адам сөйлегенде тыңдаушы адамның жасын оның білім деңгейін ескерген жөн. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):
وَإِنَّ أَبْغَضَكُمْ إِلَيَّ وَأَبْعَدَكُمْ مِنِّي مَجْلِسًا يَوْمَ الْقِيَامَةِ الثَّرْثَارُونَ وَالْمُتَشَدِّقُونَ والْمُتَفَيْهِقُونَ
Басқа біреуді қарғап-сілеуден аулақ болу:
Хайуан болсын, ақыл иесі адам болсын, жансыз зат болсын оны қарғауға, лағынет айту мұсылманға жат қылық. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мүбәрак хадісінде:
الْمُؤْمِنُ لَيْسَ بِلَعانٍ
Ата-бабамыз өзінің ұрпағына «қарғыс алма, алғыс ал» деген нақылды құлағына құйып өсірген. Осы сөзді санасына сіңген қазақ халқы ешкімнің ала жібін аттамай, әр сөзіне ойланып айтып, әр қадамын бақылап басқан.
Шындығында, қарғыс тектен-текке айтыла бермейді. Ол ашу-ызадан, екінші адамның озбырлығынан, тәкәппарлығынан туындайды. Сол себепті зұлымдыққа ұшыраған адамның қарғысынан сақ болу қажет, өйткені ол әлемдердің Раббысына шағымданады. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзінің мүбарак хадисінде:
اِتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَهُما وَبَيْنَ اللهِ حِجابٌ
Әзілдің шегін білмеу:
Ғұлама әл-Фараби: «Сөз тапқырлық – жақсы адамгершілік қасиет және мұның өзі әзілді орнымен пайдаланғанда болатын нәрсе» деу арқылы орнымен айтылған әзілдің кісі бойындағы ізгі қасиеттердің біріне жататындығын меңзейді. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» демекші, сөз қадірін білу ол нағыз парасаттылық.
Адамды әжуәлау, келеке ету:
Мұсылман – мұсылманның бауыры, ол оны сатпайды, опасыздық істемейді, мазақ етпейді. Өйткені адамды әжуалап оны келеке етуің Алланың көркем жаратылысына тіл тигізуің, ал мұсылманға тіл тигізуің одан да ауырырақ. Алла Тағала Құран Кәрімде:
اللَّهُ وَلِيُّ الَّذِينَ آمَنُوا
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисімен айтар болсақ:
الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ
Құпия ашу:
Қазіргі қоғамдағы дерттерінің бірі – жеке тұлғаға тән болған құпия, сырларды ашуға ынтызар болуында. Ғаламторда күнделікті ақпарат беттерінде өздерінің танымалдығын арттыру мақсатында ел назарындағы тұлғалардың құпия, сырлары әшкере болуда. Бұл қазіргі қоғамның сыр сақтау білмейтіндігінің бірден-бір көрінісі. Өйткені сыр ол Алланың аманаты, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерінен. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл турасында:
إذَا حَدَثَ الرَّجُلُ الْحَدِيثَ ثُمَّ اِلْتَفَتَ فَهِيَ أَمَانَةٌ
Жаужүрек баһадүр бабамыз Бауыржан Момышұлы: «Сырыңды ешкімге алдыртпа! Екі елі ауызыңа сыймаған сөз, өзгенің отыз екі тісінің арасына тіптен сыймайды» - деп адамның өзінің сөзіне сақ болуын ескертеді.
Уәдені орындамау:
Мұсылман үшін асыл қасиет, пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көркем мінезінен болған, имандылықтықтың нышаны уәдеге берік болу, қазіргі замандағы адамдардың бойынан табылуы қиын асыл қасиеттердің бірі.
Алла Тағала Құран кәрімде:
﴿ وَأَوْفُوا بِالْعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْئُولًا ﴾
Құрметті жәннәт иегерлерінің де асыл сипаттарының бірі – бұл өмірде сертте тұру болған. Алла Тағала Құран кәрімде:
﴿ وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ ﴾
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мүбәрак хадисінде:
اِضْمِنُوا لِي سِتًّا مِنْ أَنْفُسِكُمْ ، أَضْمَنُ لَكُمْ الْجَنَّةَ : اُصْدُقُوا إِذَا حَدَّثْتُمْ، وَأَوْفُوا إِذَا وَعَدْتُمْ، وَأَدُّوا إِذَا اُؤْتُمِنْتُمْ، وَاحْفَظُوا فُرُوجَكُمْ، وَغَضُّوا أَبْصَارَكُمْ، وَكَفُّوا أَيْدِيَكُمْ.
Өтірік айту:
Өтірік сөйлеу – тіл арқылы көрініс табатын аса қауіпті жүрек ауруларының бірі. Алла Тағала жүрегінде мұндай дерті бар адамдардың ақыреттегі жағдайын аятта:
فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ فَزَادَهُمُ اللَّهُ مَرَضًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ بِمَا كَانُوا يَكْذِبُونَ
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде:
أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا ، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا : إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ
Тіл кеспаты – ғайбат:
Тілдің душар болуы мүмкін ауруларының бірі – ғайбат. Құран аяттары мен пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде бұның қаншалықты жиіркенішті екені жайында мысалдар көп. Алла Тағала ғайбат айтушы адамды құран кәрімде өлексенің етін жеген адамның бейнесінде қатаң сипаттайды. Алла Тағала:
وَلَا يَغْتَب بَّعْضُكُم بَعْضًا ۚ أَيُحِبُّ أَحَدُكُمْ أَن يَأْكُلَ لَحْمَ أَخِيهِ مَيْتًا فَكَرِهْتُمُوهُ ۚ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ تَوَّابٌ رَّحِيمٌ
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мүбарак хадисінде:
" كُلُّ الْمُسْلِمِ عَلَى الْمُسْلِمِ حَرَامٌ دَمُهُ وَمَالُهُ وَعِرْضُهُ"
Өсек тасу:
Өсек тілдің негізгі кесапаттарының бірі.
Өсекші адамның жәннатқа кірмейтіні жайында пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):
لا يَدْخُلُ الجَنَّةَ نَمَّامٌ
Олай болса тілімізге өте сақ болайық, тек пайдалы сөз айтуымызды Алла нәсіп етсін!
[1] Бәләд сүресі, 8-9 аяттар.
[2] Рахман сүресі, 1-4 аяттар.
[3] http://fatua.kz/kz/post/view?id=463
[4] Лұқман сүресі, 13-аят.
[5] Нисә сүресі, 116-аят.
[6] Шұғара сүресі, 213-аят
[7] Тирмизи хадистер жинағы
[8] Фатху әл-Бари шарх сахих әл-Бухари № 6277
[9] Ниса сұресі, 94-аят
[10] Тирмизи хадистер жинағы
[11] Бұхари хадистер жинағы
[12] Бұхари хадистер жинағы
[13] Табарани хадистер жинағы
[14] «Файдуль-Къадир» 3/323.
[15] Табарани хадистер
[16] Тирмизи хадистер жинағы
[17] Тирмизи хадистер жинағы
[18] Бұхари хадистер жинағы
[19] Тирмизи хадистер жинағы.
[20] Бақара сүресі, 257-аят.
[21] Бұхари хадистер жинағы
[22] Ибн Әби Дүния
[23] Исра сүресі, 34-аят.
[24] Мағариж сүресі, 32-аят.
[25] Ахмад хадистер жинағы.
[26] Бақара сүресі, 10-аят.
[27] Бұхари хадистер жинағы
[28] Хужурат сүресі 12-аят.
[29] Муслим, Ахмад хадистер жинағы.
[30] Муслим хадистер жинағы