Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсенді кезеңі. Өмірдің шыңы, қайрат-жігерге толы, жалындаған шақ. Тепсе темір үзер күш-қуаты тасып тұрған тәуекелге толы кезең. Бұл жаста адам зерттелмеген жаңа көкжиектерді анықтауға, биік армандарға жетуге тырысады.
Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, сондай-ақ, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз. Осы бір құнарлы кезеңнің көктемінде жас топыраққа егін егіп үлгеріп қалмасаңыз күзде мол өнім күтпей-ақ қойыңыз. Жастық шақтың ең айқын ерекшеліктерінің бірі - рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға дайын болуы.
Жастық шақтың маңыздылығы неде?
1- Жастық шақ адамның нәтиже беретін, күш-қуаты кемеліне келетін кезеңі;
2- Жастар ол ертеңгі асқар тау әке, аяулы ана;
3- Жастардың дұрыс жолда болуы - үмметтің саулығы;
4- Жастық шақ адамның құбылмалы нақты бір ұстанымға келмеген кезеңі;
5- Жастар кез-келген мемлекеттің тірегі, болашағы.
Алла Тағала жастық шақты екі әлсіздіктің арасындағы кезең деп сипаттаған. Екі әлсіздік деп балалық шақ пен адамның кәрілік кезеңін меңзеуде. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл турасында:
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَكُم مِّن ضَعْفٍ ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ ضَعْفٍ قُوَّةً ثُمَّ جَعَلَ مِنْ بَعْدِ قُوَّةٍ ضَعْفًا وَشَيْبَةً
Балалық шақ – әлі жетілмеген кезеңі болса, кәрілік шақ адамның жетілгенмен қуаты кеткен кезеңі. Адамның негізгі өмірі - осы орта кезеңді қамтиды. Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – қуатты кезең.
Қиямет күні адам баласының сұралатын негізгі төрт сұрағының бірі – жастық шақ. Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
لَا تَزُولُ قَدَمَا عَبْدٍ يَوْمَ الْقِيَامَةِ حَتَّى يُسْأَلَ عَنْ أَرْبَعِ خِصَالٍ : عَنْ عُمُرِهِ ، فِيمَ أَفْنَاهُ ؟ وعَنْ شَبَابِهِ ، فِيمَ أَبْلَاهُ ؟ وَعَنْ مَالِهِ ، مِنْ أَيْنَ ؟ وَفِيمَ أَنْفَقَهُ ؟ وَعَنْ عِلْمِهِ ، مَاذَا عَمِلَ فِيهِ ؟"
Басқа бір хадисте:
اغْتَنِمْ خَمْسًا قَبْلَ خَمْسٍ :شَبَابَكَ قَبْلَ هِرَمِكَ،وَفَرَاغَكَ قَبْلَ شُغْلِكَ، وَحَيَاتَكَ قَبْلَ مَوْتِكَ، وَصِحَّتَكَ قَبْلَ سَقَمِكَ، وَغِنَاكَ قَبْلَ فَقْرِكَ
Алла өмірді қалай өткізгенін жалпылай сұрауымен қатар соның ішінде жастық шаққа арнайы тоқталған.
Құран аяттары мен Пайғамбар ﷺ хадистерін жете түсінген ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы жастық шақ жайында былай дейді:
Yш-ақ түрлi өмiр бар: бәрi де – мас,
Бiр рәуiштi болады шал менен жас.
Ең керектi дегенiң – ортаншы өмiр,
Түгел қолың жетпейтiн бiр жанталас.
Қапы өткiзбе сол кездiң бiр сағатын,
Өкiнiшi қалмайды, кетсе ағатың.
Күнi-түнi дей көpмe, ғылым iзде,
Қалсын десең артыңда адам атың.
Өмiрдiң басы – бала, ортасы – адам,
Қартайып, шал болған соң кеттi шамаң.
Мақтап жүрген өмiрiң осы болса,
Үш-ақ ауыз өлеңмен болды тамам.
Құранда жастардың тұлғалық бейнесі қалай сипатталған?
Пайғамбарлардың атасы болып саналатын Ибраһим пайғамбар жас кезінде сол уақыттағы жастарға тән ой ойламады, адасқан қауымның жетегінде кетпеді. Бойында қалыптасқан табиғи тазалық оған бір Алланың бар екенін паш етті. Қауымын соның ішінде әкесін дінге шақырып, былай деп ой тастаған:
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ يَا أَبَتِ لِمَ تَعْبُدُ مَا لَا يَسْمَعُ وَلَا يُبْصِرُ وَلَا يُغْنِي عَنكَ شَيْئًا
«Бірде ол әкесі Әзарға: «Уә әкетайым неліктен мүлдем естімейтін, көрмейтін, әрі өзіңе титтей де пайдасы тимейтін меңіреу пұттарға табынасың?».
Құрандағы жастар жайында қиссалар жалғаса келе Ибраһимның баласы Исмайылға тоқталады. Ол Алланың әміріне бұйұсынып, құрбандыққа басын тіккен жігіт еді. Алла Тағала бұл ұлы сынақ жайында Құран Кәрімде былай дейді:
قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَى فِي المَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانظُرْ مَاذَا تَرَى قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ سَتَجِدُنِي إِن شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ.
Құран аятынан көріп отырғанымыздай жас бала болса да, мүдірместен Алланың әміріне қарсы келмеді. Сол мезетте еш қобалжымастан өзінің құрбандыққа дайын екенін жеткізіп:«Уа, әкетай! Сен өзіңе бұйырылғанды істе» деп, қасқайып батырлық көрсетті. Ол сөзін жалғастыра келе: «Алла қаласа менің өте сабырлы жандардың бірі екенімді көресің», деп, құрбандыққа мойнын ұсынды. Міне, жас Исмайыл осындай өжет иесі еді.
Жастық шақта адамның бойында нәпсінің дамыл бермей ойнақшып тұратын кезі. Санаулы секундтарда бұрқырап таситын сезім толқынын тізгіндеу әр адамның қолынан келетін оңай іс емес. Оның үстіне саған көз тіккен ынтық назарлар көп болса, бұл мүлдем орындалуы қиын іс. Бұл тек тақуаларға, Алланы шын сүйген құлдарына нәсіп болатын амал. Әңгімеміз пайғамбарлардың ішінде ерекше көркемдік иесі Жүсіп пайғамбар жайында. Ол үлкен сынаққа душар болған еді. Перғауын басшыларының сұлу әйелінің назарына түсіп, ол оны қайткен күнде де тұзағына түсірмекші болды. Алайда тақуалыққа толы жас жүрек бұған жол бермеді. Ол үшін салтанатты өмірден терең зындан абзал еді. Ол сол әйелдің иелігінде құл бола тұра бұл күнә істі жасаудан бас тартты. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл оқиға жайында:
قَالَ رَبِّ السِّجْنُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِمَّا يَدْعُونَنِي إِلَيْهِ ۖ وَإِلَّا تَصْرِفْ عَنِّي كَيْدَهُنَّ أَصْبُ إِلَيْهِنَّ وَأَكُن مِّنَ الْجَاهِلِينَ
Адамзаттың абзалы болған Мұхаммед ﷺ жас кезінде замандастарымен салыстырғанда оқ бойы алда еді. Жақсы мінезі, адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы, байсалдылығы, әдептілігімен адамдарды баурап алатын. Адамдар оның осындай қасиеттеріне қарап таңданатын. Мекке халқы оның турашылдығы мен адалдығына байланысты Оны «әл-Әмин» («Сенімді») деп атады. Осылайша, ол жас кезінде осы атымен халық арасында танымал болды.
Оған иман келтірген, серіктес болған, исламның туын көкке көтеріп, ең алғашқы ауыртпалықтарды қабылдаған сахабалардың түгелге дерлігі жастар еді. Тіпті Зубайр ибн Аууам, Әлилер он жасқа да толмаған бала болатын. Сол кездегі жасы үлкен сахабалардың бірі - Әбу Бәкір небәрі 38 жаста.
Ұлы жас сахабалардың қайталанбас өнегелі өмірінен мысалдар келтіретін болсақ:
Бірінші көрініс: Әли ибн Әбу Талиб Аллаға иман келтірген кезде он жастағы бала еді.Кейбір деректер бойынша ер адамдардан ең алғаш ислам қабылдағандардан болды.
Екінші көрініс: Пайғамбардың ﷺ сүйіктісі деген атқа лайық болған Усама ибн Зайд бүкіл мұсылман әскеріне қолбасшы болғанда небәрі 18 жаста болған.
Үшінші көрініс: Бұл «үмметтің сиясы», «Құранның тәржіманы» атанған Абдолла ибн Аббас сахабалардың ішінде ең жастарының бірі. Осы орайда Пайғамбарымыз ﷺ Ибн Аббасқа былай дұға жасаған:
اللَّهمَّ فقِّهْهُ في الدِّينِ وعلِّمْه التَّأويلَ
Осы секілді көріністер Пайғамбарымыздың ﷺ сахабаларында көптеп кездеседі.
- Ұлы имам Шафиғи Меккеде кішкене жасынан ілімге берілген, жеті жасында Құранды, он жасында Имам Маликтің «әл-Муатта» атты хадис кітабын жаттайды. Он бес жасына келгенде, пәтуа бере алатындай деңгейге жеткен.
- Ислам тарихы куә болған ең ғажайып қолбасшылардың бірі – Осман әулетінен шыққан Мұхаммед Фатих еді.8 Ол билікке келгенде жиырмадан сәл ғана асқан жігіт болатын. Ол пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисіне ең алғаш амал тұрғысында іске асырған жас әмірші болды:
لَتُفْتَحَنَّ الْقُسْطَنْطِينِيةُ فَلَنِعْمَ الْأَمِيرُ أَمِيرُها وَلَنِعْمَ الْجَيْشُ ذَلِكَ الْجَيْشُ
- Атақты хадис имамдары Бухари, Муслимдер жас кездерінде хадис жинап, исламға үлкен қызмет жасаған.
Қазақ даласында талай данышпандар жас кезінде-ақ өздерінің кемеңгерлігін көрсеткен.
- Төле — Тəуке ханның жеті жарғы, бас биінің бірі он бес жасында халық арасында билік айтқан.
- Он алты жасында ақын атанып, 27 жыл ғана ғұмыр кешкен Сұлтанмахмұт Торайғыров осы қысқа ғұмырында сол кездегі жастарға үлгі-өнеге бола білді.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?! — деп,
Сұлтанмахмұт жасынан-ақ алдына биік мақсат қоя білді.
Мұсылман жастарының бойында болу керек қасиеттер:
- Имандылыққа тәрбиелеу;
Пайғамбарымыздың ﷺ жастайынан имандылыққа тәрбиеленген жастар жайында мынандай хадисі бар:
عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِي اللهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّم: سَبْعَةُ يَظِلُّهُمُ اللهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لا ظِلَّ إِلَّا ظِلَّهُ.. ) الحديث وفِيهِ : (وَشابٌّ نَشأَ فِي طَاعَةِ اللهِ
Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтты:
- Дұрыс сенім қалыптастыру;
Мұсылманның негізгі сенімі – Алланың бар және бір екендігіне, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және тағдырдың жақсылығы мен жамандығы Алла тарапынан екеніне илану. Алла барлық кемшіліктерден, жаратылыстың сипаттарынан пәк. Алла Тағала естуші, көруші, құдіретті, мұңсыз, білуші, әуелден бар болған, мәңгі, затында, ісінде, сипатында серігі жоқ, ешбір жаратылғандарға ұқсамайды деген сенімде болуы қажет.11 Сенімі дұрыс емес адамның құлшылығы қабыл емес.
- Отансүйгіштік қасиетті сіңіру;
«Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет. Ибн Аббастан жеткен риуаятта Алла Елшісі ﷺ: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда, сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деп, Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған.
Алла жолында, Отан үшін соғыста жүріп дүниеден өткен адамды шаһид деп атайды. Алланың Елшісі ﷺ: «Мынадай екі көзді тозақ оты күйдірмейді: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен Алла жолында елін күзеткен көз», – деген.
- Жігітке жеті өнер де аз;
«Жігітке жеті өнер аз» дегендей, кәзіргі заман мұсылмандары тек діни біліммен шектелмей, заманауи технологияны меңгеріп, жан-жақты білімді болуы тиіс. Анастан жеткен хабарда Пайғабарымыз ﷺ былай дейді: «Сендердің жақсыларың дүниесін ақыретке, ақыретін дүниеге тастап қойғандарың емес, бәлкім екі дүниенің арбасын бірдей ұстағандарың. Шын мәнінде дүние ақыретке жетелейді».
- Ерте жанұя құру;
Үйленудің мұсылман қоғамы үшін де, жалпы үмбет үшін де көп пайдасы бар. Солардың біразы төмендегідей:
а) Адамзат ұрпағын сақтау. Үйлену – жалпы адамзаттың сақталуының бірден-бір кепілі. Үйлену арқылы адамзат тегі көбейіп, тұқымы жойылмай, толқын-толқын болып ұрпақ соңынан ұрпақ ауысып, көбейе береді.
ә) Қоғамдық ахлақты сақтау. Үйлену қоғам мүшелерін ахлақтық, адамгершілік ұстанымдар мен қағидаттардан шығып кетуден сақтайды. Яғни, адал жолмен бас қосып, отбасы болу арқылы Құдай Тағаланың қалауын іске асырып, ізгі мінез-құлыққа, мұсылмандық әдепке қалыптастырады.
б) Аурулардың алдын алу. Үйлену некесіз, харам қарым-қатынас пен зинақорлық салдарынан тарайтын сифилис, СПИД сияқты адамзаттың болашағына қатер төндіретін ауру түрлерінің алдын алады.
г) Рухани әрі психологиялық жай табу. Үйлену арқылы жұбайлардың арасында сүйіспеншілік пен мейірімділік қатынас орнайды.
ғ) Үйлену арқылы қоғам жанұя алдында одан кейін қоғам алдында жауапкершілігі артады.
д) Ата-аналық сезімнің қалыптасуы. Үйлену, балалы болу арқылы жұбайларда аталық, аналық ұлы сезім пайда болады.
Әр адамның тәрбиесіне байланысты есеюі де әртүрлі болар «Болар адам, он бесінде бас болар, болмас адам, отыз бесінде жас болар демекші болар адам ерте жанұя құрып, бойдақтың сергелдеңнен өзін құтқарады.
Жақсы жолдастар таңдай білу;
Алла Тағала Құран Кәрімде:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ
Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жайында:
(( الْمَرْءُ عَلَى دِينِ خَلِيلِهِ، فَلْيَنْظُرْ أحَدُكُمْ مَنْ يُخالِلُ ))..
- Денсаулыққа мән беру, спортпен шұғылдану;
Ислам діні өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға, әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек»14, – деген.
- Білім игеру;
Сүннетке сәйкес, ғылым, даналық – мұсылманның жоғалтқаны, оны қайдан болса да табу қажет. Пайғамбарымыз ﷺ өзінің бір хадисінде:
Бұл хадис шариғи һәм зайырлы білім алуды әрбір ер мен әйелге бірдей парыз екенін білдіреді. Сол үшін де шынайы мұсылман өмірінде діни білімнің де, зайырлы білімнің де алатын орны ерекше.
Адамды адам ететін, оны биік дәрежеге апаратын оның дүние-мүлкі емес, бәлкім оның артында қалдырған білім қазынасы. Пайғамбарымыздың ﷺ мүбарак хадисінде былай деп айтылған:
" إِذَا مَاتَ اْلِإنْسَانُ، اِنْقَطَعَ عَمَلُهُ إِلَّا مِنْ ثَلَاثِ، صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ، أَوْ وَلَدٌ صَالِحٌ يَدْعُو لَهُ.
Білімді игеру кез-келген жаста рұқсат болғанымен жастық шақта алған ілімнің берекесі мол.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермеді,
Ер жеткен соң түспеді уысыма ,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,-деп
Абай атамыз айтқандай қолымызды кеш сермеп кешігіп қалмас үшін жас кезімізде ілімге мән берейік, талаптанайық ізденейік, сонда ғана біздің береріміз болады. Алла елімізде иманды жастардың санын арттырсын.