Тәуелсіздік таңы атқанына ширек ғасыр өтсе де, қазіргі уақытқа дейін исламға деген қалың бұқараның көзқарасы әрқалай. Кейбір адамдар исламды екі дүниеде бақытқа жетелейтін ақиқат соңғы дін ретінде қабылдаса, енді бір адамдар ислам дінінің құндылықтарын терең ұғынып, күнделікті өмірінде ислам қағидаларын темір қазық етуде. Ислам дініндегі кемелдік дегеніміз –дін аясында адам өмірінің әр тұсы, кез-келген жағдаяттарына жауап бере алуы. Ол иман, амал, сенім, шариғат, құлшылық, қарым-қатынас, ілім, көркем мінез.
Ислам діні аясында экономика негіздері, ұшқыр саясаттың кемел көрінісі, өмірдің әр саласындағы, қоғамның әртүрлі қабаттарына бағытталған сауықтандыру бағдары қамтылған. Бұл мінсіз жүйе адамның бұл дүниеде бақытты болуына жетелеуімен қатар ақыретте де мәртебесінің жоғары болуына жол сілтейді.
Алла Тағала құран кәрімде исламның кәміл дін екендігі жайында:
الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الْإِسْلَامَ دِينًا ۚ
Бұхари, Мүслим хадис кітабында Тариқ ибн Шиһабтан ол Омар ин әл-Хаттабтан (Алла одан разы болсын) келген хабар бойынша яһуди қауымынан болған бір адам Омарға келіп: «Ей, мүміндердің әміршісі егер осы оқып отырған құран аяттарың бізге (яһудтарға) түскенде сол күнді біз мереке етіп алар едік» деді. Бұл қандай аят дегенде: «Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым» деген Құран аятын оқыды. Омар оған: «біз ол күнді де, мекенді де білеміз, пайғамбарға ﷺ түскен бұл аят қашан және қайда түскенен хабардармын ол Арафада жұма күні түскен еді»[2] деді.
Бірінші, ислам діні толыққанды дін. Толықтыруды немесе бір бөлігін алып тастауды қажет етпейді. Пайғамбарымыздың ﷺ мүбарак хадисінде: «Кімде-кім дінде жаңалық іздесе ол қабылдан емес»[3] деген. Яғни ислам дінінде адамға қажеттінің барлығы баян етілген. Тіпті адамның қалай тамақ ішуі қалай дәретханаға баруы, оның әдептеріне дейін айтылған.
Екінші, Алла Тағала мұсылмандар үшін өзінің нығметін тамамдап зор мейірімділік танытты және соңғы дінмен соңғы елшісін жіберді. Алла Тағала Құран кәрімде:
لَقَدْ مَنَّ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولاً مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلالٍ مُبِينٍ
Үшінші, Осы дінді Алла Тағала разы болған күйде мұсылмандарға қалады. Адамзаттан исламнан басқа дінді қабыл етпейді. Алла Тағала Құран кәрімде:
وَمَنْ يَبْتَغِ غَيْرَ الْإِسْلامِ دِينًا فَلَنْ يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الْآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ
Сол себепті мұсылмандар үшін Алланың өзі разы болған дінге мойынсұну оның әмірлерін орындау міндет болып саналады. Сағд ибн Әби Уақастан жеткен хадисте пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Егер кім азаншының тыңдағаннан кейін: «Алланың жалғыз әрі серігі жоқ екеніне және Мұхаммедтің оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін. Алланы Раббы ретінде, Мұхаммедті елші ретінде, Исламды дін ретінде риза болдым десе, күнәсі кешіріледі»[6] деді.
Бұл пайғамбарымыздың ﷺ өмірінің соңғы сәттерінде түскен аяттардың бірі.
Асыл дінімізде адамның дүниесіне, ақыретіне, құлшылық-ғибадатына, рухани өсуіне қажетті барлық жайттар қамтылған. Өмірдің әр кезеңінде адам үшін шариғи тұрғыда құран кәрім, пайғамбар ﷺ хадистерімен бекітілген негіздер бар. Бұл иләһи негіздерді іс жүзінде пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ көрсетіп кеткен. Пайғамбарымыз бұл іс-әрекетімен тек адамдардың арасында ғана емес сонымен қатар пайғамбарлардың арасында да ерекшеленген.
Пайғамбарымыз ﷺ өмірінде мейірімді әке болған. Бұл арқылы әке болудың қандай екенін біздерге көрсеткен алайда барлық пайғамбарлар әке болмаған.
Пайғамбарымыз ﷺ салихалы жұбай болған осы арқылы ер азаматтың әйелінің алдындағы міндеттерін ашық айқындап берген, бұл орайда барлық пайғамбарлар отбасы құру бақытына жетпеген.
Пайғамбарымыз ﷺ мемлекет негізін қалап, оның әділ басшысы болған. Мұсылман басшыларына қандай басшы болу керек оның сипаттарын іс жүзінде көрсеткен. Сонымен қатар пайғамбарымыз ﷺ барлық көркем сипаттарды бойына жинай білген әмбебап адам болған. Алла Тағала Құран кәрімде бұл жайында:
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ
Исламның кәмілдігінің көріністері:
Иман негіздері жеңіл әрі кемшіліксіз.
Иман шарттары Құранда және пайғамбарымыз ﷺ сүннеттерінде адам үшін өте жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізілген. Иман негіздерін терең ұғып, санасына сіңдіре білген адам әр кез Алланың әмірлерін орындауға асығып, тыйымдарынан қашық болуға тырысады. Әр ісін жасарда ислами шеңберге салып,сөзін салмақтап байыбына келмейінше әрекетке бармайды. Барлық адамзатты қамтиды.
Ислам діні бүкіл адамзатқа қияметке дейін жіберілген дін. Ол тек арабтарға немесе белгілі бір ұлтқа жіберілген дін емес. Алланың алдында ешбір ұлттың абзалдығы жоқ. Ақ болсын қара болсын, құл болсын азат болсын Алла алдында олар бірдей. Алла Тағала Құран кәрімде:
قُلْ يَاأَيُّهَا النَّاسُ إِنِّي رَسُولُ اللَّهِ إِلَيْكُمْ جَمِيعًا الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ النَّبِيِّ الْأُمِّيِّ الَّذِي يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَكَلِمَاتِهِ وَاتَّبِعُوهُ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا كَافَّةً لِلنَّاسِ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
Шариғаттағы адамның орны.
Кейбір тайызпікірлі адамдардың пайымдағанындай шариғи үкімдер тек жазалау фактілерінен ғана тұрмайды. Негізгі мақсат ретінде адам өмірінің аса құнды екенін бастапқы мүдде ретінде алады. Адамдардың өзара тату, әділдікте, жоғарғы моральды қалпында сақтауға ерекше көңіл бөледі. Қоғамның тұтастығына сызат түсіретін факторларды ерте кезден балта шабуға тырысады. Өзара сүйіспеншілік, жанұя татулығы мен тұтастығы басты назарда. Ислам шариғаты аясында адамның Раббысымен, жанұясымен, қоғаммен, бағынушы халық пен басқарушы басшыларымен байланысына және кедейлер мен байлар байланысының тығыз болуына, мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелеріне жіті мән береді.
Ислам дінінің адам өмірінің әр кезеңін қамтуы.
Ислам дінінде адам өміріне анасының құрсағында жатқанында-ақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Оны міндетті түрде екі жыл емізуі, өсе келе өзіне сай құлшылық ғибадаттарды үйретуі, үйленердегі болашақ жарын таңдауы, ер азамат пен әйел азаматтың жанұя құрғаннан кейінгі міндеттері, қартайған кездегі жағдайын, дүниеден өтер алдындағы қалатын мұра бөлу мәселесін, қайтқаннан кейінгі жоралғыларын ислам діні қарастырып, ұшқыр есеппен бекітіп берген.
Пайғамбарымыз ﷺ қоштасу хутбасында былай деген: «Уа, адамдар! Сендердің қандарың (жандарың), мал-мүліктерің Раббыларыңның құзырына барғанша (қияметке дейін) бір-біріңе (қол сұғуға), осы күннің құрметіндей, осы айдың құрметіндей, харам (тыйым) етілді. Сендер Раббыларыңмен кездесесіңдер, Ол амалдарыңның есеп-қисабын сұрайды».
Бұл пайғағамбарымыздың ﷺ ең соңғы өсиеттерінің бірі еді.
Құранның ешбір кітапқа ұқсамауы;
Адамзат тарихында Құранға ұқсаған бірде-бір кітап жоқ. Исламды және оның негізгі қайнар көзі Құранды жоққа шығару үшін талай ғасырлар бойы ислам жаулары Құранның тілін араб тілін оның мазмұнын зерттесе де Құранға ұқсаған кітап жазып шыға алмаған. Тіпті бұған сол кезде көркем сөз өнерінің майталмандары араб ақындарының өзі дәрменсіздік танытты. Ол жайында Алла Тағала қасиетті құранда:
قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْأِنْسُ وَالْجِنُّ عَلَى أَنْ يَأْتُوا بِمِثْلِ هَذَا الْقُرْآنِ لا يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيراً
Олардың жағдайын жақсы білуші Алла кейін оларға он сүре жазуын талап етеді, алайда бұл өтініш те жауапсыз қалады.
أَمْ يَقُولُونَ افْتَرَاهُ قُلْ فَأْتُوا بِعَشْرِ سُوَرٍ مِثْلِهِ مُفْتَرَيَاتٍ وَادْعُوا مَنِ اسْتَطَعْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Ең соңында Құран сүрелеріне ұқсаған бір сүре болсын жазуды талап қылады олардың бұған да шамасы келмейді. Құранда Алла Тағала:
وَإِنْ كُنْتُمْ فِي رَيْبٍ مِمَّا نَزَّلْنَا عَلَى عَبْدِنَا فَأْتُوا بِسُورَةٍ مِّنْ مِثْلِهِ وَادْعُوا شُهَدَاءَكُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ
Құран қателіктен ада;
Адам ғылым-білімде қарыштап алға жылжыса да қателікке бой алдыруы заңдылық. Егер Құран адамзат тарапынан жазылған болса, талай қателер, келіспеушіліктер, сәйкессіздіктер табар едік. Бұл жайында Алла Тағала Құран кәрімде:
أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ الْقُرْآنَ ۚ وَلَوْ كَانَ مِنْ عِندِ غَيْرِ اللَّهِ لَوَجَدُوا فِيهِ اخْتِلَافًا كَثِيرًا
Құран кәрім адамзатқа осыдан 14 ғасыр бұрын ғылым- білім дамымаған надандық заманында түссе де, заманауи ғылымға қайшы бір сүре, бір аят кездестіре аламаймыз. Бұл Құранның Алла тарапынан екенінің бір дәлелі.
3-Құранның қияметке дейін сақталуына Алла өзі кепіл ;
Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде бұл турасында былай дейді;
إِنَّا نَحْنُ نَزَّلْنَا الذِّكْرَ وَإِنَّا لَهُ لَحَافِظُونَ
Ғасырлар бойы Құранның әрбір сөзін, әріпін өзгертпестен мыңдаған адам бір-біріне жаттап қалдыру арқылы жеткізіп отырған. Құран қағаз бітінде ғана емес адамдардың жүректерінде сақталу арқылы бізге жеткен. Алла бұл кітапқа өзім сақтаймын деп кепіл болуы ол құранға деген ерекше құрмет. Басқа ешбір аспан кітаптары мүндай шарапатқа ие болмаған.
4-Құраннан еш нәрсе қалыс қалмаған;
Құран Алланың адамзатқа түсірген соңғы кітабы. Бұл илаһи кітапта адамға қажетті нәрсенің бәрі бар. Ақида негіздері, шариғи үкімдер мен дәлелдерден бастап мұсылман жасауы тиіс әдептерге дейін баян етілген.
5-Құрандағы ғылыми жаңалықтар;
Құран Кәрімнің кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғалымдарын таңғалдырып, Исламға бас идірген. Міне, бұл – Құранның авторы Мұхаммед (с.а.у.) емес, Құранның Алла тарапынан жіберілгендігінің дәлелі.
6-Құран мен пайғамбар хадисінің тілдік тұрғыда айырмашылығы;
Араб тілін бастапқы деңгейде игерген адам Құран аяттары мен хадисті оқығанда еркін айыра алады, өйткені құранның жазылу тәсілі хадистен мүлдем өзгеше.
Ислам дінінде адамның өмірінің қауіпсіздігі, тәндік саулығы, оның ар-абыройының аяқ асты болмауы, рухани және материелдық тұрғыда өрлеуі басты назарда. Бұл орайда адамның мұсылман мұсылман еместігі, оның түр түсі, тілдік ерекшелігі ешқандай роль ойнамайды. Оның айқын мысалы пайғамбарымыз ﷺ Мадина қаласына көщіп барғанда жалпы Мадина жұртшылығына жасаған жалпы қағидаларында сол кезде мұсылмандармен бірге өмір сүріп жатқан басқа да дін өкілдерінің мүддесін қорғаған. Пайғамбарымыздың ﷺ қоштасу құтбасы осының айқын айғағы.
Ислам дініндегі әйелдің орны:
Сөзсіз ислам адамзатқа жіберілген соңғы кәміл дін. Бұл діннің рақымдылығының, әділдігінің аясында барлық жаратылыс орнын тапқан. Бұл орайда адамзаттың орны тым қымбат, соның ішінде әйел заты ерекше құрметке бөленген.
Ислам діні аясында Алла Тағала ер адамға нені бұйырса әйел адамға да соны бұйырған. Әйелдерің жаратылысын ескере отырып оларға қатысты көптеген мәселелерде жеңілдіктер бар. Исламға дейінгі надандық заманында әйел адамның қоғамда мүлдем орны болмайтын, тіпті қыз бала дүниеге келсе, ол үшін сол күн қасірет күніне тең еді. Алла Тағала Құран кәрімде ол жайында:
وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُمْ بِالْأُنْثَى ظَلَّ وَجْهُهُ مُسْوَدًّا وَهُوَ كَظِيمٌ * يَتَوَارَى مِنَ الْقَوْمِ مِنْ سُوءِ مَا بُشِّرَ بِهِ أَيُمْسِكُهُ عَلَى هُونٍ أَمْ يَدُسُّهُ فِي التُّرَابِ أَلَا سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ
Алла Тағаланың әйел адамдарға деген ерекше құрметінің бірден бір көрінісі – Құранда «Әйелдер», «Мәриям», «Нұр» деп аталатын сүрелердің түсуі, бұл сүрелерде әйелдерге қатысты көптеген мәселелердің қамтылуы.
Мирас мәселесінде ислам дінінде әйел адамға өте оңтайды тұстар жасалған.
Әйел адамның ер адамнан қарағанда көп мирасқа ие болатын кездері:
- Егер адам қайтыс болып, артында қызы және әкесі қалса, қызына жарты мирас нәсіп болса, әкесіне алтыдан бір бөлігіне иеленеді. Алла Тағала Құран кәрімде:
﴿فَإِنْ كُنَّ نِسَاءً فَوْقَ اثْنَتَيْنِ فَلَهُنَّ ثُلُثَا مَا تَرَكَ وَإِنْ كَانَتْ وَاحِدَةً فَلَهَا النِّصْفُ وَلأَبَوَيْهِ لِكُلِّ وَاحِدٍ مِنْهُمَا السُّدُسُ مِمَّا تَرَكَ إِنْ كَانَ لَهُ وَلَدٌ﴾
- Егер бір адам қайтыс болып, артында қызы және екі бауыры қалса, қызына жарты мирас қалған екі бауырына әрбіреуіне төрттен бір бөліктен нәсіп болады.
- Егер бір адам қайтыс болып, артында екі қызы және екі бауыры қалса, қыздары екіден асқандықтан, әрбіреуі үштен бір бөлікке иеленеді қалған үштен бір бөлігі екі бауырдың арасында бөліске салынады, сонда әрбіреуі алтыдан бір бөлшекке ие болады.
- Егер бір әйел қайтыс болса, артында қызы мен күйеуі қалса, қызы жарты мирасты иеленсе, күйеуі төрттен бірін иеленеді. Бұл тұста қызы әкесінен екі есе көп мирасқа қолы жетіп тұр.
Әйел адам мирас алып, ер адам мирас иеленбейтін кездер:
- Бір адам қайтыс болып, артында ұлы, қызы және екі бауыр қалса, ұлы мен қызы мирасқа иеленіп, мирасқор ер адам болғандықтан, туған бауырлар мираста қамтылмайды.
- Бір адам қайтыс болып, артында қыз, туған әпке, әкесі бір шешелері бөлек ағасы, туған бауырының баласы, әкелері бір шешелері бөлек ағасының баласы, әкесінің бауыры және оның бауыры болса, бұл жерде алғашқы екеуі барлық ер адамдарды мирас иеленуіне кедергі жасап, тек туған қызы мен туған әпкесі ғана иеленді. [17]
Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы ислам шариғатындағы әйелдерге қатысты мирастың оңтайлы тұстарын байқауға болады. 19-ғасырда өмір сүрген француз ойшылы Гюстаф Лебон ислам дініндегі мирас мәселесі жайында былай дейді: «Құранда баян етілген мирас негіздері әділдікке, туралыққа үндейді, бұған қатысты Англия, Франция құқық жүйелерін салыстырғанда ислам діні мирас мәселесінде әйелдерге көптеген жеңілдіктер жасаған, бұның мысалын біздің заңдарымызда кездестіру мүмкін емес»[18].
Ислам дінінде әйелдің ана ретінде орны:
Ислам діні анаға ерекше орны берген. Құранның біршама аяттарында жалғыз Аллаға құлшылық қылумен ата-анаға жақсылық жасау сабақтасып келеді:
Алла Тағала Құран кәрімде:
﴿ وَاعْبُدُوا اللَّهَ وَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالْجَنْبِ وَابْنِ السَّبِيلِ وَمَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ …
Ислам дініндегі сенім жүйесі өте жеңіл әрі түсінікті. Адамзаттың санасында толық сенім орнау үшін аталған иман негіздері қуатты дәлеледермен бекітілген. Аллаға иман келтіру арқылы әрдайым Алланың бақылауында екенін сезінеді. Осыдан оның іс-әрекеттері дұрысталып, ой елегіне тосқауыл қояды. Періштеелерге иман келтіру арқылы тағаттылықтың қандай болу керек екенін түсінеді. Кітаптарға иман келтіру арқылы Алла Тағаланың адамзатқа түсірген заңдарын іс жүзінде амалға асырады.Пайғамбарларға иман келтіру арқылы адамзатқа жіберілген елшілердің мінезімен сипатталып, олардың салған сара жолын өмірінде темірқазық етеді.Ақыретке иман келтіру оны бұл өмірдің алдамшы қызықтарына алданбай Жаратушысына, еліне пайдалы амал жасауға тырысады. Тағдырға иман келтіру адамды тек өзінің амалына сүйеніп, Алланың мейірімін үміт етуді үйретеді.
Бұл Алла сүйетін барлық амалдар, сөздер, сыртқы дене мүшелермен іштей жасалатын құлшылықтар. Исламдағы құлшылықтар саналуан бірі денемен жасалса, мысалы, намаз, енді бір құлшылық дүниемен жасалады мысалы зекет. Кейбір құлшылықтар денемен де дүниемен де жасалынады. Ал тілмен жасалынатын құлшылықтарға Аллаға зікір айту, оны ұлықтау кіреді. Тіпті адам кей жағдайларда қарапым амалдардан ниетінің шынайылығы Алла разылығы болғаны үшін сауап алуы мүмкін. Адамның тамақ ішуі, үйленуі, ұйықтауынан да сауап жазылуы мүмкін. Сол себепте әрбір істе Алланың разылығы болу негізгі шарттардың бірі.