https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жетім елге аманат

20 Oct 2017 0 comment Оқылды: 737 рет

 Ғұламалар Кеңеңсінің мұшесі

Мұхиддин Исаұлы

 

«Жетім» араб тілінде «жалғыздық» дегенді білдіреді. «Баяу жүргін, артта қалған» деген тәрізді мағынасы да бар бұл сөздің. Жетім сөзінің «ғапыл және дағдарып қалу» дегенді білдіреді дегендер де бар. Бірақ6 Алла елшісінің қасында адам ғапыл қала ма? Исламның алғаш жылдары болатын. Бірінен соң бірі түскен аяттарда имандыларға жетім туралы ескерткен еді:

«Жоқ! Сендер жетімге қол ұшын бермей жатырсыңдар»7.

{أَلَمْ يَجِدْكَ يَتِيمًا فَآوَى}

«Сені жетім етіп, тауып панасына алмады ма?»8

{فَأَمَّا الْيَتِيمَ فَلاَ تَقْهَرْ}

«Жетімді қорлаудан сақ бол!»9.

«Дін күнін (яғни Алланың алдында есеп беретін әрі кесімді үкім шығарылатын ұлы сот күнін) жоққа шығарғанды көрмейсің бе?!»10.

Жағфар... Пайғамбарымыздың немере ағасының баласы. Хазіреті Пайғамбарымыз оған «бауырым» дейтін. Алла елшісі күткен еді. Ол Жағфардың отбасына үш күн уақыт берген еді11. Осы үш күн ішінде көз жастары көл болып ағып, көңілдері босасын деп. Әкелері Мута шайқасында шейіт болған еді.

Алла елшісі Жағфардың қасіретке оранған үйінде отыр еді. «Бүгіннен бастап бауырыма көз жасын төкпеңдер», – деді. Сосын: «Әкеліңдер қане, маған бауырымның балаларын» деді. Жағфардың ұлы Абдулла айтады: «Бізді алып келді. Бәріміз тізіліп Алла елшісіне алдына отыра кеттік. Тура құс балапаны тәрізді едік»12.

Алла елшісі күтпеген бір іс жасады. Шейіттің артында қалған жетім балалары жылай-жылай шаштары ұйпа-тұйпа болған еді. Алла елшісі сол жерге бір шаштаразды шақыртты. Шаштараз келсе де олардың шаштарын алу ешқандай ойына келмейтін еді.

Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) балалардың шаштарын алдырды. Бейне бір күн ертең айт секілді... Хазіреті Пайғамбарымыз сахабаларына бір қолын көтеріп, ортаңғы екі саусағын көрсетіп дауыстап:

عَنْ سَهْل قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ”أَنَا وَكَافِلُ الْيَتِيمِ فِى الْجَنَّةِ هَكَذَا.“ وَأَشَارَ بِالسَّبَّابَةِ وَالْوُسْطَى، وَفَرَّجَ بَيْنَهُمَا شَيْئًا.“

.“

«Мен және жетімге қамқоршы болған адаммен жұмақта мынадай (бірге) боламыз»13, – деді. Хазіреті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көңілдер түсінсін, көздер жандансын, тірілсін деп осы дүниеде бір жетімге қамқорлық еткен, оның дертіне дауа болып, дастарханында бірге бір нанды бөліп жегеннің жұмақта осылайша бірге болатынын айтуда. Жетім пайғамбар жетімдерге қамқор болуда...

Алла елшісі әкесін жоғалтқан балаларға қамқор болған, әр қиыншылықта оларға қол үшін беріп, тіпті оларды өзінен артық санаған аналарды да ұмытпайды: ««Ерінен жесір қалып текті де сұлу бола тұра тұрмысқа шықпай, жетімдерін өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырғанға дейін не болмаса өлгенге дейін өзін солардың жолында пида еткен, осы жолда (күн астында жұмыс істеп) күйіп, қатты жүдеген әйелмен мына мен жұмақта мына екі саусақтай бір-бірімізге жақын боламыз»14. Ата-анасыз өскен Алла елшісінен артық басқа кім жақсы түсінбек жетімдерді...

Жүрегінің қаттылығын айтқан бір адамға хазіреті Пайғамбарымыз: «Жетімнің басынан сипа, кедейлерді тойдыр!»15 дейді. Жетімнің басын сипау күмәнсіз оған деген сүйіспеншілік пен мейірімділікті көрсетумен қатар оған жалғыздығын ұмыттырып, өмірге деген құлшынысын арттырады. Осы тұрғыда Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!):

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ النَّبِيَّ  ”مَنْ قَبَضَ يَتِيمًا بَيْنَ الْمُسْلِمِينَ إِلَى طَعَامِهِ وَشَرَابِهِ أَدْخَلَهُ اللَّهُ الْجَنَّةَ الْبَتَّةَ 

اِلإَّ أَنْ يَعْمَلَ ذَنْبًا لاَ يُغْفَرُ [لَهُ].“

«Мұсылмандар арасында кімде кім бір жетімнің ішіп, жеуін мойнына алса Алла оны күмәнсіз жұмаққа қояды. Бірақ кешірімейтін бір күнә жасаса ол бұдан тыс нәрсе»16 деп жетімдерге қол ұшын бергендерді жұмақпен сүйіншілеген. Айтқандай Құранда да өз мұқтаждығы бола тұра дүниесін жетіммен бөліскендерді нағыз жақсылық жасағандар деп атаған17. Хазіреті Пайғамбарымыздың тәрбиесін көрген18 Абдулла ибн Омардың дастарханында бір жетім болмай отырмайтыны осы тұрғыда мәселенің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Басқа жағынан алсақ Алла елшісі:

عَنْ ابِى هُرَيْرَةَ عَنِ النَّبِيِّ   ”خَيْرُ بَيْتٍ فِى الْمُسْلِمِينَ بَيْتٌ فِيهِ يَتِيمٌ يُحْسَنُ إِلَيْهِ. وَشَرُّ بَيْتٍ فِى الْمُسْلِمِينَ  بَيْتٌ فِيهِ يَتِيمٌ يُسَاءُ إِلَيْهِ.“

.“

«Мұсылмандар арасында ең хайырлы үй ішін де өзіне жақсы күтім жасалған бір жетімнің болған үй. Мұсылмандар арасында ең жаман үй ішінде күтімсіз қалған бір жетімнің болған үйі»19 деп жетімге деген жақсы немесе жаман күтімнің сол үйдің жақсы немесе жаман болуына өлшем екендігін айтып, бізге ескертуде.

Жетімдер ең бірінші тұруы қажет. Бұл балалардың кейбірі шейіттің балалары. Кейбірі анасы немесе әкесі науқастан не болмаса басқа бір себеппен қаза болғандар. Тіпті кейбіреулері дүниенің төрт бір бұрышында бір-бірлерімен дүниеге таласып, қалаларды жермен-жексен етіп соғысып өлген адамдардың балалық шақтың қызығын көре алмаған жетімдер. Ата-аналарын қастарында емес... Олар бәрінен бұрын күтімге зәру жандар. Олар хазіреті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жанындағы Әнәс сияқты болуды армандайды. Олар Уммуд-Дарданың қасындағы жетімдер секілді Алла елшісінен сүйінші, мұсылмандардан шапағат, мейірім күтеді.

Қызы Фатима қасында екі әйелмен бірге келіп, соғыс тұтқындарынан үй ішіне көмектесетін өздеріне көмекші болатын әйелдерді сұрағанда «Бәдірдің жетімдері сендерден бірінші тұрады»20 дейді Алла елшісі. Оның жетімдерді қолдап, қорғауы, олардың хәлін ойлауына  қатысты деректер біздің жүрегімізге терең бойлауы керек. Алла елшісі: «Әр түрлі дүниеде зекеттен бөлек өтелуі тиіс құқылар да бар»21 дейді. Жетімге қарау, оларға қол ұшын беру бізге жүктелген ең үлкен жауапкершілік. Алла елшісі осы жауапкершілікке қатысты мынадай аятты оқыған:

{لَيْسَ الْبِرَّ أَنْ تُوَلُّوا وُجُوهَكُمْ قِبَلَ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَلَكِنَّ الْبِرَّ مَنْ آمَنَ بِاللهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَالْمَلاَئِكَةِ وَالْكِتَابِ وَالنَّبِيِّينَ وَآتَى الْمَالَ عَلَى حُبِّهِ ذَوِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَالسَّائِلِينَ وَفِي الرِّقَابِ وَأَقَامَ الصَّلاَةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَالْمُوفُونَ بِعَهْدِهِمْ إِذَا عَاهَدُوا وَالصَّابِرِينَ فِي الْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ وَحِينَ الْبَأْسِ أُولَئِكَ الَّذِينَ صَدَقُوا وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُتَّقُونَ}

«Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратуда емес. Шынайы ізгілік һәм нағыз кемелдік – Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, иләһи Кітапқа және пайғамбарларға сенген жандардың, сондай-ақ, (адал жолмен тапқан) мал-мүлкінен – оны қанша жерден жақсы көрсе де – (Алла разылығы үшін) жақын туыстарына, жетімдерге, міскіндерге, елінен жырақта жүрген яки жолда қалған ғаріп жолаушыға, тарыққаннан (қарыз немесе қайыр-садақа) сұрағандарға және азатыққа қауышқысы келген құлдар мен тұтқындарға берген, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыған, зекетті толық берген, уәделескенде уәдеде тұратын, сондай-ақ таршылық көргенде, дертке шалдыққанда әрі соғыс жағдайында (шариғат жүктеген міндеттерді толық орындауға тырысып) сабырлылық һәм табандылық танытқан жандардың ісі. Туралықтан айнымай (сөздерінде, істерінде, құлшылықтарында һәм имандарында) шынайылық танытқан жандар міне, солар. Олар Аллаға тиісінше тағзым ететін һәм күнә атаулыдан барынша сақтанатын нағыз тақуалар»22.

Жетім дегенде әз Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) Бәширға қатысты мына бір оқиғаны айтпай тұра алмайсыз.

Ұхұд... Ат төбеліндей мұсылман жандары мен барлық дүниесін түкке тұрғысыз санап, шейіттікке ұмтылғандағы тау... Сол күні Хамзаның, Надр ұлы Әнәстің, Ақрабаның шейіт етілгеніне кейіннен Садақшылар төбесі деп аталып кеткен Айнаин төбесі де, Ұхұд тауы да куә болды. «Шіркін, жұмақтың иісі!» деп сыбырлаған Әнәс... Еріндері діріл қағып қасындағы серігі Сағд ибн Муазға «Ұхұдтың етегінде жұмақтың иісін сезіп тұрмын» деп жау сабын бұзған Әнәс...1 Ұхұд кімдерге куә болмады десеңші! Жамаулы жейделі Мұсғаб ибн Умайырға мысалы... Абдуррахман көп жылдар өткен соң мол дастархан басында отырып оны еске алғанда, тамағынан ас өтпей қалатын еді ғой... Алайда сол кезде жоқшылықтан аяқтарын да жабуға келмейтін жамаулы киімін сол кезде Мұсғабқа кебін етіп жапқан еді... Хазіреті Хамзаның де кебіні келте болған жоқ па еді? Алланың арыстаны еді ол. Оның айбарын көргенде имансыздарың зәре-құты қалмайтын. Алдына кес-кестеп тұра алмайтын. Алла елшісінің немере ағасы еді ол... Хамза еді ол! Хамза да Мұсғаб тәрізді ақ сапарға аттанарда аяқтары сыртқа шыққан күйі қоштасатын еді ендеше...2

 Ал, Ақрабаға келсек... Ұхұдтың артында шашы көз тартар бір бала қалдырған Ақраба... Артында қалған баласы бір күні есіне алар еді сол бір шақтарды. Ол бір күні әкесімен бірге Алла елшісінің қасына барған еді. Алла елшісі сонда: «Балапаным, атың кім сенің?» деп еді. Сонда ол: «Бахир», деп еді тілі зорға келіп, кекештеп. Бір деректе болса «Ханин». «Жоқ, болмайды» деді Алла елшісі. Өйткені «Бахир» әлсіз, науқас, қауқарсыз дегенді білдіретін еді. Бұл атты өзгерткен Алла елшісі оған «Бұдан былай сенің атың Бәшир болсын»,-деді. Неткен ғажап есім еді бұл! Мағынасы қуанышты, бақытты, сүйіншіленген, жүректердің жылуы... Алла елшісі Ұхұдтан оралып келе жатқан. Хазіреті Пайғамбарымыздың алдына шыққан Бәшир одан әкесін  сұрайтын еді. Алла елшісінің жанына барды: «Әкеме не болды?» деді. Алла елшісі: «Әкең шейіт болды. Алла оған рақым етсін»,- деді. Бәшир көз жасы көл болып жылай бастаған еді...3

Алла елшісі тоқтай қалды. Кішкене бала үшін күтіп тұрды. Өйткені ол үшін балалар өте қадірлі еді. Бәшир4 жылап тұрған еді, өйткені әкесі кеткен еді... Алла елшісі: «Жылама!»,- Бәширдің көңілін жұбатты. Сосын «Мен сенің әкең болуын, Айша да анаң болуын қалайсың ба?»,-деді. Ол ойланбай: «Иә, қалаймын» деді. Алла елшісі қолымен Бәширдің шаштарын сипады, құшақтап, бауырына басты. Алла елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын!) оған деген ыстық ықыласы мен дұғасы арқылы Бәширдің тілінің кекештігі жоғалып кетті. Одан бөлек Бәшир кейіннен жасы ұлғайып қартайып, шашы ағарса да Алла елшінің қолы тиген жері сол күйі қап-қара шаш болып қалып қойды.5Алла елшісі шейіттің баласы Бәширді құшақтап, жалғыздығы мен жетім қалғанын ұмыттырған еді.

Жетімнің малын жеу неткен үлкен күнә! Хазіреті Пайғамбарымыз кісі өлтіру, жала жабу тәрізді жеті үлкен күнәларды айтқанда арасында осы үлкен күнәні 23да айтқан. Ендеше бұл кім жасаса да біздер үшін кешірілмес қылық. Есесіне ата-анасынан айырылып, Алладан аманат болып қалған жетімдерге қарау жұмаққа ашылған қақпа болмақ. Жетім малын  жеуден сақтандырған осы ескертулермен бірге жетімдердің күтімімен айналысқан кісінің кедей болса мұқтаждығына қарай осы малдан алуына рұқсат еткен24. Алла елшісі өзінің кедей екендігін бірақ қарап отырған бір жетімі бар екенін айтқанда, ысырап етпеу, орынсыз жұмсамау, дүниесін өзіне аударып алмау шартымен сол жетімнің малынан жұмсауға болатынын айтқан25.

Абдулла ибн Аббастың жеткізгеніне қарағанда:

وَلاَ تَقْرَبُوا مَالَ الْيَتِيمِ إِلاَّ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ حَتَّى يَبْلُغَ أَشُدَّهُ وَأَوْفُوا

«Жетімнің малына жақындаушы болмаңдар. Бірақ есейгенге дейін (оның малына) ең көркем түрде жақындауларыңа болады»26 аяты мен

{إِنَّ الَّذِينَ يَأْكُلُونَ أَمْوَالَ الْيَتَامَى ظُلْمًا إِنَّمَا يَأْكُلُونَ فِي بُطُونِهِمْ نَارًا وَسَيَصْلَوْنَ سَعِيرًا}

«Жетімнің малын орынсыз жегендер тек қана қарындары толғанша от жегенмен тең болады. Онсыз да олар лаулаған отқа кіреді»27 аяты түскенде қасында жетімі барлар дереу хазіреті Пайғамбарымыздың мешітінен шығып сол жетімнің асын өз астарынан бөле қойған еді. Осы кезде жетімнің дастарханынан ас артыла бастады. Жетімнің малын орынсыз жемейік деп артылған асты да сақтайтын еді. Бірақ қалған ас тұра бергендіктен бұзыла бастаған  еді. Осы жағдай сахабаларға ауыр келе бастады. Олар осы жағдайды Алла елшісіне жеткізді. Сүт пісірім уақыт өтпей жатып мынадай аяттар түсті:

وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الْيَتَامَى قُلْ إِصْلاَحٌ لَهُمْ خَيْرٌ وَإِنْ تُخَالِطُوهُمْ فَإِخْوَانُكُمْ وَاللَّهُ يَعْلَمُ الْمُفْسِدَ مِنَ الْمُصْلِحِ وَلَوْ شَاءَ اللهُ لَأَعْنَتَكُمْ إِنَّ اللهَ عَزِيزٌ حَكِيمٌ}

«Дүние һәм ақирет жайында (ойланарсыңдар деп аяттарын ашық баяндауда). Олар сенен жетімдер жайлы (яғни, оларға және мал-мүліктеріне қатысты қандай ұстанымда болу керектігін) сұрайды. Сұрағандарға былай де: «Оларға жақсылық жасау (дұрыс тәрбие беріп, мал-мүліктерін көбейту оларды мүлдем қараусыз қалдырудан) әлдеқайда қайырлы іс. Егер қарайласу мақсатында оларды бауырларыңа басып, етене араласатын болсаңдар, әлбетте олар сендердің (діндес) бауырларың. Алла кімнің бұзғыншы, кімнің оңалтушы екенін жақсы біледі». Алла қаласа, сендерге ауыр жүк артып, жағдайларыңды қиындатып, әуре-сарсаңға салып та қояр еді. Шүбәсіз, Алла ұлық, бәрінен үстем һәм әр ісі мен әрбір үкімі хикметтерге толы болған асқан даналық иесі»28. Осыдан кейін сахабалар жетімдерін өзі астарымен араластыра бастады29. Сахабаның осы сезімталдығы хазіреті Пайғамбарымыздың жұмақта өзімен көрші болатыны туралы айтып сүйіншілегені30 «кафилул-ятим» яғни жетімге қамқор болған адам болуы үшін еді. Сөздіктерде «кафил» сөзі араб тіліндегі «кафалат» сөзімен байланысы бар. Екеуі де бірақ «кифл» деген сөз түбірінен шыққан. «Кифл» сөзі киім, үлес және соғыстан қашу үшін артта қалу дегенді білдіреді31. Задында хадисте осылай айтылуы өте орынды. Жетімге қол ұшын беріп өзі жемей жегізген, өзі кимей кигізген дегенді білдіреді.

Жетімнің әкесі және жетімді өз балаларынан бөліп жармаған ана жетім үшін есейіп азамат қатарына қосылуына арқау болады. Оған суық  күндерде сүйіспеншілік пен шапағаты және жұмсақтығына ораған киім болады. Бірақ мұның бәрі текке емес. Өйткені жетімге қамқор болған кісі: «Уа, иман еткендер! Аллаға шын көңілден тағзым етіп, алдында асы болудан сақтаныңдар! Сондай-ақ Оның елшісіне де шынайы түрде иман етіңдер! Сол арқылы Алла сендерге рақым қазынасынан (біреуі бұрынғы пайғамбарлаға иланғандарың үшін, екіншісі Алла елшісіне иман еткендерің үшін) екі бірдей үлес берсін, сондай-ақ жарығымен (тура жолдан адаспай) жүретін нұр беріп, күнә-қателіктеріңді кешірсін. Өйткені Алла Ғафур (құлдарының күнәлары қанша жерден үлкен болса да тәубе еткендер үшін өте кешірімді) әрі Рахим (әсіресе, мүмін құлдарына ерекше мейірімді)»32 аятындағы және «қитлайн» деп аталған екі есе үлеске ие ол...

Алла елшісі «Я, Алла! Мен екі әлсіз жетім мен әйелдің құқылары турасында (адамдарды) қатаң ескертемін. Олардың құқыларына қол тигізулеріне қатаң тыйым саламын», 33дейді. Жетімдерге әр жағынан әке болу, ана болу керек. Жетімге қарау мәселесі дүниелік, рухани, қоғамдық тәрізді көп қыры болған міндеттерден тұрады. Осы тұрғыда оның дүниесі сақталу қажет. Жетімнің малына тікелей зиян беру былай тұрсын зияны тиюі мүмкін деген нәрселерден де аулақ тұруы қажет. Айтқандай Алла елшісінің дүниелік тұрғыдан жеткіліксіз санағандықтан Әбу Зәрді 34жетімнің малына қол сұқпауын қатты ескертеді.

Алла елшісі жетімнің малын оған қараған адамның сол жетімнің болашағы үшін жұмсап жоғалтуына қарсы болады. Хазіреті Пайғамбарымыз: «Сақ болыңдар! Кімде кім дүниесі бар бір жетімге қамқоршы болатын болса онда ол сол дүниесін саудада пайдалансын. Оны (көбеймегені үшін) зекетін жеп, таусылуына жол ашпасын»35 дейді. Сахабалар оның осы сөзіне құлақ салып, мұны ұстаным, қағида деп қараған. Мысалы хазіреті Омар жоғалып кетпеуі үшін жетімнің дүниесін саудада пайдалануға табандылық көрсеткен36. Хазіреті Айшаның да өз қарамағындағы жетім малдарын саудада пайдалану жолында әрекет еткені айтылады37.

Хазіреті Пайғамбарымыздың «Есейгенде жетімдік болмайды» 38сөзі жетімнің қашан бітетіні жайлы бір шек белгілеген. Бірақ осы жердегі «ересек шағына жету» сөзінің мәні тура мағынадағы баланың есейюі ме әлде мұның басқа түсіндірмесе бар ма?

Ибн Аббасқа «Жетімдік қашан бітеді?» деп сұраған да ол «Өміріме ант етемін! Бір адам бар. Ол адам қанша есейсе де өз құқын пайдалана алмайды. Міне кісі өз ақысын алатын кезде өзгелердің сауда-саттық жасағанындай толық әрекет ете алса онда оның жетімдік жағдайы аяқталады»39 деп жауап береді. Құран да үйлену шағына жеткенше жетімдерге қаралып, жағдай жасалып қай уақытта ол өзіне қарайтын, өмірде өз аяғымен жүре алатын есейген жағдай жетсе сол уақытта оның малын қолына табыстау керектігін айтады40.

Қолына ұстап өмірге қадам басқалы тұрған бір жетім сезімталдығы, дене бітімі және санасы тұрғысынан қорқалуға мұқтаж аманат. Сондықтан Алла және оның елшісі әйелдер мен құлдар тәрізді қоғамның ең нәзік тобының бірі жетімдер турасында өте қырағылық танытуды қалайды. Адам баласы ең үлкен бақыттың байлық, мансап және  күш тәрізді өзгеретін және алдамшы нәрседе еместігін түсінгенде бір баланың көздеріндегі нұрдың бәрінен де қымбат екенін сезеді. Міне сол уақытта «Егер олармен бірге тұратын болсаңдар олар сендердің бауырларың екенін (ұмытпаңдар)»41 аяты өмірімізде лайықты орнын алатын болады.

6Ибн Манзур, Лисану’л-Араб,

7 Фәжр, 89/17.

8 Духа, 93/6.             

9 Духа, 93/9.

10 Мағун, 107/1-3

11 Әбу Даууд,

12 Нәсаи, Зинәт, 57.

13 Бухари, Талақ, 25

14 Әбу Даууд, Әдәб, 120, 121.

15 Ибн Ханбәл, ИИ,

16 Тирмизи, Бирр, 14.

17 «Бақара», 2/177

18 Бухари, әл-әдәбу’л-муфрәд, 60

19 Ибн Маже, Әдеб, 6

20 Әбу Даууд, Хараж,19-20.

21 Тирмизи, Зәкәт, 27.

22 «Бақара», 2/177.

1 Тирмизи, Тәфсиру’л-Қур’ан, 33.

2 Бухари, Мәғази, 17.

3Муттақи ел-Хинди, Кәнзу’л-уммал, XИИИ, 298.

4 Ибн Хажәр, Исабә,И, 302

5Ибн Асақир,ТарихуДымашқ,X, 300

23 Муслим, Иман, 145.

24 Бухари, Тәфсир, (Ниса) Муслим, Тәфсир, 10.

25 Несаи, Уәсайа, 11. Әбу Даууд, Уәсайа

26 Ән’ам, 6/152.

27 Ниса, 4/10

28, 2/220.

29 Әбу Даууд, Уәсайа

30 Бухари, Талақ, 25.

31 Ибн Манзур, Лисану’л-Араб, ,3905

32 Хадид, 57/28

33 Ибн Мажә, Әдеб  Ибн Ханбәл,

34 Әбу Даууд, Уәсайа ,  Муслим, Имарәт, 17;

35 Тирмизи, Зәкәт, 15

36 Мууатта’, Зәкәт, 6.

37 Мууатта’, Зәкәт, 6.

38 Әбу Даууд, Уәсайа,

39 Муслим, Жихад уә сияр, 137

40 Ниса, 4/6.

41 «Бақара», 2/220.

 «Жетім» араб тілінде «жалғыздық» дегенді білдіреді.

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз