Қасиетті асыл дініміз Исламда басшыға құрмет көрсетіп, бағыну мәселесі маңызды рөл атқарады. Әлемдік бейбітшілік пен рухани тыныштыққа негізделіп, күллі адамзатқа бірлік пен татулықтың әрі ізгі достық ниеттің кілтін ұсынған ұлағатты дініміз мемлекет істеріне де қатысты мәселелерді Құран Кәрім мен өміршең хадистерде тамаша көрсеткен.
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ ۖ فَإِنْ تَنَازَعْتُمْ فِي شَيْءٍ فَرُدُّوهُ إِلَى اللَّهِ وَالرَّسُولِ إِنْ كُنْتُمْ تُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ ۚ ذَٰلِكَ خَيْرٌ وَأَحْسَنُ تَأْوِيلًا
«Ей, мүминдер! Сендер Аллаға бойұсыныңдар, пайғамбарға бойұсыныңдар әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне де. Егер бір нәрсе үстінде талас-тартыста қалсаңдар, Аллаға және пайғамбарға жүгініңдер. Егер сендер Аллаға, ақырет күніне сенетін болсаңдар, осылай істеу әрі қайырлы әрі жақсы нәтижелі болмақ»,- «Ниса» сүресінің 59-аятында делінген.
. قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَ. عَنْ أَبِي هريرة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَعَلَى آلُهُ وَسُلَّمٌ "مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللهَ وَمِنْ عَصَانِي فَقَدْ عَصَى اللهَ وَمِنْ أَطَاعَ الأَمِيرُ فَقَدْ أَطَاعَنِي وَمِنْ عَصَى الأَمِيرُ فَقَدْ عَصَانِي" وَهَذَا الحَدِيثُ ثَابِتٌ فِي الصَّحِيحَيْنِ
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген мына хадис шәріпте Пайғамбарымыз «Кім маған бойұсынса, ол Аллаға бойұсыныпты. Кім маған бойұсынбаса, ол Аллаға бойұсынбапты. Кім басшыға бағынса, ол маған бағынғаны. Кім басшыға бағынбаса, ол маған бағынбағаны», - дейді. Айтылмыш хадис халықтың өз басшысына бойұсыну қажеттігін дәлелдей түседі.
عَنأَبِي هُرَيْرَةَ ، قَالَ : قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : " إِنَّ اللَّهَ يَرْضَى لَكُمْ ثَلاثًا: يَرْضَى لَكُمْ أَنْ تَعْبُدُوهُوَلا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا ، وَتَعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلا تَفَرَّقُوا ، وَأَنْ تَنَاصَحُوا لِمَنْ وَلاهُ اللَّهُ أَمْرَكُمْ.
Алла Елшісі (ﷺ.) былай деген: «Алла сендерге үш нәрсемен разы болады: Аллаға ғибадат етіп, Оған ешкімді серік қоспауларыңа; барлығың Алланың жібінен мықтап ұстап, бөлінбеулеріңе және сендердің үстеріңе Алла билік берген басшыларға адалдық танытқандарыңа» (Муслим).
Бұл қоғамдағы әрбір мұсылман адам есінде сақтап, ғұмыр белесінде басшылыққа алуға тиісті өте маңызды ереже болып табылады. Табиғиндерден Хасан әл-Басри ел билеушілері жайында: «Олар (басшылар) біздің бес түрлі бағытта басшымыз және қорғанымыз: жұма намазына, жамағатымызға (яғни қоғамымызға), мереке-айтымызға, мемлекет шекарасының қауіпсіздігіне және қоғам ішіндегі тәртіпке. Алламен ант етемін, дін аман тұруы үшін басшы қажет. Тіпті, өктемдік етсе де. Алламен ант етемін, олардың өктемдіктерінен ел иігілігіне тигізер пайдасы өте көп. Сондай-ақ, басшыға бойұсыну құптарлық іс. Ал, басшыны тыңдамау Алланың берген нығметін қадірлемеу болып табылады»,-деген.
Халқымыз бір тұтас мығым мемлекет, ел іші рухани келісімге бағытталған берекелі, тыныштық туы астындағы ел боламын десе, ең әуелі басшыларға бағыну ләзім.
. أَحْمَدُ: عَنْ زِيَادَ بِنْ كسيب العَدْوَى عَنْ أَبِي بَكَرَةٍ قَالَ سَمِعَتْ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ مِنْ أَكْرَمَ سُلْطَانُ اللهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى فِي الدُّنْيَا أَكْرَمَهُ اللهُ يَوْمُ القِيَامَةِ وَمِنْ أَهَانَ سُلْطَانُ اللهَ تَبَارَكَ وَتَعَالَى فِي الدُّنْيَا أَهَانَهُ اللهُ يَوْمُ القِيَامَةِ "..
اИмам Ахмад жеткізген хадисте: «Ұлы және Пәк Алла жерде патша еткен әмірді құрметтегенді, Алла құрметтейді. Ал Ұлы және Пәк Алла жерде патша еткен әмірді қорлағанды, Алла қорлайды!» – деп айтылады.
عَنْزِيَادِ بْنِ كُسَيْبٍ الْعَدَوِيِّ ، قَالَ : خَرَجَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَامِرٍ إِلَى الْجُمُعَةِ وَعَلَيْهِ ثِيَابٌ رِقَاقٌ ، وَأَبُو بِلالٍ تَحْتَ الْمِنْبَرِ ، فَقَالَ أَبُو بِلالٍ : انْظُرُوا إِلَى أَمِيرِكُمْ يَلْبَسُ لِبَاسَ الْفُسَّاقِ ، فَقَالَأَبُو بَكْرَةَ وَهُوَ تَحْتَ الْمِنْبَرِ : سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ ، يَقُولُ : " مَنْ أَهَانَ سُلْطَانَ اللَّهِ فِي الأَرْضِ ، أَهَانَهُ اللَّهُ " . أَبُو بِلالٍ هَذَا هُوَ مِرْدَاسُ بْنُ أُدَيَّةَ ، خَارِجِيٌّ ، وَمِنْ جَهْلِهِ عَدَّ ثِيَابَ الرِّجَالِ الرِّقَاقَ لِبَاسَ الْفُسَّاقِ ، أَخْرَجَهُ الرُّويَانِيُّ فِي مُسْنَدِهِ .
Зийәд ибн Қусайб: «Бірде мен Әбу Бакратпен бірге жұп-жұқа киімде құтпа айтып тұрған Ибн Амирдің (басшы) мінберінің жанында отырғанымда, Әбу Биләл: «Бұзақылардың киімін киетін біздің әмірімізге қараңдар!» – деп (басшыны міндеп, киіміне бола абыройын төкпек болды). Сонда Әбу Бакр дереу оған: «Үніңді өшір, өйткені, мен Алла Елшісінің (ﷺ.): «Кім Алла жерде патша еткен әмірді қорласа, Алла оны қорлайды!» – дегенін естігенмін!» дейді (Тирмизи риуаяты).
عَنْ أَبِي هريرة عَبْد الرَحْمَنِ بِنْ صَخْرٌ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتِ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: ((مَا نَهَيْتِكُمْ عَنْهِ فَاِجْتَنِبُوهُ وَمَا أَمَرَتْكُمْ بِهِ فَاتُوا مِنْهِ مَا اِسْتَطَعْتُمْ فَإِنَّمَا أَهْلَكُ الَّذَيْنِ مِنْ قَبْلِكُمْ كَثْرَةُ مَسَائِلِهُمْ وَاِخْتِلَافُهُمْ عَلَى أنبيائهم)) رَوَاهُ َمُسْلِم
Пайғамбарымыз (ﷺ.): «Мен тастаған нәрсені менен сұрамаңдар, расында көп сұрақ қою мен Пайғамбарларына қарсы шығу сендерге дейінгілердің түбіне жетті. Егер мен бұйырсам, бұйрығымды шамаларың келгенше орындаңдар, ал тыйым салған нәрселерімді тастаңдар»,-деген. (Имам Науауи 40 хадис).
وَقَالَ سَهْلٌ بِنْ عَبْد الله التستري: "لَا يَزَالُ النَّاسُ بِخَيْرٍ مَا عَظَّمُوا السُّلْطَانَ وَالعُلَماءَ، فَإِنْ عَظَّمُوا هَذَيْنِ أَصْلَحَ اللهُ دُنْيَاهُمْ وَأُخْرَاهُمْ، وَإِنْ اِسْتَخَفُّوا بِهَذَيْنِ، أَفْسَدُوا دُنْيَاهُمْ وَأُخْرَاهُمْ" "الجَامِعِ لِأَحْكَامِ القُرْآنِ" للقرطبي
Сахіл ибн Абдуллаһ әт-Тустари: «Адамдар басшысы мен ғалымдарын сыйласа, жақсылықта болмақ. Егер (басшысы мен ғалымдарын) құрметтесе, Алла олардың дүниелік тіршілігі мен ақыреттік өмірін түзейді, ал егер оларды елемесе, онда олар өздерінің бұ дүниесі мен о дүниесін құртады», -деген (Имам Құртуби тәпсірі).
Демек, адамдардың дүниелік және ақыреттік амалдары тек басшыға бойұсынумен ғана оңынан келіп, қайырлы нәтижеге бастамақ. Басшыға бойұсыну – дініміз Исламның талабы, мұсылманшылық басты міндетіміз. Өйткені, Әнас ибн Мәлик Пайғамбарымызд былай деп айтқанын баяндаған:
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ :"اسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَإِنِ اسْتُعْمِلَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشِيٌّ وَإِنِ اسْتَعْمَلَ عَلَيْكُمْ عَبْدًا حَبَشِيًّا كَأَنَّ رَأْسَهُ زَبِيبَةٌ" رواه البخاري
«Тыңдаңдар, бойұсыныңдар, тіпті егер сендердің үстеріңнен басы мейіздей болған хабашилік құл билік жасасада» (Бұхари).
Осы орайда «Бірліктен айырылған ел, қаңғып қалады» деген Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөздері шындықтың куәсіндей өткеннен сыр шертеді. Сондықтан қолда барда алтынның қадірін білгенге не жетсін?! Бірлік пен татулықтың негізіне айналған егеменді еліміздің саясатын жүргізіп отырған Елбасымызға қолдау көрсету, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» болып, бірлікте өмір сүру біздің азаматтық парызымыз әрі дініміздің тағылымды талабы.
Ауф ибн Мәлик (р.а.) Мұхаммед Пайғамбардың:
. قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: خِيَارُ أَئِمَّتِكُمْ الَّذَيْنِ تُحِبُّونَهُمْ وَيُحِبُّونَكُمْ وَتَصِلُونَ عَلَيْهُمْ وَيَصِلُونَ عَلَيْكُمْ وَشَرَارُ أَئِمَّتِكُمْ الَّذَيْنِ تُبْغِضُونَهُمْ وَيُبْغِضُونَكُمْ وَتَلْعَنُونَهُمْ وَيَلْعَنُونَكُمْ... رَوَاهُ مُسْلِمٌ.
Ауф ибн Мәлик (р.а.) Мұхаммед Пайғамбардың (ﷺ.): «Басшылардың ең жақсылары – сендер оларды жақсы көргендерің және сендерді жақсы көретіндері. Сендер оларға жақсылық тілейсіңдер және олар да сендерге жақсылық тілейді. Ал басшылардың ең жамандары сендер оларды жек көретіндерің және сендерді жек көретіндері. Сендер оларды лағнеттейсіңдер, олар да сендерді лағнеттейді». Одан: «Уа, Алла Елшісі, біз оларға қолға қылыш алып қарсы шығайық па?» – деп сұрағанда, ол: «Олар сендермен бірге намазды орындағанынша жоқ (яғни, діннен шыққанша, жоқ). Ал егер сендер өз әмірлеріңде ұнамсыз нәрсе көрсеңдер, бұған ұнатпаушылық танытасыңдар, бірақ мойынсұнудан бас тартпаңдар»,- дегенін айтыпты (Муслим).
Біз ақпараттар заманында өмір сүріп жатырмыз. Қарусыз-ақ ел ішіне ойран салу санаулы секундты ғана қажет етеді. Біз оны тәжірибе жүзінде көріп те келеміз. Осындайда әлем бойынша жер көлемінен тоғызыншы орында тұрмыз деп мақтанғанымызбен, халық саны жағынан аз болуымыз өзгелер үшін таптырмас мүмкіндік. Бұндайда аз санмен көптің алдына шығу, өзгелерге үлгі болу, бірнеше ұлттың ұйысқан жерін – мемлекетті басқару – басшының ерлігі. «Бір елде бір тентек жүрмей ме» демекші, кей ой өрісі таяз жандардың пікірі өзгелерге тіл тигізіп, күнә артпақ түгілі, айналасындағы бірнеше азаматқа да кері әсерін тигізіп, теріс ойлауына әсер етуі мүмкін. Осындайда басшыға бағыну мәселесі екінші орынға ысырылып қалады.
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ وَأُولِي الْأَمْرِ مِنْكُمْ
Алла Тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер, Аллаға мойынұсыныңдар және елшіге сондай-ақ, араларыңдағы билік иесіне бойұсыныңдар» -деп бұйырған (Ниса, 59). Осы аятты тәпсірлеген Ислам ғұламалары басшыға бағынудың уәжіп екендігін тілге тиек еткен. Мұсылман адам мемлекет басшыларына қару алып, қарсы шықпақ түгілі олардың артынан жағымсыз сөз айтудан да сақтанған.
Алайда өзін мұсылман санаған адам алдымен Алланың бұйрығына қарсы келмейді. Бір ғана мысал, Пайғамбарымыздың (ﷺ) көзін көрген мұсылман үмбетінің үлгі тұтар тұлғалары сахабалар ел тізгінін ұстаған басшыларға сөзге келмей бойұсынатын. Билікке бойұсыну ісіне аса мұқияттылық таныта білгендіктен олардың өмірі көпшілікке үздік өнегенің белгісі болды. Әсіресе, ел ішінде бүлік шыға қалса, елді ымыраға шақырып, ел басшысы халифаға қолдау көрсеткен. Өзгелерді сөз етпей-ақ, өз тарихымызға көз жүгіртсек те, оған дәлелді мыңдап табуға болады. Ат үстінде жүріп-ақ айшылық алыс жерлерді меншік еткен бабаларымыз қалай мықты болды? Ханына бағынып, қолбасшысына ергеннен нәтиже шықты.
وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ ۖ وَاصْبِرُوا ۚ إِنَّ اللَّهَ مَعَ
الصَّابِرِينَ
Алла тағала: «Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар (тартыспаңдар), онда ұтыласыңдар да күшқуаттарың кетеді, (әлсірейсіңдер, жүректерің бірікпейді) сабырлы болыңдар. Расында Алла сабырлыларменбірге» -«Әнфәл» сүресінің 46-аятында деген.
Мемлекеттің ыдырауының негізгі салдары түрлі берекесіз тартыстардан туатыны белгілі. Оның алдын алу басшыға бағынудан басталмақ. Басшыға бағыну – жағымпаздық емес, Алла Тағаланың бұйрығы. Өйткені Нуфаъи бин әл-Харистен, оған (Алланың ризашылығы болсын) жеткен хадисте
"مَنْ أَهَانَ سُلْطَانَ اللَّهِ فِي الأَرْضِ ، أَهَانَهُ اللَّهُ "قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ
Алланың елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Өзінің әміршісін қорлаған адамды Алла қорлайды»- деді» -деген (Тирмизи).
Елі мен жерінің береке, бірлігін ойлаған шынайы мұсылман өзге ағым өкілдерінен өздерінің Елбасына және Дінбасына шынайы түрде адалдық, қамқорлық танытумен ерекшеленеді. Себебі, басшыға мойынұсынудың илаһи сыры бар екенін мұсылман ғұламалары бірауыздан мойындаған.
قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ :
الدِّينُ النَّصِيحَةُ، قَالُوا: لِمَنْ يَا رَسُولَ اللهِ؟ قَالَ: لِلهِ، وَلِكِتَابِهِ، وَلِرَسُولِهِ، وَلأَئِمَّةِ المُسْلِمِينَ، وَعَامَّتِهِمْ.
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Дін – насихат (шынайы адалдық таныту)» - деді. Сонда сахабалар: «Кімге?» - деп сұрайды. Ол (ﷺ): «Аллаға, Оның кітабына, Елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және де жалпы мұсылмандарға» - деп жауап берді (Тәмим әд-Дари есімді сахаба риуаят еткен). Ғұлама әл-Хаттаби мұсылмандардың басшыларына болатын адалдық таныту дегеніміз: «Олар үшін жасырын дұға жасау, олардың қарамағында қызмет ету, оларға қарсы қару көтермеу, қателескені не жамандығы білінсе, олардың түзелуі үшін дұға істеу» - деген. Демек, мемлекеттің ыдырауының негізгі салдары тартыстардың себебінен орын алады. Ал одан құтылатын жол - шариғатымыздың негізі Құран мен Сүннетке және ғалымдарының сөздеріне сүйене отырып, сабырлық таныту. Имам Бәрбәһари (оған Алланың мейірімі жаусын): «Өзінің басшысын жамандап жатқан адамды көрсең, онда ол адамның азғырушы сезімге ерген адасушы екенін біл. Ал егер өзінің басшысы үшін Алладан жақсылық сұрап жатқан біреуді көрсең, ол адамның сүннетке ерушілерден екенінен біл, инша Аллаһ» - деген екен.
Түбіміз – түркі, дініміз – ислам болғандықтан, Аллаға бойұсынып, бұйрығына бағынғанға не жетсін? Алла ізгіліктің жаршысы болған мұндай елдің болашағын баянды, берекесін бүтін етіп, мейіріміне бөлейтіні хақ. Мұндайда жүрегінде иманы бар, өзін тақуамын, мұсылманмын деп санаған әр азаматтың тілегі де, жүрегі де бірге тыныстап, бастысы ісі де бір жерден, яғни басшысының әр ісін құптап, елінің дамуына күш салуы қажет. Мемлекет тыныштығын, елдің берекесін ойлайтын басшыны қолдау аса көп еңбекті қажет етпейді. Тек алға жылжыған арбаның дөңгелегі іспетті бірге жылжып отырсақ, ынта-жігерімізді, еңбегімізді еліміздің дамуына жұмсап, атсалыссақ, нұр үстіне нұр болмақ. Басшысына бағынған ел озады, ұрпағы көбейеді, бастысы Алланың бұйрығын орындап, екі дүниеде мейірімге бөленері ақиқат.
Алтыбай Мақсат Қуанышұлы
Семей аймағы бойынша өкіл имамы