Қайран, сөз сыйлаған, асыл сөзден маржан тізген дана халқымыз, айтар ойын, ақыл уағызын өлеңмен, жырмен жеткізіп, елінің жүрегіне жол таба білген. Елін өлеңмен жақсылыққа шақырып, өлеңмен жамандықтан тыйған екен. Өсиеті мен өнегесін де өлеңге өрнектеген. Халқын иманға, бірлікке шақырып, адамгершілікке үйреткен. Жер бетіне сәулесін шашқан Ислам дінінің де қазақ жеріне таралуына ең бірінші осы сөз өнері себеп болған деседі. Сөз зергері М.Әуезов өз зерттеулерінде былай деген екен: «Қазақ ортасына іслам дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деген дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөзсіз келген құрғақ үгіт болса, ондайды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан, да мұсылманшылық діні де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген. Бұған ескі әдебиеттегі толып жатқан қиссалар дәлел. Жарамазан өлеңі де сондайлық дін мағынасы мен дін үгіті болып шығып, бері келген соң қыдырма жарамазаншылар әнге салып айтатын болды».
Қазақтың дінге қалай сенгенін білу үшін өлең-жырларына үңілсек жетіп жатыр:
- деп жырлаған Жүсіп Баласағұни бабамыздан бастау алған діни уағыз өлеңдер дәл қазіргі күнге дейін өз жалғасын тауып келеді екен. Ерте орта ғасырдың ұлы тұлғаларының бірі ғұлама, ойшыл ақын Жүсіп Баласағұни өз шығармаларында Ислам дінін жан-жақты түсіндірген. Аллаһқа қалай сену керек, оның пайғамбары кім, қандай құлшылық ету керектігі жөнінде өлең өрбітеді. Бұл Ахмет Иүгнекиде былай жалғасын табады:
- деп биікке жетеді. Үмбетей мұсылманның ішкі дүиесін дін мұсылман және тіл мұсылман деп бөлсе, Қабан жырау:
- деп жырлайды.
Өз заманында дана Абай да халқын Исламның хақ нұрына шақырып өткені баршаға аян.
деген өлең жолдарының өзі адамның иманын оятатын, жүрегіне әсер ететін көркем уағыз емес пе?!
Осындай даралардың дана сөздерімен бойымызға иманды дарытқан, Аллаһты аузынан тастамаған, шариғаттан асып аттамаған бабалардың ұрпағы, асылдардың сынығы едік деп мақтанамыз, ал, өзіміз кейінгі ұрпағымыз мақтанардай не қалдырғанымызды ойлануды ұмытып кетеміз. Ұлымыз иманға келіп намазға жығылса, керісінше: «Не болды сонша, жас емессің бе?» деп Ібілістің сөзін сөйлейміз, ал қызымыз иманға кеп жаулығын салса: «Заманға сай болмайсың ба?» — деп азғырамыз. Біреу арақсыз адал той жасаймын десе, бүткіл ағайынымызбен дүре түрегеліп қарсы шығып жатамыз.
Қазақта қазір Үмбетей айтқан дін мұсылмандардан гөрі, тіл мұсылмандар көбейіп кеткен бе деп қаласың. Себебі:
Адал бір дәм жегізбес, — деген екен ақын. Шындығында да, Аллаһтың арам деген нәрсесінен шегіну тұрмақ, оны өмірінің қалыпты жағдайына айналдырып алған бауырларымыз туралы не айтуға болады. Құдайға сенеміз, мұсылманбыз дегенімен, арақ-шарапсыз дастарханының сәні кірмей, жемқорлықсыз қарны тоймай, өсімқорлықсыз дүние жимай қалатындай халге жеткен қандастарымыз қаншама.
Пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Барлық мас қылушы – арақ һәм барлық мас қылатын нәрсе харам» және Құранда Аллаһ тағала: «Иә, иман келтіргендер, үсті-үстіне өсім жемеңдер! Аллаһтан қорқыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» (Әл-Ғимран 130) Аллаһ пен оның Пайғамбарының ашық тыйған нәрселеріне қарсы келуіміз, оны істеуіміз біздің дін мұсылман екенімізге күман туғызады.
Әлде бізге:
- дейтін Шортанбайлар жетіспей жүр ме?!
Аллаһқа серік қосуды ата-баба діні деп, қабірлерге түнеуді аталардың жолы деп адасып, жүргендер қай ата-бабасының уағызын тыңдады екен деп таң қаламын. Сол 9 ғасырдан бері бабаларымыз бір Аллаһқа табынуға шақырып келсе, Пайғамбардың жолымен жүруді өсиет етсе, сонда қай ата бабаның жолын сілтеп жүр. Шариғаттағы ең ауыр күнәні бабаларымызға таңып, екі есе күнаһар болмай, Аллаһтың сөзі Құранды ашып оқыса, анық жазылып тұр: «Шындығында Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді, ал одан басқаны қалаған пендесіне кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, ол қатты адасады.» (Ниса,116 )
Сондықтан, еліміз егемен болып, тәуелсіздіктің бейбіт туы жарқырап тұрған еліме енді ұрпағына насихат айтатын, жамандықтан тыйып, жақсылыққа шақыратын, даналықпен сөз саптар азаматтар қажет. Ал, ондай азаматтар имандылық пен ізгілікті ұстанған текті елден ғана тумақ. Тектілігімізді жоғалтпай, бабалар салған даналықтың сара жолын, Исламның жарық нұрын ұрпақтарымызға төге білейік.