https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Жалпы тарих кітаптары

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3274 рет

Мұхаммад ибн Жарир әт-Табаридің «Тариху әт-Табари» деген атпен танымал болған он бір томдық «Тариху әр-русули уә әл-мулуук» кітабы. Сонымен қатар оның «Жәмиғу әл-баяни фи тафсир әл-Қуран» атты отыз томдық еңбегі бар. әт-Табари ең сенімді тарихшылардың бірі. Ибн әл Әсир былай дейді: «Әбу Жағфар яғни әт-Табари тарих жеткізушілердің ең сенімдісі, тәпсірінен оның өте терең білім иесі екендігін түсінеміз»

Иззуддин ибн әл-Әсирдің (630/1233 жж) «әл-Камилу фи әт-тарих» кітабы. Ибн Әсир Мусыл қаласында өмір сүріп сол жерде дүниеден өткен. Ол өте сенімді, танымал тарихшы. Өзінен кейін келген тарихшылар оған қарыздар десек те болады. Сонымен қатар оның «Усду әл­-ғаба фи мағрифати әс-сахаба», «Тариху әд‑Дәуләти әл-Атабекиа» және шешендік өнерге қатысты «әл‑Жамиғу әл‑Кәбир», аяқталмай қалған «Тариху әл-Мусыл» атты кітаптарын атап өтуге болады.

Исмаиыл ибн Омар ибн Кәсир әл-Қурашидің (774/1373 жж) «әл-Бидәя уә ән-ниһәя» кітабы. Ибн Кәсир тарихшы болуымен қатар хадис, фиқһ ғалымы. Сонымен қатар оның «Табақату әл-фуқаһаи әш-Шафиғиин»«Тәфсиру әл-Қурани әл‑Кәрим»секілді еңбектері кең танымал.

Ибн Халдун деп танылған Абдуррахман ибн Мұхаммадтың (808/1406 жж)«Китәбу әл-Ибар» кітабы. Бұл туындының кіріспесінің өзі бір том. Ибн Халдунның бұл кіріспесі «Муқаддима» деген атпен танымал. Онда тарихи деректермен қатар тарихи сындар және түрлі қоғамдардағы өмір салттарын сараптай келе әлеуметтану мен тарих философиясын қамтиды.    

Елімізде орыс және қазақ тілінде жазылған көптеген «Сира» яғни пайғамбар өмірбаяны кітаптары бар екені мәлім. Ең әуелде орыс тілінде Вера Панова мен Юрий Бахтиннің «Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны» деген еңбектері қазақ тіліне аударылып, елімізге сираның ең алғаш қадамдарының бірін жасаса, кейін келе түрік тілінен аударылған кітап та жарық көрді. Араға біраз жыл салып Ибн Хишамның «Сиратун-набау» деген кітабы қазақ тіліне аударылды. Бірақ ол кітап аудармашылардың тікелей аударулары себепті халықты өзіне тарта алмады. Ізінше «Адамзаттың асыл тәжі» деген екі томдық кітап жарық көріп, халқымыз пайғамбар өмірінің парақтарын кітаппен бірге ашып, көркем жазылуы себепті қызығып оқыды. Осыған қоса Ресейден «Жизнь пророка» деген Владимир Абдулла Ниршаның аудармасы жарық көріп, орыс тілді жұрт өкілдері бір тамсанып қалды. Себебі бұл Мубаракфуридің жинақтап жазған, тек сенімді дәйектерге негізделген кітап болатын.

Міне, аз да болса әдебиеттер қолға түсіп, халқымыз діни сауатын ашып келеді.

Жарх және тағдил ілімінің пайда болуы

1.     Жарх және тағдил ілімі және оның пайда болуына түрткі болған себептер

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде және дүниеден өткеннен кейін де сахабалар бір-бірінен хадис риуаят етуде күмәнданбайтын. Сол секілді табиин кезеңіндегі хадис рауилері де сахабалардан естіген хадистерді шүбәсіз қабылдады. Өйткені олар сахабалар тарапынан жеткен Пайғамбар сөзінің қандайда бір бұрмалау мен жалғандықтан ада екендігіне кәміл сенген болатын. Бірақ бұл сенім ұзаққа бармады. Халифа Осман ибн Аффанның өлімімен басталып бірінен соң бірі орын алған оқиғалар мұсылмандардың тыныштығын бұзып қана қоймай хадис рауилері арасында сенімсіздік тудырды. Өйткені, хадистер арасына бұрын соңды естілмеген сөздер хадис ретінде адамдардың арасында кең тарай бастады.

Хадиске төнген қауіпті түсінген хадис мамандары рауилер мен тізбегі белгілі мәтіндерге ғана сүйеніп, әрбір хадис жеткізушіні мұқият зерттей бастады.

Рауилерге қатысты бұл зерттеулер жас сахабалар дәуірінде, яғни Али мен Мағауияның арасында өрбіген және кейбір топтардың шығуына себеп болған қақтығыстар кезеңінде өмір сүрген сахабалардың уақытында басталғаны белгілі. Жалған хадистердің шығу себептері жайлы тақырыпта айтып өткеніміздей хадистегі жалғандық аталған бүліктерден кейін пайда болса, хадис рауилеріне қатысты зерттеулер де жалған хадистердің көрініс табуымен бастау алды.

Осы тұста хадис рауилерінің сенімділік дәрежесін анықтайтын, яғни рауидің сенімді яки сенімсіз екендігін айқындайтын жаңа бір негіз және хадис ілімі жарық көрді. Ол ілім Жарх және Тағдил ілімі деп аталды. Яғни аса мұқият зерттеу нәтижесінде сенімділік сипаттарға ие хадис жеткізушіні тағдил (сенімді) етіп, жалғаншы, еске сақтау қабілеті төмен, пасық секілді сипаттары бар рауиді жарх (сенімсіз) қылу.     

Жарх және тағдил ілімінің пайда болу тарихы дереккөздерде нақты белгілі болмаса да, оның, хадис тізбегіндегі рауилерді зерттеумен басталғаны анық. Бұны келесі мысалдардан түсінуге болады.

Муслимнің сахихының кіріспесінде Ибн Сирин (һ 33-110 жж): «Бұрын тізбек жайында сұрамайтын, бірақ бүлік белең алғалы рауилердің есімдерін сұрай бастады. Осылайша сүннет иелерінің хадистері алынып, бидғат жолында болғандардың хадистері алынбайтын болды»,-деген.[1] Ибн Сириннің сөзінен рауилерге қатысты зерттеулердің мұсылмандар арасында орын алған келеңсіздіктерден кейін басталғанын түсінеміз. Сол секілді тағы бір сөзінде: «Хадис дегеніміз-дін. Дініңді кімнен үйренетініңді біл»,-деген.[2]  

Муслим жеткізген хабарда Бушейір әл-Адауи, Ибн Аббасқа келіп «Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай айтты»,-деп хадис жеткізе бастады. Бірақ Ибн Аббастың оған құлақ аспағанын көріп, «Не болды, менің хадистерімді тыңдамай отырсың?»,-дейді. Ибн Аббас оған былай деп жауап береді: «Біз хадиске жалғандық кірмей тұрған кезде біреу «Пайғамбарымыз былай айтты» деген уақытта көзімізді одан алмай, ұйып тыңдайтын едік, бірақ адамдар қаптағай және үйреншікті түйеге мінгеннен кейін (яғни, ақ пен қараны ажыратпау) білген нәрсемізден басқасын алмайтын болдық».[3]

Һижраның 68 жылы дүние салған Ибн Аббастың мұсылмандар арасында орын алған бүлік нәтижесінде туындаған жалған хадистердің таралуы себепті, әрбір естіген хадисті қабылдамағандығы, хадиске және оны жеткізуші рауилеріне қатысты жарх және тағдил әрекетінің жалған хадистердің пайда болуымен басталғандығын көрсетеді.

Түрлі себептермен көрініс тапқан жалған хадистер жарх және тағдил ілімінің пайда болуының негізгі себебі болғанымен, тек осы жәйттің ғана түрткі болмағаны белгілі.

Хадис-Пайғамбар кезеңінен бері діннің негізгі қайнар көзі саналып, мұсылмандар тарапынан асқан мұқияттылықпен сақталғандығын жоғарыда тілге тиек еткен болатынбыз. Алайда осыншама сақтық көрсетілгенімен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Әрбір адам баласы қателесуші…» деген сөзіне орай, кемшілік, қателіктен ада болмаған адамның қолындағы бір хадис уақыт өте кейбір өзгерістерге ұшырамайтындығына кепілдік беру қиын. Әрине, бұл жерде барлық Пайғамбар (с.а.с.) хадистерінің өзгеріске ұшырағандығы жайлы мағына қалыптаспауы керек. Айтқымыз келіп отырған мағына, әрбір адам шамасы келетін, қабілетіне сай іске кірісу керек екендігі. Пайғамбарымыздың мыңдаған сахабаларының ішінде аз бір бөлігі ғана хадиспен шұғылданғаны белгілі. Бұдан, алғашқы кездің өзінде ақ хадиспен айналысқандар сол салаға бейім мамандар екендігін түсінеміз. Әрі, жазу сызудың кең таралмаған, хадистердің жадыларда сақталған бір кезеңде бұндай істің оңайға соқпайтыны да белгілі. Сол үшінде оған шамасы мен қабілеті жеткен адамдар ғана кірісе алды.

  Сахабалардан кейінгі табиин дәуірінде жағдай өзгеше болатын. Саяси және сенім тұрғысында белең алған топтардың жақтастары және хадис маманы болмағандар хадис саласына кірісіп өз ісін дұрыс білмеуі салдарынан хадистерге кейбір бұрмалаулар енгізді. Бұл тұрғыда әл-Әузағи былай дейді: «Бұл ілім үлкен абыройға ие. Адамдардың жадында болған уақытта ауызба ауыз айтылып, қайталанатын еді. Ал қағаз бетіне түскеннен кейін нұры жоғалып, маманы болмағандардың қолына тиді».[4]

Хадис ілімінің тарихында жарх және тағдил әрекетінің пайда болуы тек жалған хадистердің көрініс табуымен ғана байланысты емес. Рауилердің бойында табылуы керек кейбір сипаттардың олардың бойында табылмауы бұл ілімнің пайда болуының негізгі себептерінің бірі.

Кейіннен жарық көрген хадис ілімінің негіздері кітаптарына назар аударсақ, хадис рауилері жарх және тағдил іліміне орай екі жақтан сынға алынды. Бірінші, хадис жеткізушінің (рауи) әділдігі, екінші, оның нақтылығы.

Бір рауидің жеткізген хадисінің қабылдануы үшін оның бойынан әділдік пен нақтылық сипаттары табылуы керек. Әділдік рауиді тақуалыққа апаратын және адамгершілікке жат қылықтардан алыстататын сипат. Әрине ол оның дінімен байланысты.

1)    Рауидің адалдық (адалә) сипаттары:

а) Мұсылман болуы (المسلم). Мұсылман емес адамдардың риуаяты қабылданбайды. Рауи хадисті жеткізген уақытта мұсылман болуы міндетті, ал естіген кезде мұсылман болуы шарт емес.  

ә) Балиғат жасқа толуы (البلوغ). Кәмелетке толмаған сәбидің риуаятына сүйенілмейді.    

б) Ақыл есі болуы (العقل). Ақыл есі жоқ адамның риауяты дұрыс болып есептелмейді.

в) Тақуа болуы (التقوى). Рауи үлкен күнәлардан қашып, кіші күнәлардан сақтанған тақуа болуы керек.

г) Адамгершілік қасиеттері болуы. (المروئة) Бұл ар ұжданның тазалығы.         Адамгершілік қасиеттерге ие, адамдар арасында қадірлі болу, рауидің әділдік сипатының бір көрінісі. Адамдарды келекелетіп мазақ қылуға, ойын сауықтарға шақыру секілді кейбір жағымсыз әрекеттерге барған адамның риуаятына сүйенілмейді.

       2) Рауидің нақтылық (дабт) сипаттары:

Қысқаша айта кететін болсақ, нақтылық-рауидің естіген нәрсесін естігенідей риуаят етуі.

а) Бейқам болмауы (التيقظ). Өзі риуаят етпеген бір хадисті оған «бұны сен риуаят еттің» делінген уақытта, оны қабыл еткен адам бейқам саналады. Бұл секілді рауиден хадис алынбайды. Өйткені бейқамдық нақтылық сипатына қайшы келеді.

ә) Еске сақтау (الحفظ). Жадынан хадис жеткізетін болса, нақты жаттаған болуы керек.

б) Нақтылық (الضبط) Жазған кітабынан риуаят ететін болса кітабын дұрыс сақтаған болуы қажет.

в) Ілім (العلم). Мағынасын риуаят ететін болса, мағынаны бұзатын нәрселерді білуі тиіс.

Осы аталған әділдік пен нақтылық сипаттары бойында табылған рауи сенімді (сиқа) болып табылады.[5]

Қазіргі таңда қолымызда рауилерді зерттеген кітаптарда 20 000 жуық рауидің жарх және тағдил тұрғысынан сенімділік деңгейлері анықталған. Олардың көпшілігі һижраның төртінші ғасырында өмір сүрген. Хадистердің дұрыс, әлсіз және жалған болғандары анықталынып кітаптарда жинақталып, осы кітаптар пайдланылғаннан кейін жарх және тағдил қағидаларына сай зерттелетін рауиде қалмады. 

Демек, хадисте көрініс тапқан жалғандық пен хадис жеткізуші рауилердің кемшіліктері жарх және тағдил ілімінің пайда болуына себеп болды.  



[1]Муслим, Сахих, Кіріспе. I. 15.

[2]Сонда. I. 14.

[3]Муслим, Сахих, Кіріспе. I. 13.

[4] Әл-Хатибу әл-Бағдади, Тақиду әл-Илм, 58 б.

[5] әс-Суюути,  Тәдрибу әр-Рауи, 199 б.

Қайрат Құрманбаев

ұстазымыздың дәрістерінен үзінді

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз