https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Пайғамбар өмірі мен жорықтары

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2155 рет

Пайғамбар өмірі мен жорықтары турасында алғаш еңбек жазғандар:

Әббан ибн Осман (105/723жж) Пайғамбар өмірбаяны жайлы жазылған алғаш кітаптың авторы. Ол үшінші халифа Османның (р.а.) баласы. Мәдина қаласында дүниеге келіп, сол жерде дүние салған. Сенімді хадис рауиі және танымал Мәдина ғалымдарының бірі болатын. Пайғамбар өмірбаяны мен жорықтарына қатысты естігендерін жазған. Жазған дүниесін 82 жылы қажылық кезінде Сулейман ибн Абдулмаликке береді. Бірақ бұл Сулейманның қолында жоғалады.

Мұхаммад ибн Омар әл-Уақиди (207/823жж) танымал ислам тархшыларының ең алғашқыларының  бірі. Мәдинада дүниеге келген. 180 жылы Һарун Рашидтің  кезінде Ираққа қоныс аударады. Бағдадтың қазысы болады. Оның «әл-Мағази ән-Нәбәуиа», «Фатху әл-Ажам», «Фатху Мысыр және Александрия», «Ахбару Мәкка», «әт-Табақат», «Фатху әл-Ирақ», «Сирату Әби Бәкір уә уәфатуһу», «Тариху әл-Фуқаһа». Әл Хатибу әл Бағдади: «әл-Уақидиге қандайда бір уақиға айтсам ол сол жерге барып көз жеткізетін»,‑дейді.

Сол секілді Мәдиналық Мұхаммад ибн Исхақта (151/768жж) алғашқы тарихшылардың бірі. Еңбектері: «әс-Сира ән­-Нәбәуиа», оны кейін Ибн Һишам ретке келтірген болатын, «Китабу әл-Хуләфә», «Китабу әл-Мәбдә». Бағдатта өмір сүріп, сол жерде дүние салады. Ибн Хиббан былай дейді: «Мәдинада Ибн Исхақтың біліміне жететін ешкім жоқ еді. Ол адамдардың ішінде тарихи деректерді жинауда алдына жан салмайтын».

Кутубу әт-Табақат

Бұл тарихшылардың хадис ғалымдарының хадис рауилеріне қатысты жинақтарына негізделе отырып жазған Табақату әс-Сахаба, әл‑Әтиббаа немесе әш-Шуғара кітаптары. Олардың танымалдары:

Мұхаммад ибн Сағыд ибн Муниғ әз‑Зуһридің (230|845жж) «әт-Табақату әл-Кубра» кітабы. Ол сенімді тарихшы болуымен қатар хадис ғалымы ретінде де танымал. Басрада дүниеге келген. Бағдатта өмір сүріп, сол жерде дүние салған. Тарихшы әл-Уақидимен замандас болып, одан риуаят еткен. әл-Хатибу әл-Бағдади «Тариху әл-Бағдад» атты кітабында: «Мұхаммад ибн Сағыд бізде адал рауилер қатарынан, хадистері оның сенімділігіне айқын дәлел болады. Риуаяттарында көп ізденістерін көре аламыз»,‑дейді.

Мұхаммад ибн Сәләм әл-Жамхидің (232/846 жж) «Табақату әш-Шуғара» кітабы. Ол әдебиет саласының имамы. Басралық, бірақ Бағдатта дүние салған. Одан өлең жолдары риуаят етіліп, хадис риуаят етілмеген.

Ахмад ибн әл-Қасим ибн Әбу Усайбиғаның (668/1270 жж) «Табақат әл-Әтибба» кітабы.  Ол Дамаскада өмір сүріп сол жерде дүние салған.

Кутубу әл-Футух

Бұл кітаптар елдер мен қалалардың алынуын қамтиды. Мысалы: әл-Уақидидің «Футуху әш-Шам»Ахмад ибн Йәхия әл-Блазеридің (279|892 жж) «Футуху әл-Булдан» кітаптарын айтуға болады.

 әт‑Таражум

Бұл тарихта танымал тұлғалардың өмірбаяндарын қамтиды. Мысалы: Ибн әл­-Әсирдің «Усду әл‑Ғаба фи мағрифати әс‑Сахаба»Яқут әл-Хамауайдің (626/1229 жж) «Муғжаму әл-Удәбә»кітаптары. Яқут әл-Хамауай сенімді тарихшы және танымал географ. Сонымен қатар әдебиет, тіл саласының майталман маманы. Оның тарихи еңбектерінен «Муғжаму әл-Булдән», «әл-Муқтадаб мин китаби жәмһарати ән-нәсәб», «әл-Мәбдәу уә әл-Мәәл» кітаптарын айтуға болады.

Ахмад ибн Мұхаммад ибн Ибраһим ибн Әбу Бәкір ибн Халликан әл-Ирбиллиидің (681/1282 жж) «Уәфайаату әл­-ағиани уә әнбәәу әбнәәй әз-зәмән» кітабы. Автор танымал тарихшы, әдебиетші. Аталған кітабы таражум кітаптарының ішіндегі танымал әрі нақтылығымен ерекшеленеді. Дамаскде дүние салған.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз