https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Пай­ғам­бар­лар­ туралы

14 May 2018 0 comment Оқылды: 5451 рет

Пай­ғам­бар­лар­ға иман – Ис­лам ді­нін­де­гі иман не­гіз­де­рі­нің бі­рі. Пай­ғам­бар­лар­­дың Алла та­ра­пы­нан ар­найы таң­да­лып, ел­ші етіп жі­бе­ріл­ген­дік­те­рі­не жә­не олар­дың жет­кіз­ген бар­лық ха­бар­ла­ры­на кү­дік­сіз се­ну иманнан.
Алла адамдарға тура жолды көрсету үшін көптеген    пайғамбар      жіберді.   Бірақ жер бетіне хақ дінді жеткізу үшін жіберілген пайғамбарлардың нақты саны белгісіз. Құ­ран­да тек жиыр­ма бе­сі­нің аты атал­ған. Құ­ран­да есі­мі көр­се­тіл­ген Узайр, Луқ­ман, Зул­қар­найн ат­ты үш адамның пай­ғам­бар ­яки әулие екен­ді­гі жай­лы ғұ­ла­ма­лар­дың ара­сын­да әр түр­лі пі­кір бар, ал хадисте - 124 мың, екінші бір риуаятта -224 мың пайғамбардың жер бетіне келіп кеткендігі айтылады, өзге пайғамбарлар жайында Құранда Пайғамбарымызға (с.а.у.):  «Расында  сенен  бұрын да елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін   баян  етпедік»  (40.Ғафыр-78) делінген.
Құранда аты аталған 25 пайғамбарлар:
1. Адам (а.с.): Адамзаттың алғашқы атасы әрі алғашқы пайғамбар. Алла Тағала оны жоқтан бар етіп, топырақтан жаратқан. Кейінірек оған серік әрі жұбай ретінде сол қабырғасынан Хауа ананы жаратты. Алланың әмірімен періштелер оған сәжде етті, тек Ібіліс лағин ғана сәжде етуден бас тартты. Алла Адам ата мен Хауа ананы алғашқыда жәннатқа орналастырды. Бірақ олар шайтанның алдауына түсіп, тыйым салынған ағаштың жемісін жеп, жәннаттан шығарылып, жер бетіне түсірілді. Кітап ретінде Адамға (а.с.) 10 парақ түскен. Риуаят бойынша ол 1000 жыл өмір сүрген.
2.  Идрис  (а.с.): Адамнан  (а.с.) кейін Құранда аты аталатын пайғамбар. Идриске (а.с.) байланысты Құранда төрт аят бар. Оған 30 парақтан тұратын  кітап  түскен. Адамзат тарихында ол алғашқы садақ атуды, тігін тігіп, жазу жазуды бастаған адам ретінде мәлім. 360 жыл өмір  сүргендігі жайында риуаяттар бар.
3. Нұх (а.с.): Адам (а.с.) дүниеден өткен соң, адамдар уақыт өте келе хақ діннен шығып, жасанды  пұттарға табынды. Оларды хақ дінге  шақыру үшін Алла Тағала Нұхты елші етіп жібереді. Нұхтың айтқанына құлақ аспаған қауымын Алла Тағала жаза ретінде топан суға батырып, жаңа ұрпақ шығарады. Нұх(а.с.)ның өмір сүру мерзімі 950 жыл делінген.
4. Һуд  (а.с.):  Йеменнің    Хадрамут аймағындағы Ахкаф деп аталатын жерде өмір сүрген. Оны Ад қауымына пайғамбар етіп жіберілген. Ад қауымы топан судан кейін жолдан тайғандардың бірі болатын. Һуд (а.с.) қауымын хақ дінге шақыру барысында көптеген мұғжиза көрсеткенімен одан ешқандай нәтиже шықпайды. Қауымы иман  етуден бас тартқандықтан Алланың азабына ұшырап, қатарынан жеті-сегіз күндей алапат дауыл соғып, қауымы жер бетінен жоқ болды. Һуд (а.с.) 150 жыл өмір сүрген.
5. Салих (а.с.): Шам мен Хижаз өлкесі арасында ғұмыр кешкен Самуд қауымына жіберілді.Салих қауымына насихат айтып, тура жолға бет бұруға шақырды. Самудтықтардың кейбірі иман еткенімен басым көпшілігі дінге мойын бұрмады. Тіпті сенбегенімен қоймай Салихтің жартас арасынан мұғжиза ретінде шығарған түйесін өлтіріп, Алланың қаһарына ұшырады.
6. Ибраһим(а.с.):Ұлық пайғамбарлардың бірі. Кішкентай сәбилік шағында-ақ Алланың бар екенін сезіп, Оны айға, күнге, жұлдыздарға қарап іздеген. Ибраһим Бабыл патшалығының гүлденген дәуірінде елшілік қызметпен жіберілген. Ол Бабыл патшасы Намрутты иманға шақырады. Ал Намруд болса, оған құлақ аспай, оны лаулап жанған отқа лақтыртады. Сонда Алланың құдіретімен жалындаған от сап-салқын болады да, Ибраһимге ешқандай да әсер етпейді. Ол баласы Исмайыл екеуі Қағбаны салған.
7. Лұт (а.с): Ибраһим (а.с.)нің жиені, жас кезінде көкесі Ибраһим (а.с.)ға иман еткен. Лұт пайғамбар жаңа бір шариғат әкелген жоқ. Ол негізінен Ибраһимнің шариғатымен амал етті.Лұт пайғамбардың қауымы аса жиіркенішті жыныстық құмарлықтармен атағы шығып, осы азғындықтарының кесірінен Алланың қаһарына ұшырап,өмірлерімен қош айтысқан.
8. Исмайыл (а.с.):Ибраһимнің (а.с.) Хажар есімді әйелінен дүниеге келген тұңғыш перзенті. Ибраһим бәйбішесі Сараның қызғанышынан, Алладан келген әмірмен,ұлы Исмайыл мен анасы Хажарды Меккеге әкеледі. Сәби Исмайылдың тепкен жерінен Зәмзәм суы шыққан кереметі баршаға мәлім. Исмайыл өсе келе әкесінің Хаққа берген уәдесіне байланысты құрбандыққа шалынатын болды.Осылайша Ибраһим Алланың сынағынан елшіге тән қасиетпен өтті. Ибраһимге Алланың әмірімен ұлының орнына жәннаттан көк қошқар түсіріліп, құрбандыққа шалынды.
9. Исхақ (а.с.): Ибраһимнің бәйбішесі Сара анамыздан көрген ұлы. Исхақ Алланың Ибраһимге қартайғанда сыйлаған перзенті еді. Исхақ әкесі Ибраһимнің көзі тірісінде Ұлы жаратушымыздың қалауымен Шам халқына пайғамбар етіп жіберіледі.
10. Яқуб (а.с.): Исхақ пайғамбардың ұлы, Юсуф пайғамбардың әкесі. Сүйікті ұлы Юсуфты жоғалтып алған соң жылаудан екі жанарынан бірдей айрылып, зағиптік халге жетеді. Юсуфтың бауырлары Мысыр елінде Юсуфты кездестіріп, оның көйлегін әкелеріне әкеліп бергенде, әкелері ұлының көйлегімен көзін сүрткенде жанарына нұр бітіп, жарық дүниені қайта көреді. Ол Палестинаның солтүстік аймағына пайғамбар болып жіберілген болатын. Яқуб пайғамбардың екінші есімі Исрайл еді. Сол себепті ұрпақтарын Бәни Исрайл деп атайды.
11. Юсуф (а.с.):Яқуб пайғамбардың (а.с.) аса сүйікті ұлы. Бауырлары оны әкелерінен қызғанып, өлтірмек болып құдыққа тастайды. Алайда, құдықтан су алмақ болған керуеншілер оны шығарып алып, Мысыр еліне апарып құлдыққа сатып жібереді. Кейін Мысырдың басшысы болып, бауырларын Мысырға әкелдірген.
12. Шұғайб (а.с.): Пұтқа табынушы Мәдян қауымына пайғамбар етіп жіберілген. Мәдян халқы оның айтқан үгіт-насихатына құлақ аспай өз білгендерін жа- саудан  тайынбағандықтан,Алла оларды зілзала апатымен жойып жіберді. Ал Шұғайб және оған иман келтірушілер бұл апаттан аман қалды. Мұса (а.с.) Шұғайб пайғамбарға 10 жылдай қызмет ету шартымен оның қызына үйленеді.
13. Мұса (а.с.): Ферғауын түс көріп, Исрайл ұлдарының келешекте басына бәле болып жабысатындығынан шошынып, дүниеге келген ер баланың бәрін көзін жоюға әмір береді. Мұсаны осындай сәтте дүниеге келген. Анасы оның ферғауынның қолына түсуінен қорқып,Алланың қалауымен сандыққа салып, Ніл өзеніне ағызып жібереді. Өзендегі ағып бара жатқан сандықты Ферғаунның әйелі көріп, ішіндегі сәби Мұсаны өзіне бала етіп асырап алады. Алланың құдіретімен Мұса (а.с.) Ферғауынның сарайында ер жетіп, Мысыр еліне пайғамбар ретінде жіберіледі. Ақырында ол Исрайл ұрпақтарын б.д.д. 1250 жылдары шамасында Мысыр елінен алып шығады.
14. Харун (а.с.): Мұсаның туған ағасы. Ол өте шешен болған әрі Мұсаның елшілік қызметіне жәрдем еткен пайғамбар.
15. Дәуіт (а.с.):Б.д.д. Х. ғасырда өмір сүрген Дәуіт пайғамбар балалық шағын мал бағумен өткізген. Оған қасиетті кітаптардың бірі Забур кітабы түскен. Ол Забурді ерекше сұлу мақамға салып, қайталанбас әуен үйлесімділігімен оқитын болады. Дәуіт (а.с.) б.д.д. 1013-973 жылдар аралығында 40 жыл бойы әрі пайғамбар, әрі патша болып дүниеден өткен.
16. Сүлеймен (а.с.): Дәуіт пайғамбардың ұлы және әкесі секілді патшалық құрып,кейінірек пайғамбар болған. Сүлеймен пайғамбар жастайынан өте алғыр болып өседі.Бүкіл жан-жануарлардың тілін білді.Тіпті,Алланың әмірімен жындар оның әміріне бағынды.
17. Әйюб (а.с.): Әйюб пайғамбар Шам маңында өмір сүрген адамдарға елші болған. Алла Әйюбтың әуелі мал-мүлкін, сосын бала-шағасын алып, сынақтан өткізеді.Ол осыншалықты қиыншылыққа сабыр етіп, бір Аллаға ғана сиынып өткендіктен,дінімізде асқан сабырлылығымен танымал болған пайғамбар. Алла сүйікті құлы Әйюбті дертке ұшыратады. Мұндай жағдайда да ол сабырлықтың шыңын бағындыру арқылы ауруынан айығады.
18. Зулкифл (а.с.): Әлиасаның немере ағасының ұлы және сол кісіден кейін Исрайл ұлдарына жіберілген пайғамбар. Мұсаның шариғатымен амал еткен, адамдарға Тауратты уағыздап, Шам өлкесінде дүниеден өткен.
19. Юнус (а.с.):Ассирия патшалығының орталығы болған Нинова халқын хақ дінге шақырушы. Нинова халқы 33 жыл бойы оның үгіт-насихатына құлақ аспаған соң, Алланың әмірінсіз Нинова қаласын тастап шығады, соңынан осы қателігі үшін Аллаға шынайы түрде тәубе етеді. Алла тәубесін қабыл еткен. Нинова халқы Юнусты тыңдамай ақырында Алланың азабы таянғанда жаппай тәубе етуді бастайды. Алла олардың да тәубесін қабыл етеді. Юнус елін тастап кеткен соң, жолда ол теңізге тасталып, онда оны алып балық жұтып қойып, ақырында Алланың құдіретімен дін-аман жерге қайта шығады.
20. Илияс (а.с.):Исрайыл ұрпақтарына жіберілген елші. Яһудилер әдеттегідей оған да иман етпей айтқан үгіт-насихаттарын тыңдамай, керісінше оны ел-жұртынан қуып шығады Осы әрекеттері үшін Алла яһудилерді ашаршылыққа ұшыратады.
21. Әлиаса (а.с.):Яһудилер бейне бір пайғамбарлардың үгіт-насихатын тыңдау өздеріне харам етілгендей ешбір елшіге  құлақ  аспады.Тіпті Мұсаның шариғатын да тәрк етті. Ескерусіз қалған пайғамбарлардың бірі Әлиаса еді. Ол ғұмырының соңына дейін яһудилерді хақ дінге шақырумен өтті.
22. Зәкәрия (а.с.): Яхя пайғамбардың әкесі.Мәриям ананың жездесі. Зәкәрия (а.с.)да яһудилерге жіберілген елші еді. Мәриям ана Алланың әмірімен Исаға (а.с.) жүкті болып, дүниеге әкесіз бала әкеледі. Бірақ яһудилер Алланың бұл мұғжизасына сенбей Зәкәрияны Мәрияммен көңілдес болды деген айып тағып, ақырында 100 жастағы Зәкәрияны (а.с.) шәһит етеді.
23. Яхя (а.с.): Зәкәрия пайғамбардың қартайған шағында көрген перзенті. «Өліден тірі шықты» деген мағынаға келетін оның есімін Алла қойды. Себебі, қартайғанда перзентті болу екі талай жағдай болатын. Алайда, Алланың әмірімен дүниеге Яхя келеді.Жастайынан пайғамбар болып, алғашында Мұса(а.с.)ның шариғатымен амал етті. Сол кезеңде Иса пайғамбар жаңа шариғатпен келген соң, кейіннен соның жолымен жүрді. Яһудилер Яхя (а.с.)ды да әкесі секілді жастай шәһит етті.
24. Иса (а.с.): Аллантың бір мұғжизасы ретінде әкесіз дүниеге келеді. 30 жасында пайғамбар болып, яһудилерді жалғыз Жаратушыға ғибадат етуге шақырады. Інжіл кітабымен жаңа шариғат әкеледі. Пайғамбарлығының мұғжизасы ретінде өлі жанды тірілткен,балшықтан құс жасап оған жан берген, зағип жандардың көзіне нұр сыйлап, көктен дастархан түсірген.33 жасында Исаны (а.с.) Алла көкке көтеріп кетті.
25. Мұхаммед (с.а.у.): Жер бетіне жіберілген бар­лық пай­ғам­бар­лар ар­найы бір қауым­ға бел­гі­лі бір уа­қыт үшін ға­на кел­се, әз елші Мұхаммед (с.а.у.) қия­мет­ке дейін­гі бар­лық адам­зат­ үшін ақыр­ғы пай­ғам­бар ретінде жі­бе­рі­луі­мен ерек­ше­ле­не­ді. Ол (с.а.у.) өзі­не дейін­гі бар­лық пай­ғам­бар­лар­дың ерек­ше­лік­те­рі мен мәр­те­бе­ле­рі­не ие бол­са, Оның (с.а.у.) алып кел­ген ис­лам ді­ні ал­дың­ғы бар­лық дін­дер­дің мән-маз­мұ­нын қам­ти­ды. Пай­ғам­бар­лық мін­де­ті оның елшілігі­мен нүк­те­лен­ген­дік­тен одан кейін еш­бір пайғамбар кел­мек емес. Алла Ел­ші­сі (с.а.у.) кел­ген­нен кейін барлық пай­ғам­бар­лар­дың алып кел­ген дін­де­рі­нің үкі­мі тоқ­та­ды. Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) шамамен 570 жылы Мекке  қаласында дүниеге келген (с.а.у.) 610 - жылы 40 жасында пайғамбарлық ұлық міндет жүктеліп, 632 жылы 63 жасында Алла Тағаланың әмірімен бұл дүниеден озды.

Көксу ауданының бас имамы

Е.ЕРІМБЕТ

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз