https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ЖҰМА НАМАЗЫН ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДАН (С.Ғ.С.) БҰРЫН ОҚЫҒАН САХАБА

08 Apr 2018 0 comment Оқылды: 1173 рет
 

Жұма намазы жайлы Әбу Лубананың (р.а.) риуаятына тоқталсақ, Алла елшісі: «Жұма – күндердің тақсыры және ең ұлысы. Сондай-ақ, ол Алланың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ. Оның бес ерекшелік қасиеті бар: ол күні Алла Тағала Адамды жаратқан; осы күні Адамды жерге түсірген; осы күні Алла Тағаламен Адам қайта қауышқан; осы күні құл Алладан харамнан өзге, не сұраса да, берілетін бір сағат бар; осы күні қиямет болады, Аллаға жақын әрбір періште , аспан мен жер, таулар мен теңіз барлығы осы Жұма күнінен қорқады»[1],- деген.

Жұма намазы мұсылмандарға Мекке қаласында хижрадан (ұлы көшу) бұрын парыз етілді. Ибн Аббас (р.а) бұл жайында былай әңгімелейді: «Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) жұма өткізу Мәдинаға хижрадан бұрын бұйырылды. Алайда, Меккеде адамдарды жинауға ол кезде мүмкіндік болмады. Сөйтіп Мәдинадағы өкілі Мусаб ибн Умайраға: «...Ей, Мусаб! Яһудилер сенбі күндеріне дайындалып, Забурды жария оқитын күнді күт. Сосын әйелдер мен балаларды жина! Сөйтіп, жұманың күндізі ортасынан ауғанда Алла Тағалаға екі рәкағат намазбен жақындаңдар!» – деп хат жазады[2].+

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әмірімен бесін уақытында ең әуелгі болып, жұма намазын өткізген – Мусаб ибн Умайр (р.а.) еді.


[1] Сунан Ибн Мәжа, 1/344.
[2] Әл-Фиқһ әл-Ислами уа Әдиллатуһу, Ухба аз –Зухайли, 2/1280.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз