https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Нұх пайғамбар мен әзәзіл, немесе құмарлық пен қызғаныш

28 Sep 2016 0 comment Оқылды: 1243 рет

Нұх пайғамбар (Оған Алланың сәлемі болсын) әлемді топан су баспай тұрып, Алланың әмірімен жер бетіндегі әр тіршілік иелерінен бір-бір жұп алып кемеге орналастырып жатқанда, кеменің бір бұрышына ешкімге байқатпай бір шалдың кіріп алғанын байқайды.

Нұх (Оған Алланың сәлемі болсын)  одан:

«Кемеге неге міндің?» деп сұрағанда, бейтаныс:

«Мінгендердің жүрегін өзіме байлап, саған тек денелерін қалдыру үшін», – деп жауап қатты.

 Бұны естігенде, оның Ібіліс екенін дереу сезген Нұх (Оған Алланың сәлемі болсын):

 «Әй, малғұн, кет, бұл жерден», – деп оны қуады.

 Сол кезде Ібіліс оған:

«Мен адамдарды бес түрлі нәрсемен азғырамын. Үшеуін айтайын, бірақ қалған екеуін айтпаймын», – дейді.

Сол сәт Алла Тағала Нұхқа (Оған Алланың сәлемі болсын)  уахи түсіріп: «Алдыңғы үшеуі аса маңызды емес, қалған екеуін саған білдірсін», – дейді. Осыдан кейін Нұх(Оған Алланың сәлемі болсын) Ібіліске:

 «Сен маған сол екеуін айт, жеткілікті», – дейді.

Сонда шайтан оған:

 «Ол екі нәрсе мені ешқашан жерге қаратқан емес. Сол екеуін қолданғанда, мен ешқашан мақсатыма жетпей қойған емеспін. Адамдардың түбіне жетуде олардың көп көмегін көрем. Ол – құмарлық пен қызғаныш. Өз басым қызғанғандықтан қарғысқа ұшырадым. Ал құмарлыққа келсек, жұмақта хазірет Адамға бір ағаштан басқаның барлығы адал қылынған еді. Мен оның құмарлығын қоздыру арқылы сол ағаштың жемісін бәрібір жегіздім», – деді....

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз