https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Енді сөйлей бер!...

23 Шілде 2016 0 comment Оқылды: 1240 рет

Әділдігімен, адалдығымен танылған Халифа Омар (Оған Алла разы болсын) бірде мемлекет қазынасынан барлық адамға мата таратады. Екінші күні мінберге шығып сөйлей бергенде бір сахаба тұрып:

«Ей, Омар! Сен біздің алдымызда сөйлеуге хаққың жоқ. Себебі кеше қазынадан барлығымызға мата тараттың. Бірақ сол мата басқамызға киім тігіп алуға жетпеді. Ал өзің киім тігіп алыпсың. Бұл әділетсіздік»,-деген кезде Омар:

«Ей, ұлым Абдулла, мұның жауабын сен түсіндіріп берші?»  -  дейді.

Сонда Абдулла:

«Әкем кеше маған әрі өзіне екі мата әкелді. Ол мата не өзіне, не маған жетпеді. Кейін әкеме сен елдің алдында көп боласың. Мынау жыртық жамау киіміңмен жүргенің ұят болады деп өз матамды берген едім. Сол екі матадан өзіне киім тігіп киді»,- деген екен.

 Сонда анау сахаба «Енді сөйлей бер!»,- деп рұқсат етіпті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз