https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҒЫЛЫМНЫҢ БАСТАУЫ – ИСЛАМДА

27 Jun 2016 0 comment Оқылды: 1431 рет

Әлемдік ғылымның бастауында мұсылман ғалымдары тұрғаны баршаға аян. Ислам ғұламалары ғылымның барлық саласында өздерінің теңдессіз жаңалықтарын ашып жатқанда, ұйқыдағы Еуропа ғылымға қарсы соғыс ашып, итальияндық философ Бруноны пікірінен қайтпағаны үшін инквизация сотына салып, тірідей өртеп жібергені секілді, ғалымдардың соңына шам алып түскен еді. Әйгілі ғалымдар Галелей мен Коперник те осындай қудалауға түсті.

Бұл мақаламызда сөзіміз жалаң болмас үшін Ислам ғалымдары мұрындық болған бірқатар ғылыми жаңалықтарға тоқталуды жөн көр-дік. Сонымен, мұсылман ғалым-дары қол жеткізген бірқатар табыстарды назарларыңызға ұсынамыз:

Медицина ғылымының пат-шасы атанған Ибн Синаның (980-1037) «әл-Канон» кітабы тек Ислам әлемінде ғана емес, Еуропада медицинаның негізі деп танылды. Бұл еңбек Еуропа университеттерінде 600 жылдан астам уақыт оқулық ретінде пайдаланылды;

*Камбур Весим (1711 жылы қайтыс болған) туберкулез микробын анықтаған;

*Аммар атты мұсылман ғалымы осыдан 9 ғасыр бұрын көзге ота жасаған;

*Әли бин Аббас (994 жылы қайтыс болған) деген дәрігер рак ауруына осы заманда жасалып жүрген операциядан кем түспейтін ота жасаған. Оның «Китабул-малики» атты еңбегі осы кезеңге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ;

*Алгебраның негізін қалаушы Хорезм (780-850) тұңғыш рет нөл санын қолданды. Ол алгебра бойынша алғаш рет «Аль-Джабр уал-Мугабиле» атты кітап жазды. «әл-Джабр» сөзін еуропалықтардың қолдануы негізінде «Алгебра» деген атау қалыптасты;

*«Синус» жөніндегі анықтама мұсылман ғалымдарының табысы;
Ньютон ашты деп жүрген биномо формуласының негізгі авторы Омар Хаям;

*Темір әулетінен шыққан Ұлықбек (1394-1499) өзінің бар ғұмырын ғылымға арнады. Ол Самарқанд қаласында обсерватория салып, аспан әлемін зерттеді. Оның дүниежүзінің ғылыми жұртшылығына әйгілі болған көптеген мұралары күні бүгінге дейін ғылыми құнын жоймай келеді;

*Орта ғасырда ботаника мен фармацевтиканың білгірі атанған Ибн Байтар (1190-1248) өзінің кітабында 1400-ге жуық дәрілік шөптер мен өсімдіктерге сипаттама берген. Оның бұл іргелі жұмысы осы саладағы негізгі ғылыми еңбек деп танылды;

*Әл-Фараби (870-950) дыбыстың физикалық табиғатына түсінік берді;

*Ибн Фирнонас атты ғалым 880 жылы аэроплан сияқты ұшатын аппарат жасады. Өзінің ұшу аппаратын қалың матадан және құс қауырсынынан құрастырды. Ол аспанда біршама ұшып, жерге жеңіл қонды. Ал батыста 1903 жылы ағайынды Орвилла Райттар бірінші рет аэропланмен ұшты;

*Әлемдік ғылым жер тартылысы жөніндегі заңды Ньютон ашты деп санайды. Негізінде Рази, Бирунидан Хазиниге дейінгі Ислам ғалымдарын жердің тартылыс заңы қызықтырған. Профессор Исмаил Хегги Измирли мен Ахмед Гюркан өздерінің зерттеулерінде Рази мен Бируни өз заманында жердің тартылысы жөнінде ғылыми пікір айтқанын дәлелдеді;

*Жердің домалақ екендігін және оның қозғалысы жөніндегі ғылыми пікірді алғаш рет Ислам ғалымдары айтқан. Әл-Бируни жердің өз осінен және Күнді айналатындығын дәлелдеген. Үндістандағы Нандама қаласының маңында зерттеу жұмыстарын жүргізген Бируни жер бетінің көлемін анықтады. Бұл әдіс батыста «Бируни ережесі» деп аталады;

*Абул-Изз Исмаил әл-Жазари (1206 жылы қайтыс болған) «Китабул-Хиял» («Арман кітабы») атты еңбегін жазып, кибернети-каның негізін қалады;

*Ферғанидің астрономия сала-сындағы еңбектері Еуропада жеті ғасырдан астам уақыт оқулық ретінде қолданылды. Сонымен қатар, Ферғани күн бетіндегі дақтарды анықтады;

*ХІІ ғасырда Жабир бин Афлаф Еуропа ғалымдарынан бірнеше ғасыр бұрын бұрыштың азимутын тауып, жұлдыздардың жарықтығын және орналасуын анықтауға жол ашты;

*Дифференциалдық есептеуді Ньютонға дейін Сәбит бин Гурра (901 жылы қайтыс болған) ашқан. Ал, геометриялық алгебраны ғылымға кіргізген Декарт емес, тағы осы Сәбит бин Гурра;

*Шпенглер (1880-1936) «функция жөніндегі түсінікті Еуропа ғалымдары бірінші рет қолданды. Басқа елдің мәдениетінен бұл түсінікті кездестірген жоқпын» деген пікір айтады. Дегенмен де, осы салада зерттеу жүргізген Мұхаммед Игбал бұндай пікірдің дұрыс еместігін дәлелдеп, Еуропа ғалымдарынан бұрын функция жөніндегі идеяны Бируни ұсынғанын айтады;

*Алғаш рет қағаз шығаратын фабрика 794 жылы Бағдатта, кейіннен Египетте салынды. Ал Византияда – 1100 жылы, Сицилияда – 1101 жылы, Германияда – 1228 жылы, Англияда – 1309 жылы ашылды. Қағаздың өндірілуі Ислам ғылымының дамуына ерекше серпін берді.


Дайындаған 
Дәулет Тілеубердиев

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз