https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жалғыз Алла білетін бар күнәмді...

06 Jun 2016 0 comment Оқылды: 1377 рет

391. Жалғыз Алла білетін бар күнәмді,

Саған ғана ашамын мұң-шерімді.

393. Түзу бастап, ақ жолмен жүргізгейсің,
Иман тонын үстімнен шешпегейсің.

935. Шығарда бұл тәнімнен жаным менің,

Шаһадатпен үзілсін соңғы демім.» /2/ — деп жырлаған өлең жолдары Пайғамбарымыздың: «Кімнің соңғы сөзі «Алладан басқа Тәңір жоқ» болса,  ол — жәннәттік» деген хадисіне ғұламаның амал етіп тұрғандығын дәлелдейді.

 ***

 1334. «Шарап ішпе, арамнан бой тасала,

Пасық болма зинақорлық жасама.

1336. Зинақорлық, шарап уын тигізер,
Жоқшылықтың жыртық тонын кигізер.

2765. Шарап ішкен — мал, ырысын ішеді,
Құты қашып, міскіндікке түседі,»/2/ — дейді.

Бұған байланысты хадистерде былай  келген: «Арақ мал-мүлікті жояды, ақылды аздырады.», ал зина жөнінде: «Зинақорлық кедейлікке ұшыратады» делінген.

 ***

 4486. «Әйел алса төрт белгісін көздейді,

Бұл төртеуден кездеспейді өзгесі.

4487. Бай әйелді біреу іздеп жүреді,
Енді бірі сұлуға көз тігеді.

4488. Бірі тілер тұқымы асыл тектіні,
Қуаныш боп ұлықтығы, бектігі.

4489. Бірі нәзік имандысын таңдайды,
Оны тапса, көңілде алаң қалмайды,» /2/ — десе, ал хадисте: Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.): «Әйелдің төрт нәрсесіне қарап некелесу керек: мал-мүлкіне, тегіне, сұлулығына және діндарлығына. Сен мүмкіндігің барынша діндарды таңда»- деп бұйырды.

 P.S. Жалпы, дастанының желісі Күнтуды, Айтолды, Одғұрмыш, Өгдүлміш атты кейіпкерлердің арасында болған диалогі арқылы жазылған. Жүсіп Баласағұн — қоғамында болып жатқан, болуы мүмкін және күні бүгінге дейін өз шешімін дұрыс таппай жүрген  небір күрделі мәселелер жөнінде осы төрт кейіпкер арқылы ой қозғап қана қоймай, оның шешімін  Алланың Құраны мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерінен таба отырып, оны шешендікке толы жыр жолдарымен халқына жеткізе білген дара тұлға. Сол себептен де бұл шығарманың кейінгі ұрпаққа берер пайдасы зор.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз