Ағылшын драматургы Джордж Бернард Шоу − тарихтағы Нобель сыйлығы мен Оскар сыйлығын қатар алған әлемдегі жалғыз адам. Оның өмірге деген гуманистік көзқарасы адамдарды идеализмге жетеледі. Назарларыңызға Бернард Шоудың адамзатқа өсиет етіп қалдырып кеткен ұлағатты сөздерін ұсынамыз.
1. Әлем жұмыс істемей, ақшам болса екен дейтін сандалбайлар мен нәпақасын жеткізе алмай жүрген жұмыс істей беретін ақымақтардан тұрады.
2. Өшпенділік, ол қорқақтың қорқыныштан кек ұстағаны.
3. Біздің бақытты өндірмей жатып бақытты болуға құқығымыз жоқ.
4. Мінсіз күйеу, ол өзінің әйелін мінсіз санайтын жігіт.
5. Жалғыздыққа төтеп беріп, одан ләззат алу — ұлы қабілет.
6. Жақын адамға жасалатын ең үлкен күнә — жек көрушілік емес, немқұрайлылық. Рақымсыздықтың жеткен жері де осы.
7. Кімнің қолынан келеді, сол жасайды. Қолынан келмейтіні, үйретеді.
8. Өзіңіздің сүйіктіңізге қол жеткізуге тырысыңыз, әйтпесе барды сүюге тура келеді.
9. Тарихтан жалғыз ғана алуға болатын сабақ — адамдардың тарихтан ешқандай сабақ алмайтыны.
10. Адам кірпіш сияқты, күйген сайын қатаяды.
11.Әлем Мұхаммед (с.ғ.с.) сияқты ойлай білетін адамға аса мұқтаж.
12. Мен Мұхаммедті(с.ғ.с.) бірден бір адамзатты құтқарушы деп білем.
13. Мен былай топшылаймын: Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сенімін ертеңгі Еуропа қабылдайды, оны, тіпті, бүгінгі Еуропаның өзі қабылдай бастағаны белгілі. Егер Англия мен Еуропада келер жүзжылдықта үстемдік ететін қандай да бір дін бар болса, ол жалғыз ғана – Ислам.
14. Мен Мұхаммед(с.ғ.с) әкелген дінге оның ғажайып өміршеңдігі үшін үлкен құрметпен қарадым. Менің түсінігімше, бұл өмірдің ауыспалы жағдайларына тез бейімделетін қабілетке ие бірден-бір дін, сондықтан барлық жастағы адамдарға сөзсіз ұнауы мүмкін. Мен оның өмірімен таныстым, меніңше ол ғажайып жан, антихрист емес, қайта оны адамзаттың құтқарушысы деп білу керек. Егер қазіргі әлемді басқару құқы сол секілді бір адамға берілетін болса, ол барлық мәселеледі шешер еді және бұл шешімдер сондайлық тыныштық пен бақыт әкелер еді.