https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ислам тарихындағы шоқтығы биік аналар

06 Mar 2016 0 comment Оқылды: 1950 рет

Ислам тарихындағы шоқтығы биік аналар 

Жарық дүниенің есігін ашқан кез-келген адамның белгілі бір адамға 

қарап бой түзеп, соның іс-әрекет, құлықтарына қарап қызығып, «болмаса да 

ұқсап бағуға» тырысатыны анық. Әр адамның қиялында бір бейне. Ешкімнің 

таңдауы мен талғамына таласа алмаймыз. Дегенмен, «Кемедегінің жаны бір» 

демекші, жаны нәзік қыз баласы ретінде біз де әпкелеріміз бен 

сіңлілеріміздің бақытқа қол жеткізіп, тек жақсылықтың ғана жаршысы 

болғандарын қалаймыз. Сол себепті де бүгін барша қыздар қауымына өнеге 

болуға тұрарлық аяулы аналар, олардың үлгілі іс-әрекеттері туралы аз-кем 

сөз қозғамақпыз.  

1. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  өзі 

құрмет көрсеткен әйел!

Хадиша анамыз - Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі 

болсын) ақылды, әділ, сенімді, аманатқа берік турашыл мінезіне қарап, оған 

өзін жар болуға ұсынған ақылды әйел. Араларындағы жас алшақтығына 

қарамастан, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бен 

Хадиша анамыз жиырма бес жыл бойы бірге ғұмыр кешкен.  Пайғамбарымыз 

(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хадиша анамыздан  Қасым, 

Абдуллаһ атты екі ұл мен Зәйнәб, Руқайя, Умму Кулсум және Фатима есімді 

төрт қыз сүйген. 

Хадиша анамыз Аллаға және Оның пайғамбарына (оған Алланың игілігі 

мен сәлемі болсын)  иман келтіріп, Исламды қабылдағандардың ең 

алғашқысы болды. Ол күйеуіне мүшріктер тартқызған тауқімет азабын иық 

тіресе көтерісті, ауыртпалығын жеңілдете жүріп, бар күш-жігерін сарқа 

қолдады. Мұсылмандардың саны артқан сайын зорлық-зомбылықтардың да 

үдеген тұсында Хадиша анамыз Алла елшісін (оған Алланың игілігі мен 

сәлемі болсын) талмай қорғап, ылғи да оны сабырлылыққа шақырған. Екеуі 

балиғат жасына жетпеген ұлдары Қасым мен Абдуллаһтан айырылады. Бұл 

орны толмас қасірет болса да, өздерін сабырлы ұстап, қайғының меңдеуіне 

жол бермейді. Хадиша анамыз бұл ықыласы үшін көзі тірісінде-ақ жәннатпен 

сүйіншіленген жандардың қатарында! Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға 

(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, одан Хадишаға сәлем 

«Шындығында, Алла оны (Хадишаны) жаннаттағы ың-шыңы жоқ, 

бейнетсіз, жақұтпен безендірілген інжу сараймен сүйіншіледі – деген. 

(Бұхари, Муслим)

Хадиша анамыз һижра жыл санауынан үш жыл бұрын, яғни алпыс бес 

жасында дүниеден өтеді. Сүйікті асыл жарының орны толмас бұл қазасы 

Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанына қатты 

батады. Сахаба Әбу Талиб пен Хадиша анамыз дүние салған бұл жыл тарихта 

«Амул-хузн», яғни қайғы жылы, қаралы жыл деген атпен қалған.

Айша анамыз: «Пайғамбарды Хадишадан қызғанғанымдай басқа әйелдерінен 

қызғанған емеспін. Оны әсте көрмегенмін де. Кейде мен Пайғамбарға (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

– Тура дүниеде Хадишадан басқа әйел болмағандай, – деп айтып қалатын 

едім. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

Ол – ол еді ғой... Ол – ол еді ғой... мен одан перзент сүйдім, – дейтін. 

Оны әр күні еске алғанына мен бірде қызғаныш білдіріп:

– Неге сонша сол қызыл иек (кемпірді) айта бересің? Алла Тағала оны саған 

одан жақсы біреумен (өзін меңзеп тұрғаны) алмастырған жоқ па? – дедім.

Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ашуланып:

«Алланың атымен ант етемін! Алла маған одан жақсыны бермеді. Адамдар 

маған қарсы келгенде (күпірлік танытқанда), (Хадиша) маған иман келтірді, 

адамдар мені жалғаншыға шығарғанда, ол мені растады, адамдар мені 

(мал-дүниеден) айырғанда, ол мені өз дәулетімен жұбатты және одан Алла 

маған әйелдердің басқасынан нәсіп етпеген бала берді», – деп жауап 

қайтарды», – деген (Ахмад).

Пайғамбарымыз  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Хадиша 

анамызды құрметтеп, «Хадиша Кубра», яғни «Үлкен Хадиша» деп атап 

кеткен. Олай болса, адамзаттың ең абзалы болған Пайғамбарымыздың (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі құрмет тұтып, сый көрсеткен адамды 

біздің үлгі тұтып, оның өмір жолынан өнеге алуымызға не кедергі?

2. Шүкіршіл ана!

«Мен үшін Сәудә Зумғақызынан сүйікті әйел жоқ және өзім оған қатты 

ұқсағым келеді». Бұл сөзді мүміндердің анасы болған Айша анамыз айтқан. 

Яғни Айша анамыздың өзі сол кісіге ұқсауға тырысып, одан өнеге алатын еді. 

Сәуда анамыз – Ислам үшін кәпірлердің зұлымдығына төзіп, бөтен елге 

қоныс аударған және ол жақтан оралған соң күйеуі дүниеден өтсе де, 

жасымай, балғындарына үнемі қамқорлық көрсеткен, иманы берік мұсылман 

әйел болатын. Ол балаларына қамқорлық ете жүріп, Алла Елшісі (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шақырған тура  жолда жүріп, балғын 

сәбилерін ислами тәрбиемен өсіреді. Бұл кезде ол егде тартқан әйел еді, 

қайтадан тұрмысқа шығу кеш болатын. Алайда Сәуданың басындағы 

қиындықты естіген Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 

оның басындағы қайғы-қасірет ауыртпалығын жеңілдетіп, балаларының 

тәрбиесіне қарайласу үшін оған үйленуге ниет білдіреді. Сәуда анамыздың 

ақылдылығы сондай, ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі 

болсын) өзіне бүлдіршіндеріне қарайласу, тұрмыс-тіршілігінің қиындығын 

жеңілдету үшін үйленгендігін жақсы түсінетін. Сондықтан да ол 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен оның 

қыздарына қолынан келген бар қамқорлығын аямайды. Алланың 

көрсеткеніне тәубе деп, берік иманымен өмір сүреді. Алла Елшісі (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Сәуданы өзі дүниеден өткенге дейін 

тастаған жоқ. «Құдіреті күшті Алладан тілерім – Ақырет күні өзімді сенің 

жарың етіп қалдыруы», – деп соған шүкіршілік білген Сәуда Зумғақызы 

өмірде мұсылмандардың анасы, жәннатта Пайғамбарымыздың (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жары!

3. Күйеуін разы еткен дана әйел!

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) батасын 

алған, ең ұзақ өмір сүрген сахаба Әнас ибн Маликтің анасы, өзінің даналығы, 

Құдайдан қорқар ақылдылығымен, жәннатты жаны сүйген тақуалығымен 

есте қалған тағы бір сахаба әйел  Румейса болатын. Ол күйеуінен бұрын 

Исламды қабылдап, баласына ізгілікті, Исламды насихаттаған, күйеуі Әбу 

Тәлһаға бірқұдайшылықты үйреткен. Әрі дініміздегі әйелдердің ішіндегі 

мәһрі ең күшті әйел де осы Румейса еді. Себебі, оның күйеуінен мәһр ретінде 

талап еткен нәрсесі – дүниедегі ең маңызды дүние бір Аллаға ғана 

құлышылық қылу болатын.  Бір күні күйеуі Әбу Тәлһа жоқ кезде олардың әл 

үстінде жатқан балалары көз жұмады. Бұл жайдан бейхабар күйеуі кешке 

үйіне келгенде Румейса анамыз болған жайды сездірместен, күйеуінің 

тамағын тойдырып, көңілін тоқ қылғаннан кейін ғана: «Я, баламның әкесі! 

Біреу біреуден аманат алса және оны қайтарудан бас тартса, онда оның бұл 

әркеті дұрыс бола ма?» деп сұрайды. Әбу Тәлһа: «Әрине, жоқ! Аманатты 

міндетті түрде өз иесіне тапсыру керек», - деп жауап береді. Дәл осы 

жауапты күткен анамыз сол сәтте: «Ендеше, Алла бізге аманат қылып берген 

баласын қайтып алды», - деп балаларының дүниеден озғанын естірткен екен. 

Румейса анамыздың бұл даналығы өзін әйел, ана санайтын барша нәзік 

жандыларға үлгі. Тіпті, ғалымдар оны еркектерге де үлгі болуға тұрарлық 

жандардың қатарына қосқан. Себебі сахаба әйел Румейса қолына қанжар 

алып соғысқа да шығып кететін еді. Кішкентай күнінде баласы Әнасқа 

кәлиманы үйретіп, оны тура жолда жүрсін деген ниетпен Пайғамбарымызға 

(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берген.  Румейса анамыз 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жиі зиярат 

ететін адамы еді. Және бұл кісіге байланысты Пайғамбарымыздан (оған 

Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оның жәннатта жүргенін көргені 

жайында хадис жеткен. 

Иә, Ислам тарихында да, қазақ тарихында да «ақылымен арыстан ұстар» 

дейтін сипатқа сай келетін әйел-аналар аз болмаған. Өмір жолын өнегемен 

өрнектеген бұл аналар – сол ұзын-сонар тізімнің бір бөлігі ғана. Өмірдің кез 

келген сынағын қайыспай көтеріп ерінің ары, балаларының жанашыр 

қамқоршысы бола білген осындай жандардан үйренеріміз көп-ақ...

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз