Оның Әкім Мухаммад ибн Юсуф Эс-Сақафимен болған хикаясы
«Тауыс ибн Қисән сияқты адамды көрмедім»
(Амр ибн Динар).
Тура жол жұлдыздарының елу жұлдызынан нәр алды. Оған нұр түсті. Жүрегі мен тілі нұрлы болды. Алдында нұр жүрді.
Ол — Мұхаммед (с.а.у.) мектебінің елу ғалымыньң қолында окыған түлек. Олай болса, ол — Иман, шындьқ, дүние қызьқтарынан бас тарту және Аллаһтың ризашылығына берілу, қандай жағдайда да шындықты айту тұрғысынан сахабалардьң айнасы екен. Мұхаммед (с.а.у.) мектебі оған дінінің насихат екенін, Аллаһ ушін, Пайғамбары (с.а.у.) ушін және мұсылмандардың басшылары мен бұқарасы үшін уағыз екенін үйретті. Өмір тәжірибесінен көңліне түйгені сол — салихалықтыә басы басшылықтан басталып, сонда бітетініне көзі жетті. Ізгілік атаулының бәрі де, басшыдан басталатынын оған, тәжірибе керсетті.
Бұл — Зәкуән ибн Кәйсән, ел арасында «Тауыс»1 деген лақаб атпен белгілі, Иемен турғыны, ғұламалар серкесі.
Сол заманда Иеменнің әкімі Әл-Хәжжәждің інісі Мухаммад ибн Юсуф Әс-Сақафи еді. Абдұллаһ ибн Әз-Зубәйрдің көтерілісін басқаннан кейін, жағдайы жақсарған, ықпалы ұлғайған Әл-Хәжжәж інісін Иеменге экім қылып тағайындаған.
Інісі Әл-Хәжжәжға жаман жағынан тартып, жақсы сипаттардан жұрдай еді. Қыстьң суық күндерінің бірінде таңертең алдына Тауыс ибн Кәйсән мен Уәһб ибн Мүнәббиһ2 кіреді. Мәжілістен орын алғаннан кейін Та¬уыс оған уағыз айтып, адамдар алдында жақсылыққа үндеп, жамандықтан тиюға шақырады. Уағыз барысында әкім көмекшілерін шақырып алып:
— Мына кісіге шапан жабыңдар! – дейді.
Көмекші қымбат бағалы шапан алып келіп, ғұламаның иығына жабады. Уағыз айтып отырып, ақырын иығын қимылдатып, шапанды түсіріп тастап, уағыз бітісімен атып тұрып, кетіп қалады.
Оған Мухаммад ибн Юсуф қатты ашуланып, көзі қызарып, жузі сұрланып, ешнәрсе айта алмайды.
Досы екеуі сыртқа шыққанда Уәһб оған:
— Енді оның ашуына тиюің ғана ғана қалып еді. Шапанды ала салсаң, нең кетер еді? Сатып жіберіп, ақшасын кедейлерге садақа қылар едің.
— Солай дейсің бе? — деп жауап қайырады Тауыс. Осыдан соң басқа ғалымдар не дейді?! «Тауыс алды ғой, біз де алып кете берейік» демей ме?! Олар кейін маған айтқан өтінішіңді орындамайды ғой.
Мухаммад ибн Юсуф осының қарымтасын қайтару үшін бір тұзақ құрып, айла табады. Бір дорбаға жеті жүз динар алтын салып, қарамағындағы кіслердің ең алғырын шақырып алып:
— Мына алтынды Тауыс ибн Кәйсәнга алып бар. Бар айла-тәсіліңді қолданып, оны алуға мөжбүрле. Алса, саған үлкен сыйлығым бар. Өзіме жақын тұтып, мерейіңді көтеремін.
Әлгі кісі дорбаны алып, Тауыс тұратын Сана қаласының жанындағы «Жәнәд» ауылына барады. Сәлемдесіп, асты-үстіне түсіп жағымпазданып:
— Әбу Абдұррахман! Сізге мына қаржыны әкім беріп жіберді, — дейді.
— Мен оған мұқтаж емеспін, — деп жауап береді ол.
Сонда әлгі кісі бар айла-тәсілін қолданса да, әлгі алтын ақшаларды алдыра алмай қояды. Алдыру үшін барлық дәлелін, себебін алға тартады. Амал таппағаннан кейін Тауыс аңғармай тұрғанда уйдің қабырғасындағы қуысқа дорбаны тастап кетеді. Әкімге қайтып келіп:
— Тауыс дорбаны алды, — деп сүйінші сұрады. Қуанған Мухаммад оған ешнәрсе айтпайды.
Біраз күн өткеннен кейін Мухаммад ибн Юсуф екі көмекшісі мен дорбаны апарып берген КіСіНі шақырып алып, «өткенде берген қаржыны жаңылысып беріп жіберіпті, қайтадан алып келуге бұйрық берді» деп Тауыстан ақшаны қайтаруға әмір береді. Олар барып, Тауысқа «ақшаны қайтарыңыз» дегенде:
— Мен әкімнен ақша алған емеспін, қайтарып беретіндей, — деп әлгі кісіге қарап: — «Сенен бір нәрсе алдым ба?» — деп сұрайды.
— Жоқ, мен мына қуыстан ішке қарай салып жібердім, — дейді сасып, журегі кеудесінен шығып кете жаздап.
— Екеуің қуысты қараңдар! — дейді Тауыс.
Олар қуысқа үңілсе, әлгі дорба сол күйі жатыр екен. Үстіне өрмекші торын тоқып үлгеріпті. Екеуі дорбаны алып, әкімге әкеп береді.
Аллаһ Тағала тарапынан Мухаммад ибн Юсуфке осы арамдығы үшін берілген жаза іспетті бір оқиға болады. Мухаммад ибн Юсуф адамдардың көзінше масқара болыпты.
Тауыс ибн Кәйсән былай дейді:
Меккеге қажылық жасап барғанымда, Әл-Хәжжәж ибн Юсуф Әс-Сакафи шақырып алды. Төрге отырғызып, қолтығыма өзі жастық қойды. Қажылық жайында көптеген сұрақтар сұрады. Сол кезде Кәғбаның қасында «Ләббәйкә, Аллаһ, ләббәйк!» деп айқайлап жүрген адамның даусы естілді. Оның даусы өте әсерлі, жүректерді жібітіп ерітердей еді. Әл-Хәжжәж оны алдына алып келуді бұйырды.
— Кімненсің? — деп сұрады келген кісіге.
— Мұсылмандарданмын, — деп жауап берді.
— Оны сұрап тұрған жоқпын. Елің?
— Иемен.
— Әкімдерің қалай?
— Ол — ұлы, ірң, киініп, ішіп-жейді. Кіріп-шығып, ел аралап жүреді.
— О жағын емес, басқа жағын айт.
— Қай жағын айтайын?
— Халықпен қатынасы қалай?
— Ынсапсыз залым. Жаратылғанға бойұсынып, Жаратушыға қарсы іс істейді.
Әл-Хәжжәж қасында отырғандардан ұялып, беті қызарып кетті. Әлгі кісіге:
— Оның менің алдымдағы орнын біле тұра, солай айтуға қалай дәтің барды? — деп сұрады.
Оның сенің алдыңдағы орны, менің Аллаһ Тағаланың алдындағы орнымнан кем деп ойлайсың ба?
Мен оның уйіне келдім, Пайғамбарына сендім, борышымды өтедім.
Әл-Хәжжәж не дерін білмей қалды.
Көп кідірмей, әлгі кісі шығып кетті. Рұқсат та сұрамады. Іле-шала шығып, адамдар арасында жоғалып кетпей тұрғанда, барып танысып алайын деген оймен ізіне түстім. «Бұл — салих адам» деп ойладым ішімнен. Айтқанымдай, ол барып Кәғбаның қасына келіп, Аллаһтың үйінің жабуынан ұстап, бетін қабырғасына тақап, былай деп дуға қылды:
— Аллаһ Тағалам! Сенен пана іздеймін, қорғай көр! Аллаһ Тағалам! Сенің жақсылығыңда жүрегім тынышталсын, сараңдардың бермеуінен, өзін сүйерлердің қолындағысына зәру етуден алшақ қылған. Өзіңнің кепілдігіңе разы болайын. Аллаһ Тағалам! Жақын көмегіңді, көне жақсылығыңды сұраймын! Жақсы әдетіңе мұқтажбын!
Кейін қажылардың толқыны алып кетіп, бұл күннен кейін оны көре алмайтыныма көзім жетті. Алайда Арафат қарсаңында көріп қалдым. Қасына жақындағанымда, былай деп дұға қылып жатқанын естідім:
— Аллаһ Тағалам! Қажылығымды, шаршап-шалдыққанымды қабыл алмасаң, менен қабылдамай қойғаның үшін қайғырғанымның сауабынан айырма!
Кейін адамдар ығы-жығы боп жатқан көпшілік арасына кіріп, қараңғыда ғайып болып кетті. Оны іздеп табудан үмітім үзілгеннен кейін былай дедім:
— Аллаһ Тағалам! Дұғамды және оның дұғасын қабыл ет! Мінәжәтыма, оның мінәжәтына жауап бер! Аяқтар таятын күнде аяғымызды берік ете гөр! Кәусар бұлағының жанында жүздестір, уа, Кәримдердің Кәримі!
Аллаһ Тағала ғұламалардың серкесін бақи жәннатка кіргізсін!