https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Бейбарыс сұлтанның ерекше шешімдері

03 Jun 2015 0 comment Оқылды: 1327 рет

Бейбарыс сұлтан өмірбақи, тіпті әмірші болған кезінде де тек қыпшақ тілінде сөйледі. Арабтармен тілмаш арқылы ғана қарым-қатынас жасады.

Өмірі шығыстың талай жыр-қиссаларына арқау болған, өзінің көрегенділігі, қажымас қайраты мен табандылығының нәтижесінде қара құлдан патшаға дейін көтеріліп, Мысыр мен Шам еліне билік жүргізіп, Алтын Ордамен саяси байланыс құрған, христиан мемлекеттерінің кекті крест жорықтарына тойтарыс берген, моңғолдарға бөгет құрып, ислам дінін қорғаған ұлы баба – Бейбарыс сұлтанның сыры неде?

1. Бейбарыс билікке келген кезде қарапайым халықтың жағдайы нашар болды. Елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрды, тәртіп болмады. Осы кезде сұлтан Египет пен Сирияға темірдей тәртіп орнатудан бастайды.

2. Елдің негізгі экономикасы – жер өңдеу мен сауда-саттық болатын. Бірақ шаруалардың жұмысы жүйесіз болды. Әркім өз білгенін істеп, жерді тиімді пайдалана алмады. Жерден жақсы өнім алынса, азық мол болып, халықтың жағдайы көтеріліп, сауда-саттық дамитынын көре білген Бейбарыс жерді суландыру, канал қаздыру сынды жұмыстарды қолға алып, халықты еңбек етуге шақырды.

3. Егіншіліктен түскен мол өнім сауданың дамуына мүмкіндік берді. Бейбарыс осыны пайдаланып, кішігірім базарлар салдыртып, қалааралық, еларалық сауданы күшейтеді.

4. Бейбарыс сұлтандыққа келгеннен бастап қорғанысты күшейтеді. Қалалар арасындағы қатынастарты дамыту мақсатында керуендерді тонау, кісі өлтіру сияқты қылмыстардың тамырына балта шабуды көздейді. Ол жолдардың бойына бекеттер аштырып, керуенсарайлар салдыртады. Түнде қала ішіне шамдар қойдырады. Әскерде қатал тәртіп орнатады, қарақшылардың көздерін жояды.

5. Бейбарыс көп жағдайда батыл шешімді әрекеттер қолданылмайынша, жат қылықтарға қарсы күресу ниетінен ештеңе шықпайтынын біледі. Сирия майданында қолға түскен 1300-дей монғол жүзбасы, мыңбасыларына ислам дінін қабылдаттырып, бәрін сүндеттеткен, мұсылмандық жолынан таймауға ант алған.

6. Бейбарыс сұлтан әділет сарайын салдыртады. Ол сарайға әркім келіп, әділетке жүгіне алатын боған. Арыз-шағым беріп, ақ жол тілегендер әділеттің ақ сарайының алдын бермей, сол жердің жиі қонағы болған. Бейбарыс бұл сарайда ел-елдің елшілерін қабылдап, дипломатиялық қарым-қатынастар мәселесін шешкен.

7. Бейбарыс Каир қаласында «Орда» деп аталатын ғимарат салдыртады. Ол жерде таза қыпшақ әдет-ғұрыптары, ойын сауық дәстүрлері орнығады. Киіз үйлер тігіліп, ет асу, қымыз дайындау, саба пісу, ән айтып, күй тарту адамдардың рухани сәнін келтіреді.

 Дереккөз: www.el.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз