https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Тақуалық деген не?

30 May 2015 0 comment Оқылды: 2042 рет

Лұқпан хакім ұлына:

«Ұлым, әңгімелесетін болсаң, білімді ғалым адамдармен әңгімелес, олардың сұқбатынан қалма, неге десең, Алла Тағала жерді жаңбырмен қалай тірілтсе, адамдардың жүрегін ғалымдардың хикмет сөздері тірілтеді», - деп өсиет айтқан екен.

***

Сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) тақуалықтың не екенін сұрағандарға: «Сіз өміріңізде тікенді жолдан өтіп пе едіңіз?» - деп сұрады. Олар: «Иә, өттік», - деді.

- «Олай болса, сол жерден өткенде не істедіңіз?»

- «Тікендерден сақтанып өттік».

- «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», - деп түсіндірді сонда Әбу Хұрайра (р.а.)

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз