https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Сыздық сұлтан Кенесарыұлы

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3431 рет

“Сыздықтың малы бар, қыстауының маңында егін салады, қолы бос кездері кітап оқиды, намазын қаза қалдырмайды. Жасы елу бестер шамасында, орта бойлы, өте ширақ адам; қазаққа тән бидай өңді, аздап ақ шала бастаған шоқша қара сақалы бар, әсіресе көздері әдемі, жанарлы, сырт көрінісі аса келісімді жаралған, дене бітімі, әйелдерге тән нәзік саусақтары, өзін сабырлы, салмақты ұстауы, кісімен сөйлескендегі ұяңдығы – бұл адамның Орта Азия хандарының сарай тұрмысын көрген, түрік халқының нағыз ақсүйек адамы екенін танытады,  шынында да өзі де ақсүйектер нәсілінен ғой. Алғашқы көргенде осы ойшыл, келбетті келген сабырлы адамның сахраның ештеңеден тайынбайтын баскесері атанған, жетпісінші жылдары біздің Түркістандағы алғы шебіміздегілердің үрейін ұшырған, күтпеген кезде және біздің осалдау жерімізден тап беріп, басқа қазақ, түрікпен топтарына қарағанда қайсарлықпен, өршелене шабуыл жасаған партизан, атақты шабандоз Сыздық екеніне нанғың да келмейді. Ал енді өзі шешен, ағыза сөйлеп, көздері от шашып, қыза келгенде, алғашқы көрген сабырлы, момын адамды қайта тани алмай қаласыз. Алдыңызда сөз жоқ, құдай зерде берген дарынды, жаны жас, қарапайым халыққа айтайын деген ойын да, сөзін де жеткізе білетін шешен, қайраты тасыған қажырлы адам пайда бола қалады. Бұхара, Хиуа, Қашғар хандарына соғыс, саясат жөнінен оның қандай абзал ақылшы, үлкен ұлық болғанына, бетімен кеткен, жартылай тағы сахара шабандоздарының бастарын біріктіріп, қалайша қолында ұстағанына, Түркістан шебіндегі жаяу әскеріміздің қардай боратқан оғына сол аламан топты тура қарсы шапқызғанына, солармен Қызылқұмның өлі шөлінің бір шетінен бір шетіне талай жортып, аңдаусыз отырған жауына тайсалмайтап беріп жүргеніне, жау жағы оны орынсыз “Сахара баскесері” атағанына сонда түсінесіз”.

 Дерек Ахмет Кенесарыұлының “Кенесары және Сыздық сұлтан” өмірбаяндық жазбасынан алынды. Кітап 1889 жылы орыс тілінде (Смирновтың аударуымен) жарық көрген. 

дайындаған Рүстем Нүркен

namys.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз