https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Әбу Толиб пен Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) арасындағы сұхбат

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1112 рет

Құрайш тайпасының арасында Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жайындағы әңгіме көбейіп кетті. Сонда олардың бір тобы Әбу Толибке келіп былай деді: «Уа Әбу Толиб! Сен – ақсақалсың. Арамызда ерекше мәртебе мен құрметке иесің. Бауырыңның ұлын ісінен тый деген едік, оны істемедің. Құдай ақы, немере бауырыңның бізге және ата-бабаларымызға тіл тигізгеніне, тәңірлерімізді масқаралағанына осыдан ары сабыр ете алмаймыз. Ендігі кезекте тек оның көзін құрту қалды».

Туыстарының бұл сөзі Әбу Толибке ауыр тиді. Ол сол мезетте-ақ Мухаммадқа (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деп хабар айтты: «Уа бауырымның ұлы! Құрайш тайпасының адамдары маған келіп өз қалауларын айтты. Осыдан соң саған қамқорлық ете алмауым ықтимал».

Әбу Толиб бұл сөзін шарасыздықтан айтқанын ұғынған Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) былай деп жауап берді: «Уа әкемнің бауыры! Хақ тағаламен ант етемін! Тіпті оң қолыма күнді, ал сол қолыма айды салып берседе, мен алған бетімнен қайтпаймын».

Осы сөзінен соң Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көзіне жас алды. Теріс бұрылып кете берген еді Әбу Толиб: «Уа балам! Мұнда кел»-деді. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жанына келген еді Әбу Толиб: «Бар да, өз қалағаныңды істе! Құдай ақы, мен сені ешкімге жем етпеймін»-деді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз