https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Абдулла ибн Абдулазиз

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1292 рет

Абдуллаһ ибн Абдулазиз кең танылған хадис ғалымдарының бірі болатын. «Омари» деп те аталған. 184 (милади 800) жылы Мәдинада қайтыс болды. Әкесінен және басқа кісілерден хадис-шәріп риуаят етті. Ол кісінің өзінен Сүлеймен ибн Мұхаммед ибн Яхья ибн Ұруа ибн Зүбәйір, Ибн Үәйна, Ибн Мүбарак, Мұса ибн Ибраһим секілді ғалымдар хадис жеткізген.

Ибн Хиббан ол кісі жайлы былай деген: «Абдулла ибн Абдулазиз өз дәуірінің ең захид (дүниеге құмартпаған) әрі ең абидтерінен (құлшылыққа берілген) еді. Хадис ілімінде сиқа (сенуге болатын) ғалым болатын».

Фудайыл ибн Ияд былай деген: «Абдуллаһ ибн Абдулазиз бен Ибн Мубарактың жанына барып, қастарынан бір елі ажырамауды қатты ұнатамын».

Риуаят еткен хадис-шәріптерінің кейбіреуі мыналар:

Әнас ибн Маликтен риуаят еткен: Расулалла (с.а.у.) былай деді: «Дүние тұрғысынан өзінен жоғары тұрғандарға, дін тұрғысынан өзінен төмен тұрғандарға қараған адамды Алла тағала шүкір етуші мен сабыр етушілер қатарына жазбайды. Дүние тұрғысынан өзінен төмен тұрғандарға, дін тұрғысынан өзінен жоғары тұрғандарға қараған жанды Алла тағала шүкір етуші әрі сабырлы құл ретінде жазғызады».

Ибраһим ибн Сағыдтан риуаят етті: Расулалла (с.а.у.) былай деді: «Сахабаларым жайлы (нашар сөз айтпай) Алладан қорқыңдар. Менен кейін олармен жауласып жүрмеңдер. Оларды жақсы көргендер мені жақсы көргені үшін жақсы көреді. Оларды жек көріп, кек тұтқандар маған дұшпандығы себепті осыған барады. Оларды жәбірлегендер мені жәбірлегені. Мені жәбірлегендер Алланы жәбір еткендей болады. Кім Алла тағаланы жәбірлесе, Алланың оны азаптауы тым жақын қалды деген сөз».

Салим ибн Абдулладан риуаят етті: Расулалла былай деді: «Алла Тағалаға жалбарынып дұға етпей тұрып мағруфты (жақсылықты) бұйырып, мункардан (жамандықтан) тыйыңдар. Күнәларыңа өкініш білдіріп, Алла тағаладан кешірім мен жарылқау тілеместен Алла сендердің дұғаларыңды қабылдамайды. Ондайда кешірімге де қол жеткізбейсіңдер. Иудей ғалымдар мен христиан діндарлары жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыймағандықтан, Алла тағала оларды өз пайғамбарларының тілімен лағынеттеп, көпшілікке келетін бәлеге ұшыратқан».

Әбу Жағфар әл-Хызла: Абдулла ибн Абдулазиз бірде ұлық кісілердің бірінің мына айтқан сөзін жеткізген: «Құран кәрімді көп оқу керек. Өйткені Құран кәрім оқып, бұйрықтарын орындаған кезде жұмаққа апарады».

Абдулла ибн Абдулазиз хазірет кітап оқығанды ерекше ұнататын, сондықтан үнемі кітаптан бас алмайтын. Тастамай өзімен бірге алып жүретін кітаптары болатын. Кітапқұмарлығының себебін сұрағандарға былай дейтін: «Адамға қабірден асқан ғибрат боларлық әрі ең көп насихат айтатын нәрсе жоқ. Жалғыздық, бірқатар қиыншылықтар мен жаманшылықтардан алыс ұстайды. Кітап болса, адамға ең жақын дос».

Бірде былай деп дұға етті: «Уа, Жасаған ием! Саған үлкеніміз де, кішіміз де дұға етеміз. Тәубаларымызды дұрыстай гөр! Бізді тәубамыздан жаңылдырма!»

Әбу Мұнзир Исмайыл ибн Омар айтуда: Абдуллаһ ибн Абдулазиз былай деді: «Адам баласы ғапылдыққа салынып, Алланың бұйрықтарын орындамай кетеді. Тыйым салған істерін жасай бастайды. Адамдардан қорқып, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю ісін, яғни осы парызға көңіл бөлмей қояды».

Мұхаммед ибн Харб әл-Мәкки айтуда:

Бірде Абдуллаһ ибн Абдулазиз хазірет жанымызға келді. Дереу маңайына жинала қалдық. Меккенің игі жақсылары да келді. Бір уақытта басын көтергенде, қасиетті Қағбаның айналасында бой көтерген зәулім үйлерді байқады. Қатты дауыстап: «Әй, бұл зәулім үйлерді қасиетті мекенге әкеліп тұрғызғандар! Өлгенде жападан жалғыз жататын, қабірдің қараңғылықтарын қаперге алыңдар. Әй, қу дүниенің ләззатына құмартқандар! Байлыққа бөккендер! Қабірде құрт-құмырсқаға жем болатындарыңды, мына әдемі денелеріңнің топырақтың астында шіритінін, көретін көздеріңнің ағып кететінін, сөйлейтін тілдеріңнің буылатынын еш ойламайсыңдар ма?» деп айғай салды. Осыны айтып тұрып көңілі босап, көзіне жас алды.

Бір кісі Абдуллаһ ибн Абдулазизге: «Маған насихат айтыңызшы?» дегенде, ол кісіге «Уәра – өте бағалы қасиет, адамның жүрегінде уәраның (күмәнді нәрселерден сақтану) болуы дүниенің барлығына татиды. Сондықтан бір нәрседе күмән туса, одан бойыңды аулақ сал. Әйтпесе, харамға барып қоясың» деп насихат айтты.

1) Хилиятул әулия 8 т., 283 б.

2) Tахзибут тахзиб 5 т. 302 б.

3) Taбақат ы Ибн Сағыд 5 т. 435 б.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз