Али Тантауи: «Барлық нәрсе адамдар үшін!»
Менің әдетім егер жаяу жүруге күшім жетсе, көлікке мінбеймін. Егер күн нұры астында жүруге күшім жетсе, сая-салқын жерлерде жүрмеймін. Бұл Ливан күні боладыма, Үндістан күні боладыма, айырмашылығы жоқ. Бүгін ауа райы кешегіден де ыстығырақ. Жұмыстан қайтар екенмін, мойнымдағы галстукті шешіп, орап, қалтама салып қойдым. Жолда кетіп бара жатсам, жанымнан өзім жақсы көріп, құрмет ететін бір досым кездесіп қалды. Бірақ ол салт-дәстүрлерге өте қатты амал ететін адам еді.Соның үшін ол адамдарды разы етуге, зохид пенде Аллаһты разы етуге ұмтылғаннан да көбірек ұмтылатын еді. Әлі сәлемдесіп үлгірместен-ақ ол маған ашулы халде тігіліп тұрдыда: «Неге бұлай жасадыңыз?» деді. Мен қорқып кетіп: «Не жасадым?» дедім. Кейін өзімше ойлай бастадым: «Ислам дінінде бір жаңалық шығардым ба? Немесе бір кешірілмейтін қылмысқа, күнәға қол ұрдым ба?» Есіме түсіре алмаған соң, оған: «Бауырым, түсіндіріп айтсаңыз, не сөз өзі? Мен жайымда қандай хабар естідіңіз? Мүмкін, мен жайымда сізге жаман сөз айтқан адам пасық немесе өтірікші болар?!» дедім. Ол: «Маған ешкім еш қандай жаман хабар жеткізген жоқ. Өзім көріп тұрмын» дедіде, мойныма ымдады. Мен: «Нені айтып жатырсыз?» десем, ол: «Галстугіңіз қайда? Неге оны тақпай жүрсіз? Сіздей адамға осы іс жарасадыма? Адамдар көрсе не дейді?» деді. Онымен сұхбатты жиыстырдымда, бір шетке отырып, ойлай бастадым. Демек, біз барлық нәрсені адамдар үшін жасаймыз екен ғой. Өзімізді өзіміз әр күні осы галстукпен бұғамыз. Жаздың шыдап болмас ыстық күндерінде де адамдардың көзі үшін сол «арқанды» байлап, қиналып жүреміз.
Әйелдер де биік өкшелі туфли киіп жүреді. Эх, ол туфлиде жүру қандай азап екендігін білсеңіз еді! Егер сізге айтсам, дарбаздың арқанында жүру сол туфлиде жүруден оңайырақ! Сенбейсізбе, онда аяқ бармақтарыңыздың ұшымен жүз қадам жүріп көріңіз! Оның үстіне сол биік өкшелі аяқ киім киген әйелдің балтыр тамырлары тартылып тұрады, әрі оны көріксіз етіп көрсетеді. Мұндай аяқ киім киуде ешқандай мағана, ешқандай сұлулық жоқ. Бұл тек адамдар үшін!
Бір күні аялдамада трамвай күтіп тұрған әйелді көрдім. Аялдамада бос орындар бар еді. Отырған әйелдерден біреуі оны қанша отыруға шақырмасын, әлігі әйел бәрібір отырмады. Кейін мәлім болуынша, ол етегі өте тар көйлек киген екен. Ол көйлекте отыру ол жақта тұрсын, жүрудің өзі де өте қиын екен. Оны киген әйел екі аяғы бір-біріне байлап (тусаулап) қойылғандай майда-майда қадам тастап жүреді екен. Және оны киген әйел трамвайға шықпақшы болса да етегін тізесіне дейін көтеріп, кейін шығады екен. Соның үшін аялдамадағы бос орынға отыра алмай, тіке тұрған екен. Қош, не үшін сол әйел өзіні мұнша қиын жағдайға салып, азаптауда? Әлбетте, адамдар үшін!
Кейбір жігіттер шаштаразханаларда шаштарын заманға сай үлгіде тәртіпке келтіреді (причёска жасатады). Бұған тіпті сағаттап уақытыны, ақшасын сарыптайды. Кейін күн бойы қаттырақ жел есіп қалуынан немесе автобустағы сығылыста бірер бөтен қол байқамай тиіп кетіп, басындағы «соңғы үлгідегі шаш түрмегін» бұзып жібермеуінен қорқып жүреді. Егерде, басы қышып қалса да күн бойы қасынудан өзіні тыйып, барлығына шыдап жүреді. Қош, не үшін ол осынша қорқынышқа түсіп, азапқа шыдап жүр? Әлбетте адамдар үшін! Барлық жақсы нәрселеріміз адамдар үшін!
Әйел кісі адамдарға әдемі сөйлейді, жұмсақ мәміледе болады. Қонақтарды және құрбыларыны ашық жүзбен, жұмсақ сөзбен, көркем әдеп және күлкімен күтіп алады. Күйеуін есе, тек қабағы салыңқы, безірейген, пешенесі тырысқан, көңілі түскен халде, қопал сөздермен күтіп алады. Ия, күйеуіне міне солай мәміле жасайды!
Әйелдің барлық зейнеттері де адамдар үшін! Егер көшеге шықса, көшедегілер үшін сәнденіп, әсемденіп, боянып шығады. Күйеуіне есе, әрқашан шаштары тозыған, жүздері безірейіп, киімдерінен шала күйген майдың, пияздың және сарымсақтың иісі аңқып тұрған халде көрінеді! Ия, күйеуіне міне сондай халде көрінеді! Күйеуі бейшара барлық нәрсені өзі үшін емес, көшедегілер үшін алып берген екен ғой!
Қонақтар келсе, қонақ күтетін бөлмеде, жасатылған дастархан айналасында, ең таза және қымбат ыдыстарда тамақ жейіледі. Егер қонақ келмесе, асхананың өзінде, ескі дастархан айналасында, қыры сынған кесе және ыдыстарда тамақ жейіледі.
Жатын бөлмеде-де әдемі жасатылған екі кісілік дивандар, оның үстіне таза, аппақ төсеніштер төселген болады. Әлбетте, бұл сұлулық күйеуім көріп, қуансын деген мақсатта жасалынбайды. Бәлкім, келетін қонақтар көріп, қызығулары үшін солай жасалады. Бұл диванның, сұлулықтардың ақиқи егесі есе ескі, тітіліп кеткен көрпеде, сырттағы кішірек темір краватта жатады. Өзімізді қинаймыз, мойындарымызды, аяқтарымызды байлаймыз. Барлық қиыншылықтарға шыдаймыз. Бұл шыдам, сабыр кім үшін? Адамдар үшін!
Егер қызымызды тұрмысқа бермекші болсақ, оның және келешкетегі күйеуінің пайдасын, бахытын ойлаймыз. Олардың қандай отбасы құрулары жайлы бас қатырмаймыз. Бәлкім, бір күнде өтетін той турасында, сол тойға келетін адамдарды разы ету жайлы ойлаймыз. Қызымыз бен бір өмір бірге жасауға бел байлап тұрған күйеудің әдебі, мінезі, тұралы сұрамастан, бәлкім, қызымызға қанша махр беруін сұраймыз. Өйткені тойдан кейін баршаға: «Күйеу қызыма он мың доллор махр берді» деб мақтанып жүруіміз керек-та! Және күйеу жақтан қандай жихаздар беруін сұраймыз. Өйткені көрші қолаң, ағайын-туыстар бұл жихаздарды көріп «ауыздары ашылып» қалулары керек ғой, дұрыс-па?!!
Тойда соншалықты ысырапгершілікке жол береміз, Рахманды емес, шайтанды разы етуге жарысамыз. Бар-жоғы бір күн ғана киілетін келіндік киімі үшін қаншадан-қанша қаражатты жұмсап жібереміз. Кіліннің боянып-тарануы үшін де беліміз ауырмай қаржы жұмсаймыз. Қош, осылардың баршасы кім үшін? Қызымыздың бақыты, пайдасы үшінбе? Жо-оқ, әлбетте! Сауап және жәннат үшінбе? Және, жоқ! Онда кім үшін? Адамдар үшін!
Адамдар содан кейін де сізден разы болмайды. Өйткені, сіз қанша қаржы жұмсап оларға жағуға әрекет жасамаңыз, олардың арасында сізден де көбірек қаржы жұмсайтындар бар. Адамдар әне сондай қаржы жұмсайтындарды көргенде, сіздің тойыңыз тұралы: «Осы да той болыпты ма?», «Пәленше тойына мұнша жұмсапты», «Пәленше қызының келіндік киімін осыншаға алып беріпті» деген сияқты сөздерді айтады. Қош, сонда сіздің жасаған сонша әрекеттеріңіз қайда кетеді? Өйткені сіз барлығыны адамдар үшін жасаған едіңіз ғой!
Қайғылы күндеріміз-де тойларымыз секілді ысырапкершілікпен кім озарға жасалатын жиындарға ұқсап қалды. Қаны еді той және қайғылы күндерде болатын бекерге мал сарыптаудың зияны сол жиындардың егелеріне ғана болса! Жо-оқ одан кемінде отыз отбасы зиян көреді. Айлыққа күн көретін бейшара еркектің тапқан ақшасы отбасының ішіп-жеуіне әрең жетеді. Айлығы да үш жүз мыңнан аспайды. Көрпесімен басыны жапса, аяғы ашылып қалады, аяғыны жапса басы ашылып қалады. Күндердің бірінде сол жағдайда күн көріп жатқан бейшараның әйелінің нағашысының әйелінің әпкесі дүниеден өтіп қалады. Әйелінің сол «туысына» барғысы келіп қалады. «Тездетіп маған азаға киіп баруым үшін қара көйлек алып берің» деп тұрып алады. Күйеу әйеліне «Береке тапқыр біздің қаржылай жағдайымыз қара көйлек сатып алуға жарамайды» десе, әйелі жылап: «Қара көйлегім болмаса, дүниеден өткен мархума «туысыма» қандай барамын? Адамдар не дейді» деп қарсылық білдіреді. Егер сұрастырсаңыз сол мархуманың жасы жетпіс тоғызда болып, өмірлік кезінде оны көруге алты жылдан бері бармай жүрген әйелдің енді барғысы келіп қалады. Ол көйлек те кемінде жүз мың тұрады. Ессіз енді балалар он күн тамақ жемейтін болды. Өкініш…
Медреседе сабақ дайындап жатқан болсаңыз немесе жұмысшыларыңызға қызмет ақысын беруге дайындалып тұрған болсаңыз немесе өлім төсегінде жатқан қызыңызды ауруханаға алып бара жатқан болсаңыз немесе алдыңызда орындалуы зәру болған бір іс тұрғанда, кенеттен күтілмегенде бір бекерші танысыңыз келіп, сіздің уақытыңызды алмақшы болады. Сіз оған «Қазір уақытым жоқ, кейінірек сөйлесеміз» деб айтпаңыз! Ондайда адамдар сіз туралы жаман сөз сөйлей бастайды!
Егер көршіңіз миллионер бай адам болса, үйіне жаңа соңғы шыққан муздатқыш, кір жуу машинасы, ұзындығы сегіз метр, ені бес метрлі кілем алып келген болса, сізде сондайын сатып алыңыз! Неге? « Мен айлыққа күн көретін адаммын!» дейсізбе? Айлыққа күн көрсеңіз не болыпты ұрлық жасаңыз, қарақшылық жасаңыз, қайдан болса да ақша тауып, сол бұйымдарды сатып алыңыз! Болмаса сіз де адамдардың ауызына түсіп қаласыз.
Егер шет елде істейтін пәленше бизнесменнің әйелі той жасап, сол тойға сіздің әйеліңізді де шақырған болса, әйеліңіз ол жерде таус етін, арнайы рейспен шет елден әкелінген әжептеуір шіріндіктер және басқа ғажайып тағамдар жеген болса, сіз де бір күн келіп той жасағаныңызда сондай нәрселерді қоюды естен шығармаңыз. Болмаса адамдар сөйлейді!
Сөздің соңы, сіздің отырысыңыз, тұрысыңыз, жеуіңіз, киуіңіз, үйіңіздегі төсегіңіз, күнделік қаражаттарыңыз адамдар қалағандай болсын! Егерде қиналсаңыз, буылсаңыз, азапқа қалсаңыз, бахытыңызға, малыңызға зиян жетседе. Өзіңізді жақсаңыз да солай жасауға әрекет етіңіз. Болмаса адамдар сізді сынға алады!
Адамдар сол-сол адамдар! Эй адамдар қашан өзіміз үшін жасаймыз?! Қашан шариғат және ақыл шегарасында тоқтаймыз?!! Мағынасыз «Үрф-әдеттер» ді сындырып, өмірімізден суырып алып тастайтын ақылдылар, күштілер арамыздан қашан шығады?!!
Бірақ мен мұндай «үрф-әдеттер»-ге көңіл бөлмеймін. Бірақ насихатымды есітуді қалаған адамдар үшін бір нәрсені айтпақшымын: «Адамдар келіңдер Алдымен дінімізге ергесейік! Харам іске ешқашан қол ұрмайық! Кейін ақылымызға қулақ салайық! Шариғатымыз жақсы деп айтқан істерді істейік! Жаман деп айтқан істерден сақтанайық! Көрпемізге қарап аяқ ұзатайық!» Қажетті нәпақаға қызғаншақтық қылмайық-та байлардың байы болсақ та қалған қаражаттарды тәрк етейік! Егерде, шариғатымызда қайтарылған харам істі жасап жатқан жоқпыз ба, адамдардың сөзінен қорықпайық! Адамдар алдын да сөйлеген, қазір де сөйлеп жатыр, бұдан кейін де сөйлей береді! Өйткені Мухаммед (с.а.у) жайлы қандай сөздер айтты? «Жынды» демедіма?!! «Сиқыршы» демеді ма?!! «Өтірікші» демеді ма?!! Болмаса Ол зат «Сайидул башар», «Хотамул анбиё» еді. Сондай екен адамдар сіз жайлы қалағандарын сөйлесін! Сіз есе адамдардың ашуынан, сөздерінен емес, Аллаһтың ашуынан (ғазабынан) қорқыңыз! Егер Аллаһ т.-.ны разы ететін іс жасаған болсаңыз, адамдар сіз жайлы не дегендеріне көңіл бөлмеңіз!
Али Тантауидің “Барлық нәрсе адамдар үшін» мақаласы.
Аударған Сарыағаш ауданы, Келес өңірі «Ешан баба» мешіті бас имамы Аристанов У