https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Омар р.л.ғ. өмірінің соңғы сәттері

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1342 рет

Абдуллаһ ибн Зубайр р.л.ғ. айтады: “Мен есімді білгелі бері Омар р.л.ғ. пышақталған түнгі бізге жеткен қайғыдан гөрі ауыр қайғыны білмеймін”.

Бесін, аср, шам және құптан намаздарын жақсы халді бір адам оқып берді. Таң намазын дауысы бізге жат болған кісі оқып берді. Ол – Абдуррахман ибн Ауф р.л.ғ. екен. Намазды оқып болғанымыздан кейін: “Момындардың әмірі пышақталыпты”-делінді.

Адамдар келіп қарағанда Омар р.л.ғ. қанға боялып жатқан болатын. Таң намазын әлі оқымаған еді.

Оған: “Уа момындардың әмірі, намаз, намаз”-делінді. Сонда ол: “Аллаһқа ант, намазды зая еткен адамға Исламда несібе жоқ”-деп, орнынан атып тұрмақшы болғанда, жараланған жерінен қан атқылап кетті. Сосын Омар р.л.ғ.: “Уа халайық! Бұл сіздердің көз алдарыңызда болды ма?”-деп сұрады. Али ибн Абу Талиб р.л.ғ.: “Жоқ, Аллаһқа ант, кім пышақтағанын білмедік”-деді де, Абдуллаһ ибн Аббасқа р.л.ғ. қарап: “Шығып адамдардан сұрастыр да, шындықты маған жеткіз”,-деп бұйырды. Ол шығып келіп: “Уа момындардың әмірі, жәннатпен қуаныңыз. Халық арасында бірде-бір еркек те, әйел де қалмай, баршасы сіздің халіңізді естіп жылап жатыр. Сізге пышақ ұрған Абдул-Муғира ибн Шуғба екен. Ол сізбен қоса тағы он екі адамды пышақтады. Олар да қанға боялып жатыр. Уа момындардың әмірі, сізге жаннат құтты болсын!”-деді. Омар р.л.ғ.: “Уа Ибн Аббас, бұнымен менен өзгені құттықта”-деді.

- Неге бұлай демес екенмін? Аллаһқа ант, сіздің Исламға кіргеніңіз – мұсылмандарға абырой, қоныс аударғаныңыз – жеңіс, басшылық еткеніңіз — әділдік болды. Сондай-ақ зұлымдық құрбаны болдыңыз.

Сонда Омар р.л.ғ. Ибн Аббасқа р.л.ғ. бұрыла қарап: “Аллаһтың алдында осыған куәлік бересің бе?”-деді. Ибн Аббас р.л.ғ. біраз кідіріп қалды. Қасында тұрған Али ибн Абу Талиб р.л.ғ.: “Иә, уа момындардың әмірі, қиямет күні Аллаһтың алдында сіз үшін куәлік етеміз”,-деді.

Сосын Омар р.л.ғ. ұлы Абдуллаһқа р.л.ғ.қарап: “Уа ұлым, бетімді жерге тигізіп қой”-деді. Ұлы Абдуллаһ р.л.ғ. айтады: “Мен әкемнің бұл сөзіне мән бермедім. Өйткені, бұл сөзді есін жоғалтқаннан айтып жатқан болар деп ойладым. Екінші рет тағы да: “Уа ұлым, бетімді жерге тигізіп қой”-деді. Мен тағы да істемедім. Үшінші рет: “Сорың құрғыр, бетімді жерге тигізіп қой”-деді. Сонда мен әкемнің ақылы орнында екенін, жүрегі ашынғаннан айтып жатқанын білдім де, бетін жерге тигізіп қойдым. Топырақ арасынан көрініп тұрған сақалына қарап тұрдым. Ол жылап жатты. Тіпті топырақ лайланып, көздеріне жабысып қалғанын көрдім. Ол еріндері жыбырлап, бір нәрсе айтып жатты. Тыңдап көрсем: “Егер Аллаһ кешірмесе, онда Омардың соры құрсын”,-деп жатыр екен”.

Жанәділ Раймбеков

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз