https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

119 рет оқылды Әбу Бәкрдің р.л.ғ. Омарға р.л.ғ. айтқан өсиеті

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1386 рет

Зубайр ибн Хариса р.л.ғ. айтады: «Өлім төсегінде жатқан Әбу Бәкр р.л.ғ. өзінен кейін басшы ретінде тағайындау үшін Омарға р.л.ғ. хабаршы жіберді. сонда адамдар былай деді: «Сіз өзіңізден кейін Омар р.л.ғ. сияқты қатал да, қатыгез адамды басшы етіп тағайындауды қалайсыз ба? Олай болса ол одан бетер қатал болмай ма? Аллаһ Тағаланың алдына барғанда не деп жауап бересіз?» Сонда Әбу Бәкр р.л.ғ.: «Мені Тәңіріммен қорқытасыңдар ма? Мен Аллаһ Тағалаға былай деймін: «Мен өзімнен кейін басшы етіп үмметтің ең лайықтысын қалдырып кеттім»- деп жауап берді.

Омар р.л.ғ. келгеннен соң Әбу Бәкр р.л.ғ. оған былай деп өсиет етті: «Қабыл етер болаң менің саған айтарым бар. Ақиқатында Аллаһ Тағаланың тек түнде қабыл етіп, күндіз қабыл етпейтін ақысы бар. Сонымен қатар Хақ Тағаланың тек күндіз қабыл етіп, түнде қабыл етпейтін ақысы бар. Парызыңды өтемейінше Аллаһ Тағала нәпіліңді қабыл етпес. Дүниеде ақиқатқа ергендердің таразысы Ақыретте ауыр болатынын көрмейсің бе? Ал ақиқат қойылған таразы басы қашанда басым түседі. Дүниеде жалғанға ергендердің таразысы Ақыретте жеңіл болатынын көрмейсің бе? Ал жалған қойылған таразы басы қашанда жеңіл болары сөзсіз. Пенде Ақырет жақсылығынан үміттенсін және құдайшыл болсын деп Хақ Тағала қасірет аятымен қатар үміт аятын әрі үміт аятымен қатар қасырет аятын түсіргенін көрмейсің бе? Сонда ғана пенде опатқа ұшырамайды әрі Тәңірінен өзіне тиесілі болған нәрседен артығын талап етпейді. Осы өсиетіме ерсең жантәсілім сәтіңде сен үшін өлімнен артық нәрсе болмайды. Ал егер өсиетіме құлақ аспасаң, онда сен үшін өлімнен жеккөрінішті нәрсе болмайды».

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз