https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2823 рет

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:
—     Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.
Жиналған халық көп дағдарып:
Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.
Сонда Жәнібек хан:
—     Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.
—     Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.
Сонда Қарабас:—Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім.
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім,
Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз