https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

АЛЛАНЫ КӨРСЕТСЕҢ СЕНЕМ

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1482 рет

Имам Ағзам Әбу Ханифаның бала кезінде еді. «АЛЛА»
деген бір жаратушының болмағанын, әр нәрсенің табиғаттан жаратылғанын
мақұлдайтын, қайда барса да ғалымдармен кездесіп айтысатын бір дінсіз
адам жүре-жүре Куфә қаласына да жетті!
Теріс пікірлерін айта бастаған бұл дінсіздің, Куфа шаһарының
ғалымдарымен кездесіп мәжіліс құрмақшы болғанына күлген мұсылмандар:
- Біздің кішкентай бір ғалымымыз бар. Егер соны жеңе алсаң білімді
ғалымдарымыз сенімен кездеседі!, — деп жауап берді. Содан кездесетін
жерін және уақытын айтып тарады.
Куфәлілер мәжіліс үйіне лық толды. Арадан жарты сағат өткенде
кішкентай ғалым әлі келмеген еді. Уақыт өткен сайын дінсіз, өзінен-өзі
кекірейіп: «Білем! Менен қорықты!». — деп жылмаң қағып отырады.
Дәл осы кезде кішкентай ғалым Имам-Ағзам Әбу Ханифа да кіріп келді.
Дінсіз адам оған:
- Не үшін кеш қалдың кішкентай тентек? Қорыққаныңнан кешіктің бе? -
деп сұрады. Ол да:
- «Жоқ неден қорқам. Үйіміз өзеннің ар жағында. Бер жаққа өтпекші
болғанда көпірдің түсіп кеткенін көрдім. Өте алмайтынымды білген соң сол
маңайдағы ағаштарға; «дереу бір қайық болып мені арғы жаққа өткізулерін
әмір» еттім. Ағаштар да қайық болып мені өткізді. Сондықтан кешіктім.
Кешіріңіздер!» — деді.
Бұл жауапқа қарқылдап күле бастаған дінсіз адам:
- «Ей ақылсыз балам-ай! Ешбір ағаш өз-өзінен қайық бола ма?» -
дегенде Әбу Ханифа шындыққа көшіп:
- «Анығында ақылсыз өзіңсің. Бір қайықтың өз-өзінен жасалғанын
қабылдамайсың сөйте тұра ұшы-қиырсыз, алды-арты жоқ әлемнің өзінен өзі
бар болғанын қайтып қабылдап отырсың?» Бұл тамаша тапқырлыққа таң қалып
қалған дінсіз:
- «Мені байқатпай ұстадың ғой! Жә, ондай болса көрсетші ол Алланы
маған, мен де сенейін», деді. Сонда Әбу Ханифа, бір шыны сүт алдырып,
дінсізден сұрады:
- Осы май мен ірімшік қайдан шығады?
- Әлбетте, сүттен!
- Ендеше, мына шыныдағы сүттің ішіндегі май мен ірімшікті маған
көрсетіп берші! Дінсіз әбден шарасыз қалып:
- «Әрине, бұл сүттің ішнде май мен ірімшік бар. Бірақ, көзге
көрінбейді», — деді. Тапқырсынып отырғанда тапжылтпай ұстаған Әбу
Ханифа:
- «Мына жалғыз шынының ішіндегі сүттің май мен ірімшігінің бар екенін
біле тұрып, оны көрсете алмайсың да мына үлкен әлемді жаратқан Алланы
қайта-қайта, көрсет маған дейсің! Бұл мүмкін бе? Сүттің ішінде қалай май
болса, Алла да бұл әлемде осылайша бар, бірақ көрсетуге болмайды», -
деді.
Бұл дәледі жауаптармен әлі де, бір Алланың барлығына сенбей,
білгірсініп отырған, адам:
-»Соңғы сұрағыма жауап берсең сонда барып саған жеңілгенімді
мойындаймын. «Алла бар» деп бой бермейсің ғой. Ол Алла дәл қазір не
істеп жатыр? — деп сұрады. Бір азғана ойланып қалған ғалым:
- «Бағанадан бері отырған мінбеден түсіңіз енді» — деді. Сұрақтың
жаубын сонда берейін деп, дінсізді төмен түсіріп, өзі мінбеге шығып:
- «Дәл қазір Алла сен сияқты бір дінсізді мына мінбеден төмен
түсіріп, мен сияқты кішкентай бір құлын жоғары шығарды» — деді.
Білгірсінген дінсіз аузын аша алмай қалды. Мәжіліс үйін лық толтырған
қалың халайықтың алдына «Кәлима-Шәһәдет» айтып дереу мұсылман болды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз