https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Үмму Айман

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1829 рет

“Расулаллаһ жылап тұрғанда, мен қалайша
жыламайын?!”.
(Үмму Айман)
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) Аллаһтың хикметті
жазмышы бойынша, туылмастан бұрын әкесінен ай-
ырылса, алты жасында анасынан айырылып жетім
қалды. Пайғамбарымыздың анасын жоқтатпауға
тырысқан бірнеше әйелдің бірі – Үмму Айман. Ол
Пайғамбарымыздың анасының қызметшісі болатын.
Әмина босанбастан бұрын да, кейін де оның нұр жүзді
нәрестесін күтісетін.
Әмина анамыздың Пайғамбарымызбен соңғы сапа-
рында олармен қызметші Үмму Айман да бірге болды.
Әке-шешесіз қалған Аллаһтың сүйікті елшісі (с.а.с.)
Үмму Айманның қарауында өсті. Оның мейірімінен
қуат алып өскен Пайғамбарымыз (с.а.с.): “Үмму Ай-
ман – анамнан кейінгі анам”,– дейтін.
Пайғамбарымыз туған анасындай Үмму Айманның
жақсылықтарын бір сәт ұмытпады. Хадиша анамыз-
бен отау құрғаннан кейін де оған үнемі қол ұшын
беріп тұратын. Кейіннен Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның
бақытты шаңырақ көтеруіне себепкер болды. Екінші
анасын Зәйд ибн Харисаға үйлендірді. Олар бақытты
ғұмыр кешті. Алайда Хунәйн соғысында Зәйд шейіт
болды. Күйеуінің шейіт болғанын естігенде Үмму Ай-
ман мүмин адамға жарасарлық сабыр көрсетті. Бетін
тырнап жыламай, Аллаһтың жазмышына мойынсұн-
ған-ды.
Үмму Айман – хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) пай-
ғамбарлық келген кезде алғаш оған иман келтіріп
ергендердің, Аллаһ жолында қиындықтарға көнуге
разы болып, басына өлім қаупі төніп тұрса да, иманы-
нан жаңылмаған алғашқы сахабалардың бірі.
Ол Аллаһ үшін Эфиопияға, одан кейін Мәдинаға
һижрет етіп, екі һижрет сауабын алды319.
Хазірет Үмму Айман Ислам шуағы шартарапқа
шұғыла шашуы жолында жанын беруге әрдайым дай-
ын тұратын жанқияр сахабалардан. Ұхұт шайқасында
мұсылман әскерлерге көмек көрсетті. Жаралылардың
жарақаттарын таңып, ауыз суларын тасып беріп
тұрды.
Басқа сахабалар сияқты Үмму Айман да Аллаһ
расулы (с.а.с.) үшін құрбандыққа барар сахаба еді.
Ол Пайғамбарымыз қуанса қуанып, мұңайса бірге
мұңаятын. Күндердің бір күнінде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) сырқаттанып жылаған кішкентай баланы
құшағына алып, Мейірім пайғамбары көз жасын төкті.
Оның жылағанын көріп қалған Үмму Айман да қосылып
жылайды. Пайғамбарымыз одан: “Аллаһтың Расулы
қасыңда емес пе, неге жылайсың?”, – деп сұрағанда, ол:
“Расулаллаһ жылап тұрғанда, мен қалайша жыламай-
ын?!” – деп, оған деген сүйіспеншілігін көрсетті321.
Ардақты елші (с.а.с.) Үмму Айманды (р.а.)
жалғыз тастамады. Күндердің бір күнінде сахабала-
рына: “Жәннаттық әйелге үйленгісі келген адам Үмму
Айманға үйленсін”,– деді. Осылайша оның жәннаттық
екенінен алдын ала хабар берген еді.
Аллаһ елшісінің бұл ұсынысын Зәйд ибн Хариса
құп алады. Ол тұста Зәйд қылшылдап тұрған жас жігіт
еді. Өзінен жасы әлдеқайда үлкен әйелмен үйленуді
Аллаһ расулын разы ету үшін қабыл етті. Пайғам-
барымыздың (с.а.с.) разышылығын алу дүниелік
ләззаттардың бәрінен ол үшін қымбат еді. Бұл қасиетті
некеден ұлы сахабалардың бірі, Ислам әскерінің
қолбасшысы Усама дүниеге келді.
Үмму Айманды Пайғамбарымыз ерекше ыстық
ықыласпен жақсы көріп, анасындай құрмет көрсетіп,
әрқашан жағдайын сұрап тұратын.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін
хазірет Омар Әбу Бәкір Сыддыққа: “Аллаһ расулы
тірі кезінде Үмму Айманның жағдайын үнемі сұрап
тұратын. Біз де оның жағдайын сұрап қайтайық”, –
деп екеуі оның үйіне барады. Аллаһ расулының (с.а.с.)
достарын көрген Үмму Айман еріксіз лықсып келген
көз жасына ие бола алмайды. Одан: “Неге жылайсың?
Расулаллаһтың Аллаһтан алатын сауабының қайырлы
екенін білмеймісің?”, – деп сұрағанда, ол: “Әрине,
білемін. Әлбетте, Расулаллаһ үшін Аллаһтың беретіні
қайырлы. Бірақ мен уахидің тоқтағанына жылаймын”,
– дейді. Бұл сөз Пайғамбарымыздың жан серіктеріне де
қатты әсер етіп, олар да қосылып егіле жылады.
Пайғамбарымыз қайтыс болғаннан кейін Әбу Бәкір,
Омар және басқа сахабалар да ерекше құрмет көрсеткен
хазірет Үмму Айман (р.а.) Осман ибн Аффанның
халифалығы тұсында бақиға аттанды.

Саңлақ сахабалар кітабынан алынды

Алау Әділбаев

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз