“Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Аллаһ сіздерді
Жұмаққа кіргізеді”.
(Хадис)
Сүмәйя – Аммар ибн Ясирдің анасы. Әбу Хузәйфа
ибн Муғираның азат еткен күңі болатын. Ясир бауырын
іздеп табу үшін Йеменнен Меккеге келіп орналасқан
Әбу Хузәйфаның одақтасы болатын. Әбу Хузәйфа оны
күңі Сүмәйяға үйлендірді. Сүмәйя Аммарды туғаннан
кейін оны қожайыны азат етті. Содан кейін олардың
Абдуллаһ атты ұлдары да болды. Бұл отбасы – Ислам-
ды бар мүшесі түгел қабылдаған ең алғашқы бақытты
шаңырақ.
Хазірет Сүмәйя – Исламды алғаш қабылдаған жеті
кісінің бірі.
Алғашқы кездері Пайғамбарымызды ағасы Әбу
Тәліп қорғаса, Әбу Бәкірді өзінің руластары Тәйімұлдары
қорғады. Басқа қолдаушысы болмаған мұсылмандарды
өз руының басшылары (мүшріктер) дінінен бас тартқызу
үшін ұрып-соғып, ас-сусыз қалдырып неше түрлі азап-
тарды көрсетуге тырысты317. Жаздың ми қайнатар
ыстығында үстеріне темір сауыт кигізіп азаптайтын.
Бұларды бастап мейірімнен мақұрым Әбу Жәһил
жүрді. Ол мүшріктерді жаңадан мұсылман болғандарға
ұрып-соқ деп айдап салып, оларды азаптаудан ләззат
алатын. Беделді, даңқты адамның мұсылман болғанын
естігенде “бұдан кейін сенің пікірің тыңдалып, құрмет
317 Зәһәби, сәйру ә’ләмин-нубала’и, 1:408-409.
323
Сахаба аналар
көрсетілмейді” деп қоқан-лоққымен үркітсе, әлдебір
саудагер иман келтірсе “сенің саудаңды зиянға
ұшыратып, мал-мүлкіңді құртамыз” деп қорқытатын.
Егер қолдаушысы жоқ әлсіз бір адам мұсылмандықты
қабылдай қалса, оның басына әңгіртаяқ ойнататын.
Ясир отбасын дінінен бас тартқызу үшін мүшріктер
оларға көрсетпегенді көрсетті. Алайда олар бар
қиындыққа төзіп, жүрегінің төрінен нық шегедей орын
алған имандарын сатып кетпеді.
Күндердің бір күнінде Ясир отбасын мүшріктердің
азаптап жатқанын көрген Аллаһ расулы жаны күйзеліп,
оларға: “Ясир отбасы, сабыр сақтаңдар. Аллаһ сіздерді
жәннатқа қояды”, – деп жігер беріп, Аллаһқа дұға жа-
сады.
Дінінен бас тартпаған Ясирді мүшріктер азаптап
өлтірді. Ясир – Ислам тарихында иман жолында шейіт
болған алғашқы кісі.
Хазірет Сүмәйя кәрі әрі әлсіз болғанына қарамастан
мүшріктердің көрсеткен ең ауыр азаптарына төзе білді.
Олар қинаған сайын жүрегіндегі иман оты қоздай түсті.
Сүмәйяны қинауды Әбу Жәһил өз мойнына алады:
– Аталарыңның тәңірлерін тастап, Мұхаммедтің
тәңіріне бас июге қалайша дәтің барады? – деп доқ
көрсетті. Иманынан күш алған Сүмәйя зұлымдықтан
көзі қарайған Әбу Жәһилге:
– Мені тура жолға салған Аллаһтан бас тартпай-
мын, – деді. Құдіреті күшті Аллаһтың бір екендігін
ақылына сыйдыра алмаған азулы мүшрік:
– Олай болса маған сол тәңіріңді көрсетші, кәнеки,
– деп оны мазақтайды. Қараңғылық дәуірінің ақылға
сыймас әдеттері мен сенімдерінен жиіркеніп, Ислам
нұрынан қуат алған Сүмәйя, мына аятты оқыды:
324
Cаңлақ cахабалар
“Көздер Оны көре алмайды. Алайда ол барлық
көздерді көреді. Ол – Латиф және Хабир” (“Әнғәм”,
103).
– Латтың атымен ант етейін. Мұхаммед сені
сиқырлап тастаған, – деді Әбу Жәһил.
– Керісінше, ол мені нұрға бөледі, – деді қасқайып.
Ашу-ызаға қылғынып өлердей булыққан Әбу Жәһил
басқа не айтарын білмей:
– Сен салдақы Мұхаммедтің ажарына ғашық
болғандықтан оған иман келтірдің, – деп сан-
дырақтады.
Әбу Жәһилдің көр қараңғылығына, қаныпезерлі-
гіне шыдай алмаған хазірет Сүмәйя зәредей қаймықпай,
оның айыптарын бетіне басады. Күні кеше ғана өзінің
басыбайлы күңі болған бұл әйелден қайсар жауап
күтпеген қанішер Әбу Жәһил иманы берік Сүмәйяны
найзасымен шаншып өлтіреді. Осылайша иманы-
нан жаңылмаған Сүмәйя – Ислам үшін шейіт болған
алғашқы әйел318.
Иманның уыз нәрін татқан адамға Аллаһ жолында
жанын пида ете білуден асқан бақыт жоқ.