“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, уа, Расулаллаһ!
Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар түк емес”.
(Сүмәйра бинт Қайс)
Қанды Ұхұт шайқасында мұсылмандар жеңіліске
ұшырады және Расулаллаһ шейіт болды деген хабар-
ды ести сала, екі өкпесін қолына алып, соғыс алаңына
барған қаһарман әйелдердің бірі – хазірет Сүмәйра.
Ұхұт шайқасына қатысып қаһармандық танытқан
асыл ерлердің қатарында Сүмәйраның күйеуі, бауыры
және баласы бар еді. Ұхұт шайқасында бұл үшеуі де
шейіт болып, денелерінен сау-тамтық қалмайды. Соғыс
алаңына келген Сүмәйраға сахабалар көңіл айтып, са-
быр тіледі. Алайда ол: “Аллаһ расулы қандай күйде?”,-
деп сұраумен болды. Сахабалар Аллаһ елшісінің (с.а.с.)
тірі екенін айтса да, өз көзімен көрмейінше көңілі
көншімеді. Жанындағылардан Аллаһ расулының қайда
екенін сұрап алып, бөгелместен сол жаққа қарай бет
алды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тірі екендігін өз
көзімен көріп қуанғаннан Сүмәйраның жанарынан жас
ыршып кетеді: “Әке-шешем жолыңда құрбан болсын,
уа, Расулаллаһ! Сен тірі болшы, басқа қиыншылықтар
түк емес”, – деді.
Күйеуі мен баласы екеуінен бірдей айырылып қалу
өзіне ауыр тисе де, олардың Жәннатқа баратынына сен-
ген Сүмәйра көңіліне жұбаныш таба алды. Ал, Аллаһ
расулының (с.а.с.) қазасын сахабалардың көбісі көтере
алмайтын еді. Аллаһ расулынан айырылу олар үшін
Аллаһтан келген нұрдың сөнуімен бірдей қасірет еді.
Сахабалар үшін Аллаһ расулының тірі болуы дүниедегі
бар нәрседен қымбат, олар Аллаһ расулын өз жандары-
нан да артық жақсы көретін. Сахабалардың мәртебесін
көтерген де осы Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген шексіз
сүйіспеншілік болатын. Аллаһ расулының барлық
сахабаға, барша мұсылмандарға, күллі адамзатқа
жүрегінен жеке-жеке орын табылуының өзі Оның
(с.а.с.) Аллаһтың Елшісі екендігіне анық дәлел. Он төрт
ғасыр өтсе де арғы-бергі тарихтағы ұлы тұлғалардың
арасында аты аталатын жалғыз хазірет Мұхаммедтің
(с.а.с.) даңқы қияметке дейін сөнбейтіндігіне күллі
ғалам куәлік ете алады.
Алау Әділбаев
Саңлақ сахабалар кітабынан алынды