https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Хазірет Хадиша

11 May 2015 0 comment Оқылды: 5186 рет

Сахаба аналар
Ислам дінінің қанат жайып, кең таралуында ер са-
хабалар қалай қызмет етсе, жаужүрек ұрпақ тәрбиелеп,
Аллаһ пен Расулының (с.а.с.) жолында солардан
қалыспай шыбын жанын пида еткен әйел сахабалар да
болған. Олардың қатарында Жәннатпен сүйіншіленіп,
Құранда аттары аталып, Пайғамбарымыздың ілти-
патына ие болған, һижрет еткен, соғыстарға қатысып
ерлік көрсеткен, Аллаһ үшін шейіт болуды аңсаған,
қолынан келген жақсылықты аямай, қиындықтарға төзе
білген жанқияр сахабалар да бар.
Сахаба аналардың ең әуелгілері ретінде Пайғам-
барымыздың өмірін әрлеп, кейінгі ұрпаққа тамаша
үлгі-өнеге көрсеткен оның пәк жұбайлары келеді.
Олар – мүминдердің анасы, уахи көктен құйылып түсіп
жатқанда Пайғамбарымызға серік болған, Аллаһтың
әмірлерін, әсіресе, жанұяға байланысты ой-шұқырлы
мәселелерін бізге жеткізген мүбәрак жандар.
Ислам діні келген кезде алғаш иман келтірген
алғашқы адамның әйел екенін де ескерген жөн. Ол
бақытты әйел – мүминдердің анасы Хадиша (р.а.).
Тектілік жағынан хазірет Фатимаға тең келері жоқ
десек, өз дәуірінде ілімі жағынан кемел, діни қызметтері
мен Пайғамбарымыздың үйреткендерін тарату жолын-
да Айша анамыздың (р.а.) өзі бір төбелік танытады.

Хазірет Хадиша
“Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені
мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып
жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені
өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Ел менен не нәрсесін
де аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Аллаһ
тағала тек содан ғана маған перзенттер нәсіп етті” .
(Хадис)
Хазірет Хадиша – Пайғамбарлар сұлтанының
(с.а.с.) пәк, ар-намысы таза, адамгершілігі мол өмірлік
жан серіктерінің алғашқысы.
Арабтардағы ең беделді тайпа Құрайыш тайпасы
болса, ол сол тайпаның ең текті отбасыларының бірінің
перзенті болатын. Әкесінің аты – Хуәйлид, анасының
аты – Фатима. Хадиша анамыздың шежіресі әке
жағынан Пайғамбарымыздың бабасы Құсайға, шеше
жағынан Пайғамбарымыздың аталары Луәйге келіп
тірелетін281.
Құрайыш қыздарының ішінде көргендігі, көркемдігі,
ибалылығы мен дәулеті жөнінен ерекшеленетін Хади-
ша – жәһилия кезеңінің өзінде «тахира», яғни “пәк,
арлы әйел” атағына ие болған абзал тұлға. Алғашында
ол Атиқ ибн Азизге тұрмысқа шығып, одан бір қызды
болды. Ол қайтыс болған соң Тәмим руынан Әбу Ха-
ламен отау құрып, одан бір ұл, бір қыз тапты. Алайда
бұл күйеуі де қайтыс болып, жесір қалды. Содан кейін
де аты мен заты дара, хаса сұлу Хадишаны талайы
айттырды. Бірақ текті Хадиша теңі кездеспегендіктен,
олардың ешқайсысын көңілі хош көрмеді.
Дәулетті Хадиша саудамен айналысып, жыл сай-
ын Шамға керуен жөнелтетін. Мұхаммед Мұстафаның
(с.а.с.) сенімді, тәрбиелі, ісіне адал жан екенін естіп
біліп, оған Шамға баратын сауда керуенін басқаруды
ұсынды. Аманатқа қиянат жасамайтын Мұхаммед –
Әмин (сенімді) (с.а.с.) бұл ұсынысты қабылдап, Шамға
аттанып кетті. Керуен үш ай жол жүріп, соңында Шамға
табан тіреді. Меккеден әкелінген заттар сатылып,
қажетті тауарлар алынды. Осылайша керуен қайтадан
Меккеге аттанды. Бұл жолғы керуен бұрынғыларға
қарағанда екі есе көп пайда түсірген еді. Осы керуен
сапарына хазірет Хадишаның қызметшісі Майсара да
қатысты. Майсара жол бойы Мұхаммедтің (с.а.с.) жай-
дары мінезді, байсалды, шыншыл, еңбекқор әрі тын-
дырымды жан екеніне куә болып, оралған бетте Ха-
диша анамызға оны аузынан суы құрып мақтап бітіре
алмады. Осы әңгімеден кейін Хадишаның жүрегінің
төрінен Адамзаттың ардақтысына (с.а.с.) деген сенім
мен сүйіспеншілік орын алды. Көп ұзамай текті Хади-
ша оған тұрмысқа шығу жөніндегі ұсынысын жасады282.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Әбу Тәліпке жағдайды баян-
дады. Әбу Тәліп барып, Хуәйлидқызы Хадишаға құда
түсті. Екі жақ келісіп, Хадишаның үйінде той жасал-
ды. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пен Хадиша анамыздың
некесі қиылды. Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 25
жаста, Хадиша анамыз (р.а.) 40 жаста болатын.
Олардың Қасым, Зейнеп, Руқия, Үммүгүлсім,
Фатима және Абдуллаһ деген алты перзенті болды.
Қасым мен Абдуллаһ кішкентай кезінде Меккеде
қайтыс болды. Пайғамбарымыздың хазірет Фатимадан
басқа перзенттерінің бәрі өзінен бұрын бақиға аттанды.
Пайғамбарымыз дүние салған соң алты ай өткенде Фа-
тима анамыз сүйікті әкесінің қасына кетті.
Бұл отбасы Меккедегі ең бақытты, ең үлгілі
шаңырақ еді. Хадиша анамыз жұбайын әрдайым
құрметтеп, отбасының пірі санайтын. Материалдық
әрі рухани жәрдемін жан жарынан еш аяған емес.
Пайғамбарымыз да аяулы жарын “Хадиша Кубра”, ұлы
Хадиша деп еркелететін.
Ұлы Хадиша адамзаттың мақтанышы Әлемдердің
Сұлтанын (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын да
сыйластығы мен сүйіспеншілігімен бақытты еткенінде,
пайғамбарлық кезеңі басталғанда да оны қолдап, ең
алғашқы мұсылман атағына ие болды.
Хира үңгірінде алғаш уаһи келе бастаған сәтте
Пайғамбарымыз қатты қорқады. Басынан өткен
жағдайды баяндап, көңіліндегі қорқынышты сейілтер
деген оймен өзін әрқашан қолдаған Хадиша анамызға
барады. Адамзаттың асылы (с.а.с.) үйіне барар-бармас,
“үстімді жабыңдар” деуге ғана шамасы келді. Хадиша
анамыз Пайғамбарымызды жатқызып, үстін жапты.
Шамалы болса да тынығып алған Пайғамбарымыз
(с.а.с.) оған басынан кешкен жайтты баяндап болған
соң: “Уа, Хадиша, көзіме бір сәулелер көрінеді. Қызық
дауыстар естимін. Пұттарды және көріпкелдерді
жаным сүймейтінін білесің. Алайда маған жындар
келе ме деп қорқамын”, – дегенде, парасатты Ха-
диша: “Олай деме. Қорқып, үрейленерлік ештеңе
жоқ. Уайымдама, Аллаһқа ант етейін, Ол сен сияқты
құлын ұятқа қалдыра қоймас. Өйткені, сен әрқашан
шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың.
Туған-туыстарыңмен сәлемің түзу, қабағың ашық.
Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағалдар мен кедейлерге
қол ұшын беріп, мүсәпірлерді үйіңнің төріне шығарып,
оларды құтты қонақтай күтесің. Халқың қиындыққа ду-
шар болғанда жәрдеміңді аямайсың. Уаллаһи, сені бұл
үмбеттің пайғамбары болар деп үміттенемін”284, – деп,
оны жұбатып, көңіліндегі қорқыныш сезімін басуға ты-
рысты.
Ең жақын сырласы, көңілінің жұбанышы, жан
серігін тек жұбатып қана қоймады. Жаратушыдан
келген бұйрықтарды халыққа жеткізу міндетін алған
Аллаһ расулына бұл қиын жолда: “Сенің пайғамбар
екендігіңе сенемін”, – деп қолдау көрсетіп, ең алғаш
мұсылман болу құрметіне бөленді. Мұндай сын
сағатта жолдасының шәк келтірместен иман етуі, ол
үшін үлкен бақыт болып, жігерін жаныды.
Хазірет Хадиша Ислам шуағын жаю жолындағы
Ислам тағдырының пышақ үстіндегі алғашқы жыл-
дарында бар мүлкін Аллаһ расулының жолында
жұмсаудан аянбады. Қиын-қыстау күндерде оны шын
ниетімен қолдап, көңіліне медеу болған, бар байлығын
Ислам жолында жұмсап, мұсылмандарға демеу берген
осы асыл жар – Хадиша Кубра еді. Бар байлығын Аллаһ
жолына сарп еткен мүминдердің анасы Хадиша Кубра
(р.а.) қайтыс болар кезде артында тігерге тұяқ қалмады.
Осындай жанкештілігі үшін де ол Аллаһтың сәлеміне,
Пайғамбарымыздың мадағына ие болды. Бір күні
Жәбірейіл періште келіп, Пайғамбарымызға былай деді:
“Аллаһ Хадишаға сәлем жолдайды. Жәннатта інжуден
жасалған салтанатты сарайдың сол үшін әзірленгенін
айтып, сүйіншіле. Ол жерде күйбең тіршілік жоқ, жан
рахаты бар”. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша анамызға
Аллаһтың сәлемін жеткізгенде, ол Аллаһтың сәлемін
үлкен қуанышпен қабыл алып, өзінің де сәлемін жол-
дайды.
Мүминдердің анасы Хадиша Кубра Пайғамбарымыз
Меккеден Мәдинаға көшерден үш жыл бұрын 65 жа-
сында дүние салды. Ол қайтыс болмастан аз ғана уақыт
бұрын Пайғамбарымыздың сөзін сөйлеп, мүшріктердің
азабынан қорғаштап келген ағасы Әбу Тәліп те көз
жұмған еді. Екі бірдей қолдаушысынан айырылған
Пайғамбарымызға бұл ауыр соққы болып тиді.
Сондықтан да бұл жыл “қаралы жыл” деп аталды.
Қилы заманда өзіне әрі қолдаушы, әрі көмекші, әрі
кеңесші болған алғашқы жол серігі Хадиша анамыздың
орны Пайғамбарымыз үшін мүлдем бөлек. Хазірет Ха-
диша анамыз көз жұмса да, Пайғамбарымыздың оған
деген махаббаты бір мысқал да кемімеген. Хадиша
анамыздың туыстарынан қолдан келген көмегін аямай-
тын. Оның көрсеткен жанқиярлықтарын Әлемдердің
Сұлтаны (с.а.с.) әрқашан аузынан тастамайтын.
Адал жары хазірет Хадиша (р.а.) жайлы жиі айтаты-
ны соншалықты, Айша анамыз Аллаһ расулын одан
қызғанатын.
Күндердің бір күнінде Пайғамбарымыз Хадиша
анамыздың жақсылықтарын тағы есіне алады. Айша
анамыз шыдай алмай: “Үнемі Хадишаны айтасыз.
Аллаһ тағала сізге одан да жас әрі әдемі әйелдер берді
емес пе?”, – дейді. Тозаңдай жақсылықты ұмытпайтын
Пайғамбар (с.а.с.): “Аллаһ Хадишадай қайырлы жар
сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген
қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт
түгел мені өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Халық
менен не нәрсесін болса да аяп итіне жегізгенде, ол
дәулетіне ортақ етті. Аллаһ тағала тек ғана содан маған
перзенттер нәсіп етті”,– деді. Хадиша анамыз жайлы
бұл сөздерді естіген Айша анамыз айтқанына ұялып:
“Уа, Расулаллаһ! Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа
ант етейін, бұдан кейін Хадиша жайлы естеліктеріңді
айта жүруіңді өтінемін”, – деп Пайғамбарымыздың
көңілін аулаған еді.
Пайғамбарымыз хадисінде: “Христиан әйелдердің
ішінде ең қайырлысы – Имранның қызы Мәриям,
мұсылман әйелдердің ішінде ең қайырлысы – Хуайлидтің
қызы Хадиша” деп мадақтаса, басқа хадисінде: “Осы
дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болған төрт әйел
бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары
Әсия, Хуайлидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы
Фатима”, – деген болатын.

Алау Әділбаев

Саңлақ сахабалар атты кітабынан үзінд

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз