https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Әбу Мұса әл-Әш’ари

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1489 рет

“Раббым! Абдуллаһ ибн Қайстың қателерін кешір. Оны
қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ал!”.
(Хадис)
Йемендік Әбу Мұса әл-Әш’аридің негізгі аты –
Абдуллаһ ибн Қайс. Алғаш мұсылман болып Эфиопияға
көшкендердің бірі. Ол – отбасымен бірге Йеменде
жүріп-ақ Пайғамбарымызды (с.а.с.) көрмей тұрып иман
еткен сахаба. Аллаһ елшісімен қол алысып серт беру
үшін жолға шыққан Әбу Мұса Эфиопияға жетіп, ол жер-
де Жағфар ибн Әбу Тәліп және басқа мұсылмандармен
кездеседі. Мәдинаға жеткен кезінде Хайбар алынып
қойған болатын. Пайғамбарымыз Әбу Мұсаға соғысқа
қатыспаса да түскен олжадан үлес бөліп береді270.
Ол Меккенің алынуы және Хунәйн шайқасына
қатысты. Хунәйн шайқасынан кейін Аллаһ елшісі
(с.а.с.) Әутас жазығына жиналған Хауазин тайпасына
қарсы Әбу Әмирді жіберді. Бұл шайқаста Әбу Әмир
шейіт болғаннан кейін басшылық міндеті Әбу Мұсаға
берілді. Әбу Әмирдің шейіт болғаны жайлы хабар
жеткенде, Пайғамбарымыз ол үшін дұға жасады. Әбу
Мұса да өзі үшін дұға тілеуді өтінгенде, Аллаһ елшісі:
“Раббым! Абдуллаһ ибн Қайстың қателерін кешір. Оны
қиямет күні құзырыңа жақсылықпен қабыл ет!”, – деп
Жаратушының оған деген жәрдемін тілейді.
Тәбук шайқасында Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны
Муаз ибн Жәбәлдің қасына қосып, дінді уағыздау үшін
Йеменге аттандырады. Оларға дінді үйрету жолында –
біздер үшін де әрдайым естен шығармай ұстану қажет
болған мына ұстанымдарды айтты:
“(Дінді үйреткенде) Қиындатпай, оңайлатыңдар.
Сүйдіріңдер, жеккөрінішті етіп көрсетпеңдер. Мас
қылатын нәрселердің бәрі – харам (арам); ішкілікке
тыйым салыңдар!”.
Хазірет Әбу Мұса Йемендегі міндетін ойдағыдай
атқарғаннан кейін қоштасу қажылығына қатысты. Ар-
тынша Мәдинаға қоныс тепті.
Әбу Мұса әл-Әш‘ари көптеген жорықтарға
қатысып, қолбасшылық етті. Куфа мен Басра әкімінің
міндеттерін де атқарды. Ол әкім болып тұрған кездің
өзінде өте қарапайым тіршілігімен көпшіліктің жүрегін
жаулады.
Оның ілімі, ойлылығы, тақуалығы мен шыншылдығы
жұртқа мәлім болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тұсында Зәбид пен Әдәнға әкім болып жіберілді.
Әділеттің үлгісі – Омар халифа болып тұрған
кезінде оны Басраға әкім етіп тағайындады.
Халифа Османның кезінде халықтың қалауымен
Куфаның әкімі болды.
Хазірет Әли мен Муғауия арасында туған
қақтығысты тоқтату үшін Әлидің тарапынан төреші
(орбитражный судья) болып шешілді. Алайда қанша
тырысқанмен қақтығысты бөгей алмады. Сол оқиғадан
кейін саясатты тастады.
Даусы өте әдемі еді. Құранды да керемет мақаммен
оқитын. Ол Құран оқығанда адамдар жадыланғандай
елтіп тыңдайтын273. Екі жаһан Сардары (с.а.с.) ол жай-
лы: “Оған Дәуіттің мәзәмирінің бірі берілгендей”, – деп
даусының кереметтігін мақтаған. Түнде мешітте намаз
оқығанда мүминдердің аналары (Пайғамбарымыздың
жұбайлары) оның Құран оқығанын ұйып тыңдайтын.
Хазірет Омар оған жолыққан кезде, “Уа, Әбу Мұса!
Раббымызды біздің есімізге түсір!”, – дейтін.
Әлиден (р.а.) Әбу Мұса жайлы сұрағанда, ол: “Ілім
мұхитына малынып шыққан адам”, – деп, білімінің
тереңдігін ұқтырған. Ол фиқһ саласында пәтуа
мәселесінде сенімді, беделді сахабалардың бірі еді.
Құранды жақсы білген бақыттылар қатарындағы
Әбу Мұса мұсылмандардың арасында ілімнің кең
тарауына ерекше мән беретін. Халықты білімге ын-
таландыру үшін хұтбалар оқитын. Аллаһ елшісіне
(с.а.с.) ең жақын жүргендердің бірі Әбу Мұса одан
көп нәрсе үйреніп, басқаларға үйретті. Пәтуа беруге
тікелей Пайғамбарымыздың өзі рұқсат еткен үлкен
сахабалардың бірі болған.
Хазірет Әбу Мұса хадисші де еді. Ол 360-қа
жуық хадис риуаят еткен. Пайғамбарымыздан (с.а.с.)
естіген, көрген нәрсесін түгелдей орындауға тырыса-
тын. Тақуалыққа айрықша мән беріп, ар-ұят, тазалық
мәселелеріне де баса назар аударатын. Өмірінің соңына
дейін Ислам үмбетінің жамауын жамап, бірлігін қолдап
еңбек етті.

Алау Әділбаев

Саңлақ сахабалар атты кітабынан алынды

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз