https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Абдуллаһ ибн Мәс′уд

11 May 2015 0 comment Оқылды: 1635 рет

“Кімде-кім Құранды жаңа түсіп жатқандай оқығысы
келсе, оны Ибн Умми ′Абдтың қырағатымен оқысын”.
(Хадис)
Әбу Әбдуррахман Абдуллаһ ибн Мәс′уд –
алғаш иман еткендердің ішінде алтыншы болып
мұсылмандықты қабылдаған бақытты жандардың бірі.
Бала кезінде Әбу Жәһил, Ұқба ибн Муайт сияқты азулы
мүшріктердің қойларын бағатын.
Ғаламның рақым нұрымен (с.а.с.) танысқаннан
кейін қасынан көлеңкесіндей екі елі ажырамай еріп
жүретін еді. Суффалық сахабалардың бірі Абдуллаһтың
Аллаһ елшісіне жақындығы сондай, Пайғамбарымыздың
нұрлы шаңырағына қалауынша еркін кіріп-шығатын.
Оны көргендер әһли бәйттен (Пайғамбарымыздың
туысқаны) деп ойлайтын. Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
қызмет жасап, Одан көп нәрсе үйренді.
Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) оны «Ибн Умми
‘Абд» дейтін. Пайғамбарымыз ол жайлы: “Кімде-кім
Құранды жаңа түсіп жатқан кезіндегідей оқығысы кел-
се, оны Ибн Умми ‘Абдтің қырағатымен оқысын” деп,
Құран оқудағы қасиетін жоғары бағалайтын.
Пайғамбарымыз бір күні оған:
– Маған Құран оқышы, тыңдайын, – дегенде, ибн
Мәс‘уд:
Уа, Расулаллаһ! Құран саған түсті. Мен оны саған
қалайша оқимын, – деп таңданысын жасыра алмайды.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) :
– Құранды өзгеден тыңдауды ұнатамын, – деген еді.
Пайғамбарымыздың өтінішін жерге тастай алмаған ибн
Мәс′уд “Ниса” сүресін оқиды. “Ниса” сүресінің: “Әр
үмбетті куәларымен (қайта тірілткенде) әкеліп,
сені де солардың алдында куә ретінде тартқанда
қандай күн болмақ?!” деген қырқыншы аятына кел-
ген кезде, Пайғамбарымыздың қос жанары манаурап,
жүрегі толқып:
– Жә, жетер, – деп қолын көтеріп, тоқтатқанды.
Хазірет Абдуллаһ қоңыр даусымен Құранды
мүшріктерге жария етуден қорықпайтын. Бар әлемге
жалғыз өзі төтеп беретіндей иман күшіне ие Абдуллаһ
Мекке мүшріктерінің алдына шығып дауыстап Құран
оқыды. Оның бұл қылығы шымбайына батқан мүшріктер
оны сол мезет соққыға жықты. Алайда олардың таяғын
шыбын шаққан құрлы көрмеген ол тағы да қайталамақ
болғанда, қасындағы басқа сахабалар оның етегінен ба-
сып, жеңінен тартқылап, жібермей ұстап қалды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына Құранды
төрт кісіден үйренуді ескертсе, сол төрт кісінің бірі осы
– Абдуллаһ ибн Мәсуд.
Мүшріктердің қорлығы мен азабына төзе алмай
Эфиопияға көшкендердің арасында Абдуллаһ ибн
Мәсуд та бар. Бірақ Пайғамбарымызға деген сағынышы
жібермей, Меккеге қайта оралды. Ол жерден кейінірек
Мәдинаға һижрет етті. Ибн Мәсуд Пайғамбарымызбен
бірге бүкіл соғыстарға қатысып, үлкен ерлік танытты.
Бәдір шайқасында Аллаһтың дұшпаны Әбу Жәһилді
өлтірген – осы Абдуллаһ.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ибн Мәсудқа деген
ілтипаты айрықша еді. Бірде Ол: “Менен кейін Әбу
Бәкір мен Омарға бағыныңдар. Аммардың жолы-
мен жүріп, ибн Мәсудтың айтқандарын бұлжытпай
орындаңдар”, – деген еді.
Абдуллаһ ибн Мәсуд Пайғамбарымыздың үйінде
тәрбиеленді. Аллаһ елшісі арқылы ақиқатқа көзі ашы-
лып, ізгі қасиеттерін бойына сіңірген еді. Хазірет Әбу
Хузәйфа оның жүріс-тұрысы, өмір сүруі, жол көрсетіп,
адамдарға ақиқатты үйрету тұрғысынан және мінезі
жағынан Аллаһ расулына (с.а.с.) ең қатты ұқсайтын
сахаба екенін айтады.
Аллаһ елшісін жақыннан танып, оның ұшан-теңіз
білімінен сусындап, бүкіл өмірін Құранды үйренуге
арнаған суффа асхабының бақыттыларының бірі – ибн
Мәсудтың білімі шалқар болатын. Әсіресе, тәпсир
ілімінде оның орны бір төбе. Бұл жайлы ол өзі былай
деген:
“Жалғыз тәңір Аллаһқа ант етейін! Аллаһтың
Кітабында қай аяттың қай жерде, не үшін түскенін
менен жақсы білетін ешкім жоқ. Егер менен жақсы
меңгерген адам бар болса және оған жету мүмкін бол-
са, міндетті түрде оған барар едім”.
Хазірет Абдуллаһ – Құран ілімдері (улумуль-Қуран)
мен фиқһ саласының аса білімдар ғалымы. Хазірет Омар
оны Куфаға мұғалім етіп жіберді. Куфалықтар одан
хадис пен фиқһ саласы бойынша тәлім алды. Ол бір
мәселенің шешімі бойынша нақты дәлел (Құран аяты
немесе хадис) насс болмаған жағдайда рәй (ақылды
қолдану арқылы дәлел келтіру) арқылы шешу жолын
таңдаған. Міне сондықтан куфалықтар мен басралықтар
«рәй», «фиқһ» мектебінің қағидаларын ұстанды. Әбу
Ханифа да осы мектепке қарайды.
Хазірет Әли Куфаға келгенде, сол жердің
тұрғындары Абдуллаһты: “Ол сияқты көркем мінезді,
жылы сөзді, білікті ұстаз, Аллаһтан қорқатын адам
көрмедік”, – деп мақтайды. Әли олардың сөзін растап,
оның бойында одан да жақсы басқа да қасиеттердің бар
екенін айтқан еді. Құранды әуеніне салып, мақамдап
оқитын. Харамды – харам, адалды – адал деп білетін.
Фақиһ әрі үлкен хадис ғалымы болды.
Хазірет Абдуллаһ қайтыс болар кезде төсек тар-
тып жатып қалды. Халифа Осман оның көңілін сұрап,
қандай шағымының бар екенін білгісі келгенде ибн
Мәсуд :
– Бір ғана шағымым бар, ол күнәларым, – дейді.
Хазірет Осман:
– Не қалайсың? – деп сұрағанда, көкейінде көптен
күткен үмітін айтып:
– Аллаһтың рақымын, – деген еді. Хазірет Осман:
– Жылдар бойы алмай тартынған мемлекет
тағайындаған айлығыңның берілуін әмір етейін бе? –
дегенде, ибн Мәсуд:
– Бұдан кейін оның еш пайдасы бола қоймас, –
дейді. Осман:
– Артыңдағы балаларыңа қалар.
– Балаларым кедей болып қалады деп қорқамысың?
Мен оларға әр түні “Уақиға” сүресін оқыңдар деймін.
Өйткені Аллаһ расулының: “Кімде кім әр күні жатар-
да “Уақиға” сүресін оқитын болса, дүниеде таршылық
көрмейді” дегенін естіген едім261, – деп жауап берген
еді Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жол серігі бақытты сахаба.
Хазірет Омар мен Османның дәуірінде Куфада
әкім болып, хижраның 32- жыл санауында Мәдинада
қайтыс болды.

Алау Әділбаев

Саңлақ сахабала кітабынан алынды

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз