https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Ғалым сахабалар

11 May 2015 0 comment Оқылды: 2900 рет

Пайғамбарымыздың тұсында өмірін Құран мен ха-
дис үйренуге арнаған, діни мәселелерді шешуде үлкен
беделге ие ерекше сахабалар болды. Олар халыққа
Құран аяттарын Пайғамбарымыздан үйренгендеріндей
түсіндіріп, діни үкімдер шығарып, бұқараның руха-
ниятына ықпал етіп отырған. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
олардың көбісін халыққа Исламды үйрету үшін жан-
жаққа мұғалім етіп жіберген. Бұлардың алғашқысы төрт
халифа. Олардан кейінгі сахабалар өз араларындағы
ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
а.Рижалул-Қур‘ан: Бұлар – Құран кәрімді ең
жақсы білген, керемет оқыған әрі жатқа білген сахаба-
лар. Олар өмірлерінің, уақыттарының көпшілігін Құран
үйретуге арнағандар. Олардың арасындағы мәшһүр са-
хабалар мыналар: Абдуллаһ ибн Мәс‘уд, Сәлім Мәулә
Әби Хузәйфа, Үбәй ибн Кә‘б, Муаз ибн Жәбәл, Зәйд
ибн Сәбит, Әбу Муса әл-Әш‘ари, Әбу Зәйд әл-Әуси,
Әмир ибн Фухайра, Төрт халифа, әйелдерден хазірет
Айша, Хафса және Үмму Сәлама т.б.
ә.Рижалул-хадис: Бұл топтағылар – Пайғамбары-
мыздан (с.а.с.) естігендерін жаттап, оның іс-әрекетін қаз-
қалпында басқаларға жеткізуді өздерінің басты парызы
деп білген сахабалар. Олар әлемдердің Ардақтысының
(с.а.с.) бірде-бір сөзінің із-түзсіз жоғалып кетпеуіне аса
ұқыптылық көрсетіп, кейінгілерге жеткізу үшін барлық
күштерін салған. Ең көп хадис риуаят еткен (мыңнан
аса) сахабаларға терминологияда „муксируун” делінеді.
Олар мыналар:
Әбу Һурәйра – 5374 хадис;
Абдуллаһ ибн Омар – 2630 хадис;
Әнәс ибн Малик – 2286 хадис;
Хәзіреті Айша – 2210 хадис;
Абдуллаһ ибн Аббас – 1660 хадис;
Жабир ибн Абдуллаһ – 1540 хадис;
Әбу Саид әл-Худри – 1170 хадис риуаят еткен.
б.Ең көп пәтуа берген сахабалар: Хадис риуа-
ят еткен сахабалармен қоса діни мәселелер бойынша
пәтуалар айтқан сахабалар да көп болған. Олардың
ең алғашқылары – төрт халифа. Пәтуалары Ислам
тарихына байланысты шығармаларда көрсетілген
сахабалардың кейбірі: Абдуллаһ ибн Мас‘уд, Муаз ибн
Жәбәл, Үбәй ибн Кә‘б, Абдуллаһ ибн Омар, Абдуллаһ
ибн Аббас, Зәйд ибн Сабит, хазірет Айша т.б.
Сахабалардың арасында 200-ге жуық, басқа бір
риуаят бойынша 300-ге жуық Абдуллаһ есімді саха-
ба болған деседі. Бұлардың арасында діни мәселелер
төңірегінде аттары әйгілі 4 Абдуллаһ бар. Оларға тер-
минологияда төрт Абдуллаһ мағынасын білдіретін “аба-
дила арба‘а” делінеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден
озған соң, көптеген мәселенің шешімі жайында Ислам
ғалымдары осы төрт сахабаның көзқарастарына көбірек
жүгінген. Олардың бір мәселе төңірегінде төртеуінің
де бірдей келісімге келуіне “қаулул-Абадила” (төрт
Абдуллаһтың келіскен пікірлері) термині қолданылады.
Ол 4 сахабаның есімдері мыналар:
Абдуллаһ ибн Аббас;
Абдуллаһ ибн Омар;
Абдуллаһ ибн Зубайр;
Абдуллаһ ибн Амр ибн ‘Ас.
Пайғамбарымыздың, ілімімен сусындаған, Ислам
дінінің негіздерінің сақталып бізге дейін келіп жетуі
үшін еңбек сіңірген сахабалардың үлгілі өмірлері жай-
лы қысқаша мәлімет берейік.

Алау Әділбаев

Саңлақ сахабалар атты кітабынан үзінді

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз