“Ислам үшін жылаймын. Омардың шейіт болуы – Ис-
ламда ашылған бір ақау. Бұл ақау қияметке дейін
жабылмайды”.
(Саид ибн Зәйд)
Хазірет Саид (р.а.) – көзінің тірісінде Жәннатпен
сүйіншіленгендердің бірі. Әкесінің аты – Зәйд ибн
Амр. Әкесі Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сен-
ген таза жүректі, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі,
Пайғамбарымызға (с.а.с.) пайғамбарлық берілместен
бұрын да тек тәңірлік (тәухид) дінін ұстанатын. Өз
дәуірінде Ханифтік атпен белгілі болған хазірет
Ибраһимнің дінінде болғандығын “менің тәңірім –
Ибраһимнің Аллаһы, дінім де – Ибраһимнің діні” деп
білдірген.
Зәйд Мекке мүшріктерінің дінін көңіліне медет
тұтпай, жансыз пұттарға табынудың ақымақтығын
ерте сезініп, шынайы дінді іздеп шарқ ұрды. Сирияға
дейін сапар шегіп көптеген христиан және яхуди дін
ғалымдарымен кездесті. Алайда олардың берген жауап-
тары бойында қоз боп жанған оттың ұшқынын сөндіре
алмады. Зәйдтің бойындағы бұл жалынды байқаған бір
поп шірктен және әр түрлі жаңылыс сенімдерден алшақ
хазірет Ибраһимнің ханиф дінін ұстануын ұсынды. Зәйд
ханифтікті үйренгеннен кейін Меккеге қайта оралды.
Зәйд мүшріктердің жабайы, жат әдеттерінен бойын
аулақ ұстады. Ішкілік ішпеді, қыз балалаларды тірідей
көмуге қарсы тұрды. Өз бүлдіршіндерін шімірікпестен
топыраққа көмбекші болғандарды көрсе, олардың
қыздарын аман алып қалып, тастандыларды өсіріп
жеткізген соң, қыздарын қайтып алғылары келгендердің
тілегін аяқ асты етпейтін. Зәйд “Аллаһым, саған қалай
құлшылық жасалынатынын білсем, солай құлшылық
етер едім” деп көп қынжылатын. Өзінің ұлы Саидтен
жиі-жиі “бір Аллаһқа сенейін бе, әлде мың тәңір мен
пұттарға ма?” деп сұрайтын. Міне, әкесінің осындай
халі Саидтің Исламды тез қабылдауына себеп болған-
ды.
Мұсылман болған соң Пайғамбарымызға (с.а.с.)
әкесінің басынан кешірген күйін әңгімелеп, оның
жағдайының қалай болатынын сұрағанда, Аллаһ елшісі
“Оны қиямет күнінде жалғыз өзін бір үмбет қылып
тірілтеді” – деп Саидті сүйіншіледі.
Саид ибн Зәйд 19-20 жасар албырт шағында
мұсылман болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінін уағыздай
бастаған уақытта естігендерінің әкесінің ұстанымына
сәйкестігіне көзі жетіп, мұсылмандықты қабылдады.
Ол Расулаллаһ саусақпен санарлық сахабаларымен
Әркәмнің үйінде жиналмастан бұрын – он үшінші неме-
се он екінші болып Исламды қабылдаған болатын.
Саид ибн Зәйд (р.а.) – Омар ибн Хаттабтың күйеу
баласы. Омардан (р.а.) бұрын қарындасы мен күйеу
баласы Исламды қабылдады. Хазірет Омар олардың
мұсылман болғанын естіген кезде терісіне сыймай
тепсініп, екеуінің сазайын тартқызамын деп салып-
ұрып үйіне барады. Алайда аталарының дінін ұстанып,
шірктің күңсіген қоқысында аунаған Омар бұл үйден
шыққанда мұсылман болу бақытына ие болған еді.
Ислам дінінің тағдыры қылпыған, қиып түсер
қылыш жүзінде кезек аунаған сол бір қиын-қыстау
кезеңде Исламды қабылдап, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жанынан айырылмаған Саид имандылықтың
асыл ері боп ғұмыр кешті. Ислам үшін жан аямай
күресті. Мұсылман болғаннан кейін ол да басқа саха-
балар сияқты мүшріктерден жәбір көрді. Меккеде көзге
түсудің өзі қияметке айналғанда, Пайғамбарымыздың
рұқсатымен Эфиопияға һижрет етті. Кейін Мәдинаға
көшкенде Ұбай ибн Қағбпен бауырластырылды150.
Саид ибн Зәйд Пайғамбарымыздың (с.а.с.) за-
манында Бәдір шайқасынан өзге бүкіл соғыстарға
қатысты. Бәдір шайқасынан бұрын Саид және Талха
ибн Ұбайдуллаһты (р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.) Сирияға
кеткен мүшріктердің керуені жайлы мәлімет жинау
үшін арнайы жібереді. Олардың міндеті – қандай да бір
мәліметті қолға түсірер-түсірместен ізін суытпай дереу
Мәдинаға жеткізу. Бұл мақсатпен жолға шыққан екі
сахаба Мәдинаға қайта оралғанда, Бәдір шайқасының
жеңіспен аяқталғандығын естіді. Бұл шайқасқа қатыса
алмағандары үшін қатты өкінген екі қаһарманды Аллаһ
елшісі (с.а.с.) соғысқа қатысқандардың қатарында са-
нап, екеуін де құр алақан қалдырмады.
Бұл бақытты сахаба өмірін Ислам үшін арнады.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) жанына жақын тұтып, қашан
да маңайынан табылатын. Саид ибн Жүбәйр бұл жай-
лы:
“Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Талха, Зүбәйр, Сағд,
Абдуррахман ибн Ауф және Саид ибн Зәйд жиһад кезінде
Расулаллаһтың алдында шайқасып, намазда артындағы
сапта тұратын” деп, бұл кісілердің Пайғамбарымызға
(с.а.с.) жақындықтары мен олардың дәрежелерін
көрсеткен еді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін
Саид ибн Зәйд (р.а.) белсенді ғұмыр кешті. Халифа
сайлауында да айрықша орны болды. Ислам үмбетінің
арасында наразылықтар мен қайшылықтардың тумауы
үшін қолдан келгенін аямады. Әділеттің бейнесі Омар-
ды (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасындағы мазары-
на өз қолымен қоярда жүзін ыстық жас жуып кетеді.
– Әбу Әуәр, неге жылайсың? – деген адамға хазірет
Саид Исламның тағдыры үшін жылайтынын айтып:
– Ислам үшін жылаймын. Омардың шейіт болуы
– Исламда ашылған бір ақау. Бұл ақау қияметке дейін
жабылмайды, – деп хазірет Омардың (р.а.) Ислам
тарихындағы айрықша орнын атаған.
Омар Фаруқтың (р.а.) тұсындағы Йәрмук жеңісі мен
Сирияның алынуында хазірет Саид (р.а.) айтарлықтай
үлес қосты. Византияға қарсы болған Йәрмук
соғысында Саид ибн Зәйд (р.а.) бір әскери жасақтың
қолбасшысы болды. Соғыстың қызған шағында Визан-
тия әскерлері сол қанаттан соққыны күшейтті. Дұшпан
жеңіске жететіндей боп көрінді. Өз шептерін тастамай
қасарысып қарсы тұрған қолбасшылар мен әскердің
қатарында Саид ибн Зәйдтің (р.а.) жасағы тұрды. Ол
әскерлерінің алдына шығып:
– Байыптылық пен жүректілік дүниеде адамға абы-
рой, ақыретте мейірімділік әпереді. Біз екеуін де алуға
тырысайық,– деп жауынгерлерді бір серпілтіп тастады.
Қолбасшылары көз алдарында арыстандай атылып,
тайсалмай шайқасты. Хазірет Саид (р.а.) Византияның
әскер басшысын өлтіргенде, олардың әскерлері ара-
сында жік туды. Жеңісті қолдан әперетін бұл мұрсатты
қапы жібермей хазірет Саид (р.а.) орталық қанатқа
күйрете соққы беріп, жеңілейін деп тұрған әскерді
жеңіске жеткізді.
Ол уақытын ғибадатпен өткізіп, дүние мен
дүниелік нығметтерден гөрі ақыреттің сауабына
ұмтылды. Мансапқор емес, бірақ өзіне қандай да бір
қызмет жүктелсе оны адал орындайтын. Сирияны
алғаннан кейін әскер басшысы Әбу Үбәйда ибн Жәррәх
(р.а.) Саид ибн Зәйдке (р.а.) Сирия әкімдігін ұсынады.
Бірақ, хазірет Саид соғыс майданында әскер болуды
қалайды:
– Әй, Әбу Үбәйда! Мен Аллаһ жолында күрескім
келеді. Әкімдікті өзің лайық деп тапқан басқа бір
бауырымызға бер, – деген еді.
Хазірет Саид (р.а.) ұзақ уақыт әскер қатарында бо-
лып, Ирак пен Сирияның Ислам мемлекетінің құрамына
кіруіне мол үлес қосты. Кейін ілім нұрын бұл өңірлерге
алып барды. Осман Зун-нурәйн мен Әли әл-Муртада
(р.а.) жайлы өсек-аяңдарға тосқауыл болуға мейлінше
тырысып бақты. Әсіресе, оның жүрегін хазірет
Османның (р.а.) шейіт болуы қатты сыздатты. Бұған
байланысты ол Куфа мешітіне жиналған жұртқа:
– Аллаһқа ант етейін! Сендердің Османға
жасаған сансыз қастандықтарың Ұхұт тауын орнынан
қозғалтқаннан да ауыр, – деп наразылығын білдірді.
Ол кезде Куфаның әкімі Мұғира ибн Шубә еді. Бір
күні Мұғира Куфаның ең үлкен мешітінде көпшіліктің
арасында отырды. Осы кезде мешітке хазірет Саид
(р.а.) кірді. Әкім құрметті сахабаны қадірлеп жанына
отырғызды. Осы мезетте куфалық бір кісі кіріп, аузына
келгенін айта бастады. Не болғанын түсінбей қалған
Саид (р.а.) әкімнен:
– Әй, Мұғира, мына адам кімді жамандап жатыр?
– деп сұрайды:
– Әлиді, – деді. Мұны естіген хазірет Саид ашуға
мініп:
– Әй, Мұғира, Мұғира! Сенің көз алдыңда Аллаһ
елшісінің серіктеріне тіл тигізіліп жатыр. Сен болсаң
бұған көз жұма қарайсың, – деп кеий сөйлейді:
– Мен сендерге өз құлағыммен естіп, жүрегіммен
ұққан мына бір хадисті айтайын. Аллаһ елшісі: “Әбу
Бәкір – Жәннатта, Омар – Жәннатта, Осман – Жәннатта,
Әли – Жәннатта, Талха –Жәннатта, Зүбәйр – Жәннатта,
Сағд ибн Әбу Уаққас – Жәннатта”, – деді. Бұлардың
тоғызыншысын да айту керек болса, айтар едім, –
деді.
Ертесінде мешітке жиналған халық ант етіп,
тоғызыншы адамның атын білгенше асықты. Хазірет
Саид (р.а.) олардың өтініштерін жерге тастамай:
– Аллаһ атымен сөз беріп тұрғандарың үшін ай-
тайын. Тоғызыншысы – менмін, – дейді:
Міне, Жәннатпен сүйіншіленген сахабалар жайлы
айтылған хадисті риуаят еткен адамдардың бірі – осы
Саид ибн Зәйд (р.а.).
Хазірет Саид (р.а.) берекелі ғұмырының соңғы
жылдарын Мәдинаның А’қиқ деген жерінде өткізіп,
шаруашылықпен айналысты. Күндердің бір күнінде
оның меншігіндегі жері мен өзінің жері шектесіп жа-
татын Әурә бинт Үуәйс атты бір әйел Мәдинаның
әкімі Мәруан ибн Хакамға барып, хазірет Саидтің
(р.а.) үстінен шағымданады. Ол Саид ибн Зәйдтің (р.а.)
меншігіне қол сұққанын айтып, жерінің қайтарылуын
талап етеді.
Әкім мәселені ақ-қарасын шешу үшін хазірет Са-
идке (р.а.) бірнеше адам жібереді. Келген топ даулы
істі оған жеткізгенде, ол әділетсіздікке ұшырағанын
түсініп, оларға былай деді:
– Аллаһ елшісінен естіген бір сөзді сендерге ай-
тайын: “кім өзінікі болмаған бір жерді иемденсе,
жердің жетінші қабатында болса да, ол жер қияметте
оның мойнына оратылады. Кім өз мүлкін қорғау жо-
лында өлсе, ол – шейіт”.
Бұдан кейін хазірет Саид (р.а.) өз жерінің шегінен
қия баспағандығына ант етіп:
– Аллаһым, бұл әйел егер өтірік айтқан болса,
ажалы келмей оның көзін соқыр қыл. Құдығын да оған
мазар ет, – дейді. Жанын күйдірген жала оны қарғыс
айтуға мәжбүрледі.
Аллаһ зұлымдыққа душар болған кінәсіз жанның
дұғасын қабыл етті. Жала жапқан әйелдің көзі көп
ұзамай көр болып, бақшасындағы құдыққа түсіп өлді155.
Бұл оқиғадан кейін Мәдиналықтар біреуге ашуланса,
“Аллаһ сені Әурә сияқты көр қылсын” деп қарғыс жа-
сайтын болған екен.
Хазірет Саид ибн Зәйд (р.а.) жетпіс жастан асқанда
хижраның 50 немесе 51 жылы қайтыс болды. Абдуллаһ
Ибн Омар (р.а.) оның А’қиқтағы үйіне барып, жана-
за істерімен айналысты. Сүйегі Мәдинаға жеткізілді.
Мәйітті Сағд Ибн Әбу Уаққас (р.а.) жуып, жаназа на-
мазын Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оқыды.
Саид ибн Зәйд
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:28
Күн
06:51
Бесін
11:36
Екінті
14:31
Шам
16:14
Құптан
17:37
23
қараша 2024
сенбі
21 Жумәдә әл-Улә 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!