“Уайымдама, періштелер оған көмектесуде”.
(Хадис)
Жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның біреуі
– Абдуррахман ибн Ауф. Пайғамбарымызға алғаш
иман еткен кісілердің сегізіншісі болған ол хазірет
Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Исламды қабылдаған.
Піл жылында дүниеге келген Абдуррахман ибн Ауф
Пайғамбарымызбен түйдей құрдас еді.
Мұсылман болғанға дейінгі Абдулқағба есімін
Аллаһ елшісі Абдуррахман деп өзгертті. Ол әрі Эфио-
пия, әрі Мәдинаға һижрет ету арқылы екі бірдей даңққа
ие болған сахабалардың бірі.
Меккеден Мәдинаға һижрет жасаған кезде Аллаһ
елшісі мәдиналық ансар мен меккелік мұһажирлерді бау-
ырластырды. Ансарлар меккелік бауырлары үшін өз ба-
уырларына да көрсетпеген жақсылықтарын үйіп-төгіп,
оларды үйіне, дүние-мүліктеріне ортақтастырды.
Абдуррахман ибн Ауфқа Сағд ибн Рәби бауыр деп
танылды. Оның жасаған ұсынысы мәрттіктің теңдессіз
үлгісі болды. Ол Абдуррахман бауырына:
– Бауырым, мен Мәдинаның ең ауқаттысымын.
Мал-мүлкімнің жартысы сенікі болсын. Екі әйелім
бар. Қайсысын ұнатсаң, дереу ажырасайын. Сен соған
үйлен, – деді. Абдуррахман ибн Ауф та Меккенің сау-
дамен айналысатын бай адамдарының бірі болатын.
Әр адамның өзіне ғана шақ келетін шағын болмысы
болмақ. Өмірдегі өз орнын аңдаған адам ғана иманын
берік ұстай алады. Өйткені ол өз шамасын білгендіктен
тәубәшіл, тәуекелшіл келеді. Абдуррахман ибн Ауф та
сондай адамдардың бірі. Ол өз бойына құйып қойғандай
жарасатын мына жауапты жұптады:
– Бауырым, Сағд! Аллаһ сенің мал-мүлкіңе де,
отбасыңа да берекет берсін. Сен маған базардың жо-
лын көрсетсең болды, – деп арқасына арқанын іліп,
біреуге ауыртпашылық түсірмей, өз күнін өзі көру үшін
саудаға кірісіп кетті.
Саудаға бейімі бар Абдуррахман ибн Ауф
Пайғамбарымыздың оған тілеген дұғасымен аз уақыттың
ішінде дәулеті шалқыған ең бай мұсылмандардың са-
натына қосылды. Байығаны соншалықты, жеті жүз
түйені жүгімен қоса Аллаһ жолында бағыштайтын
дәрежеге жетті. Өзін де таң-тамаша қалдырған ісінің
берекеттігін:
– Қолыма тас алсам, оның алтын мен күміске
айналғанын көрдім, – деп білдірген еді.
Бәдір шайқасына қатысқан Абдуррахман ибн Ауф
(р.а.) үлкен қаһармандық көрсетті. Пайғамбарымыз
шайқастың жан беріп, жан алысқан шағында одан
көз жазып қап, айналасындағылардан сұрағанда,
сахабалардың бірі:
– Расулаллаһ! Оны таудың етегінде көрдім. Бір
топ мүшрік оны қоршап алған екен. Оған көмектескім
келді, бірақ сізге жәрдем етуге асықтым, – деген.
Ардақты елші:
– Уайымдама, періштелер оған көмектесуде, –
деді.
Пайғамбарымызбен қысқа сөйлескен әлгі сахаба
Абдуррахман ибн Ауфты іздейді. Оның жеті адамды
өлтіргенін көріп:
– Бұлардың бәрін сен өлтірдің бе? – деп таңырқай
сұрады. Хазірет Абдуррахман:
– Мына екеуін өзім өлтірдім. Бірақ қалғандарын
бейтаныс біреу жер жастандырды, – деп Бәдірдегі
ұрысқа періштелердің де қатысқандығын растаған еді.
Мұны естіген сахаба:
– Аллаһ пен елшісінің айтқаны рас екен – деп,
Расулаллаһтың (с.а.с.) ақиқатты айтқанына куәлік
етті.
Бәдір шайқасынан бастап Тәбукке дейінгі бүкіл
шайқастарға жанын салып қатысқан Абдуррахман
ибн Ауф Ұхұтта дұшпанға кеудесін тосып хазірет
Пайғамбарымызды қорғаған адамдардың бірі еді. Жи-
ырма бір жерінен жарақат алса да, қасық қаны қалғанша
шайқасуға бекініп, Аллаһ расулын қорғауға бүкіл жа-
нын салды. Осы ұрыста аяғынан жараланып, ақсақ бо-
лып қалады.
Сахабалардың бәрі адамзаттың Ардақтысын (с.а.с.)
өз жандарынан да артық жақсы көретін. Мұны оларға
үйреткен де Аллаһ расулының өзі болатын. Абдур-
рахман Пайғамбардан (с.а.с.) көз жазбайтын. Бір күні
Пайғамбарымыздың оқшауланып жалғыз шыққанын
байқап, басына қатер төнсе, қасынан табылайын де-
ген сақтықпен, соңынан жүріп отырады. Кенет Аллаһ
расулы сәждеге жығылды. Сәждесі ұзақ болғаны
соншалықты, хазірет Абдуррахман жан тәсілім етпеді
ме екен деп қорқып қасына жақындады. Сол сәтте
Аллаһ елшісі сәждеден басын көтеріп:
Не боп қалды? – деді. Хазірет Абдуррахман:
Расулаллаһ! Сәждеңіздің ұзақ болғандығы
соншалық, мүбәрак рухыңызды тәслім еттіңіз бе? – деп
қорықтым, – дегенде Расулаллаһ:
– Маған Жебрейіл келді. “Кім де кім саған салауат
айтып сәлем жолдаса, Аллаһ тағаланың кешірімі мен
есендігіне ие болады”, – деді. Мен де сондықтан шүкір
сәждесін жасадым, – деді.
Хазірет Абдуррахман күндерінің көбісін
ораза ұстап өткізіп, әр жылы қажылыққа баратын.
Пайғамбарымыздың дұғасының берекетінің нәтиже-
сінде ие болған ен байлығын Аллаһ жолына бағыштаған
кезде қабақ шытпайтын. Бір ретінде қырық мың динар,
бес жүз ат және бес жүз жүк түйесін Аллаһ жолына
берді. Өзі жұпыны тұрмыс кешіп, үйінде кем-кетік
пақырлар үшін үнемі дастарқан жайылатын.
Жомарттық дегенде аты еске түсетін сахабалардың
ішінде осы Абдуррахман ибн Ауф та бар. Бұл қасиетін
өле-өлгенше ұстанып өтті. Осы айқын қасиеті үшін де
Пайғамбарымыздың сүйіспеншілігіне бөленді.
Әнәстің (р.а.) риуаяты бойынша, бір күні Мәдина-
ның көшелерінде ел көшкендей дауыстар естілді.
Мүминдердің анасы Айша (р.а.): “Бұл не?”, – деп
сұрайды. “Абдуррахман ибн Ауфтың керуені ғой”, –
деп жауап береді айналасындағылар.
Айша анамыз сол кезде: “Аллаһ елшісінің: Аб-
дуррахман ибн Ауфты Жәннатқа еңбектеп кіріп бара
жатқанын көрдім” дегенін құлағым шалып қалды”, –
дейді.
Бұл сөздер Абдуррахман ибн Ауфтың құлағына
жеткен кезде: “Егер Жәннатқа түрегеп кіруге шамам
жетер болса, бұл керуенді жүктерімен қоса Аллаһ жо-
лына атадым”, – деген. Өмірінің соңына дейін отыз
мың құлды азат етіп, Бәдір шайқасына қатысқандарға
төрт мың динар беруді өсиет етіп кеткен.
Осы жомарттығын да місе тұтпай бір күні ол
мүминдердің анасы Умму Сәламаға (р.а.) келіп:
– Дүниемнің көптігі мені құрдымға жетелей ме
деп қорқамын, – дегенде, Умму Сәлама анамыздан:
– Алайда Аллаһ жолына жұмсалған дүние он-
дай емес, – деген жауабын естіп барып көңілі орнына
түскендей болады.
Барын да, жоғын да Аллаһ жолында жұмсаудағы
таңғаларлық жомарттығына, құлшылықта Құрани
тереңдігіне, тақуалықта аса ұстамдылығына қарамастан,
өзінен де жанкешті сахабаларды еске алып, “ақыретке
аттануға әзірлігімді жасай алмадым” деп уайымдап жы-
лайды екен. Күндердің бір күнінде дастарқан басында
отырып:
– Менен де қайырлы Мусғаб ибн Умәйр шейіт
болғанда бір шапанмен кебінделді. Басын жапқанда
аяғы, аяғын жапқанда басы ашылып қалды. Менен
қайырлы Хамза да шейіт болғанда осылай болды. Одан
кейін байлығымыз көбейді. Жақсылықтарымыздың
жемістерін бұл дүниеде тауысып, ақыретке еш нәрсе
қалмай ма деп қорқамын, – деп егіліпті.
Хижраның алтыншы жылында Аллаһ расулы (с.а.с.)
Тәбук қаласының маңындағы стратегиялық маңызы
бар Думатул-жәндәл деген жерді алу үшін жасақталған
әскердің басына Абдуррахман ибн Ауфты тағайындап,
аттандырар кезінде Пайғамбарымыз өз қолымен басы-
на сәлдесін орап, туды табыс еткеннен кейін:
– Алла Тағаланың атымен Аллаһ жолына аттан.
Аллаһтың әмірінен аспа. Зұлымдық етпе. Балаларды
өлтірме. Кәлб тайпасын Исламға шақыр. Қабыл етсе,
басшыларының қызына үйлен, – деген болатын.
Абдуррахман ибн Ауфтың жүріс-тұрысымен-
ақ Исламдық құндылықтардың қасиетін өз ойы
мен бойынан көрсетуі арқасында, христиандардың
көбісі Исламды қабылдап, қабылдамағандар да жи-
зия салығын төлеуге көнді. Абдуррахман ибн Ауф
Пайғамбарымыздың айтуымен Исламды қабылдаған
Кәлб руының басшысы Исбағ ибн Амрдің қызына
үйленді.
Аллаһ елшісінің көзі тірісінде пәтуа берген
сахабалардың санатында болған хазірет Абдуррахман
Тәбук соғысында Пайғамбарымыз да арасында болған
жамағатқа намаз оқытты. Пайғамбарымыз бір мезет
жамағаттан айырылды. Таң намазының шығатын уақыты
да таяп қалған соң, сахабалар Абдуррахман ибн Ауф-
ты имамдыққа өткізіп, намазға тұрды. Пайғамбарымыз
осы намазға қосылып, Абдуррахманның артында на-
маз оқыды. Намазды бітірген соң Пайғамбарымыз
(с.а.с.): “жақсы оқыттың, дұрыс істедің” деп ілтипатын
білдірді. Осылайша ол хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сияқты
Пайғамбарымызға намаз оқытқан сахабалардың бірі
болу құрметіне ие болды.
Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) Пайғамбарымыздың
мәңгілікке сапарынан кейінгі тарихи оқиғалардың бел
Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін мұсылман емес
халықтардан оларды қорғау үшін алынатын салым.
ортасында жүрді. Әбу Бәкір Сыддықтың халифалығы
тұсында кеңес мүшесі болған ол халифа Омардың
дәуірінде де бұл міндетін жалғастырды. Әбу Бәкір мен
Омардың (р.а.) ең жақын көмекшісі әрі кеңесшісі еді.
Хазірет Омар қайтыс болар кезінде өзінен кейін
халифалық лауазымға лайық деп тапқан адамдардың
бірі осы Абдуррахман ибн Ауф еді. Халифаның тағайын-
далуында жетекші рөл алды. Ол үш күн қатарынан
әрі халықтың, әрі сахабалардың көзқарастарын та-
нып білгеннен кейін хазірет Османды халифа етіп
тағайындау керектігін айтып, халифаға алғаш ант берді.
Барлығы оның пікірін құптап, Осман (р.а.) халифа бо-
лып тағайындалды.
Өмірі дастанға толы Абдуррахман ибн Ауф хиж-
раның жиырма бірінші жылында қайтыс болды. Оның
жаназа намазын халифа Осман оқыған. Жаназасын
алып бара жатқанда Сағд ибн Әбу Уаққас: “Ей, таудай
алып!” деп, хазірет Абдуррахманның (р.а.) дәрежесінің
биіктігіне сүйсінеді.
Абдуррахман ибн Ауф
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:28
Күн
06:51
Бесін
11:36
Екінті
14:31
Шам
16:14
Құптан
17:37
23
қараша 2024
сенбі
21 Жумәдә әл-Улә 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!