“Менен кейін пайғамбар келер болса, ол Хаттабұлы
Омар болар еді”.
(Хадис)
Аллаһ елшісінің Ислам шуағын жаһанға жаю
жолындағы толассыз күресінде оған ең жақын болған
сахабалардың бірі – екінші халифа Омар ибн Хаттаб
(р.а.). Ол Ислам тарихында белгілі Піл оқиғасынан он
үш жылдан кейін Меккеде дүниеге келген. Құрайыштың
Ади тайпасынан шыққан Омардың әкесінің аты – Хаттаб
ибн Нуфәйл, шешесі – құрайыштың Махзұн тайпасынан
шыққан Хантәмә бинт Хашим.
Омар ибн Хаттабтың мұсылмандыққа дейінгі
өмірі жайлы толық мәлімет жоқ. Әйтсе де, бала кезінде
әкесінің малын бағып, кейіннен саудамен айналыс-
қандығы мәлім. Ол Сирияға қатынайтын сауда
керуеніне қосылатын. Қараңғылық дәуірінде Меккенің
белді адамдарының қатарында болып, меккеліктердің
елшілік міндетін атқаратын. Соғыс шығар жағдайда
қарсы жаққа Омар жіберіліп, оның берген мәліметі
бойынша шешім қабылданатын. Ру-тайпалар арасын-
да туған келіспеушіліктің шешілуінде оның рөлі күшті
болатын. Сонымен қоса ол оқу-сызуды, араб шежіресін
білетін және сөзге шешендігімен де танылатын42.
Омар ибн Хаттаб мұсылман болмай тұрып өзі
өскен қоғамының әдеттері бойынша өмір сүріп, сол
кезеңнің салтын берік ұстанатын. Түйелермен күресіп,
әркіммен бір ерегісетін қызба, өжет, батыр және өте
қатыгездігімен танылған еді. Бірақ мұсылман болғаннан
кейін оның бойындағы бұл қасиеттері иман нұрына шо-
мып, мүлдем басқаша өзгерді. Мұсылман болғаннан
кейінгі қалған өмірі адамзатты таңғалдырарлық
дастанға айналды.
Мекке қаласында дүниеге келген Омар ибн Хат-
таб Пайғамбарымызға уахи түскен кезде жиырма тоғыз
жаста болатын. Уахидің келе бастағанына алты жыл
өтсе де, ол мүшріктердің қатарында жүрген еді. Яғни,
өмірінің отыз бес жылын жәһилия қараңғылығында
өткізсе, қалған отыз жылын мұсылман болып өткізді.
Әлемді Пайғамбарлық шұғыласының бөлегеніне
алты жыл толған. Шірк пен тәухид арасындағы күрес
күн өткен сайын күшейе түскен-ді. Мұсылмандардың
қатары көбейген сайын мүшріктердің зұлымдықтары
мен сұмдықтары қатерлі сипат ала бастады. Олар
Ардақты елшіні (с.а.с.) өлтіруге шешім қабылдады. Ал,
бұл уақытта мұсылмандардың саны әлі қырыққа да жет-
пеген. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де мұсылмандар санының
көбеюін Аллаһтан сұрап дұға ететін. Бір күні ол (с.а.с.)
мүшріктердің арасында күшті, халық арасында беделді
қос Омардың екеуінің біреуі мұсылман болуы үшін:
“Аллаһым, Исламды Омар ибн Хишам (Әбу Жәһил)
немесе Омар ибн Хаттабпен қуаттандыр!” деп дұға
етті.
Таңғаларлық бір жайт, әлгі мүшріктердің жи-
налысында Омар ибн Хишам (Әбу Жәһил) Аллаһ
елшісін (с.а.с.) өлтірген адамға жүз түйе беретінін
мәлімдесе, Омар ибн Хаттаб бұл істі өз мойнына алып,
Пайғамбарымызды (с.а.с.) өлтіру үшін жолға шығады.
Омар шайтан шапқа түртіп, Аллаһ елшісін (с.а.с.)
өлтіруге белін бекем буып келе жатқанда жолай жақында
ғана мұсылман болған Нұғаймды жолықтырады.
Омардың түнеріп, түтіккен түрінен бір бәлені сезіп се-
скенген ол:
– Қайда бара жатырсың, әй, Омар?– деп сұрайды.
– Өзінің жаңа дінімен құрайыштардың ішіне іріткі
салып жүрген Мұхаммедтің көзін жоюға бара жатыр-
мын, – деп жауап қатады Омар.
Жанарынан от шашырап, ашу-ызаға мініп алған
Омардың ниетінің жамандығын байқаған Нұғайм
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өлтірілуінен қорқып,
Омардың бағытын басқа жаққа қарай бұру үшін:
– Алдымен үйіңе барып өз отбасындағыларды
жолға салып алсайшы. Әлде қарындасың мен күйеу
балаңның да жаңа дінге кіргендігінен хабарың жоқ па?
– деді.
Омар өз құлағына өзі сенбей бір сәт есеңгіреп
тұрып қалды да, дереу ат басын қарындасының үйіне
қарай бұрды. Үйге жақындаған кезде іш жақтан Құран
оқыған дауыс естілді. Омар кеуделей ішке кіріп келген-
де, қарындасы Фатима мен күйеу баласы Саид Құран
аяттары жазылған қағазды дереу тыға қояды. Омар:
– Не оқып жатырсыңдар? Қане беріңдер, – деді
ыза кернеген даусымен айналасына қаһарын шашып.
– Еш нәрсе, – деп жауап берді қарындасы мен
күйеу баласы.
Бұл жауапқа одан бетер ызаланған Омар:
– Естігендерім рас боп шықты, сендер Мұхаммедтің
дініне кірген екенсіңдер,– деп күйеу баласын жер-
66
Cаңлақ cахабалар
ге сұлатып салады. Күйеуіне болысқан қарындасын
да қалпақтай ұшырып түсірді. Бұған одан әрі шыдай
алмаған олар:
– Иә, мұсылман болдық. Аллаһқа және елшісіне
иман келтірдік, түсіндің бе? – деді.
Ашу-ызадан қыстыға булыққан қарындасы еріндері
дірілдеп еңірей жылап жіберді. Қарындасының бетінің
қанағанын байқап, жылаған даусын естіген Омар
мейірімі оянып, жыли бастады. Сосын жұмсақ дауы-
спен:
– Жаңағы оқып отырған қағаздарыңды әкеліңдер,
көрейін,– деді.
Қарындасы Фатима одан алдымен дәрет алып,
тазалануын талап етті. Бой дәретін алып тазаланған
Омарға қарындасы “Таһа” сүресі жазылған қағазды
ұстатты. Өлеңге жаны құмар, сұлу сөздің қадірін білетін
Омардың аяттарды оқыған сайын көңілі толқи түсті.
Құраннан құйылған тылсым нұр оның жүрегін жаулап
алды. “Қандай ғажап сөздер, не деген үйлесімділік”–
деп, тамсана оқып шыққан ол Расулаллаһтың (с.а.с.)
қайда екенін сұрап алды да, еш бөгелместен, ешқайда
бұрылмастан, Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен сахабалардың
жиналып отырған үйіне қарай тартты. Барған бетте
есікті қақты… Омардың даусын естіген сахабалар іштей
қобалжи бастады. Сол сәтте батыр Хамза тұрып:
– Кірсін, көрейік. Ниеті түзу болса, біз де
жақсылықпен қарсы аламыз, ал, ниеті жаман болса, өз
қылышымен ажал құштырайын, – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Есікті ашыңдар, кірсін! – деген кезде бір сахаба
есікті ашып, Омар ішке енді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
орнынан тұрып:
– Әй, Хаттабұлы, сені бұл жерге жетелеген
қандай мақсат? – деп сұрады. Омар өзінің мұсылман
болғанын, Аллаһқа және елшісіне иман келтіргенін
айтқан кезде мұсылмандар қуаныштан тәкбір келтіріп,
Аллаһқа шүкіршілік етті44. Осылайша Омар қырқыншы
мұсылман болды.
Міне, осылайша мұсылман болған Омар бойындағы
батырлығы мен қаһармандығын бұдан бұлай Ислам жо-
лында, Аллаһтың дінін өркендету жолында жұмсады.
Абдуллаһ ибн Мәсу’д былай дейді: “Хазірет
Омардың Ислам дінін қабылдауы – күш-қуат, Мәдинаға
һижрет етуі – көмек, ал халифа болып сайлануы –
мұсылмандар үшін Аллаһтың бір сыйы мен рақымы
болды. Омар мұсылман болғанға дейін біз Қағбаға ба-
рып намаз оқи алмайтын едік. Ол мұсылман болғаннан
кейін Қағбада алаңсыз намаз оқуға қол жеткіздік”.
Сескену, қаймығу дегенді жат санайтын Омар
мұсылман болар-болмас Пайғамбарымыздан (с.а.с.):
– Ей, Аллаһ елшісі, өлсек те, тірі жүрсек де біз
тура жолда емеспіз бе? – деп сұрады.
– Аллаһқа ант етемін! Әрине, өлсеңдер де, тірі
жүрсеңдер де тура жолдағылар сендерсіңдер.
– Олай
болса,
неге
жасырынамыз?
Құлшылығымызды Қағбаға барып жасайық, – деді
Омар (р.а.). Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұдан әрі бәрін
жариялаудың уақытының келгендігін түсінді. Себебі,
Исламға үндеп шақыру алғашқы кезде бағып-қағуға
мұқтаж сәби секілді еді. Енді осы сәби өсіп өз
аяғымен жүре алатын шамаға келген. Сондықтан да
Пайғамбарымыз Исламды уағыздау мен ғибадаттың
ашық түрде жасалынатынын жариялады. Екі қатарға сап
түзеген сахабаларымен бірге Қағбаға қарай бет алды.
Қатардың біреуінде – Омар Фаруқ (р.а.), екіншісінде –
айбарлы баһадүр Хамза (р.а.) бар еді. Мұсылмандарды
бұл күйде көрген мүшріктер таңғалды. Кейбіреулері
Омар оларды тұтқынға алған екен деп ойлап қалды.
Алайда істің мәнін түсіне қойған Әбу Жәһил:
– Жоқ, олай емес. Біз Омардан да айрылдық, – деп
қатты қынжылды.
Сәлден кейін хазірет Омар (р.а.) олардың алда-
рына шығып: “Ешкім тұрған жерінен қимылдамасын,
әйтпесе, басын аламын”, – деді. Мүшріктер аузына
құм құйылып, тұрған жерлерінде қазықтай қадалып
қалды. Осылайша мұсылмандар Қағбада алғаш рет
ашық түрде намаз оқыды. Сол күні Екі Жаһан Сардары
(с.а.с.) Омарға “әл-Фаруқ”, яғни ақиқат пен жалғанның
ара жігін ажыратушы есімін берді.
Уақыт өте келе мүшріктердің мұсылмандарға
көрсеткен жәбірлері арта түсті. Бұл тұста Ислам діні
Мәдинада кең жайылып, қала тұрғындарының көбі
Исламды қабылдаған болатын. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Мекке мұсылмандарына Мәдинаға көшуді, яғни,
һижрет етуді бұйырды. Сонымен мұсылмандар топ-
тобымен Мәдинаға көшіп жатты. Омардан (р.а.) басқа
мұсылмандардың барлығы жасырын түрде көшті. Бұл
туралы хазірет Әли былай дейді:
“Омардың тысындағы барлық мұһажирлер (һижрет
етушілер) жасырын түрде көшті. Ал Омар болса, һижрет
етуге шешім қабылдаған кезде, қару-жарағын асынып,
алдымен Қағбаға барды. Қағбаның жанында бір топ
мүшрікке кезікті. Ол кідірместен Қағбаны жеті мәрте
69
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
тауап жасап, Ибраһим мақамында намаз оқыды. Сосын
құрайыштарға қарап:
– Егер кімде-кім артынан анасы жылап, бала-
сы жетім, әйелі жесір қалсын десе қарсы шықсын, –
деді. Ешкімнің оған қарсы шығуға батылы жетпеді.
Сондықтан һижрет еткен кезінде оны мұсылмандар
ғана шығарып салды”.
Хазірет Омардың (р.а.) айбатынан жасқанып, оған
құрайыштардың ешқайсысы тісі мен тізесін баты-
ра алмайтын. Алайда олардың басқа мұсылмандарға
көп қысым жасайтыны батыр Омардың (р.а.) жаны-
на қатты бататын. Ол “мұсылмандардың басына не
келетін болса, менің де басыма келгенін қалаймын” деп
қынжылатын. Сондықтан да азулы мүшріктерге өзінің
мұсылман болғандығын ауыз жаппай жариялаумен бо-
лады. Ондағы мақсаты – құрайыштар өзіне тиісер бол-
са, езіліп-жаншылған мұсылман бауырларының ұзында
өшін, қысқада кегін алу.
Омар Фаруқ (р.а.) да Әбу Бәкір Сыддық (р.а.)
сияқты мұсылман болмастан бұрын саудамен айналы-
сып, ел көріп жер таныған, көзі ашық, құрайыштардың
ішінде хат танитын некен-саяқ адамдарының бірі еді.
Мұсылман болғаннан кейін бар білгенін, қабілеті мен
күш-жігерін Расулаллаһтың (с.а.с.) әмірі мен Ислам
дінінің қызметіне арнады.
Әділеттің үлгісі Омар Фаруқ Сүйікті елшінің (с.а.с.)
қысылтаяң кездерде үнемі кеңесіп, пікір сұрайтын
ең таңдаулы сахабаларының бірі болатын. Оның
ақылдылығы мен парасаттылығы сондай, Аллаһ тағала
Құранда бірнеше жерде оның пікірін қолдайтын аяттар
түсірген. Бұл қасиетіне байланысты Пайғамбарымыз
(с.а.с.): “Сендерге дейін өздері пайғамбар болмаса
да, пайғамбарлар сияқты сөйлеген израил ұрпақтары
болған. Егер менің үмбетімнің арасында сондай
біреулер болса, олардың бірі Омар болар еді” деген47.
Ол өзінің Ислам діні үшін танытқан табандылығы мен
жанқиярлығы жағынан Әбу Бәкір Сыддықтан кейінгі
орында тұратын. Хазірет Омар (р.а.) Мәдина дәуірінде
де үнемі Ислам жолында қызмет етті. Барлық соғыстарға
қатысып, талай ерлік танытты. Соғыстардың бәрінде
Адамзаттың ардақтысының (с.а.с.) қасында болып, оны
қызғыштай қорғаштап, бұйрықтарын екі етпей орын-
дайтын.
Өзінің қалауынан гөрі жанынан да артық жақсы
көрген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қалауының болғанын
қалайтын. Тіпті Аллаһ расулының (с.а.с.) ағасы Аб-
бас мұсылман болған кезінде Омардың қуанғандығы
соншалық, өз әкесі Хаттаб мұсылман болса, олай
қуанбас еді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) да егер Хат-
таб мұсылман болса, Аббастың мұсылман болғанынан
да қатты қуанар еді48. Бұл жалпы сахабаға да тән қасиет
болатын. Олардың әрқайсысы Пайғамбарымызды өз
жандарынан да қатты жақсы көретін.
Омар Фаруқ (р.а.) та Аллаһ елшісін жанындай
жақсы көретін. Бірде Ғаламның рақым нұры (с.а.с.)
Омарға (р.а.):
– Мені қаншалықты жақсы көресің? – дегенде ол:
– Ей, Аллаһтың елшісі, сені жанымнан өзгенің
бәрінен де қатты жақсы көремін, – деді.
– Мені жаныңнан да артық жақсы көрмейінше
толық иман еткен болып саналмайсың, – деп Аллаһ
47 Муслим, Фадаилус-сахаба, 2
48 М. Шакир, 168-169.
71
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
елшісі оған сүйіспеншіліктің қандай болу керектігін
айтқан кезде, істің мәнісін Пайғамбардан үйренген ол
жан-тәнімен:
– Уа, Расулаллаһ, Сені жанымнан да артық жақсы
көремін, – деді. Аллаһ елшісі оған:
Міне, енді толық болды, – деді.
Аллаһ расулын жан-тәнімен жақсы көргені
соншалықты, ол Аллаһ тағаланың бұйрығымен ақыретке
аттанған кезде, бүкіл сахабалар секілді ол да басына жай
түскендей болды. Бойын сезім билеп, Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) өлмегенін, кімде-кім оны өлді десе басын алаты-
нын айтып, сенделген күй кешті.
Суық хабарды естіп қайғыдан есеңгіреп қалған
мұсылмандардың сезімдерін Әбу Бәкір келіп,
суыққандылықпен тізгіндей білді. Ол: “Кімде-кім
Мұхаммедке табынса, біліп қойсын, ол өлді. Ал кімде-
кім Аллаһқа құлшылық еткен болса – Ол өлімсіз, мәңгі
тірі” дегеннен кейін, сөздерін дәлелдендіре түсу үшін,
Ұхұт шайқасы кезінде “Мұхаммед өлтірілді” деген
қауесет жайылған кезде түскен “Әли Имран” сүресінің
144- аятын оқыды. Сахабалар бұл аятты білгенімен, дәл
ол кезде ешқайсының есіне түсе қоймаған еді. Бұл аятты
естігеннен кейін мұсылмандар бойларын жинай баста-
ды. Әбу Бәкір байсалдылықпен сөздерін жалғастырды.
“Зүмәр” сүресінің: “(Мұхаммед (с.а.с.)) Әлбетте, сен
де өлесің, олар да өледі” деген 30- аятын оқыған кезде
жамағат есін жиды.
Омар бұл жайлы кейін былай деген еді:
“Әбу Бәкірдің аузынан бұл аятты естіген кезде,
дел-сал болдым. Көзім қарауытып, буындарым босап,
жер құштым. Пайғамбардың өлгеніне сол кезде барып
көзім жетті”.
Омар (р.а.) үнемі Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тәрбиесінен кенжелеп қалмауға тырысатын. Сондықтан
да Аллаһ расулының (с.а.с.) ілімі мен руханиятынан ең
көп нәр алған сахабалардың бірі болатын. Омар ибн
Хаттабтың (р.а.) ілімі жайлы Абдуллаһ ибн Масғұт бы-
лай дейді:
“Таразының бір жағына хазірет Омардың ілімі,
екінші жағына жер жүзіндегі адамдардың ілімі қойылса,
Омардың ілімі ауыр тартар еді. Ол біздің ішіміздегі
Аллаһты ең жақсы таныған, қасиетті кітабын жете
түсінген, дініміздің мәселелерінің егжей-тегжейін
жетік меңгергендердің бірі болатын”50.
Парасатты Омардың фиқһ ілімінің қалыптасуында
ерекше орны бар. Фиқһ ілімінің негізін қалаған
қағидалардың қалыптасуында оның алдынан шыққан
мәселелерді шешу жолында ұстанған ұстанымдарының
маңызы зор. Даналық дариясы Омардың иджтиһадтары
(Құран және хадистерге сүйеніп діни үкімдер шығаруға
терминологияда иджтиһад делінеді) Ислам құқығы
тұрғысынан өте маңызды.
Омар хадис риуаят еткен кезде аса сақ болуға ты-
рысатын. Ол Пайғамбарымыздан хадис риуаят еткен
кейбір адамдардан бұл хадисті Пайғамбарымыздың өз
аузынан естігені жайлы куәгер әкелуін талап ететін.
Хазірет Омардан бес жүз отыз тоғыз хадис риуаят
етілген.
Сонымен қатар Омар Құран кәрімнің тәпсірін
жақсы білетін. Пайғамбарымыздың көзінің тірісінде
Әбу Бәкір сияқты пәтуа беруге рұқсат етілген таңдаулы
сахабалардың бірі болды.
Көзінің тірісінде Жәннатпен сүйіншіленгеніне
және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көптеген марапат-
тарына ие болғанына қарамастан хазірет Омар (р.а.),
осы амалдарымен ақыретте құтыла алатындығына арқа
сүйеп кетпей, “құлшылықты қажеттілігіне сай өтей ал-
дым ба?” деп, үнемі үміт пен үрейдің арасында жүретін.
Оның “бір адамның Жәннатқа, қалғандарының тозаққа
кететінін білсем, жәннаттық адам мен боламын ба деп
үміттенемін. Бір адамның Тозаққа, қалғандарының
тегіс жұмаққа баратынын білсем, тозақтық ол адам
тағы мен боламын ба деп қорқамын” деген сыры терең,
сыны биік сөздері көпшілікке мәлім.
Ардақты елшінің (с.а.с.) сенімді серігі, адал досы
Омар Фаруқ, кейіннен ол (с.а.с.) қайтыс болған кезде
мұсылмандардың басшысы болып сайланған хазірет
Әбу Бәкірдің ең жақын көмекшісі болды. Әбу Бәкір
Сыддықтың дәуірінде Омар-дың ұсынысы бойынша
Ислам тарихы тұрғысынан аса маңызды іс – Құран
кәрім аяттарын жинастыру жүзеге асырылды. Елді
екі жарым жыл басқарған алғашқы халифа Әбу Бәкір
өлім төсегінде жатқан кезде, өзінен соң Омарды (р.а.)
халифалыққа тағайындауды ұсынды. Әбу Бәкір Сыддық
Омар (р.а.) жайлы былай дегенді:
“Аллаһ тағаланың алдына барған кезде “орныңа
кімді қалдырдың?” деп сұраса, мен “халқымды олардың
ішіндегі ең қайырлысына аманат еттім” деп жауап
беремін”.
Әбу Бәкір Сыддық қайтыс болғаннан кейін,
әділдіктің ізгі үлгісіндей болған хазірет Омар (р.а.) ха-
лифа болып тағайындалды. Оның бұл қасиеті жайлы
Абдуллаһ ибн Аббастың сөзі бар:
“Омарды көп еске алыңдар. Өйткені ол еске
алынғанда әділеттіліктің бейнесі елестейді”.
Халифа болып тағайындалғаннан кейін Омардың
(р.а.) өзіне жүктелген жауапкершіліктен қайғысыз
ұйықтаған кезі болмады. Түн демей, күн демей өзінің
міндетін адал атқаруға бойындағы бар қабілеті мен
қасиетін жұмсады.
Ол қоғамда әділет орнату үшін тыйым салынған
нәрсені алдымен өзінен және жақын туыстарынан ба-
стайтын. Туыстарын жинап алып:
“Мен мынадай нәрселерге тыйым салдым. Егер
араңыздан біреуіңіздің мұны жасағанын еститін бол-
сам, басқаларына беретін жазаның екі есесін беремін”
деп қатаң ескертетін.
Бір соғыстан кейін хазірет Омар (р.а.) түскен ол-
жаны халыққа теңдей бөліп берді. Әркімнің олжасы-
на бір-бір жыртыс мата тиді. Алайда бұл мата бір киім
тіктіруге келмейтін еді. Өзінің ұлы Абдуллаһ:
– Мен өзімнің ақымды сізге берейін, сіз өзіңізге
бір көйлек тіктіріп алыңыз, – деді.
Хазірет Омар (р.а.) ұлының бұл ұсынысын қабыл
алды. Бірнеше күн өткен соң тігілген киімді үстіне киіп,
халықтың алдына сөз сөйлеуге мінберге шықты:
– Уа,
мүминдер!
Мені
тыңдап,
маған
мойынсұныңыздар.
Осыны айтуы мұң екен, артқы сапта отырған
пақыр бір кісі тұрып:
– О, мүминдердің әміршісі! Мен саған бағынбай-
мын, – деді.
Бұл сөзді естіген халифа бірден іркіліп:
– Неге? – деді. Пақыр себебін түсіндірді:
– Соғыстан түскен олжадан таратылған мата
ешқайсымызға киім тіктіруге жетпеді. Алайда сен ол
матадан өзіңе көбірек алып, киім тіктіріп алыпсың, –
деді.
Жауабын бере алмай қаларлық қандай іс істеп
қойдым екен деп ойы сан–саққа кетіп қобалжыған
хазірет Омардың (р.а.) мұны естіген кезде көңілі ор-
нына түсті. Болған жайды халыққа түсіндіру үшін
жамағаттың ішіндегі ұлын қасына шақырды. Баласы
Абдуллаһ өзінің үлесін әкесіне бергенін, әкесінің со-
дан киім тіктіргенін халыққа айтып берді.
Мұны естіген халық та қатты қуанды. Сол кезде
бағанағы кісі тұрып:
– Енді айтарыңды айт, мүминдердің әміршісі. Енді
саған бағынамын, – деді.
Әділеттің ақ берені Омар (р.а.):
– Аллаһым, мені жасаған қателерімді ескертетін
бір үмбетке халифа еткенің үшін саған шексіз мадақ
айтамын, – деп қолдарын көкке жайып дұға етті.
Бір күні халифа Омар мен бір сахабаның арасын-
да келіспеушілік туып, ол екеуі дауды әділ қазының
төрелігіне жүгіну арқылы шешуге келісті. Ол кезде әділ
қазы сахабалардың ішіндегі беделді Зәйд ибн Сәбит бо-
латын. Хазірет Омар (р.а.):
– Арамыздағы мәселенің түйінін тарқатып берсін
деп, саған келдік, – деді. Хазірет Зәйд халифаның асты-
на көрпеше төсеп, жанына отырғызбақшы болғанда
ол:
– Бұл беретін үкіміңде жасаған алғашқы
әділетсіздігің, – деді. Сосын:
– Алдыңа келген халифа мен қарапайым халықтың
кез келген өкілін тең тұтпайынша, сен бұл лауазымға
лайық бола алмайсың. Әділ қазы халифаның емес,
Аллаһтың бұйрығы мен үкімін орындау керек, – деп
заң алдында бүкіл адамдардың жауапқа бірдей тартылу
керектігін жария етті.
Мұсылман болса да, болмаса да – әркім хазірет
Омарға (р.а.) барып өзінің құқығының қорғалуын та-
лап етіп, шағымын айта алатын. Қарапайым халықтың
өкілдері келіп өздеріне тағайындалған әкімдер жайлы
еркін арызданатын. Хазірет Омардың (р.а.) өзі халықтан
үнемі арыздарын жазып, шағымдарын білдірулерін
сұрайтын. Ол:
– Мен әкімдерді сізге зұлымдық жасап,
ақыларыңызды жеу үшін тағайындамаймын. Олар-
ды сізге Исламды үйретсін, араларыңызда әділдікпен
үкім берсін, қажеттіліктеріңізді қамтамасыз етсін деп
тағайындаймын. Егер олар бұл міндеттерін дұрыс
атқармаса, маған хабар беріңіздер, олардың жазасын
берейін, – дейтін.
Бір күні халықтың арасынан біреу келіп, бір әкімнің
үстінен:
– Маған нақақтан нақақ жүз дүре соқты, – деп
шағым айтады.
Халифа мәселенің егжей-тегжейін сұрастырады.
Әкімнің дұрыс істемегендігі анықталғанда, Омар әкімді
шақыртып арызданған кісіге:
– Ал, енді сен оны ұр, – деді Омар.
Мысырдың әкімі Амр ибн Ас сөз алып:
– Уа, мүминдердің әміршісі! Егер бұлай етер
болсаңыз, бұл үкіміңіз әкімдерге қатты тиеді. Сізден
кейінгілер де бұл әдетті жалғастырады, – деді. Хазірет
Омар (р.а.):
– Мен Аллаһ елшісінің өзі үшін де осылай
жасағанын көре тұра, басқалар үшін бұны неге орын-
дамайын? – дегенде, Амр ибн Ас:
– Мәселені бізге қалдырсаңыз, оны өзіміз ырза
қылсақ болмай ма? – деп Омарды (р.а.) көндіреді.
Үстінен арыз түскен әкім дүре соққан адамға құн төлеп,
кешірімін алды55.
Хазірет Омар (р.а.) бірде қайыр сұрап жүрген
әлдебір кісінің қасына барып, неге қайыр тілеп жүргенін
сұрастырды. Бұл кісі мұсылман емес-ті. Кәрі кісі салық
төлейтіндігін, сондықтан да кедейленгендігін айтты.
Әділеттің айғағы Омар Фаруқ оған қазынадан айлық
тағайындаттырып:
– Бұларды жас кезінде жұмыс істеткізіп, қартайған
шағында далаға тастай алмаймыз, – деді.
Омар Фаруқ тағайындаған әкімдеріне өте қатал бо-
латын. Олардың қандай да бір заңсыздықтарын естісе,
оған еш көз жұмбай сол сәтінде шара қолданатын.
Халқына болса тым мейірімді еді. Олардың мәселелерін
шешу үшін тыным таппай қызмет ететін.
Халифа болып тұрған кезінде хазірет Омар (р.а.)
Мәдинаның көшелерін жиі аралап, көмекке мұқтаж
адамдарды өзі іздейтін. Бірде түн жамылып көше ара-
лап жүрген кезінде бір үйдің жанынан өтіп бара жатып
кішкентай балалардың жылаған ащы дауыстарын естіді.
Үйдің есігін қаққанда, іштен мосқал әйел шықты. Омар
(р.а.) балалардың жылау себебін сұрады. Әлгі әйел екі
күн бойы нәр татпағандарын, балалардың аштықтан
бұратылып жылайтынын, оларды алдап ұйықтату үшін
қазанға тас салып қайнатып жатқанын айтты.
Мұны естіген Омардың жаны түршігіп кетті. Әлгі
әйелге біраз тоса тұруын, қайта келетінін айтып, дереу
қазынадан ұн, май, азық-түлік пен киім-кешек толы
дорбасын иығына салып, көмекке мұқтаж балалардың
жәрдеміне құстай ұшты. Қасындағы қызметшісінің
дорбаны алып жүруге қанша өтінгеніне қарамастан:
– Қияметте менің жүгімді сен арқалайсың ба? – деп
бой бермеді.
Хазірет Омар (р.а.) аптығып үйге барды. Әлгі
әйелдің балаларына тамақ пісіріп берді. Балалалар
тойынғанда ғана Омардың көңілі жай тапты. Ол жерден
кетерде әйелдің “Аллаһ сенен разы болсын! Омардың
орнына халифа болуға негізі сен лайық екенсің” дегенін
құлағы шалып қалды. Әйел қараңғыда келген кісінің
хазірет Омар (р.а.) екендігін білмеген еді.
Омар Фаруқтың (р.а.) ел басқарудағы жауапкершілік
сезімі – бүкіл адамзатқа қайталанбас үлгі-өнеге. Оның
“Егер Фырат өзенінің жағалауында бір түйе жоғалып
кетсе немесе бір қой суға батып өлсе, оның есебін Аллаһ
менен сұрай ма деп қорқамын”; “Кемшіліктерімді
маған ескертетін адам – мен үшін ең жақын жан”;
”Егер тағайындаған әкімдерімнің біреуі бір адамды
орынсыз жәбірлесе, мұны мен ести тұра оған еш шара
қолданбасам, ол жәбірді мен жасағандай боламын” де-
ген сияқты алтын әріптермен тарихқа жазылған оның
осы сөздері – жан дүниесінің айнасы. Ел басқарушылар
осындай сезімде болған кезде ғана, бүкіл әлемде
тұрмыстық жағдай түзеліп, жемқорлық тыйылып, қой
үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай заман бо-
лары сөзсіз. Бұған адамзат тарихындағы алтын ғасыр
(асрус-саадат) деп аталатын сахабалар дәуірі куә.
Пайғамбарымыздың “менен кейін пайғамбар кел-
генде, ол Хаттабұлы Омар болар еді”57 деген марапа-
тына ие болған хазірет Омар (р.а.) тұла бойындағы
асыл қасиеттерімен де ерекше тартымды. Ол алдыңғы
қатарлы тақуа мұсылмандардың бірі болды. Халифа бо-
лып тұрған кездің өзінде жамаулы шапан киіп, Қадисия
соғысынан қолға түскен олжаларды көріп, қынжыла
жылап, “неге жылайсың, қайта жеңіске жеткеніңе
қуанбайсың ба?” дегендерге, “әрине қуануым керек.
Алайда молшылық келген жерге дұшпандық пен реніш
қоса келеді”58 деп, дүниенің алдамшы байлығына еш
қызықпағандығын көрсеткен еді.
Ұлы мен қызы оған бір күні:
– Егер дәмді, қуаты мол тағамдармен қоректенсең,
қызметіңді жақсы атқару үшін күш жинайсың, – деген-
де халифа Омар (р.а.) оларға:
– Әрине, сендер менің жағдайымды ойлайсыңдар.
Бірақ, мен екі досымның (Аллаһ расулы мен хазірет
Әбу Бәкір) осы жолды таңдағандарына куә болдым.
Егер олардың жолынан айырылсам, олардың жанда-
рына жете алмай, ақыретте бірге бола алмай қаламын,
– деп жауап берді. Тағы да бір реті келгенде былай де-
ген еді:
– Аллаһқа ант етейін! Біз бұл өмірдің ләззаттарына
елікпейміз. Егер бір қозы сойылып, одан дәмді
тағамдардың пісірілуін, жүзімнен сусындар дайын-
далып дастарқаныма әкелінуін бұйырсам, әрине, бұл
болар еді. Бірақ біз мұндай ләззаттардың қарымын
о дүниеге қалдырғымыз келеді. Өйткені Аллаһ “сіз
барлық тамаша нығметтеріңізді осы дүниеде тауысып
бітірдіңіз, ләззатын таттыңыз”,– дейді. Мен Аллаһтың
берген нығметтерін бұл дүниеде тауысқым келмейді.
Сирия, Мысыр, Ирак, Армения, Әзірбайжан,
Парсы шығанағы, Қорасан секілді елдерді қол асты-
на қаратқан күндердің өзінде де, хазірет Омар (р.а.)
дүниенің өткінші қызықтарына көз салмады, рақатқа
бөленіп құс жастыққа бас қойып мамық төсекте жат-
пады. Байлық пен дүниеге құнықпай, қара басының
қамын күйттемей, халықтың игілігін ойлап, өзінің
қажеттілігінен олардікін жоғары қойған еді.
Омар (р.а.) – тақуалығы және құлшылығымен де
шыңның ұшар басындағы біртуар тұлға. Болмысынан
ашуға тез Омар қасында біреу Құран оқыса, ашуы тез
тарқайтын. Хазірет Пайғамбарымыздың: “Ақыретте
жауапқа тартылмастан бұрын, өздеріңізді бұл дүниеде
жауапқа тартыңыздар” деген өсиетін үнемі жадында
ұстап, құдайдың құтты күні жастыққа бас қоярда: “Ей,
Омар, бүгін Аллаһ үшін не істедің?” деп сұрайтын.
Жауапкершілігі мол, әділ халифа өлімді әрдайым
еске салып тұруы үшін өзіне бір қызметші тағайындайды.
Алайда самайына ақ түскенін көргенде “енді қажет бола
қоймассың” деп оны қызметінен босатқан еді.
Ғаламның рақым нұры Мұхаммед Мұстафаның
(с.а.с.) қарапайым, жұпыны өмірі оны пәруана күйге
түсіретін.
Бір күні Омар Фаруқ (р.а.) Пайғамбарымыздың
үйіне барады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) қамыстан жасалған
шидің үстінде жатыр екен. Шидің үстіне еш нәрсе
төселмепті. Бас жағында құрма жапырақтарынан жа-
салып, терімен қапталған бір жастық, аяғының астында
иленген кішкене тері ғана бар еді. Мүбәрак денесіне
түскен қатты шидің іздерін көрген Омардың (р.а.)
көздеріне еріксіз жас келді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
одан:
– Ей, Омар, неге жылайсың? – деді. Ол:
– О, Аллаһтың елшісі! Иран мен Византия
императорларының сән-салтанатты бай өмірлері есіме
түсті. Сен Аллаһтың елшісі болғаныңа қарамастан,
осындай жұпыны тірлік кешесің. Соған толқимын, де-
генде, Пайғамбарымыз:
– Бұл дүние – олардікі, арғы дүние – біздікі
болғанын қаламаймысың? – деп Омарды жұбатады60.
Міне, Аллаһ расулының (с.а.с.) өмір мектебін көрген
Омар (р.а.) да ғұмырының соңына дейін дүниенің
өткінші нығметтеріне бас имеді.
Қараңғылық дәуірінде хазірет Омардың (р.а.)
көзінің жасаурағанын ешкім көрмеген. Алайда
мұсылман болғаннан кейін жүрегі жұмсақ, сезімтал
және қос жанары боталап тұратын адамға айналды.
Адам рухының азығы, діннің түп тірегі болып та-
былатын намаз – хазірет Омар (р.а.) үшін Аллаһпен бай-
ланыстыратын берік көпір. Түн жарымына дейін намаз
оқып, жан-тәнімен дұға ететін ол отбасындағыларды
да түнгі намазға “отбасыңа намаз оқуды бұйыр,
өзің де сабырлылықпен намаз оқуыңды жалғастыр.
Сенен ырзық сұрамаймыз, (керісінше) Біз сені
ырзықтандырамыз. Жақсы нәтиже тақуалық
арқылы келеді 61”, – деген аятты оқып оятатын.
Рухани әлемнің қайталанбас тұлғасы Омар
Фаруқтың жамағатпен намаз оқып тұрғанда жылаған
даусы соңғы қатардағыларға дейін естілетін. Көбінесе
солығын баса алмай аяттарды соңына дейін оқуға
дәрмені қалмайтын. Тіпті кейде оқыған Құран
аяттарының мәніне терең бойлаған сәтте талықсып
құлап түсетін.
Ол намазға тұрған кезінде бұл дүниемен байла-
нысын толық үзіп, өзін ұмытып кететін. Тіпті Әбу
Лүлү деген кісі оны намаз оқып тұрған кезінде келіп
пышақтағанда, өзінің айтуынша “үшінші рет пышақ
ұрғанға дейін оны ит екен” деп ойлап қалған. Бұл –
оның намазға қаншалықты мән бергендігінің белгісі.
Пышақталғаннан кейін есінен танып жатқан хазірет
Омардың есін жинату үшін қандай шара қолданса да
болмапты. Сонда оны жақсы танитындар “оның есін
намаз ғана жиғыза алады” деп, жанындағылар: “о,
мұсылмандардың әміршісі, намаздың уақыты кірді”
дегенде, халифа Омар (р.а.) “Намаз оқымағанның Ис-
ламнан нәсібі жоқ” деп өз-өзіне келген екен62.
Хазірет Омар (р.а.) пышақталғаннан кейін үш күн
өмір сүрді. Өзіне қастандық жасаған адамды іздеп
табуды бұйырды. Өзін пышақтаған адам қой терісін
жамылған жалған мұсылман, түбі ирандық, Куфа әкімі
Муғира ибн Шәғбаның қызметшісі екені анықталды.
Мұны естіген Омар (р.а.):
– Аллаһқа шүкір. Ақыретте Аллаһтың құзырында
маңдайы сәждеге тиген біреумен есептеспеймін, – деп
мұсылманның қолынан қаза таппағандығына қуанды.
Оның қорыққаны – басшылық еткен кезде абайсыз-
да халқына әділетсіз бір үкім беріп, сол үшін құрбан
кеттім бе деген ойы еді. Сондықтан да Абдуллаһ ибн
Аббасты жанына шақырып:
– Мен жайлы халқымның пікірінің қандай екенін
біліп келуіңді сұраймын, – деді.
Абдуллаһ халықтың арасында болып қайтқан соң:
– О, мүминдердің әміршісі! Мұсылмандардан қай
топқа кездессем, сен үшін ет жақынынан айрылғандай
көз жасын төккенін көрдім, – деп көңіліндегі күдікті
кетірген еді.
Өмірінің соңғы деміне дейін күндіз күлкіден, түнде
ұйқыдан айырылып, тыным көрмей халқының жағдайын
ойлаған әділ басшы араларынан үзіліп кетіп бара жатқанда
елі қалайша жыламасын. Бұған қарамастан ол: “…халқым-
ның қамын ойлап өзімді қатты шаршаттым. Үй ішіме қарай
алмадым. Сонда да марапатталу былай тұрсын, егер жазаға
тартылудан ақыретте құтылар болсам соған да разымын”,
– деген.
Хазірет Омар (р.а.) қайтыс болар кезде халифа
тағайындап кеткен жоқ. Бұл жауапты істі ол Пайғам-
барымыздың Жәннатпен сүйіншіленген сахабалары
Әли ибн Әбу Талиб, Осман ибн Аффан, Абдуррахман
ибн Ауф, Сағд ибн Әбу Уаққас, Зүбәйр ибн Әууам және
Талһа ибн Ұбайдұллаһқа (р.а.) жүктеп, үш күннің ішінде
араларынан біреуді халифа етіп тағайындауларын тап-
сырды.
Ажал жастығына бас қояр алдында Омар Фаруқ
(р.а.) ұлы Абдуллаһты қасына шақырып алып,
қарыздарын төлеуді өсиет еткеннен кейін мүминдердің
анасы Айша анамызға өзінің Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бен Әбу Бәкірдің (р.а.) жанына жерленуі үшін рұқсат
сұрауға жіберерде:
– Мүминдердің анасына барып, Омар сәлем айтып
жатыр де. Бірақ, мені мүминдердің әміршісі деп айтпа.
Мен бұдан бұлай мүминдердің әміршісі емеспін. Оған:
“Хаттабұлы Омар достарының қасына жерлену үшін
рұқсат сұрайды де”, – деп тапсырады.
Абдуллаһ әкесінің бұл сәлемін жеткізген кезде,
Айша (р.а.) анамыз есіл ер Омар (р.а.) үшін көз жасын
төгуде еді. Сәлем бергеннен кейін әкесінің өтінішін
жеткізгенде, Айша анамыз:
– Негізінде бұл жерді мен өзім үшін сақтаған едім.
Бірақ өзімнен гөрі Омардың (р.а.) қалауын артық көрем,
– дейді.
Осылайша бүкіл ғұмырын халқының игілігіне
арнаған халифа өзінің ең жақсы көрген және соларға
ұқсауға тырысып баққан екі жан досының жанына
жерленді.
Хазірет Омар бірнеше рет үйленіп, балалы-шағалы
болған. Балаларының төртеуі танымал. Олар: Пайғамбары-
мыздың (с.а.с.) жұбайы, мүминдердің анасы – хазірет
Хафса (р.а.), кемеңгер әрі хадис ғалымы – Абдуллаһ ибн
Омар, қаһармандығымен Ислам жолында қызмет еткен
Ұбайдұллаһ, парасатымен және тақуалығымен мәшһүр –
Асым.
Әбу Бәкірден (р.а.) кейін халифа болып сайланған Омар
Фаруқ мұсылмандарды он жыл басқарды. Оның кезінде Ис-
лам мемлекетінің жер өлшемі 2251030 шаршы шақырымға
жетті. Ислам мемлекетінің осылайша кеңеюіне жалпы сол
кездегі мұсылмандардың дінді жаюдағы шын ықылас- құл-
шыныстары, шейіт болу, Аллаһтың разылығына бөлену
құштарлықтары себеп болған еді. Хазірет Омардың (р.а.)
халифа ретінде ел басқару саясатында үлкен рөл атқарған-
дығы ақиқат. Ел басқару ісінде ол мынандай жаңалықтар
енгізді:
1. Мемлекетті басқару үшін ақылдастар алқасын
құрды. Бұған ел ішіндегі абыройлы кісілерді шақырған.
Хазірет Осман, Әли, Абдуррахман ибн Ауф, Муаз ибн
Жәбәл, Зәйд ибн Сәбит, Ұбай ибн Қағб (р.а.) сияқты
атақты сахабалар осы кеңестің тұрақты мүшелері еді.
2. Мемлекетті әкімшіліктерге бөлді.
3. Мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер
үшін жаңа жобалар жасады. Қызметкерлердің
жалақысын өсірді. Әкімдерге халыққа ұнамайтын
әрекеттерге бармаулары жайлы ант қабылдатты.
Қызметкерлерден қызметке алынған кездерінен ба-
стап дүние-мүліктері жайлы мәлімет алынып, сол
жылдардың ішінде мал-мүлкі тез арада көбейетін болса,
жауапқа тартылатындықтарын, әкімдердің жыл сайын
қажылыққа келген кездерінде халықпен кездесулерін,
егер бір қызметкердің үстінен арыз жазылса, істің
анық-қанығына көз жеткізу үшін үш адамнан тұратын
комиссия құрылып тексеру жүргізілетінін мәлімдеді.
1. Экономика саласындағы жаңалықтары: соғысып
алынған жерлерді мемлекеттікі деп жариялап, оны
жергілікті халықтың қолына беріп салықты азайтты.
Бұл адамдардың салықты төлеуін арттырып, басқа
жерлердің де алынуын тездетті.
2. Әділет жүйесін орнатуы;
3. Исламдық жазалау құқығын ретке келтірді.
Алғашқы түрмелерді құрды;
86
Cаңлақ cахабалар
4. Тұрақты және тәртіпті әскер құру ісін қолға
алуы;
5. Мұсылман емес шет елдіктердің мұсылман
мемлекеті аймағында сауда жасауларына рұқсат
берді;
6. Ешкімі жоқ және қартайған қараусыз яһудилер
мен христиандарға айлық тағайындады;
7. Жыл санауына хижраны негіз етіп алып,
мұсылманша жыл санауды бастатты.
Мемлекеттің басты қызметінің бірі – білімді жаю
екенін жақсы білген Омар алынған жерлерде мектептер
ашып, сол жерлерге Құран және Ислам дінінің негізгі
заңдылықтары мен өмір салтын үйрету үшін мұғалімдер
жіберді. Қызметін мінсіз атқаруы үшін мұғалімдерге
жоғарғы мөлшерде жалақы тағайындады66.
Әрине, хазірет Омардың (р.а.) енгізген жаңалықтары
мұнымен ғана шектеліп қалмаған. Ол басқару ісін
жақсы меңгерген, парасатты, көреген көшбасшы еді.
Жетекшінің бойынан табылатын бүкіл қасиеттерге ие
болатын. Соншалықты кең аймаққа ие болған мемлекетті
басқарып тұрғанына қарамастан, өте қарапайым ғұмыр
кешті. Мұншама байлық пен билік оны масайратпады.
Туған-туысының қамын емес, халқының қажеттілігін
қамтамасыз етуге малын да, жанын да аямады.
Омар әл-Фаруқ (ө. 644)
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:28
Күн
06:51
Бесін
11:36
Екінті
14:31
Шам
16:14
Құптан
17:37
23
қараша 2024
сенбі
21 Жумәдә әл-Улә 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!