https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Әбу Бәкір Сыддық

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3040 рет

“Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқада  алғашқыда сәл іркіліс пен күдіктену болды. Бірақ Әбу  Бәкірге Исламды түсіндіргенімде, еш күдіктенбестен, кідірместен иман келтірді”.  (Хадис) Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздан (с.а.с.)  бірнеше жас кіші. Әкесінің аты Осман болғанмен Әбу Кухафа деген атпен танымал еді. Анасының есімі – бүкіл жақсылықтардың анасы дейтін мағынаға саятын Үммул-Хайр, жұбайының есімі – Үмму Румман, одан бұрын Асма бинт Умейске үйленген еді. Әбу Бәкір үш қыз бен үш ұлдың әкесі болды. Ислам дінінің Пайғамбарымыздан (с.а.с.) кейінгі ең ардақты тұлғасы – Әбу Бәкір (р.а.). Ол Ислам діні жолында жанын да, малын да пида етуімен, туралық, шынайылығымен басқаларға жарқын үлгі болды. Бүкіл
ғұмыры биязылық, жомарттық, жанкештілік тәрізді адамдық асыл қасиет өрнектеріне толы. Хазірет Әбу Бәкір әлемге Ислам шуағы төгілмей тұрып та сол қараңғылық дәуірдің өзінде жан дүниесі нұрға толы еді. Ешқашан жансыз, қимылсыз, ақылсыз,
өзге түгіл өзіне де пайдасы не зияны жоқ дәрменсіз, мешеу пұттарға бас иіп табынбаған. Ішімдік пен құмар сияқты жәһилия дәуірінің әдеттеріне мойын бұрмаған, туа біткен асыл рухты болатын. Ол Меккеде бай әрі беделді, көпшілікке сыйлы кісі еді. Құрайыштың түп шежіресі мен тарихын жетік білетін. Ел дау-дамайға әділдік іздегенде соның 38 Cаңлақ cахабалар төрелігіне жүгінетін. Әбу Бәкір Сыддық саудамен айналысатын, сауда-саттықта еш қулық жасамайтын. Айтқан сөзіне берік, кедей-кепшікке жәрдем етуді жақсы көретін. Сауда барысында көптеген елді-мекендерді көрген, ішкі мәдениеті жоғары, қырағы қырандай
байқағыш ол өз дәуірінің адамдық құндылықтардан жұрдай болып рухани тығырыққа тірелгенін айқын сезе білді. Адамзатты бұл қорқынышты қараңғылықтан жарыққа алып шығар бір құтқарушының келуін зарыға күтті. Әрине, ол тұста Әбу Бәкір сияқты зерде көзі ашық, көкірегі ояу хазірет Ибраһимнен (а.с.) қалған Тәухид дініне сенген ханифтер де бұл нұрға ынтызар болатын. Көңілі тыншымай сан-саққа кетіп ізденіс үстінде жүрген Әбу Бәкірдің мұсылман болуына мына жағдайлар себепші болды:
1. Сол дәуірдің атақты шайыры Қус ибн Сайда үнемі Указ алаңында хұтба жасап, Хақ Пайғамбардың келуінің жақын екендігін ескертетін.
2. Сирия сапарында Пайғамбарымыздың (с.а.с.) поп Бахирамен кездесуіне куәлік етуі, Йемендегі поп Настураның жақында бір пайғамбардың келетінін хабарлауы, өзінің көрген түсі: түсінде Меккеге толықсыған айдың шуағын төгіп, сәулесінің үйіне енгенін көріп, Тәурат пен Інжілді жақсы білетін дін адамдарына жорытады. Олар соңғы Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеден шығатынын және Әбу Бәкірдің Соған еретінін айтады.
3. Адамзаттың асылымен (с.а.с.) бала кезден дос болып, оны жақсы тануының да айрықша маңызы бар.Әбу Бәкір сауда сапарымен Йеменде жүргенде, Мекке халқы Мұхаммедке (с.а.с.) пайғамбарлықтың 39Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
келгендігі туралы хабарды естіп, толқу үстінде болатын. Өз кітаптарынан жаңа пайғамбардың келетінін оқыса да, кейбір яһудилер мен христиандардың өздеріне де бұл хабар тосын естіліп аң-таң болып жатса, мүшріктер:
”Ішіміздегі ешкімі жоқ жетімекке пайғамбарлық қалай келмек? Пайғамбарлық келер болса руымыздың ішіндегі беделді біреуге келуі керек емес пе еді?”– деп бұлқан-талқан боп, алатайдай бүлінеді. Олар, әсіресе, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өздері “тәңір” деп
табынған пұттарының еш дәрменсіз екендігін айтқанын көңілдеріне қондыра алмай, оған наразылық танытып, қарсылық көрсетумен болды. Йеменде жүрген Әбу Бәкір бұл соңғы жаңалықтан мүлдем хабарсыз еді. Меккеге оралған кезде, оны Әбу
Жәһил, Ұтба ибн Муайт сияқты қаланың бетке ұстарлары ортаға алады. Олар Әбу Бәкірдің Мұхаммедке (с.а.с.) жақын дос екенін жақсы білетін. Әбу Бәкір болмағанда, олар Пайғамбарымыздың әрекетіне (с.а.с.) әлдеқашан тосқауыл қоймақшы еді. Әбу Бәкір оларға:
– Жайшылық па? Жаңалық бар ма? Мен жоқ кезде әлде бір нәрсе болды ма? – деді.
– Иә, маңызды жаңалық бар. Ел ішінде үлкен бүлік шықты. Әбу Тәліптің жетімегі аталарымыздың дініне тіл тигізіп, өзіне пайғамбарлық келгенін айтуда, – деп тегіс жамырасты.
– Бұны өзі айтты ма?
– Иә, өзі айтуда және біздің табынатын пұттарымызға үнемі тіл тигізуде.
– Егер бұны өзі айтқан болса, онда оныкі – рас! Әбу Бәкір бұл хабарды оның өз аузынан естігісі келіп, сол бетте Пайғамбарымыздың үйіне бет алды.

Cаңлақ cахабалар
Өйткені, жақын досы Мұхаммедтің (с.а.с.) жалған сөйлемейтінін ол жақсы білетін. Осы қасиеті үшін де оған дүйім жұрт: “Мухаммадүл-әмин”, яғни “сенімді Мұхаммед” деген жоқ па еді?! Әбу Бәкірдің жүрегі қуаныштан аттай тулап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасынан бір-ақ табылады. Пайғамбарымыз оны нұр тұнған көздерімен күлім қағып қарсы алады. Өйткені, Әбу Бәкірдің өзін қолдайтындығына толық сенетін.
– Уа, Әбу Қасым, пайғамбарлығыңды жария еткенің рас па? – дейді оған Әбу Бәкір келген бойда  сұрақты төтесінен қойып.
– Иә, Әбу Бәкір. Мен – саған және күллі адамзатқа Әлемдердің Раббысының жіберген елшісімін. Халықты бір Аллаһқа ғана иман етуге, пұттарға табынудан бас тартуға шақырамын.
Әбу Бәкір бұл шақыруға еш кідірместен:
– Мен куәлік етемін, ей, Мұхаммед, сен Аллаһтың елшісісің! – деп алғаш иман еткендердің қатарына қосылу бақытына ие болды.
Әбу Бәкірдей бір қауым елге сөзі өтімді беделді кісінің мұсылманшылықты қабылдауы, хазірет Айша (р.а.) анамыздың айтуынша, Пайғамбарымызды (с.а.с.) ең қатты қуантқан оқиғалардың бірі болды. Бұл жайлы Пайғамбарымыз бір хадисінде:
– Исламға шақырған кезімде, Әбу Бәкірден басқа да сәл тосырқау мен күмән болды. Бірақ Әбу Бәкірге Исламды түсіндіргенімде еш күдіктенбестен, кідірместен иман келтірді, – деп оның осы жақсы қасиетін айтқан.
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Көптен бері нұрды аңсап, асыға күткен Әбу Бәкір онсыз да кемеріне келген көңілі мен жүрек сарайын Исламға айқара ашып, иләһи мейірімнің шуағына бөленіп, өзін басы бүтін осы ақиқат жолына арнап, үнемі Расулуллаһтың (с.а.с.) қасынан табылып, көктен
түсіп жатқан иләһи уаһиларды жүрегіне нақыштап, халыққа жеткізуде сөзі өтімді жаршыға айналды. Бүкіл адамдардың бұл бақыт нұрынан мақрұм қалмауы үшін жүрек жалыны оттай лаулап, бір орнында байыз таппады. Хазірет Әбу Бәкір шынайылығымен қоса мәрт мінезді, көңілі жайсаң жан болатын. Мұсылман болған кезде оның қырық мың дирхамы бар еді. Мұның барлығын да Ислам жолында жұмсау үшін Пайғамбарымызға (с.а.с.) әкеліп табыс етті. Ол бір жағынан, ақылы мен шешендік қабілетіне сүйеніп, Исламды үнемі уағыздаумен болса, екінші жағынан, кедей мұсылмандарға үнемі материалдық көмек көрсетіп
отырды. Өміріне қауіп төніп тұрса да, жан-тәнімен қабылдаған ақиқат дінін уағыздауға құлшына кірісті. Меккенің көптеген бетке ұстар азаматтарының Исламды қабылдауына себепкер болды. Олардың арасында көзі тіріcінде Жәннатпен сүйіншіленген он кісінің алтауы: хазірет Осман, Талха ибн Ұбайдұллаһ, Сағд ибн Әби Уаққас, Әбу Ұбайда ибн Жәррах, Зүбәйр ибн Әууәм, Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) бар еді. Бұлармен қатар Осман ибн Маз‘ұн, Әбу Сәламә және Әрқам ибн Әбу Әрқам (р.а.) Әбу Бәкірдің себепкерлігімен Исламды қабылдаған еді. Оның себепкерлігімен мұсылман болғандардың саны 38-ге жетті. Оның күш-жігері мен қайратының арқасында Исламның шапағат нұрына бөленгендердің қатары 42
Cаңлақ cахабалар күн санап өсіп жатты. Алайда мүшріктер де қол қусырып қарап қалмады. Исламды енді ғана қабылдап
жатқандарды жаңа сенімнен бас тартқызу үшін қолдарынан келген жамандығын барынша істеп бақты. Сөзбен түйреулерін тоқтатып, күш қолдана бастады. Мұсылмандарды кезіктірген жерлерінде соққыға жығып, зәбір көрсетті. Алғашқы кезде мұсылмандар құлшылықтарын еркін орындау үшін хазірет Әрқамның үйіне құпия жиналатын. Оның үйі кіріп-шығуға қолайлы, көзден таса, әрі сырттан келген-кеткендерді бақылауға оңтайлы еді. Күндердің бірінде осы үйге жиналған сахабалар Аллаһтың бірлігін мүшріктерге ашық түрде жария ету үшін Пайғамбарымыздан (с.а.с.) рұқсат сұрайды. Араларында Әбу Бәкір де бар. Алайда Пайғамбарымыз оның уақыты әлі келмегендігін, ол үшін мұсылмандардың әлі аз екендігін айтып алғашында рұқсат бермегенді, бірақ Әбу Бәкірдің табандылық танытуынан кейін олардың айтқандарына көнеді. Барлығы жұптарын жазбай
Қағбаға барады. Әбу Бәкір мүшріктерге қарап: – Хақ һәм жалғыз Аллаһқа мадақ! Мәңгі бақыт – Аллаһқа иман ету. Оны мойындамай пұтқа табыну – өте жаман ғадет. Мағынасы жоқ жәһилия әдеттерін тастап, Аллаһ елшісінің шақыруына мойынсұныңыздар,– деді. Мүшріктер алғашында толқыса да, тез арада естерін жинап, мұсылмандарға қарсы майдан ашты.
Әбу Бәкірді жерге жатқызып алып, қолдарына түскен нәрсемен ұрып-соға бастады. Қаныпезер мүшрік Ұтба ибн Рәбиә табанында шегесі бар аяқ киімімен тепкілеп, оның нәзік бетін қан жоса қылды. Сол арада Әбу  Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Бәкірдің туыстары көмекке келіп, оны өлім аузынын әзер алып қалды. Өлімші халден есін жиған Әбу Бәкірдің ең алғашқы сұрағы: “Расулаллаһтан хабар бар ма?”, – болды. Есінің кіресілі-шығасылы жатқанын елемей, Пайғамбарымызды (с.а.с.) уайымдап, “Оған не болды?”, – деп сұрай берді. Анасының: “Балам, бір нәрсе ішіп-жейсің бе?”, – деген сұрағына: “Аллаһтың Елшісі қайда?
Оның жағдайы нешік?”, – деп көңілі жай таппады. Анасы хабары жоқтығын айтқан кезде,: “Анашым, Хаттабқызы Үмму Жамилге барып, Расулаллаһтың жағдайының қандай екенін сұратыңызшы”, – деді. Расулаллаһтың жағдайының жақсы екендігін айтып келген хабарға да көңілі толмай, оның жағдайын өз көзімен көргісі келіп тағаты таусылды. Айнала біраз тынышталғаннан кейін
қасындағылар Әбу Бәкірді қолтықтап, Әрқамның үйіне алып барады. Пайғамбарымызды (с.а.с.) өз көзімен көрген кезде: “Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ!”,– деп ебіл-дебілі шығады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны құшақтады. Оның бұл халі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әсер етіп, көздерінен мөлдір жас моншақтай төгілді. Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) бір түні Жәбрейілмен бірге Меккеден Ақса мешітіне, ол жерден Аллаһтың құдіретімен басқа ұлы әлемдерге көтеріліп миғражға шықты және сол түні қайта оралды. Ертеңінде бұл мұғжизаны айтып мүшріктерге хабар берді. Мүшріктер бұған сенбеді. Тіпті, кейбір  мұсылмандардың өзіне де бұл мұғжизаны мойындау ауыр соқты. Олар Әбу Бәкірден:

– Ең жақын досыңның не айтқанын білесің бе? Бұл түні ол Ақса мешітіне барып сол жерде намаз оқығанын, ол жерде бұрынғы пайғамбарлармен жүздесіп көкке көтерілгенін және сол түні қайта оралғандығын айтуда, – деді. Әбу Бәкір бір нәрсені айқындап алғысы келіп: – Сіздер мұны оның өз аузынан естідіңіздер ме? – деді.
– Иә, өз аузынан естідік.
Хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың көкке көтерілгеніне шүбәсіз иланып:
– Ол айтса, бұл – шындық. Мен Мұхаммедке (с.а.с.) және Аллаһ тағаладан әкелген барлық нәрсеге кәміл сенемін,– деді.
Кейін бұл миғраж мұғжизасын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өз аузынан естіп білгенде Әбу Бәкір: – Сенің тура сөйлегеніңе ант етемін. Сен Аллаһтың Хақ елшісісің. Мен бұған тағы да куәлік етемін,– деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған ілтипат білдіріп:
– Ей, Әбу Бәкір, сен онсыз да сыддықсың (турашыл, шынайы),– деді.
Содан бері бұл сипат қияметке дейін құрметті атау ретінде үнемі Әбу Бәкірдің атымен қатар (Әбу Бәкір Сыддық) атала бастады25.
Әбу Бәкір Сыддық Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген адалдығы, берілгендігі мен жанкештілігінің арқасында оның жанына жақын тұтар ең жақсы көретін адамы болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Исламды халыққа кеңінен насихаттау жөнінде және басқа да істерінде
онымен жиі ақылдасып тұратын.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғанға дейін еш үзілмеді. Соғыс алаңдарында, һижретте де үнемі бірге жүрді. Қызы хазірет Айшаны (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) некелестіру арқылы жақындық байланыстары туыстыққа ұласып, күшейе түсті.
Күн озған сайын Меккеде мұсылмандардың қатары көбейіп жатты. Мүшріктердің оларға жапа көрсетулері де күннен-күнге арта түсті. Өмірлері мен діндерін сақтап қалу үшін мұсылмандардың ішінен бір топ Эфиопияға һижретке Пайғамбарымыздан (с.а.с.)
рұқсат алды. Қалғандары иләһи әмір келгеннен кейін Мәдинаға һижрет етті. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) һижрет етуіне әлі рұқсат келмеген-ді. Қасынан бір елі айрылмаған шынайы дос Әбу Бәкір өзі жайлы сұраған кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: “Уа, Әбу Бәкір, асықпа. Бәлкім Аллаһ саған да бір һижрет серігін нәсіп етер”, – деді. Әбу Бәкір һижретте Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге болатынын түсінді. Өйткені Меккеде Әли, Әбу Бәкір және Пайғамбарымыздан (с.а.с.) басқа ешкім қалмаған еді.
Алайда мүшріктер мұсылмандардың һижрет еткендерін де көре алмады. Олар Пайғамбарымызды (с.а.с.) уыстан шығарып алғысы келмей, бірден жиналып, Аллаһ елшісін (с.а.с.) өлтіруді ұйғарды. Бірақ, Аллаһ Сүйіктісіне (с.а.с.) Жәбрейіл арқылы
хабар беріп, сол түні һижрет етуіне әмір берді. Сол түні һижреттегі жан серігі Әбу Бәкір болды. Ол Пайғамбарлар падишасымен (с.а.с.) бірге һижрет ететінін естігенде, қуаныштан көз жасын төкті. Өліммен ұласуы мүмкін қатерлі сапарға шығатынын естігенде, қуаныштан көз жасын төгу не деген жанкештілік десеңізші! Шыбын жанының кеудесінен ұшып кетуінен үрейленетін
қорқақ адамдардың мұны түсінуі, әрине, оңай емес. Ардақты елші (с.а.с.) сол түні өзінің төсегінде Әлиді қалдырып, Әбу Бәкір екеуі ел көзінен жасырынып жолға шықты. Олар Сәур тауына қарай бет алды. Әбу Бәкірдің көңілі толқып Адамзаттың ардақтысына
(с.а.с.) зиян келмесін деп қобалжыды. Мүшріктердің оларды байқап іздеріне түсуі мүмкін еді. Ол өзін мүлдем ұмытып, тек қана Пайғамбарымызды (с.а.с.) ойлаумен болды. Ардақты елшінің алдын орағытып, артынан түсіп, оңына бір, солына бір шығып, кенеттен келуі мүмкін қатерге қарсы қорған болуға тырысты. Олар түннің бір уақытында Сәур тауындағы ішіне адам кірмеген үңгірге келіп жетті. Оның іші құрт-құмырсқа, жылан мен шаянға толы еді. Үңгірге бірінші Әбу Бәкір кіріп, айналаны тексеріп, киімінің құрақтарымен тесіктерді бітеп шықты. Құрақ жетпегендіктен бір тесікті аяғымен бітеді. Аллаһтың елшісі келіп оның қасына отырды. Ардақты елші (с.а.с.) көз шырымын алмақшы болып, оның тізесіне басын қойып, мызғып кетті. Қас қылғандай Әбу Бәкірдің тесікті бітеген аяғы жанын көзіне көрсетіп удай ашиды. Ауру жанына батса да Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ұйқысын бұзып алудан қорқып, орнынан тырп етпеді. Бірақ, дызылдаған аяғы шыдатпай, еріксіз көзінен жас ыршып кетті. Нұрлы жүзіне тамған ыстық көз жасынан оянып кеткен Аллаһтың Ардақты елшісі (с.а.с.):
– Саған не болды, ей, Әбу Бәкір? – деді.
– Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын, ей,
Расулаллаһ! Аяғымды бір нәрсе шақты, – деді даусы
қынжыла шығып.

Адамзат баласының бақыты үшін жіберілген
Сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) мүбәрәк түкірігінен
жаққан кезде хазірет Әбу Бәкірдің аяғының ашыған
жері бірден тоқтады. Досының бұл жанкешті әрекетіне
тебіренген Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Ей, Аллаһым, қиямет күнінде Әбу Бәкірдің
дәрежесін менімен бірдей қыл!– деді.
Аллаһ тағала осы үңгірде жасырынған екі мүбәрәк
тұлғаны жаудың қолынан құтқару үшін өрмекші мен
көгершінді пайдаланды. Аллаһтың әмірімен өрмекші
үңгірдің аузына тор тоқып, көгершін ұя жасады.
Мүшріктер Пайғамбарымыздың орнын сипап
қалды. Оны табу үшін ең мықты ізкесушілерді жал-
дап жолға шықты. Ізкесушілердің бастап жүруімен
олар Пайғамбарымыздың тығылған үңгірінің аузына
дейін келді. Үңгірдің аузындағы өрмекшінің ауы мен
көгершіннің ұясын көріп алданған мүшріктер ол жер-
ге адам кіруінің мүмкін еместігін ойлап кері қайтты.
Міне, құдіреті күшті Аллаһ дүниеде ең әлсіз өрмекшінің
торы мен көгершіннің ұясы арқылы Елшісін осылайша
қорғап қалды.
Сол кезде Әбу Бәкір Пайғамбарымызға (с.а.с.):
“Аллаһқа ант етейін, өзім үшін қорықпаймын. Бірақ,
көңілім қаламаған нәрсені сенің басыңа келе ме деп
қорқып, сол үшін қапаланамын”, – дейді. Сенімділік
Пайғамбары (с.а.с.) болса оған: “Үшіншісі Аллаһ болған
екі кісі үшін неге мұншалықты абыржисың. Уайымда-
ма, Аллаһ бізбен бірге”, – деп, өзі үшін уайымдаған
досының көңілін жұбатты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) шынайылық пен
жанкештіліктің өшпес үлгісі Әбу Бәкірмен бірге
дұшпандарының қолына түспеу үшін үш күн осы
үңгірді паналады.
Үш күн өткеннен кейін олар үңгірден шығып,
Мәдинаға қарай бет алды. Мәдинаға һижрет Ислам
тарихында жаңа дәуірдің басталуына арқау болды.
Қатерлі де қиын жолаушылықтан кейін олар Мәдинаға
келіп жетті. Олардан бұрын Мәдинаға һижрет еткен
мұсылмандар мен жергілікті халық көшеге сыймай
қадірлі қонақтарын құрақ ұшып, құшақ жая қарсы
алды27.
Шынайылық – жақсы көргеніне ұқсау, барын да,
жоғын да соның жолына атау, өз болмысын сүйгенінің
болмысында жоқ ету. Міне, хазірет Әбу Бәкірді жоғары
мәртебеге жеткізген осы қасиет. Оған шынайы, турашыл
мағынасында “сыддық” дегізген сипаты Пайғамбарлар
падишасына (с.а.с.) деген шынайылығы мен
берілгендігінен келді. Ол Аллаһ елшісінің айтқандарына
еш қалтқысыз сенетін. Өйткені оның досы – достың
да, дұшпанның да бірауыздан “Мухаммадүл-Әмин”
(сенімді Мұхаммед) деп қабылдаған асыл жан еді.
Әбу Бәкір Сыддықтың Ардақты елшіге (с.а.с.)
қылаусыз сенімі мен парасаттылығын Худайбия келісімі
кезіндегі әрекетінен аңғаруға болады. Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) мүшріктердің ұсынған қиын шарттарын қабыл
етіп, бейбіт келісімге баруын сахабалардың көпшілігі
алғашында түсіне алмай қарсы шықты. Омар сияқты
ақылды сахабаның өзі бұл келісімнің астарындағы сыр-
ды ұғына алмай әбігерге түссе, Әбу Бәкір өзіне келген
адамдардың бәрін “Аллаһ елшісі бұлай жасаған болса,
демек білген бір ақиқаты бар” деп сабырға шақырды.
Әбу Бәкір бұл жайлы былай дейді:
“Ислам үшін Худайбиядан асқан ұлы жеңіс болған
емес. Бірақ адамдар ол күні Мұхаммед пен оның Раб-
бысы арасындағы сырды түсіне алмай асығыстық жа-
сады”.
Худайбия келісімі сырт көзге жеңіліс сияқты
көрінгенімен, ақиқатында Құранда „Фатх” сүресінде
баян етілгендей “айқын жеңіс” болды.
Худайбия келісімінің нәтижесінде кескілескен екі
жақтың арасында тыныштық орнады. Мұсылмандар өз
діндерін қорықпай уағыздай алатын болды. Мүшріктер
болса мұсылмандарды жақыннан тану мүмкіндігіне ие
болды. Мұсылмандармен қоян-қолтық араласып, олар-
ды таныған сайын, бойларындағы адалдық, шынайылық
пен адамгершіліктің керемет үлгісін көріп, жаңа дінге
деген қызығушылықтары арта түсті. Көптеген адам
Исламды қабылдаса, бірқатары дұшпандықтан бас
тартты. Худайбия келісімінен кейін мүшріктердің ең
жаужүрек, жеңілмес қолбасшысы Халид ибн Уәлид пен
айлалы саясаткер Амр ибн Ас т.б. сияқты ірі тұлғалары
мұсылмандықты қабылдады.
Худайбия келісімі мен Меккенің алынуына
дейінгі екі жылдық қысқа уақыт аралығында мұсыл-
ман болғандардың саны Аллаһ елшісіне (с.а.с.)
пайғамбарлық келген кезден бастап, өткен жиырма
жылда иман келтіргендерден ондаған есе артық. Де-
мек, бұл бейбіт келісім – жеңіліс емес, Исламның ұлы
жеңісі.
Пайғамбарымыз төсек тартып жатқанда сахабалар
жағдайын сұрап, жиі-жиі үйіне барып тұратын. Ара-
ларында Әбу Бәкір де болған сондай зияраттардың
бірінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға:
– Аллаһ дүние мен ақыретті таңдау мәселесін
құлының еркіне берді. Алайда құл ақыретті таңдады,–
деді.
Бұл сөздің астарлы мағынасын алғашында ешкім
түсіне қоймады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ишарат сөзбен өзінің
өлімін меңзегенін түсініп, жалғыз Әбу Бәкір ғана көз жасын
төгіп былай деді:
– Әкеміз, анамыз, бала-шағамыз, дүниеміз бен
жанымыз сенің жолыңда құрбан болсын, ей, Аллаһтың
елшісі!
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл парасаты мен
сезімталдығына толқып:
– Әбу Бәкір, көңілің босамасын. Егер Аллаһтан
басқа бір дос таңдар болсам, тек сені таңдар едім. Алай-
да арамызда Ислам бауырластығы мен сүйіспеншілігі
бар (бұл бәрінен де қымбат), – дегеннен кейін, – Әбу
Бәкір үшін ашылған есіктен өзге мешіттегі барлық
есіктер жабылсын, – деді.
Бұл оқиғадан бірнеше күн өткен соң Пайғамбары-
мыздың (с.а.с.) денсаулығы жамағатқа намаз оқыта ал-
мастай дәрежеде нашарлап кетті. Пайғамбарымыздан
намазды кімнің оқытатыны сұралғанда,:
– Әбу Бәкірге айтыңыздар, намазда имам болсын!
– деді. Пайғамбарымыздың Әбу Бәкірге жамағатқа
намаз оқытуды тапсыруы мұсылмандар үшін
Пайғамбарымыздан кейін халифа болатынына ишарат
еді.
Бұдан кейін ол мұсылмандарға имам болып,
он жеті рет намаз оқытты. Тіпті бір таң намазында
Пайғамбарымызға (с.а.с.) имамдық ету бақытына да ие
болды.
Пайғамбарымыз Жаратушысына жанын тәсілім ет-
кен кезде, Әбу Бәкір басқа жерде болатын. Халық қара
жамылып, аза тұтып жатты. Әбу Бәкір хабар жете са-
лысымен, ешкімге тіл қатпастан құстай ұшып, бірден
Расулуллаһтың бөлмесіне кірді. Бетінде жабылған ма-
таны көтеріп, Пайғамбардың маңдайынан сүйді. Содан
кейін нар тәуекелге бел буып, тағдырдың жазғанына
мойынсұнып былай деді:
– Біз бәріміз Аллаһтың құлдарымыз және Оған
ораламыз. Әке-шешем сенің жолыңда құрбан болсын.
Сен тірі кезде әдемі едің, жаның кеудеңнен ұшып кетсе
де, ажарың атқан таңдай арайланып қала беріпті. Аллаһ
тағала саған өлім ауыртпалығынан басқа бір қайғы
бермейді. Бұл белесті де артқа тастадың.
Мұнафықтар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз
жұмған сәтін қапы жібермей, аярлыққа басып, тағы бір
лаң шығарып, бүлік бастады:
– Мұхаммед егер пайғамбар болса, өлмес еді, – деп
мұнафықтар мұсылмандардың жан күйзелісін пайдала-
нып, рухтарын түсіруге тырысып бақты.
Айтылған бұл ауыр сөздерге одан әрі төзе алмаған
асыл ер хазірет Омар (р.а.) қылышын қынынан суы-
рып:
– Расулаллаһ өлген жоқ. Кімде-кім оны өлді десе,
мына қылышыммен басын кеудесінен ұшырамын,–
деді.
Осы кезде Әбу Бәкір салқынқандылық танытып,
сахабалардың Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік-
терінен туындаған рухтары мен көңілдеріндегі терең
тебіреністі басқа оқиғалар арқауына желі боларын ой-
лап, бұған дер кезінде тосқауыл қоя білді. Ол:
– Кімде-кім Мұхамедке құлшылық еткен болса,
біліп қойсын, ол өлді. Кім Аллаһқа құлшылық еткен
болса, Ол Бақи (Өлімсіз) және өлмейді. Аллаһ тағала
Құранда: “Мұхаммед тек пайғамбар ғана. Одан бұрын
да қаншама пайғамбар келген. Егер ол өлтірілсе не-
месе өлсе, сіздер қайтып ескі күйлеріңізге қайта ора-
ласыздар ма? Кімде-кім кері оралар болса, Аллаһқа
зиян келтіре алмайды. Аллаһ шүкір еткендерге оның
сауабын береді (Әли-Имран, 144) деген аятты оқыды
да:
– Аллаһтың діні өмір сүре береді. Аллаһ дінін
кемеліне жеткізеді. Аллаһ өзінің дініне жәрдем етіп,
оның туын жоғары желбіретер адамның көмекшісі бо-
лады. Қолыңызда Аллаһтың кітабы бар. Ол – нұр әрі
шипа. Аллаһтың адал қылғаны мен харам қылғаны сон-
да мәлім етілген, – деп29, жиналған жұртқа басу айтып,
Расулаллаһтың бұл дүниеден өтуімен оның қызметінің
тоқтап қалмайтындығын білдірді. Жұртшылық абдырап
қалған сын сағатта Әбу Бәкір салқынқандылығымен,
парасатымен адамдардың мұңды көңілдеріне дем беріп,
қайғыға бел алдырмауы үшін қам жасады.
Әбу Бәкір беделді сахабалардың келісімімен
бірауыздан халифа болып тағайындалды. Өйткені
сахабалардың барлығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
көңіліндегі адам Әбу Бәкір екенін жақсы білетін. Әбу
Бәкір халифа болып тағайындалған күннің ертесінде
мешіттегі мінберге шығып, халыққа былай деді:
29 Бухари, Жанаиз, 123; Ибн Мажә, Сунән, Бейрут, Ихяут-
турасил араби, Жанаиз, 65; Сира, 4:305.
53
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
– Ей, әлеумет! Мен араларыңыздағы ең жақсы
кісі болмасам да, сіздерге басшы болып сайландым.
Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті бізге
үйретілді. Біз не нәрсе білсек те, соның арқасы… Ша-
мам келмейтін жауапкершілігі ауыр істі еріксіз мой-
ныма алдым. Бұл міндетті абыроймен алып жүре ала-
тын біреудің сайлануын қалар едім. Сіздерге Аллаһтан
қорқыңдар деймін.
Аз-кем үнсіздіктен кейін Әбу Бәкір жаңа тыныспен
қайта үн қатты:
– Уа, халайық! Міндетімді өз деңгейінде дұрыс
орындасын десеңіздер маған қалтқысыз бағынып,
жәрдем етіңіздер. Егер жаман жолға бет алсам, тура
жолға түсіріңіздер. Туралық – бір аманат, жалған – бір
қиянат. Иншаллаһ, араңыздағы ең әлсізі менің қасымда
ақысын алғанша – ең күштіңіз, араңыздағы ең күштіңіз
де – мойнында біреудің ақысы бар кезде оны иесіне
алып бергенге дейін ең әлсізі болады. Мен Аллаһ пен
Расулының жолынан ауытқымасам, сіздер де маған
бағыныңыздар. Аллаһ пен елшісінің әмірлеріне қарсы
келсем, маған бағынбасаңыздар да болады. Өзім және
сіздер үшін Аллаһтан кешірім тілеймін30.
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.) халифа болған соң
Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген ыстық ықыласын су-
ытпай, мойнына жүктелген қызметті атқаруға кірісіп
кетті. Ең алғашқы ісі – Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
аяқтай алмаған ісі – Усаманың басшылығындағы
әскерді Сирияға аттандыру болды. Сахабалардың
кейбіреулері сол кездері пайда болып келе жатқан
“жалған пайғамбарлар” мәселесін алға тартып, әскердің
жорыққа аттануын кейінге қалдыруды ұсынды. Бұған
халифа Әбу Бәкір:
– Аллаһқа ант етемін, егер жолбарыстар мен
қасқырлар Мәдинаға келіп қауіп төндірсе де, Аллаһ
расулының бұйрығын орындаймын. Өйткені, ол:
“Усаманың әскерін міндетті түрде аттандырыңдар” деп
кетті, – деп жауап берді.
Хазірет Омар Усаманың әлі жас екендігін ескертіп,
одан үлкенірек біреудің қолбасшы етіп тағайындалуын
ұсынғанда:
– Ей, Хаттабұлы! Усаманы Аллаһ елшісінің өзі
қолбасшы етіп тағайындағанын біле тұра бұл әмірді
қалай өзгерте аламын? – деп, Аллаһ расулына шынайы
берілгендігін көрсетті.
Әскерді аттандырмас бұрын Әбу Бәкір Усамаға
Исламның соғыс құқығына байланысты мына маңызды
қағидаларын қатаң ұстануын бұйырды:
“Шектен шығып, қиянат жасамаңдар. Уәделеріңді
бұзбаңдар. Өлтірілгендердің ағзаларын кеспеңдер.
Балаларды, қарттарды және әйелдерді өлтірмеңдер.
Құрма ағаштарын кесіп өртемеңдер. Жеміс беретін
ешбір ағашты кеспеңдер. Қой, сиыр немесе түйелерді
қажеттіліктен тыс соймаңдар. Жолда шіркеулерде
құлшылық жасаушыларға тиіспеңдер!”
Усаманың басшылығындағы әскер Әбу Бәкірдің
берген нұсқауы бойынша жүріп кетті. Гректерге
кезікпеді. Бірақ кері қайтар жолда діннен шыққан
Хуза‘алықтардың бір тобын ойсыратты. Осылайша
әрі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әмірі орындалды, әрі бас
көтеріп келе жатқан үлкен бір бәлекеттен мұсылмандар
аман қалды.
Бұл жауапкершілігі мол халифалық істің қиындығы
жайлы Әбу Бәкірдің қызы – Айша анамыз (р.а.) былай
дейді:
“Бұл міндет – тауға жүктелер болса, оны тас-талқан
етерліктей ауыр міндет. Бірақ Әбу Бәкір бұл міндетті
Аллаһтың қолдауы мен мұсылмандардың жәрдемінің
арқасында ең жақсы түрде атқарды. Халифа болып
тұрған кезеңінде Құран мен хадисте ашық бір дәлел
табылмаған мәселелерді сахабалармен кеңесіп, келісіп
шешетін”.
Хазірет Әбу Бәкір біреуге жауапкершілігі мол
істі жүктеген кезде, сол адамның қабілетіне қарап
лайықтыларын қапысыз таңдап тағайындай алатын
кемеңгер басшы еді. Мысалы, оның қаржы істеріне
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) “Үмбеттің сенімдісі” деп
атаған Әбу Ұбайда ибн Жаррахты, құқық істеріне
әділеттің үлгісі – Омар Фаруқты, жазу және тіркеу
істеріне уахиді жазып алушылардан Зәйд ибн Сәбитті
тағайындауы бұған айғақ бола алады.
Ол әкімдер мен әскер басшыларына үнемі жазба-
ша түрде кеңес беріп тұратын. Осындай кеңестерінің
бірі Икримаға (р.а.) жіберген мына хатында көрініс
тапқан:
“Істеймін деп уәде берген ісіңді істе. Сөз берсең,
оны орында. Ескерту жасаудан қорықпа. Бірақ бұны
істегенде нені айтып, нені айтпау керектігін абайла.
Кінәліге кінәсінен артық жаза берме. Жазаға лайық
болған адамның жазасын беруді кешіктірме”.
Әбу Бәкірдің қарапайымдылығы, кішіпейілдігі мен
әділдігі халифа болып тағайындалғаннан кейін де бір
мысқал өзгермеді. Ол өз күнін өзі көріп, отбасының
нәпақасын өз маңдай терімен табудың жолдарын ойлап,
соған ұмтылды, мемлекет қазынасынан ақша алу үш
ұйықтаса түсіне кірмейтін. Ол саудамен айналысқысы
келді. Сондай күндердің бірінде базарға беттеген оның
алдынан хазірет Омар шығып, оған халифа болғандығы
үшін “байтул-малдан” (мемлекет қазынасынан) айлық
тағайындалуын ұсынды. Хазірет Әбу Бәкір: “Алған бұл
айлығымды кері өтей алмаймын ба деп қорқамын”, –
деген еді. Бірақ Омар оған уақытының тек мемлекет
істеріне ғана жетерін, сауда жасауға уақыт қалмайтынын
айтып, ақырында қазынадан күн көруіне жетерлік
айлық алуға көндірді. Бірақ ол қайтыс боларда алған
айлығының өзінің мирасынан есептелініп, өзінен кейін
келетін халифаға берілуін өсиет етіп жазып кеткен31.
Әбу Бәкірдің (р.а.) халифа болып тұрған кезіндегі
жасаған қызметтеріне қысқаша тоқтала кеткен жөн.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болмай тұрып-ақ Яма-
ма, Йемен және басқа да жерлерде жалған пайғамбарлар
шыға бастаған еді. Олар тайпаларын өздерінің ырқына
бағындырғысы келіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көз
жұмуын пайдаланып, әрекетке көшті. Әбу Бәкір (р.а.)
оларға әскер жіберіп, жаңадан бой көтеріп келе жатқан
бүлікті басып тастады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін
кейбір араб тайпалары діннен шыға бастады. Яһудилер
мен христиандар да қарап жатпады. Бұл мұсылмандардың
жағдайын қиындатты. Әбу Һурәйраның айтқанындай,
“егер Әбу Бәкір болмағанда, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
дүние салуынан кейін мұсылмандар күйреуге ұшырар
еді”. Бұл жайлы кезінде қаталдығымен танылған Омар
ибн Хаттаб:
”Діннен шығушыларға қарсы жасалған соғыста
Әбу Бәкірдің менен де қатал және өте ынталы екенін
көрдім. Ол халифа болып тұрған кезінде халықты Ис-
лам әдептеріне керемет баулығаны соншалық, мен
билікті қолыма алған кезімде оларды басқаруда еш
қиындық көрмедім”, – деп болмысынан жұмсақ мінезді
Әбу Бәкірдің ақиқатты қорғауға келгенде босаңдық та-
нытпай, үлкен жаупкершілікпен қарағандығын атап
көрсеткен. Әбу Бәкір Аллаһтың көмегі мен өзінің
басшылық қабілетінің арқасында мұсылмандарды бұл
қорқынышты апаттан құтқарып, Ислам бірлігін сақтап
қалды.
Оның Ислам үшін атқарған ең маңызды ісінің
бірі – Құранды жинатуы. Ямама соғысында көптеген
хафыздардың шейіт болуы, сонымен бірге әр түрлі
материалдарға жазылған Құран аяттарының жоғалып
кету қаупін туғызды. Хазірет Омардың жасаған
ұсынысына Әбу Бәкір алғашында: “Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) көзі тірі кезінде жасамағанын мен қалай жасай-
мын?” деп тартыншақтаса да, бұл істің маңыздылығын
сезінгеннен кейін Құранды жинастыруды бұйырды.
Құранның жинастырылуы үшін арнайы алқа
құрылып, жетекшілігіне Құранды ең жақсы оқып-білетін
жас Зәйд ибн Сәбит тағайындалды. Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) көз алдында жазылғандығына екі куәгердің
куәлік етуі шартымен Құран аяттары жинастырылды.
Бір жылдың ішінде бөлек-бөлек болған Құран парақтары
бір жерге жиналды. Әбу Бәкірдің әмірі бойынша Құран
ең жақсы білетін сахабалардан құрылған арнайы
алқаның алдында оқылып, бірауыздан қабылданды.
Халифа Әбу Бәкір жинастырылған бұл Құранды
өмірінің соңына дейін өзінің жанында сақтады. Ол
қайтыс болғаннан кейін бұл нұсқа Омар ибн Хаттабқа,
одан кейін Омардың қызы әрі Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жұбайларынан Хафса (р.а.) анамызға берілді32.
Аллаһ расулының (с.а.с.) халифасы Әбу Бәкір
Исламды мұқтаж көңілдерге жеткізу үшін әскер
жасақтады. Ол Аллаһтың қылышы атанған Халид ибн
Уәлидтің басшылығындағы бір әскерді Иракқа жолда-
ды. Бұл әскер жеңістен жеңіске жетіп, Ирактың үлкен
бөлігін қол астына қаратты. Иракты алғаннан кейін Ха-
лид ибн Уәлидті Сирияға аттандырды, бірақ ол жердің
алынғаны жайлы сүйінші хабарды есту пешенесіне жа-
зылмапты. Хижраның он үшінші жылында Әбу Бәкір
дүние салды.
Ол тақуалығымен және Аллаһқа шын берілген
құлдығымен де ерекшеленді. Бір күні сахабалар
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айналасына жиналып
отырған кезде Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға:
“Бүгін кім ораза ұстады, кім жаназаға қатысты, кім
бір пақырды тойдырды, кім аурудың көңілін сұрап бар-
ды?”, – деп жеке-жеке қойған сұрақтарының бәріне Әбу
Бәкір “мен” деп жауап берген. Сол кезде Ардақты елші
(с.а.с.) күлімсіреп: “бұл ерекшеліктер кімнің бойынан
табылса, ол Жәннатқа кіреді” деген еді33.
Хазірет Әбу Бәкір Құранды мақамдап өте әдемі
оқитын. Ол Құран оқыған кезде өзі де егіліп, өзгені
де толқытатын. Исламның алғашқы жылдарын-
да Меккедегі мүшріктердің әйелдері, балалары мен
құлдарының өзі де оның Құран оқығанын тыңдау үшін
айналасына жиналып қалатын. Бірақ мүшріктер бала-
шағамызды дінімізден бездіреді деп қорқып, бұған
кедергі жасаумен болатын.
Ол Құранды түсіну және сүннетті білу жағынан
да сахабалардың арасындағы ең білгірі. Өйткені, үнемі
Расулаллаһпен бірге жүріп, бойындағы бар қабілетін
Исламды, Құранды үйренуге бағыттаған еді. Сондықтан
да Пайғамбарымыз (с.а.с.) тірі кезінің өзінде оған пәтуа
беруге рұқсат еткен-ді. Хазірет Әбу Бәкір қай аяттың не
үшін және қалай түскендігін өте жақсы білетін.
Ол жомарттығы жағынан да алдына жан салмай-
тын. Жомарттығы соншалық, тіпті бүкіл дәулетін Аллаһ
жолында жұмсауға дейін баратын. Бұл жайлы хазірет
Омар былай дейді:
“Исламның кең таралуы үшін Расулаллаһ бірде
жәрдемдесуімізді бұйырды. Бұл менің байлығымның ең
көп кезі. Ішімнен “әй, осы бүгін Әбу Бәкірден озбасам
ба” дедім. Мал-мүлкімнің жартысын Аллаһ елшісіне
әкеліп табыс еттім. Аллаһ елшісі “Ей, Омар! Отбасыңа
не қалдырдың?” – деді. “Дүние-мүлкімнің жартысын
қалдырдым”, – дедім.
Біраздан кейін Әбу Бәкір келді. Ол мал-мүлкін тегіс
алып келген екен. Расулаллаһ (с.а.с.) одан, “Ей, Әбу
Бәкір, сен отбасыңа не қалдырдың?”, – дегенде оның
жауабы мынау болды: “Оларға Аллаһ пен Расулының
сүйіспеншілігін қалдырдым”. Мұны естіген мен “бұдан
кейін жақсылық жасау жолындағы жарыста мен Әбу
Бәкірден ешқашан да оза алмаспын” деп түйдім.
Аллаһтың Сүйікті елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкірдің (р.а.)
жомарттығы мен жанқиярлығын үнемі жоғары бағалап
мақтан тұтатын. Ол :
“Маған дүние-мүлкі мен сұхбаттасуы жағынан
адамдардың ең жомарты Әбу Бәкір” десе, басқа бір
хадисінде:
“Әбу Бәкірден басқа істеген істерінің құнын
өтей алмаған ешкімім жоқ. Біздің қасымызда оның
жомарттығы сондай, қиямет күні оның қарымын тек
Аллаһ қана бере алады”, – деген.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) хазірет Әбу Бәкірдің Ислам
діні үшін жасаған жақсылықтарын, шынайылығы мен
жанқиярлығын әрдайым мақтап, оны басқаларға үлгі-
өнеге ететін. Пайғамбарымыздың ішкі жан дүниесін ең
жақсы түсінетін де Әбу Бәкір (р.а.) еді. Пайғамбарымызға
деген сүйіспеншілігі мен Ислам дінінің кең жайылуын-
да бүкіл сахабаның ішінде оның орны ерекше болатын.
Ол жақсылық пен жомарттық шыңына шықты. Оның
өмірі мен қызметтерін толық қамтып айту – өз алдына
бөлек кітап жазуды қажет етеді. Адамды таңғалдырып,
тамсандырар ғұмыр кешкен адал серік, абзал тұлға жай-
лы Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) сөздерінен бірнеше
мысал берейік.
Ибн Омар былай дейді:
– Пайғамбарымыз (с.а.с.) үйінен шығып мешітке
кірді. Оң жағында – Әбу Бәкір, сол жағында – Омар бар
еді. Екеуінің қолдарынан ұстап тұрып: “Қиямет күнінде
біз осылайша қайта тірілтілеміз”, – деді.
Басқа бір хадисінде: “Кімде-кім Аллаһ разылығы
үшін садақа берсе, Жәннатта “Ей, Аллаһтың сүйікті
құлы! Мына жерге кел. Бұл есікте көп жақсылық
пен мол берекет бар”, – деп шақырылады. Көп намаз
оқығандар – Жәннаттың намаз есігінен, мужаһидтер –
34 Муслим, Фадаилус-сахаба:2; Тирмизи, Манакиб:15.
35 Ибн Мажа, Мукаддима: 11; Тирмизи, Манакыб: 16.
61
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
жиһад есігінен, көп садақа бергендер – садақа есігінен,
ораза ұстағандар – Райян есігінен шақырылады”.
Осы кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық та сол жерде еді.
“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Аллаһтың
елшісі! Бір адамның бұл есіктердің бәрінен бірдей
шақырылуы мүмкін бе?” – деді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
– Иә,
мүмкін.
Сенің,
міне,
осындай
шақырылғандардың бірі болатыныңа үміт етемін, –
деді.
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітте отырған
кезінде Әбу Бәкір мен Омар ішке кірді. Расулаллаһ
оларды көріп:
– Мені сіздермен қуаттандырған Аллаһқа мадақ!–
деді.
Пайғамбарымыздан:
– Ей, Расулаллаһ, адамдардың ішінде сізге ең
сүйікті болған кім? – деп сұрағанда Пайғамбарымыз
(с.а.с.) :
– Айша, – деді.
–  Еркектерден кімді атар едіңіз? – дегенде, – Оның
әкесін, – деп жауап берген38.
Хазірет Әбу Бәкір халифа болған кезінде өзіне
берілген “халифатуллаһ” (Аллаһтың халифасы) деген
атақты алмай “халифату Расулиллаһ” (Расулаллаһтың
халифасы) атауды жөн көрген. Жәһилия дәуірінің өзінде
тайпалар арасындағы дау-дамайды шебер шеше білетін
беделді, мәдениеті жоғары Әбу Бәкір шежіре ілімін
жақсы біліп, сол дәуірдің бүкіл жаман қасиеттерінен
бойын аулақ ұстады. Аса көркем мінездерін Ислам-
ды қабылдағаннан кейін кемелдендіре түсті. Сүйікті
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бүкіл істерінде өзімен кеңесіп
отыратындығы үшін оны “Пайғамбар уәзірі” деп те
мақтаған.
Хазірет Әлиден Әбу Бәкір (р.а.) жайлы сұрағанда:
– Ол бәрімізден озды. Аллаһқа ант етемін, біз
қандай да бір іске ұмтылсақ, Әбу Бәкір бәріміздің ал-
дымызда жүретін, – деген екен.
Міне, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) құрметіне ие болып,
артында аңызға толы өмір қалдырған хазірет Әбу Бәкір
(р.а.) хижраның он үшінші жылы, 22-Жәмадуль-ахирде
63 жасында дүниеден озды. Екі жылдан аса уақыт ха-
лифа болған ол артында бір саумал түйе, бір қызметші
және ішінде сүт сауылатын бір ыдыс қана қалдырыпты.
Ол қайтыс болмас бұрын халифалығы кезінде өзіне
тағайындалған айлығының қажеттілігінен артылып
қалған бөлігін хазірет Омарға берілуін өсиет етіп кетті.
Омарға бұл аманат табысталғанда ол:
– Аллаһ Әбу Бәкірге рақымын жаудырсын. Ей,
Әбу Бәкір! Өзіңнен кейінгілердің орындауы қиын
үлгі-өнегеге толы өмір қалдырдың-ау! – деп көз жасын
төкті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз