https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

САРАҢ – ПАЙҒАМБАРДЫҢ ЖИЕНІ БОЛСА ДА, ПЕЙІШКЕ БАРМАЙДЫ

23 Mar 2021 0 comment Оқылды: 364 рет

Ерте заманда, құйрығы келте заманда Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Қөңілі жай болыпты. Сол Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен. Қондырса дәм бермейді екен. Тіпті тастан да қатты сараң, өзі тойса да, көзі тоймайтын адам екен. Үйіне кісі келсе оның жауабы:

— Шық, әй! — екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен. Шықбермес Шығайбайдың аты естілмеген ел болмайды екен. Оның «Шық, әйін» естімеген жан болмайды екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған болады екен деп, басталатың Алдаркөседегі өте сараң Шығайбайдың әңгімесі көпке аян. Сондай шық бермес Шығайбайлар туралы азды көпті сөз қозғасақ. Өйткені, сараңдық адам баласын дүниеқоңыздылыққа, ашкөзділікке, қаңағатсыздыққа, өз қарабасын ғана ойлайтың өзімшілдікке, біреуге көмектесуді білмейтін, малынан зекет-садақа бермейтін, т.б. бойына жинайтын өте жаман қасиет.

 Сараңдық – Алланың берген нығметтерін, рызық-несібелерін басқа да жақсылықтарын ұмытып, тәкәппарлыққа салыну. Әр ғасырларда өмір сүрген ғұламалар мұңдай адам бойындағы жаман қаиеттерден халықты әркез сақтандырып отырған. Мәселен, өзбек ойшылы Әлішер Науаи: «Сараң – пайғамбардың жиені болса да, пейішке бармайды» десе, Түркістандық Ахмет Жүйнеки: «Сараң – дүниенің малын жиса да тоймайды» – дейді. «Дивани лұғат ат түріктің» авторы Махмұд Қашқари мұндайларды «Өзі жемей мал жиып сараң болады, содан күні қараң болады» – деп келемеждеген. Ахмет Йгенеки: «Сараң – малдың құлы», «Дүниенің малын жыйса да сараң тоймайды», «Берместің қолы бермеске бекем келер» – деп сараңдық адам баласын адамкершілікке емес көрсоқырлыққа, жақсылыққа емес жамандыққа, қанағаттылыққа емес ашкөзділікке апаратының айтқан. Құран Кәрімде «Кім бойындағы сараңдықтан сақтанса, міне, солар нағыз құтылушылар» («Хашыр» сүресі, 9 аят) десе, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ):«Сараң бір кісі қаншама ғибадат қылса да жәннәтқа кірмейді» –дейді.Міне, сондықтан да адам баласы өз ұрпағын сараңдықтан сақтандырып отырған. Қазіргі кезде де әрбір ата-ана өзінің перзентіне «Тәрбие – бесіктен басталады» деген дана халықтың айтқан сөзіне сай тәрбиені бесіктен беруі тиіс. Сүйіспеншілікке, ізгілік пен имандылыққа тәрбиелесе, онда ол өз қарабасын ойлап, сыбайлас жемқорлық сияқты көленкелі жолмен табыс тауып, халықтың жағдайын емес өзінің шүйкебасының қамын ойлайтын сараң да пайдакүнем де болмас еді. Сараңдық пайдакүнемдіктен туындайды. Пайда қуған адам шыншыл да, батыл да, өз парызына адал да бола алмайды.

Нұрсұлтан ҚАЛДАРХАНҰЛЫ

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз