Әйгілі ғұлама Мәлік ибн Динар ел арасында өзі дәулетті, әрі қолдары отқа жанбайтын, шоққа күймейтін бір зергер туралы естіп жүздескісі келеді.
⠀
Содан бір күні қызу тіршілік қайнап жатқан қала ішінен әлгі зергерді тауып, әңгімеге тартады. Жүзі жылы жігіт ағасы жастағы зергер Мәлікке уақытын бөліп, дәм ұсынады. Жұрт айтқандай зергердің қолы күймейді екен.
⠀
Танысып-білісіп біраз сөйлескеннен кейін Мәлік ибн Динар зергерден қос қолының қалайша күймейтінін, мұның сыры неде екенін сұрайды. Көпке айтпай жүрген әңгімесін Мәліктей ғұламаға айтуды жөн көрген зергер ағынан жарылды.
⠀
«Біздің көшеде бір сұлу әрі тақуа әйел тұратын. Бес баласы бар, күйеуі де жақсы жігіт еді. Бірақ тағдырдың жазуымен жұбайынан жастай көз жазып қалды. Бірнеше ай аза тұтып, күйеуін жоқтап жүргенде бес баласына ұсынар тамағы да таусылып, тұрмысы нашарлай берді. Бір күні сол әйел дәулетті болғасын маған келді.
⠀
«Өзім үшін болса ешкімге бармас едім, бес баламның қарны аш, сол үшін сұраймын» деп көзіне жас алып тұр екен. Демалып жатқан жерімнен қайыр сұрап келген әйелге мен де түлен түртіп бірден жомарттық қылмадым. Керісінше жаман ойға кетіп, оны зина жасауға шақырдым. Ол болса бірден ашуланып, «Алладан қорықпайсыз ба?» деп есікті тарс жауып кетіп қалды.
⠀
Алайда келесі күні қайта келді. «Жарайды, ұсынысыңызға келісемін. Бірақ бір шартым бар» деді.
⠀
Мен таңқалып, қандай шарт екенін сұрадым. Ол барлық есік терезені жауып, ешкім көрмейтіндей барлық жерді жауып қою керектігін айтты. Жесір әйелдің сұлу көркі бойымды балқытып барады, қол-аяғым дірілдеп тезірек есік атаулыны жауып, терезелерді қараңғылап төсекке қарай ұмтылдым.
⠀
Сол кезде әлгі әйел: «Тоқтаңыз, бір есік ашық қалды ғой, соны жаппадыңыз» деді.
⠀
Жан-жағыма қарап, мен аң-таңмын, барлық есікті жапқан сияқтымын. Таңқалысымды байқаған әйел сөзін жалғастырды:
⠀
– Сіз Алланың есігін жаппадыңыз. Оны жаба алмайсыз да! Алла Тағала бәрін естіп, көріп, бақылап тұр! - деді мейірімді кейіппен. Осы кезде біреу үстімнен мұздай су құйып жібергендей, состиып тұрдым да қалдым. Әлгі арам ойымнан бірден арылдым. Есімде қалғаны, жинаған дүниемнің біразын қолына ұстаттым да, бала-шағасына амандық тіледім. Балалары үшін қуанған жесір әйел «Неткен жомартсыз! Қос қолыңыз екі дүниеде де күймесін! Осы дұғамды күнделікті намазымнан кейін тастамаймын» деп жүзі бал-бұл жайнап, үйіне қайтты.
⠀
Мінеки, қолдарымның отқа күймейтін себебі тақуа әйелдің дұғасынан болса керек».
Әйгілі ғұлама Мәлік ибн Динар
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:26
Күн
06:49
Бесін
11:35
Екінті
14:32
Шам
16:15
Құптан
17:38
21
қараша 2024
бейсенбі
19 Жумәдә әл-Улә 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!