https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жер жүзінің бәрі намазжай

01 Feb 2021 0 comment Оқылды: 391 рет

Бисмиллахир рахман рахим!

 

Адамзат баласына намаз оқу үкімі түскен сәттен бастап, момын мұсылмандар құдайға құлшылық жасаудың жаңа дәуіріне қадам тастады. Аллаға мойын ұсынған құлын жаратушысына жақындататын ізгі құлшылық қалпын бұзбай бүгінге жетті. Иншалла осы ұлы сыйдың мұсылмандармен бірге ахиретке дейін жалғасатынына еш күмән жоқ. Намаз – құтылу, яғни жаратушының парыздарын өз уақытылы оқу, қарыз болмау, кешіктірмей өтеу деген мағананы береді. Діннің алғашқы бұлағынан қанып ішкен сахабалар намаздың жауапкершілігін қатты сезінген. Жай күн тұрмақ жау әскермен кескілескен ұрыс барысында да намазын қаза жібереуге тырысқан. Ал бүгінгідей мамыражай бейбіт күнде Алланың бұйрығын орынай алмай жүрген қаншама бауырларымыз бар?! Оны айтып отырған себебіміз, қазіргі таңда еліміз кез-келген азаматтың діни сеніміне құрметпен қарайды. Яғни, заң аясында діни ғибадат, құлшылық жасауына толық мүмкіндік берген. Мұндағы заң аясында деп отырғанымыз еліміздің зайырлы, құқықтық мемлекет екенін ескере отырып, тиым салынған жерлерден басқа орындардың барлығында құлшылық рәсімін жасауға болатындығы.

Ислам тазалық пен адамгершіліктің діні. Құлшылыққа кіріспес бұрын мұсылмандардың дәрет алуының өзі бұған дәлел. Он сегіз мың ғаламның жаратушысының құзырында тұруға да лайықты орын таңдалуы керек. Әрине мұнде жер жүзінің бәрі намазжай, бірақ, жоғарыдағы айтқан құлшылық жасар жердің ретті болуы аса маңызды. Бұл турасында пайғамбарымыз (с.ғ.с) жеті жерде намаз оқу – мәкрүһ деген. Әрине бұл түпкілікті тиым емес. Дегенмен, мәһкүріктің харамның бастауы екені айтпаса да түсінікті. Алла Елшісі күл-қоқыста, мал сойылған жерлерде, мазаратта, жол шетінде, моншада, түйе қорада және Қағбаның үстінде намаз оқуға тиым салады.

Соңғы уақытта кейбір бауырларымыз пандемия, карантин шектеулеріне қарамастан намаздарды мешітте оқуға тырысады. Намазды мешітте оқыған жақсы-ақ. Бірақ, мынандай алмағайып заманда заңға қарсы келуге, азаматтардың өмірін қатерге тігуге болмайды. Ниет оң, көңіл құдайға берілген болса, үйде де, түзде де оқылған намаздың парқы болмайды. Пайғамбар заманында құм далада түйемен келе жатқан сахабалар намаз уақыты кіре салысымен дәрет алып, жүзін қыбылаға қаратып күйіп тұрған күннің астында намаз оқи беретін болған. Қазір Аллаға шүкір, жолаушылап шыға қалсаңыз теміржол, авто, әуе бекеттерінде намазхана орындары ашылған. Кейде тіпті жол үстінде, иен далада намаз оқып тұрған жанды кездестіріп қаласыз. Уақытылы намазын оқып, құлшылығын қаза қылмай тұрған мұсылман бауырыңа іштей дән риза болсың сонда.

Құдай тағала адам баласын жер үстіне түсіргенде өзіне құлшылық жасасын деп түсірген. Сосын бір бағытта, тәртіппен намаз оқу үшін бізге құбыланы берді. Ендеше, жоғарыдағы пайғамбарымыз айтқан жеті тиымнан басқа жерде намаз оқуға ешкім кедергі жасамайды. Алла бізді намазымызда толық, иманымызда берік мүминдерден етсін. Әумин!

АСҚАР Серікбек

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз