https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

10 Dec 2020 0 comment Оқылды: 776 рет

                         

   Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) –нан кейінгі абзал тұлға

Әбу Бәкір (р.ғ)

Пайғамбарымыздан кейінгі абзал тұлға,

Жанашыр мейірімді болған құлға.

Жанында,малында пида етумен,

Жәрдемін аямаған Хақ жолында.

Шынайылығы үлгі болған басқаларға,

Серік болған Хижраға аттанарда.

Үңгірдегі екеудің бірі еді Ол,

Тұзағына дұшпандардың тап боларда.

Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді еді,

Жоқ-жітікті көргенде күлімдеді.

Құрайш шежіресін,тарихын жетік біліп,

Ханиф дінін ұстанып сүрінбеді.

Ардақты Пайғамбарға қызын беріп,

Сыддық деген ат алып соңына ерген.

                

Омар әл-Фаруқ (р.ғ)

Дұғасы әз пайғамбар қабыл болып,

Хақ дінге Омар кіріп қуаттанды.

Әділ Омар атанып елге жақты,

Ойлаумен Жаратушы Жаббар Хақты.

Тұрақты һәм тәртіпті әскер құрды,

Мұсылман шет елдерге сауда қылды.

Ешкімі жоқ ғаріптерге қарайласып,

Жәрдемақы тағайындау содан қалды.

Хижра жыл санауын негізге алды,

Ғылым-білім жаю үшін мектеп салды.

Жер-жерге ұстаздарды аттандырып,

Білімге деген дара жолды салды.

Осман Зиннурайн (р.ғ.)

Сахаба жәннатпенен сүйіншіленген,

Жақсылығын аямаған дүйім елден.

Яһудиден құдықты сатып алып,

Уақып қып мұсылмандарға сыйға берген.

ӘбуБәкірдің себебінен дін қабылдап,

Кәлима айтып,жүзінен нұр шаттанған ер.

Қос қызын пайғамбардың некесіне алып,

Екі нұрдың иесі атанған ер

Әдептілік ар-ұят,кеніші еді,

Сыйлаған құрмет тұтып тегіс Елі.

Періштелерде ұялып қымсынатын,

Ахлақ жақсы-мінез иесі еді.

Хижрет етіп Эфиопияға олда барған,

Айырылып жиған-терген қолда бардан.

Пайғамбарда күйеу баласын сыйлаған деп,

Сүннеті Пайғамбардың содан қалған.

                     Әли (р.ғ)

Сахабалар ішіндегі білімді еді,

Жастайынан Ислам дінін қабылдаған.

Тәрбиесін тәлімін алып Хақ Расулдың,

Ұдайы Пайғамбардың соңына ерді.

Сусындаған Исламның кәусәр бұлағынан,

Сүрінбеген мүшіріктердің сұрағынан.

Тірісінде жәннатпен сүйіншіленіп,

Исламға қызмет еткен ұзағынан.

Уахиды хатқа түсіріп,жатқа білген,

Білегіне қылышпен найза ілген.

Арыстан жүректі батыр еді,

Жасаған жиһадтарды үлкен үлкен.

Пайғамбардың Фатима қызын алды,

Байрағын Исламның қолына алды.

Хайбардың қақпасын қалқан етіп,

Көргендер оны көзбен қайран қалды.

Құраннан аят болды айтқан сөзі,

Ауырып шипа тапты оның көзі.

Мен ілімнің қаласымын-Әли оның қақпасы деп,

Пайғамбардың бізге жетті айтқан сөзі.

Малды иесі бағады,Ғылым иесін бағады,

Мал жұмсалса бітеді,Ілім жұмсалса артады.

Деп айтқаны салмақты,ойлаған жан-жақты,

Ілімге ұмтыл жас өрен, шайнап қалмай бармақты.

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.ғ.)

Аттың жақсы болмағы тағасынан,

Үйдің жақсы болмағы ағашынан.

Пайғамбардың Сағд еді нағашысы,

Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан.

Иман еті Пайғамбарға ерген еді,

Атқаны мүлт кетпейтін мерген еді.

Әбубәкірдің себепкер болуымен,

Ислам дініне келген еді.

Алла жолында алғаш оқ атушы,

Жаужүрек батыр өзі, ынталы еді.

Ислам рухын биіктетіп,асқақтатып,

Бәдір ,Ұхуд шайқасына қатысқан еді.

Омар Фаруқ еткен тұста халифалық,

Әскерге жасады ол қолбасшылық.

Иранға ғазауатта ерлік жасап ,

Іс қылды бар мұсылман таңғаларлық.

Ол жерде Куфа атты қала салды,

Әкім болды халықты ол басқарып.

Бөленіп халифаның құрметіне,

Үлгі болды Пайғамбар үмметіне.

Абдуррахман ибн Ауф (р.ғ.)

Бәдри –деп аталған ол батыр Ер,

Аты шыққан жомарттықпен асыл Ер.

Бар байлығын Хақ жолына бағыштап ,

Кәсіппенен шұғылданған саудагер.

Жеті жүз түйе жүгімен,Хақ жолына арнаған,

Жомарттық жасар халқына дәл осындай барма жан.

Әділ жасап саудасын қиянатқа бармаған,

Разы болып Хақ Расул өз дұғасын арнаған.

Еске аламыз Айша анамыздың айтқанын,

Хадис еді рауаят етіп айтпағым,

Пайғамбарымыз көріпті Абдуррахман ибн Афтың,

Жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын.

Әбу Үбәйда ибн Жәррах (р.ғ.)

Әбу Үбәйда үмметтің сенімдісі,

Ақиқатта істеген көрінді ісі.

Мүшірік әкесі өзіне қарсы шығып,

Сол себепті пайғамбарға аят түсті.

Хабат –деген жорыққа шыққан кезде,

Су мен азық әскерге аздық етті.

Аздаған құрмаменен жапырақты,

Бірнеше күн талғажау азық етті.

Бүкіл әскер аштыққа сабыр етті,

Әз-пайғамбар әскері үшін дұға етті.

Беретін бір Алла ғой ризықты,

Өлмегенге өлі балық дегендей.

Үлкен балық ризыққа бұйырыпты.

Жұпыны орта құрсақ қанағатты,

Алып жүре алған жан аманатты.

Әкім болып тұрсада бір қалада,

Шықпаған жан екен ол жаман аты.

Бар сахаба сенімді деп сыйлапты,

Дүниені емес ,Ахиретін ойлапты.

Дүние бәрін өзгертті,бірақ сені

өзгерте алмапты деп,Халифа Омар жылапты.

   Талха ибн Ұбайдуллаһ (р.ғ.)

Ілтипатын білдірген Хақ Расул,

Ұмытылмас өтседе неше ғасыр.

Тірісінде сүйіншіленіп жәннатпенен,

Талхатул-Хайыр атанып болған асыл.

Ұхудтағы жан қиярлық ерлігі,

Кітаптардан бізге болды белгілі.

Дастарханды қонақжайлы жан екен,

Кең даладай көңілінің кеңдігі.

Осындай саңлақ сахабалар арқасында,

Дініміз қанат жайып өркендепті.

Пайғамбарлар мөрі болған Расулуллаһ,

Талха менен Зубайыр жәннаттағы көршім депті.

Зубәйір ибн Әууам (р.ғ.)

Қаһарман қас батырлар бұлар неткен,

Діні үшін аянбастан қанын төккен.

Адамзаттың асылын қорғап жау оғынан,

Кеудесін оққа тосып қалқан еткен.

Ұхуд-деген ұлы шайқас өтіпті,

Аңдысқан жау оңтайлы сәт күтіпті.

Қараңызшы Жаратқанның жәрдемін,

Зүбәйір ибн Әууамдай сар сәлделі періштелер түсіпті.

Нар тұлғалы,батыр өжет ол кісі,

Мейірімі туыстарға мол кісі.

Сүйіншіленген тірісінде жаннатпен,

Жаннаттағы Хақ Расул көршісі.

Сайд ибн Зайд (р.ғ.)

Келе жатқан шақ еді,жаңадан ғана дін дамып,

Ислам дінін қабылдағандар оқитын құран ұрланып.

Ашуланып,аптығып келген хазіреті Омар,

Сол үйден шыққан нұрланып.

Хазреті Омардың білсеңіз күйеу баласы,

Қарындасын алыпты,көзінің ақпен қарасы.

Себепкер болды ұлы іске,

Құдіретіне Алла қарашы.

Ерлігі Ярмук соғысында,

Жау жағының беті қайтып сағы сынды.

Жау жағының өлтіріп әскер басын,

Жеңісті мұсылманға нақ ұсынды.

Әбудардан Таласбай.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз